Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бегалиндер: дәрігер, қаржыгер, каскадер

1331
Бегалиндер: дәрігер, қаржыгер, каскадер - e-history.kz

Ұсынылып отырған мына суреттегі Бегалиндердің үшінші буыны жайлы әңгімелеп бермекпіз. Жазушы Сапарғали Ысқақұлы туған немерелерімен естелік үшін деп тарихи фотосуретке 1963 жылы түскен. Үш түрлі мамандықты игеріп, қазақ қоғамы мен өнеріне қызмет сіңірген немерелерді жеке-жеке таныстырамыз. 

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің отбасы – өсіп-өнген, тамыры тереңге жайылып, мәуелі ағаштай қазаққа үлкен қызмет қылған әулет. Бұлай деуімізге бірнеше себеп бар. Әуелі жазушының өзі тұтас бір ғасырдың тірі куәсі бола білді. 

1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында қазіргі Абай облысы Жаңасемей ауданының Дегелең ауылында туған Сапарғали есейе келе, өз үйінің аз ғана малын бағып, әке-шешесіне қолғанат болды. Ауыл молдасынан хат танып, ескіше оқып, білім алды. Содан соң керуенмен Семейге барып, бірер уақыт пристаньда жүкші қызметін атқарды. Бұдан кейін Семейдегі оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы, қайраткер азамат Нұрғали Құлжановтың үйінде атын күтіп, үй жұмысына болысып, арбакеш те болды. Кейіннен өзінің жазған мемуарлық «Замана белестері» атты кітабында Нұрғалидың азаматтық істерін еске алып, ол кісі кешкіліктерге оған орыс тілін үйренуге көмектескенін, соның көмегі арқылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1915 жылы бітіргенін жазады. Сапарғали 1916 жылы Петроград түбіндегі тыл жұмысына алынып, 1917 жылдың наурыз айында үйіне аман-есен қайтады. 

Сапарғали Ысқақұлы 1929-1935 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық соты қызметтерін атқарса, Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб темір жол басқармасында жауапты қызметтерде болды. 1935-1956 жылдары «Темір жолшы» газетінде, Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.

«Айқап» журналының 1914 жылғы санында жарияланған «Қазақ боз-балаларына» атты алғашқы өлеңінен бастап соңғы мемуарлық романы «Замана белестеріне» дейінгі шығармашылық жолда көптеген тың көркем поэзиялық, прозалық туындыларды әкелді. Олардың ең бастыларын атап айтсақ, «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947, 1973, 1978), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді. 

Мектеп оқушылары жазушы есімін «Бала Шоқан» әңгімесімен бірдей ұғымда қарастырады.

Описание: C:\Users\z.karimkhan\Downloads\00000356.jpg

Ұсынылып отырған мына суреттегі Бегалиндердің үшінші буыны жайлы әңгімелеп бермекпіз. Жазушы Сапарғали Ысқақұлы туған немерелерімен естелік үшін деп тарихи фотосуретке 1963 жылы түскен. Үш түрлі мамандықты игеріп, қазақ қоғамы мен өнеріне қызмет сіңірген немерелерді жеке-жеке таныстырамыз. 

1950 жылы туған Гүлнар Хамитқызы Бегалина жазушы атасы жайлы былай еске алады: «Менің балалық шағым бақытты өтті. Үйде мынадай тәртіп болды: таңғы сағат 6-7-де атамыз аяғынан тұрып, жаттығу жасап жатыр еді. Сосын радиода ойнап жатқан әнұраннан оянамын. Атам жуынып, ол екеуміз Орталық азық-түлік дүкеніне баратынбыз. Ол жерден таңғы асқа нан, шпрот және ірімшік сатып алатын едік. Дүкеннің дәл шыға берісінде сатылатын табиғи шырындарды ішуді де ұмытпаймыз. Атам жүзім ішті, мен қызанақ сусынын іштім – ішкенде де шай қасықпен тұзды алып, араластырдым да іше қойдым». 

Гүлнардың әкесі Хамит Сапарғалиұлы (1920-2004) – Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер, 30 жылға жуық Алматы медицина училищесінің директоры болған тұлға. Ол жазушының үш ұлының үлкені, ағаййынды Мәжит (режиссер), Қасымдардың (мұғалім) ағасы. 

Полигон зардаптарын, зиянын дәлелдеу жолында өлшеусіз еңбек еткен Хамит Бегалин бұрынғы Семей облысының Абай, Шұбартау, Жаңасемей аудандарының, Қарағанды облысының Ақтоғай, Егіндібұлақ, Ұлытау аудандарының тұрғындарының денсаулықтарын зерттеген. Аталған аудандар азаматтарының қандарына анализ жасағанда орталық жүйе жүйесінде, ішкі бездер жүйесінде, адам ағзасының жан дүниесіндегі, қан құрамындағы ауру белгілерін тапқан. Ол ауру «Қайнар-Саржал дерті» деп аталды.

Әке жолын қуған Гүлнар да медицина мамандығын таңдап, санэпидемиолог қызметін абыроймен атқарған.  Жоғары санатты дәрігер Г. Бегалина ҚР Президенті Әкімшілігінің медициналық пункт бөлімінің меңгерушісіне дейін көтеріліп өскен. 

Жазушы Сапарғали Бегалиннің алдында отырған балақайдың есімі – Алтай. 1956 жылы туған ол немересінің мамандығы экономист, «Казкоопбытсервис» ЖШС директорының орынбасары болып жемісті еңбек еткен.

Ал қаламгердің сол жағына жайғасқан бала – 1950 жылы туған Нартай Мәжитұлы. Оның әкесі – одаққа есімі белгілі кинорежиссер Мәжит Бегалин, анасы – актриса Олеся Иванова.

Өнерлі отбасы Мәскеу қаласында тұрған жылдары ұлы Нартай М. Герасимов атындағы Бүкілодақтық кинематография инстутында білім алды, содан кейін ол фильмдерде түсе бастады. Оның әр түрлі фильмдерде қырықтан астам рөлі сақталды. Сонымен қатар оның каскадерлік қабілеті заманында жоғары бағаланған. Көптеген совет дәуірінің адамдары оны «ХХ ғасыр қарақшылары» фильміндегі қарақшының рөлін сомдағаны үшін ұмытпай еске алды.

Ең қызығы сол, Нартай Бегалин экрандарда тек жағымсыз, жаман персонаждарды ойнаған. Бұл рөлдердің көбі шағын, эпизодтық болса да, оның сыртқы келбеті көптеген көрермендердің есінде қалғаны шындық. 

Ол «Тегеран – 43» және «Соло саяхат» фильмдерінде үлкен рөлге ие болды. «Анкер, көбірек якорь» фильмінде де ол маңызды орындарға шықты. 

Киноиндустрияда дағдарыс басталған тоқсаныншы жылдардың басында Н. Бегалин актер ретінде де, каскадер ретінде де үлкен сұранысқа ие болды. Бұл кезеңнің фильмдері өмір шындығын суреттеу үшін қылмыстық тақырыптарға жиі барды. Ал бұл Нартайдың өміріне қатты әсерін тигізді. 

Актерді білетін жандардың айтуына қарағанда, актердің басынан өткен трагедия оның каскадерлік мамандығымен байланысты. Бұл жерде қайғылы жайттың бірнеше нұсқасы пайда болды.

Бірінші нұсқа бойынша, Нартай Бегалин «Ермак» фильмінің түсірілім алаңында жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Бұл нұсқа ресми ақпарат ретінде де кең тарады.

Екінші нұсқада ол басқа фильмде жарақат алып, тиісті ем-домсыз үйінде қайтыс болған. Қалай болғанда да өнер жолында өмірі тұйықталған абзал ерді көптеген адамдар тез ұмытып та кетті. Өйткені бұл кез адамдар «балапан басына, тұрымтай тұсына кетті» деп сипаттайтын ауыр кезең болатын. 

Нартай Мәжитұлы Бегалин өмірден өте жас кетті, небәрі 42 жаста болатын. Оның таланты, қабілеті толық ашылмай, танылмай қалды. 

1993 жылы оның өлімі туралы ақпараттар, қандай себебі бары белгісіз, баспасөзде жазылмады, ал қайтыс болғаннан кейін актердің қатысуымен бірнеше фильм жарыққа шықты. Оның ішінде талқанын тауысқан, 1996 жылы жұртшылыққа таныстырылған «Ермак» фильмі де бар еді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?