Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мұғалім керек»: мықты маркетиң

1197
«Мұғалім керек»: мықты маркетиң - e-history.kz

«Қазақ» газеті қазақ ұлтының энциклопедиясы. Өткен ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің жылнамасын оқып, көз жүгіртсеңіз, білім беру саласының айтарлықтай дамығанын байқаймыз. Газет тек ақпарат беру құралы ғана емес, жарнама және маркетиң қызметін атқарғанын көруге болады. Жарнама арқылы газет редакциясы кіріс тапқанын айтайық. Сөзіміз дәлелді болуы үшін газет беттерінен мысал келтірейік:

1. Орысша оқытамын

1-інші бортевулсинің 2-інші ауылында жаз айларында орысша оқушыларды қабыл етемін. Ауыл орны бек көңілді: орман, өзен жанында. Поштасы да жақын. Адресім мынау: Ст. Каменно-Озерная, Оренб. Г. Марианской аульн.школы Малабаеву. Учителю

«Қазақ» газеті,1913 жыл, №15

«Медресе Хусайниені тәмам етіп, екі жыл бала оқытып тәжірибе көрген қазақ жігіті қысқа қарсы қазақ ішінде ибтидаи, рашиди снфларнда мұғалімдікке орын іздейді». Адресі «Қазақ» басқармасында.

 «Қазақ» газеті, 1913 жыл, №21

2. Кімге ушитл керек

Електегі педагогический курсты бітіріп шықтым, уитл болуға шаһадат намам бар. Қазақ арасынан орысша бала оқытуға орын іздеймін. Ушитл керек кісіге хабарласу үшін адресіміз: Оренбургъ Ред. газ. Казак

«Қазақ» газеті, 1913 жыл, №33

3. Қазаққа мұғалім керек

Ташкент теміржолы бойындағы стансында тұрушы қазақтарға тәртіпті медреседе оқыған бастауыш мектеп балаларын оқытуға шамасы келетін бір қазақ мұғалім керек.

Жалование айға отыз сом. Жол расходы, пәтер, тамақ алдырушылардан. «Галия», «Хұсайния», «Махмұдия» медреселерінің біреуінде оқыған болғаны шарт.

Адрес: Ст. Чийли, т.ж.д. Х. Конратбаеву.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №130

4. Мұғалім керек

Петроград мұсылман комитетінен Әскерлерге һәм олардың қатын-балаларына жәрдемші Петроградтағы уақытша мұсылман комитетіне түрлі жерлердегі Жақсы қазақ мұғалім керек, тәртіпті медреселердің бірінен оқыған һәм усул тағылымнан хабардар болсын. Жалование, тамақ өзінен болса, айға 30 сом. Пәтер, отын бізден болады. 15-тен кем бала оқымайды.

5. Мұғалім керек

Киім тігушілерге Қазақша жаңа тәртіппен оқытатын қазақ мұғалім керек. Ғылыми болса, пәлен медреседе оқыған болсын деп шарт қоймаймыз. Салулы медресеміз бар. 1-нші октиабрден 1-нші апрелге шейін алты ай оқытады. Тамақ өзінен болса, айға 30 сом жалование береміз. «Қазақ» басқармасына жарамды мұғалім бізге де жарайды. Хабарласу үшін адрес: г. Павлодаръ, Семипал. обл.

6. Мұғалім орын іздейді

Усул нағлымнан хабардар, 6-7 жыл бала оқытқан тәжірибелі мұғалім қысқа қарсы тәуір орын іздейді. Оқыған жері Қазандағы медресе Мухамедия. Жақсы оқытқандығына екі жерден алған көлік қағазы бар. Бағасы 20 тиын,поштамен 22 тиын.

Адрес: Ст. Ильинская, Оренб. губ. Тереклинскому управителю. Мұғалім Кенжеғали Ғабдоллаұғлына

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №141

7. Мұғалім керек

Жақсы қазақ мұғалім керек, тәртіпті медреселердің бірінен оқыған һәм усул тағылымнан хабардар болсын. Жалование, тамақ өзінен болса, айға 30 сом. Пәтер, отын бізден болады. 15-тен кем бала оқымайды. Еліміз Усткамен қаласынан 25 шақырым. Оқу 15 сентиабрде басталады, Адресіміз: г. Устькаменогорскъ, Семипал. обл., Уланская волость. Мухамеджану Жакежанову.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №140

 

Қазақша жаңа тәртіппен оқытатын қазақ мұғалім керек. Ғылыми болса, пәлен медреседе оқыған болсын деп шарт қоймаймыз. Салулы медресеміз бар. 1-нші октиабрден 1-нші апрелге шейін алты ай оқытады. Тамақ өзінен болса, айға 30 сом жалование береміз. «Қазақ» басқармасына жарамды мұғалім бізге де жарайды. Хабарласу үшін адрес: г. Павлодаръ, Семипал.обл.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №141

Ішкі Орда қазағы фелшер Кенжеғали Сүлейманұғлы өткен иуннің 28-нде 32 жасында опат болды. Марқұм 1909-ншы жылы «Сәуле» мектебін тәрбие қылушылардың 22-нші мұғалім Нығметолла Күзембаевтың өтінуі бойынша тағы бір мұғалім алдыруға қаулы қылғанымызды 140-ншы нөмір «Қазақ»-та жазып едік. Енді кей бірсыпыра көлденең келгендіктен биылша екінші мұғалім алмайтын болдық. Бейсенбай Тыныштықбайұғлы.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №144

 

Ақтөбе үйезі, Қаратоғай болысы 10-ншы ауыл қазағы Нұрғали Санайұғлында тұрған мұғалім Смағұл Құлбай баласын мұғалімдікке алатындығымызды білдіреміз. Айға 30 сом жалование береміз, тамақ өзінен. 15 бала оқытады. Салулы мектебіміз бар. Мұғалім Смағұл мырзаға осыны хабарландыруыңызды өтінеміз. Қажы Сүлейменұғлы Әбіл Жанқараұғлы.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №144

8. Мұғалімдікке орын керек

Сегіз жыл оқытып, тәжірибе көрдім. Уфадағы медресе Ғалиядан оқып, мәдениет шаһатнамасы алдым һәм имам уа мүдәрисілікке мекеме шарғиаттан алған да шаһатнамам бар. Бастауыш дәрежелі орысша мұғалиматум бар. Қалалы жер болса тіпті жақсы. Жол расходын беруші болса алыс жерге барамын. Жамағатым бар.

Адресім: Ассенкритовское вол. Правление, Куст. У., Тургайск. 06. Лавочнику Осоргину, пер. Жумагалию Бейсенбаеву.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №144

9. Мұғалім алдық

Мұғалім іздеп «Қазаққа» иғлан қылып едік. Бұл күнде мұғалім таптық. Соның үшін бізге басқа мұғалімдер хат жазып, машаһаттанбауын өтінеміз.

Мұхамеджан Жәкежанұлы. 

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №146

10. Медресе Ғалия

Уфадағы медресе Ғалия биыл 15-нші сентиабрде ашылады. Ғалия 2-нші сыныптан басқаларында оқу болады. Оқу айлары 15-нші сентиабрден 1-нші майға шейін. 15-17 сентиабрге шейін қабыл емтиханы болып, 20-нда оқу басталады. Ресми шәкірттер медреседе тұрады. Қазірде тұру медресе басқармасының рұқасты мен ғана болады. Сауғалар (тыңдаушлар) қазір де тұрады. Тамақ пен асхана шығындары шәкірттерден, шам, отын, су, түс ағаш медреседен. Қабыл етудің шарттары: медресе заңына түгел бойұсынбақ. Жұқпалы аурудан амандығына куәлігі, билеті болмақ һәм хал (байлық-кедейлік) медресе басқармасына мәлім болмақ. Оқу жылдарында шәкірттер 30 сом, сауғар 40 сом күн бұрын беріп қойу тиіс. Сауғалар … тілеген пәндерін тыңдауға (оқуға) ерікті. Жинап алынған 10 тиындық марка салып, арыз беру … хабарласуға адрес: Уфа, Никольский 83, имаму Камалетдинову. 

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №147

 

Уфадағы медресе Ғалияны бітірген, ғибратқа өте ұста, Ғалиядағы оқылатын пәндерде жақсы түсіндіре алатын һәм сол тағылым жайларында жақсы білетін, қысқасы медресе Ғалияның тағжыры һәм ғали бірінші бөлімдерін кемшіліксіз оқыта алатын зерек жіті мұғалім бола қалса, октиабрден майда шейін, жеті айға, 300 сом жалование беріледі һәм тамақ медресе иесінің мойнында болады.

А.Ж. «Қазақ» газеті, 1915 жыл, №148

11. Мұғалім керек

         Жаңа салдырған мектеп бар. Ауыл балаларын оқытуға тәуір қазақ мұғалімі керек. «Қазақ» емлесіне жетік болсын. Керекті оқу құралдарын «Қазақ» басқармасынан өзіміз алдырамыз. Пәтер, тамақ бізден, мұғалімге айға 15 сом жалование лайықтадық. Жол расходын да жібереміз. Жіберу үшін адрес: Ст. Чийли, Т.ж.д. Рахату Тулешову.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №154

12. Мұғалім керек

Усул тағылымнан хабардар мұғалім керек. Пәтер-тамақ өзімнен. Жалование айлық 25 сом. Тез хабарласу керек.

«Қазақ» газеті, 1915 жыл, №156

13.  Мектеп ашылу

Обаған болысы Өтей ішінде Уфадағы медресе «Ғалияны» бітірген білімді жастарымыздан Мырзаахмед Қожаханұлы аймағына түсіндіріп, мектеп аштырды. Өзі мұғалім болды. Ноябрь басында оқу басталып, 30 шамалы шәкірт жиналды. Бұл – Обаған елінде бірінші мектеп.

«Қазақ» газеті, 19136 жыл, №164

14. Бізге мұғалім керек

Апрел басынан бізге тәуір мұғалім керек. Өзінің кім екенін, қайда оқығандығын білдіріп һәм арамызда қандай шарттар болуын хат арқылы хабарласу үшін адресіміз: Карабутакь, Тур. Обл. Киргизу. 3-аула, Баксайоской вол. Бисенгалю Канкучекову.

«Қазақ» газеті, 1916 жыл, №170

15. Мұғалім керек

Павлодар уйезі, Ұрық ұлысы, 6-ауыл қазағы Һарун Тайғожа баласына тәуір мұғалім керек. Хабарласу үшін адрес: г. Павлодар, Семипал. обл.

«Қазақ» газеті, 1916 жыл, №170

16. Мұғалім керек!

Тәуір мұғалім керек. Ықтыдарлы, оқыту жөнін жақсы білетін кісі болсын. Қолында духовный собраниеден алған болса да шаһадатнамасы болсын. Мұғалім орысша білетін болса тіпті жақсы. Кісісіне қарай жалуниясы 20-25-30 сомға шейін берерміз, 20-дан кем болмайды. Жолдық расходын төлейміз. Өзінің кім екенін һәм қайда оқығанын білдіріп хабарласу үшін адрес: Новоузенскь, Самарск. губ. Абдулгазиву Мусагалиеву. Ғабдулғазиз Мұса Илан. 

 

Атақты медреселердің біріне кіруге шәкірт әзірлеймін. Ел ішіндегі пән көрмеген мұғалімдерге де риязият, әдебиет, жағрапия, тарих, әдебиет ғәрбия дәрістерінен сабақ беремін. Адрес: Тургай Мугалиму при медрессе Ю. Темирбекову. Мұғалім Юсуф Темірбеков.

17. Мұғалім керек

Усул сутиядан хабардар мұғалім керек. «Қазақ» басқармасына ұнаған

мұғалім бізге де ұнайды. Сентябр басынан қалмай келуі тиіс. Жалоние айға 20 сом, орын, тамақ бізден. Адрес: Карабутакь Тур. Обл. Киргизу Бисаналию Ханкуччекову. Бейсенәлі Ханкошеков.

«Қазақ» газеті, 1916 жыл, №174

18. Орын іздеймін

Қысқа қарсы мұғалімдікке тәуір орын іздеймін. Қолымда белгілі қағазым бар. Ұсул тағлымынан хабардармын. 5-6 жыл бала оқыттым. Мұғалім керек кісілерге адресім: Сс. Кваркенское, Оренб. Губ. Прийскь Айдырол магазин. С.Башкирова, Бахиджану Мендибекову. Бақытжан Меңдібекұғлы.

19. Мұғалім боламын

Қысқа қарсы тәуір орын іздеймін. Алысқа да барамын. Мұғалім керек кісі төменгі адреспен хабарлассын. Г. Кустанай, Тург. обл. Карабалыкская вол. М.Сулутану Туякбаеву. Мұғалім Мұхамедсұлтан Тұяқбаев.

20. Қазақ мұғалім керек

Атбасар уйезі, Бесоба ұлысының басшы адамдары мұғалім іздейді.

Ұсул тағылымнан хабардар, қай медреседен оқып шыққандығына шаһадатнамасы бар, пән оқытуға жетік мұғалім болсын. Жалониясы айға 50 сом. Пәтер, тамақ, жол расходы бізден. Басқармаға ұнаған бізге де ұнайды.

Хайыралдин Болғанбайов болса тым жақсы. 1 октябрь әрі кетсе 1 ноябрьден қалмасын. Іздеушілер: Кенжеболат қажы Мырзабеков, Үсен Қуаттықов, Тілеміс Жансақалов, Сейтахмет Махсұмов. Адресі: Нова-Ишимское, Атбасар. у. Акм. об. Киргизу №4 аула Кенжебулату Мирзабекову.

«Қазақ» газеті, 1916 жыл, №191

 

Орыский уйез земствасы мұсылмандар үшін ашылған һәм ашылатұғын земский школдарына учитель һәм учительницалар шақырады. Жалония 480 сом. Кітапхана болған ауылдарда кітапхана басқару үшін 180-240 сом. 

Қазақ газеті 1916 жыл, 197 номер

21. Мұғалім керек

Орал облысы Алшын үйезінен Ғ. Баймұрзин орысша-қазақша оқытатын

мұғалім керек қылады. Жалвоние 30 сом, шәкірт 25-30 болмақ. Жол расходы һәм пәтері мұғалім ұстаушыдан. Талапкер мұғалім «Қазақ» басқармасы арқылы білдірсін.

«Қазақ» газеті, 1916 жыл, №207

22. Мұғалім орын іздейді

Мұғалімдікке орын іздеймін. Өзім еркек балалар оқытам, әйел балаларды оқытуға жарайтын жамағатым бар. Адресім: Форт №2, Сырд, об, Ст. Джусалы, лавка Абдулкаликова. Мұғалім Б. Базаров.

«Қазақ» газеті, 1917 жыл, №222

23. Мұғалім керек қылушылар

Ақмешіт үйезі Телкөл болысы 2-ауыл қазағы Ғабдісадық Өтеулі қажы ұлының салдырған мешіті һәм мектебі бар екен. Жазға қарсы орысша һәм мұсылманша төте жолмен оқытатын жақсы мұғалім керек қылады, айға 40 сом жалвоние бермек. Тамақ, пәтер расходы байдан, ауылы Ақмешіттен 100 шақырым жерде. Адресі: Перовск, Сырдария облысы Мұхамалдин Бекболатовқа, тапсырылады Ғабдісадық Өтеулі ұлына. 

 

Әулеие-ата үйезі Ботамойнақ – Алмалы елінің болысы Ідіріс Қалабайұлы жақсы мұғалім іздейді. Ауылы қаладан 5-6 шақырым, темір жол үстінде. 4 бөлмелі мектеп бар, кітап-сайман даяр. «Қазақ» басқармасы ұнатқан мұғалімді аламын һәм жалованиесін де «Қазақ» лайықтасын дейді. Ідіріс болыс басқармаға белгілі адам. Мұғалім орын іздейді Мұғалім Ысқақ Бейсенбайұлы орын іздейді, шетке кетуге де риза, 2-3 жыл бала оқытқан тәжірибем бар дейді. Адресі: Г. Орск, лавка ??? Исхаку Бейсенбаеву.

«Қазақ» газеті, 1917 жыл, №216

24. Мұғалім керек қылушылар

1) Жақсы мұғалім керек, сұраған жалуниясын береміз. Міржақып Дулатов көрсеткен мұғалімді аламыз. Адресіміз: Зайсан, Семей облысы, Қызырмолла Қоңызұлы.

2) Ақтөбе уйезі, 2-інші бөрте 5-інші ауылдағы «Сәуле» мектебіне мұғалім керек. Сегіз ай оқытады. Айға жалуния 110 сом. Пәтер, отын бізден, тамақ өзінен. Оқу сентябр басынан. Талапкер мұғалім тез хабарлассын. Адрес: Ст. Яйсань, Т.Ж.Д. Бенсенбаю. Тыныштыкбаеву.

3) Тәжірибелі қазақ мұғалім керек. Жалуния оқытқан айына 60 сомнан. Жол шығынына 60 сом береміз. Адрес: Коробейникова, Бейск. у., Томской губ., село Огни, Н.Фазлуллину. Орын іздеген мұғалімдер.

1) Бес жыл бала оқыттым. Жол расходын беруші болса, алысқа да барамын. Адресім: Ст. Бударинская. Ур. об. пос Прорывинский овупотребителей перед. Исхаку Акберлину. Мұғалім Ысхақ Ақберліұлы.

2) Әбубәкір Шалұлы мұғалімдік орнын іздейді. Адресі: Ст. Каратугай, Т.Ж.Д. пос. Красноярский, Андрееской волости, С.Юрченкову, перед Абубакорову Шалову. Мұғалима орын іздейді.

«Қазақ газеті» 1917 жыл.

25. Мұғалімдер керек

1) Ішкі орда, Краснояр уйезінде, Абжор деген жердегі Төлендиев ауылына бір жақсы мұғалім керек.

2) Семейге үш мұғалім керек. Жалуния айға 100 сомнан. Мұғалімдер «Сарыарқа» басқармасындағы имам Әлімбековпен хабарлассын.

«Қазақ» газеті, 1917 жыл, №243

26. Мұғалім керек

Тәжірибелі қазақ мұғалім керек. Жалования оқытқан айларына 60 сомнан, жол шығыны үшін 60 сом. Метебіміз 4 сыныпты. Адресіміз: Колыванское, Змеиногорск, у. Томск, губ село Алексеевское, Нурсалиху Айдарову.

 

Бір мұғалім һәм бір учитель керек. Оқу ноябрь басында басталады. Мұғалімге айлық жалования 50 сом, учительге 70 сом. Оқу май басына шейін болады. Келу-кету шығыны бізден болар еді. Егер кісісі келісіп, біздің лайықтаған жалованиямыз аз көрінсе, «Қазақ» басқармасы шамалаған жерден шықпаймыз. Адресіміз: Ст. Урлютють???, Семипалат, об. Хусаину Курляутову.

 

Тәжірибелі, мінезді бір тәуір қазақ мұғалім керек. Жалования айға 50 сом. Пәтер, тамақ өзімнен. Көп бала оқыса да, аз бала оқыса да, береріміз әлгі. Хабарласу үшін адрес: Ст. Челкарь Т.Ж.Д. Имаму Ирмухамеду Сатыбалдину.

27.  Мұғалімдікке орын іздеймін

Мұғалімдікке орын іздеймін. Мұғалім керек қылушылар төменгі адрес бойынша хабарлассын: Г. Орскь, Оренб, губ, Иб. Далатказину, нер, Исхаку Бейсенбаеву.

«Қазақ» газеті, 1917 жыл, №246 

Материалды ескі жазудан қазіргі қаріпке түсіріп, түсінігін жазып, даярлаған Ж. Алаш

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?