Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абайдың алып портреті Астана кешін сәнге бөлеуде

1240
Абайдың алып портреті Астана кешін сәнге бөлеуде - e-history.kz

Абай күніне орай Астана қаласының орталығына орналасқан алып шарлау дөңгелегіне (колесо обозрение) бас ақынның 65 метрлік цифрлық портреті орналастырылды. 

Кеш бата бас қаланың сол жағалауы мың сан түске еніп, жұртшылық шарлау дөңгелегінің дәл ортасынан шар тарапқа нұр шашып тұрған ұлы ақынның портретін тамашалай алады. 53 мың пиксельден құралған LED экрандағы Абай Құнанбайұлының портретіне және көк ту мен қазақ оюының бейнесіне таң қалмасқа болмас. Қалаға ерекше көрік беріп тұрған алып экранның астына өнерпаздар да жиылып өнер көрсете бастаған. Мысалы, кеше кеште Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі, Астана тұрғыны Ұлжан Күлжанова скрипкада «Көзімнің қарасын» орындады. 

Қаланың сән-салтанатын асырған цифрлы көріністі Нұра ауданының әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы бірлесіп ұсынып отыр. Атаулы күнге арналған анимацияны тұрғындар мен қонақтар 16 тамызға дейін әр күні кеште тамашалай алады. 

 

Фото:  Нұра ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?