Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

#100 шайқас. Анкарадағы айқас

2327
#100 шайқас. Анкарадағы айқас - e-history.kz

XV ғасырдың басында Орталық Азияның билеушісі Әмір Темір болды. Оның билігі кезінде қазіргі Үндістаннан Солтүстік Кавказға дейін және Арал теңізінің жағалауларынан Үнді мұхитына дейінгі барлық аумақтарды біріктіре алды. E-history.kz порталы ұсынып отарған мақалада Әмір Темірдің соғыс алаңындағы тәжірибесі мен біліктілігі туралы баяндалады. Ескеретін жайт, мақаладағы суреттер ЖИ-дің көмегімен жасалған.

Әмір Темірдің жерді жаулап алу саясаты Батыста Жалайырлар мемлекетінің (Ирактың солтүстік және шығыс бөлігінің қазіргі аумақтары, сондай-ақ моңғол Жалайыр тайпасынан шыққан сұлтандар әулетінің басқаруындағы Батыс Иранның бір бөлігі) және Осман сұлтандығының қарсылығына тап болды, онда кемеңгер және өршіл Баязит билік жүргізген болатын. 1400 жылы Әмір Темір әскері Сирияны жаулап, 1401 жылдың жазында Бағдадты басып алды.

Әмір Темір қарсыластарымен күресіп жатқанда Баязит өзінің барлық күші мен назарын Константинопольді басып алудың тағы бір әрекетіне аударды. 1402 жылы мамырда Темірдің әскері Закавказье сілемдерінен өтіп, Сивас қаласын басып, Анадолы жазығына (қазіргі Орталық Түркия) түсті.

Осман сұлтанының елшілері келіссөздер жүргізу үшін де осында келді. Әмір Темір ымыраға келуден бас тартады. Қос тарап келісе алмай, текетірес қайта басталды. Әмір Темір Анкара бекінісін қоршауға алды (қазіргі түрік астанасы Анкара).

Бұған дейін жеңілмеген Баязит өз әскерімен бірге тосқауыл қоюға асықты. Әмір Темір жауды жазыққа тарту үшін бекініс қабырғаларынан алыстап кетті. Оның кеңістігінде Әмірдің жеңіл атты әскерлері өзінің барлық негізгі артықшылықтарын жүзеге асырғысы келді. 

Баязит жаудың қулығына бой алдырып, өз күштерін Анкараның шығысындағы жазыққа шығарды. Сұлтан өз әскерін былай орналастырды: Анадолы мен Осман сұлтандығының батыс бөлігі арасындағы жолды жауып тұрған сол қапталды Сүлеймен (сұлтанның ұлы) басқарды. Оған жалпы саны 18 000 адамнан тұратын Анадолы бейінің (жергілікті князьдер) отрядтары бағынышты болды.

Сол қанаттың позициясын нығайту үшін Сүлейменге Солтүстік Қара теңіз даласында және Кавказ тау бөктерінде көшіп келген ордалылықтардың атты әскері берілді, олардың саны 18 000 адамды құрады. Орталықта Осман әскерінің  элитасы – «янычарлар» мен «сипахтардың» атты әскері болды. Оң қапталда серб жасақтары тұрды. 

Баязит әскерінің  жалпы санын ортағасырлық тарихшылар мен шежірешілер әр түрлі жазады. Кей деректе 70 000-нан 200 000-ға дейін көрсетілген. Косова алаңындағы шайқаста Османдықтарда кем дегенде 30 000 адам болды. Мұрат сұлтан бұл әскерді бірнеше ай бойы жинаған. Никополь шайқасында Баязитте 12-18 мың  ғана жауынгерлер болды.  Сербтер бұл шайқаста 15-17 мыңға жуық адамды жинады. Осман әскерінің сол қапталында 36 000 адам болған.

Осылайша Осман әскерінің саны 55-57 мың адамды құрады. Осман империясының қазіргі тарихнамасында Баязит әскерінің  80 000 адамнан тұратыны  (оның ішінде 65 000 түрік жаяу әскері мен атты әскері, 5000 серб, 10 000 қызметші адам) жазылған. 

Ал Әмір Темір әскері бес қатарға тұрды. Біріншісінде садақшылар мен атты әскерлер болды. Екінші қатарда – Үндістанда тұтқынға алынған 32 жауынгерлік піл; үшіншісінде – жаяу әскер; төртіншісінде – жарты ай түрінде орналасқан атты әскер, оның ойыс бөлігі жауға қараған; бесіншісінде – Әмір Темірдің таңдаулы атты әскері. Қапталдарды ұлдары басқарды: оң жағы – Миран шах, ал сол жағы – Шахрух. Орта ғасырлардағы шежірешілер Ақсақ Темірдің жалпы әскері шамамен 140 000 адамды құрайтынын жазған. Шын мәнінде билеушінің әскері ол көрсеткіштерге жетпеді.  Оның әскері 55-60 мыңға дейін ғана жеткен. 

Описание: C:\Users\n.nuryshov\Downloads\ebde6d9b6e919ea05e322c5ef363bd10.png

Әлі жеңілмеген екі қолбасшының шайқасы 1402 жылы 20 шілдеде өтті. Шайқасты Әмір Темір бастады. Оның садақшылары алға қарай жүріп, Османлы әскерінің  алдыңғы шебіне отты жебе шашып жіберді. Осыдан кейін жеңіл атты әскер алға шықты.

Әмір Темір Баязит әскерінің әлсіз тұсы – сербтер деп ойлады. Дегенмен Балқан түбегінен шыққан жауынгерлер Әмір Темір әскеріне жақсы тойтарыс көрсетті. Сербтер бұған дейін Баязит әскеріне тосқауыл бола білген. Енді Стефан Лазаревичтің жауынгерлері сұлтанның жақтасы ретінде Әмір Темірге қарсы жанқиярлықпен шайқасты. 

Ұрыстың сол қанатында Баязит үшін жағдай қиындай түсті. Жаудың алғашқы шабуылынан кейін татар атты әскері Әмір Темірдің жағына қарай өтіп кетті. Әмірдің  әлемдік тарихтың көрнекті қолбасшысы ғана емес, сонымен қатар жақсы дипломат болғанын осыдан аңғарсақ болады. 

Әмір шайқас басталмай тұрып-ақ, өзінің шабуылдаушылары арқылы қарсыластарын өз әскеріне қосылу үшін қаржылай сыйақы берген.  Ордалылықтардың сатқындығынан кейін Баязиттің жоспары орындалмады. Біраз жауынгерлер артқа шегінуге мәжбүр болды. Осы сәтті жақсы пайдаланған Әмір Темір әскерінің 3-4-қатардағы жауынгерлерін алға шығарды. Олардың басты міндеті балқандықтарды ойсырата жеңу еді. 

Бірақ сербтер бұл жолы әмірдің әскеріне бар күш-жігерін салып шайқасты. Бірақ бұл уақытта Биязит әскері әлсіреп қалған еді. Сонымен қатар Анадолы шығанақтарының әскері де Әмір Темір әскеріне қосылды. Сүлеймен өзінің негізгі күштерінен айырылып, асығыс тауға шыға бастады. Бұл шайқаста батырлық көрсеткен сербтер батысқа қарай ұйымдасқан түрде шегінді. Әмір өзінің атты әскерін шабуылға жіберіп, бұл шайқасытың нүктесін қойды.  Баязиттің 20 000-нан астам жауынгері Әмір Темір жағына өтсе, біразы тұтқынға алынды. 

Әмір Темір әскерлерінің шығыны шамамен 5 000-6 000 жауынгер. Анадолылар мен татарлардың қосылуын ескере отырып, Әмір әскері шайқасқа дейін көп болды. Қазіргі орыс тарихшысы Светлана Орешкинаның айтуынша, Осман сұлтаны 15 000-нан 40 000-ға дейін, ал Әмір Темір әскері 15-25 мың адамнан айырылған.

Анкара маңайындағы жеңіліс бірнеше онжылдық бойы Осман сұлтандығының беделіне нұқсан келтірді. Оның билеушілері Әмір Темірдің ұлылығын мойындап, оған Таяу Шығыстағы кейбір иеліктерін берді. Баязит көп ұзамай тұтқынға түсіп қайтыс болды. Османлы сұлтанының ұлдары әкелік мұраны бөлу кезінде жанжал шығарды. Қақтығыстардың нәтижесінде Осман сұлтандығы бірнеше тәуелсіз территорияларға бөлінді.

Осы шайқастан соң Темір Кония, Бұрса, Теңіз және Измир аймақтарын түк қалдырмай тонады. Бұл жеңіліс Осман империясының құлдырауына әкелді, Анадолы жері бір кездегі бейлік кейпіне қайта түсті. Әмір Темір Осман империясының иеліктерін І Баязиттің төрт ұлына бөліп беріп, олардың арасында билік тұтқасына талас туғыздырды. Империя еуропалық және азиялық бөліктерге ажырап кетті. Жеңістен кейін Әмір Темір көп ұзамай шығыстағы жаулары мен ықтимал қарсыластарына қарсы дайындықты бастады. Бірақ бәрі кеш еді...

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?