Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

1951 жылғы жоғарғы аттестаттау комиссиясының стенограммасы

1748
1951 жылғы жоғарғы аттестаттау комиссиясының стенограммасы - e-history.kz

Қазақ ҒА Тіл және әдебиет институты мен Тарих, этнография, археология институты Ғылыми кеңестерінің бірлескен мәжілісі

Алматы қаласы, 1951 жылғы 7 сәуір

ПРЕДСЕДАТЕЛЬСТВУЕТ:

Доктор филологических наук, профессор И. С. САУРАН- БАЕВ.

 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ:

Товарищи, приступим к следующему вопросу:

ЗАЩИТА ДИССЕРТАЦИИ К. МУХАМЕДХАНОВА НА СОИСКАНИЕ УЧЁНОЙ СТЕПЕНИ КАНДИДАТА ФИЛОЛОГИЧЕСКИХ НАУК НА ТЕМУ

«ЛИТЕРАТУРНАЯ ШКОЛА АБАЯ»

Научный руководитель: М.О.АУЭЗОВ. Официальные оппоненты:

профессор М.С.СИЛЬЧЕНКО, профессор М.О. АУЭЗОВ.

 

Слово для оглашения официальных данных имеет Учёный секретарь совета Б. СУЛЕЙМЕНОВ.

 

СУЛЕЙМЕНОВ:

На имя директора Института языка, литературы Академии Наук поступило заявление от директора музея имени Абая, члена Союза Советских писателей, преподавателя Пединститута г. Семипалатинска товарища Мухамедханова К. о допуске к защите диссертации на соискание учёной степени кандидата филологических наук.

Данные о тов. Мухамедханове: рождения 1916 года, по национальности – казах, социальное происхождение из крестьян-скотоводов, социальное положение – служащий, по специальности – преподаватель, стаж работы 11 лет.

Все документы приложены к делу тов. Мухамедханова в соответствии с инструкцией Комитета по Делам Высшего Образования. Имеется характеристика директора Семипалатинского Педагогического Института, имеется решение кафедры языка и литературы Семипалатинского Пединститута, а также сектора казахского языка и литературы ходатайствовать перед Ученым советом о допуске тов. Мухамедханова к защите диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук.

Поступил отзыв члена-корреспондента Академии наук СССР, заведующего сектором истории народов республик Средней Азии и Казахстана, Востоковедения Союза ССР профессора Бертельс Е.А. Отзыв на автореферат поступил также от известного критика, члена Союза писателей ССР Кедриной З.С., отзыв от доцента Казахского государственного университета Тургамбаева К., отзыв старшего преподавателя кафедры казахской литературы Семипалатинского Пединститута Рахимжанова А.

Все отзывы положительные. Тов. Мухамедханов имеет научные труды, список трудов приложен. Имеется свыше десятка научных трудов по вопросам абаеведения, опубликованных и рукописных неопубликованных.

Вот и все данные.

 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ:

Имеются ли вопросы к тов. Сулейменову? Вопросов нет.

Переходим к диссертации. Слово предоставляется диссертанту К. Мухамедханову на тему «Литературная школа Абая».

МУХАМЕДХАНОВ:

 

«АБАЙДЫҢ ƏДЕБИЕТ МЕКТЕБІ»

Абай ХІХ ғасырдағы қазақ жазба əдебиетінің тарихындағы бірден-бір əдеби мектептің атасы болды.

Абайдың əдебиет мектебі «ХІХ ғасырда, ол ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы, оның алдындағы дəуірге қарағанда, сөзсіз алға басқанын» көрсететін мəдени-тарихи дамудың бір көрінісі болды.

Абай мектебі қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мəдениетін сын көзімен қарап игеріп, орыстың ХІХ ғасырдағы классик əдебиетін өзіне зор мектеп етті.

Əдеби мектептің атасы Абай əдебиеттегі халыққа жат кертартпа идеяларға қарсы, ислам шығысының əсеріне қарсы күресті. Осы рухта өзінің шəкірттерін тəрбиеледі.

Сөйтіп, Абай мектебі өз заманындағы озық ой-пікірдің жетекшісі болды.

Диссертант, Абайдың ақын шəкірттерінің жазба əдебиетіне идеялық мазмұн, көркемдік түр жөнінен əкелген жаңалықтарын, Абайдан алған ақындық үлгі – өнегесін зерттеу мақсатын алдына қойды. Сол сияқты ұлы орыс халқы мəдениетінің Абай мектебіне еткен жақсы əсерін зерттеуге айрықша көңіл бөлінді.

Абайдың көрнекті ақын шəкірттерінің өмірі мен əдеби еңбектері зерттеліп, олардың өлең, поэмаларына əдеби талдау жасалды.

Диссертант, Абай маңында болып, ұлы ақынның үлгі-өнегесін көрген əнші-композитор, ертегіші-жыршылар тобының Абай мектебінің идеясын халыққа жаюда еткен елеулі еңбегін зерттеуді де мақсат етеді.

Орыстың революцияшыл-демократтары Белинский, Чернышевский, Добролюбов, т.б. еңбектеріндегі озық ой-пікірлерін, осы диссертацияда қаралатын мəселелерді зерттеуде кең пайдалануға ерекше көңіл бөлінді.

Диссертация, Абай шəкірттерінің көпшілігі əлі жарияланбаған қолжазбадағы əдеби мұраларын зерттеу негізінде жазылды. Ол əдеби мұралар автордың 1939-1950 жылдар арасындағы іздеп, жыйнауға арналған еңбегінің нəтижесінде табылған еді. Бұл жөнінде Мағауияның екі поэмасын, оннан астам лирикалық өлеңдерін, Ақылбайдың екі поэмасын, бірнеше ұсақ өлеңдерін, Əріптің жүзге жуық өлеңін, бес поэмасын, Көкпайдың т.б. көптеген өлең-жырларын айтуға болады.

Бұл шығармалардың бəрі де бірнеше жыл бойы үнемі зерттеліп, тексеріліп нақтылы авторлары жоғарыда аталған Абай шəкірттері екені анықталды.

Осы жұмыста алғашқы рет əңгіме болып отырған мағлұматтарға қосымша, Абайдың туған, өскен жерінен жыйналып жазылған мемуарлық мəні бар материалдар пайдаланылды.

* * *

«Шəкіртсіз ғалым тұл», – дейді Абай. Абай шəкіртсіз тұл ғалым, тұл ақын болған жоқ.

Абай айналасына «көкірегі сезімді, тілі орамды жастар топталды». Олар Абайдың өсиетін тыңдап, өнерге ұмтылған талантты шəкірттер болды».

«Абайдың насихатын көп тыңдап, қасында болған жігіттер өзгелерден бір түрлі... ғылым жолындағы кісі сықылды, əр нəрсенің жөнін біліп, жаман-жақсыны көп айырып, надандықтан шығып қалушы еді», – дейді Абайдың бірінші өмірбаянын жазушы Кəкітай Ысқақов.

Талантты жастар Абайды ақын-ұстаз, ағартушы ғалым деп таниды да, өздерін шəкірті деп есептейді.

Абайдың ақын шəкірті Көкпай қалада оқуда жүрген кезіндегі бір өлеңінде:

Семейге Абай келсе бізде думан, 

Əн салып босамаймыз айғай-шудан. 

Бас қосу, бақастасу, мəжіліс құру, 

Секілді бір ғалымның жолын қуған.

 

Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп, 

Өзгелер отырады аузын буған.

 Бір барсаң мəжілісінен кеткің келмес, 

Хакімдей Аплатон аңырап тұрған ..., – 

дейді. Бұл 1870-1875 жылдардың кезі болады.

1865-1870 жылдардан бастап Абай ауылына орыс мəдениетінің жақсы үлгі-өнегелері келе бастайды. Осы жылдар да Абай ауылында орыс əдебиеті классиктарын ынта қойып оқумен бірге, Белинскийдің, Добролюбовтың əсерімен қызу талқылау болып отырғанын да көреміз.

Абай Михаэлистермен таныспай тұрып-ақ ақынның туған інісі Халилолла Өскенбаев (1849-1870) Абай ауылын орыс классиктерімен таныстырады. Халилолла жөнінде Н.Г. Потанин былай дейді: «Мне рассказывали об одном киргизском султане (уже умершем Уськенбаеве), который окончил курс в Омском кадетском корпусе и потом жил на родине в степи около Семипалатинска, что он любил вечерами рассказывать своим землякам содержание русских повестей и романов, и киргизы с таким интересом его слушали, что просили его записать свои рассказы; таким образом, получались тетради, написанные по киргизски и содержавшие в себе вольный перевод произведений Тургенева, Лермонтова, Толстого и других. Иногда во время этих литературных вечеров в юрте киргизы пускались в рассуждения, и тогда как рассказывал очевидец, можно было слышать, как Уськенбаев пользовался русскими авторитетами.

«Послушайте, а вот что об этом говорит известный русский критик Белинский», или «вот какого мнения об этом был русский критик Добролюбов».

Абай мектебінің өзіне үлгі-өнеге еткен ұлы мектебі орыс əдебиеті, ұлы орыс халқының мəдениеті болғанын көреміз.

ХІХ ғасырдың əдебиетінде Шортанбай, Мұрат бастатқан «Зар заман» аталатын ескішіл кертартпа ағымға қарсы, Жүсіпбек қожа Шайхыисламов сияқты ислам дінін уағыздаушыларға, Шəңгерей сияқты «көркем өнер көркем өнер үшін» деген халыққа жат идеяны уағыздаушыларға қарсы күрескен ХІХ ғасыр əдебиетіндегі прогресшіл бағыттың атасы Абай болды. 

Абай мектебінің шəкірттерін біз екі топқа бөліп қараймыз. Ақындар тобы – Ақылбай, Мағауия, Көкпай, Əріп, Əсет, т.б.

Əнші-композитор, жыршылар-ертегішілер – Мұқа, Мұқаметжан, Əлмағамбет, Бейсембай, Баймағамбет, т.б.

Əнші, жыршылар Абайдың өлең, поэмаларын, Абай айтып берген орыс жазушыларының шығармаларын халыққа таратады.

Баймағамбет, Бейсембай, т.б. қазақ жастарын Пушкиннің «Евгений Онегин» романымен, Дубровский мен Лермонтовтың поэмаларымен, өлеңдерімен, Крылов мысалдарымен т.б. таныстырды.

Бұлардың бəрі дерлік хат танитын. Сондықтан елге жайған өлең-жырларын жазып алып жаттап түпкі нұсқасын өзгертпейтін.

Абай шəкірттері орыс əдебиетімен ғана емес, орыстың музыка мəдениетімен де таныс болады.

Мұқа бір өлеңінде:

Он саусақ бірі басып, бірі қаға, 

Сорлы ғой қақпа күйге жұрттан баға, 

Бекітіп скрипкамның смычогін,

Мен соқтым «Дунайская волнаға», – 

дейді.

Композитор Абайдың əндері осы əнші шəкірттерінің елге таратуының арқасында түгелдей жəне өзгермей сақталып жетті. Абайдың əнші шəкірттерінің жемісті еңбектері орыс əдебиетшілеріне де мəлім болған. 1915 жылы «Сибирский студент» журналының №3-4 былай деп жазады:

«Поет в степи акын-киргиз «Письмо Татьяны к Онегину», знает он певца-акына Пушкина, знает Лермонтова, стихи кото- рого так любил Абай, знает он и все басни Крылова».

 

* * *

Абай шəкірттерінің енді бір тобы – Абай өлеңдерін халыққа таратумен бірге өздері де күрделі поэмалар, өлеңдер жазып, Абай мектебінің өрісін кеңіткен талантты ақындар болады. 

Жұмыста, Абайдың ақын шəкірттеріне ұстаздық мəселесі, оларға қоятын талабы мен шарты – Абай мектебінің эстетикасы, Абайдың ақын шəкірттеріне жазатын тақырып ұсынуы, оларға сыны зерттеледі. 

Абайдың ақын шəкірттері Абай нұсқаған бағытта, ұстазы жазбаған нағыз сюжетті поэмалар туғызады. Олар қазақ əдебиетіне прогресшіл мəні бар романтикалы поэма стилін енгізеді.

Сонымен қатар, Абайдың ақын шəкірттері «шəкірт» де- ген мағынада ұғылады. Бұлар ұлы ақынды толықтырушылар, оның əдебиеттегі жолын қуушы, данышпан ақынның талант- ты шəкірттері.

Біз шығармалары молырақ жиналған, зерттеп пікір айтуға толық мүмкіншілік бере алатын Абайдың бес ақын шəкіртіне ерекше тоқтадық. Олар – Ақылбай, Мағауия, Əсет, Əріп, Көк- пай ақындар.

Абай ақын шəкірттеріне тақырып берумен қатар, олар жазған шығарманы өздерімен бірге талқылайтын болған. Сынға кең жол беріп отырған.

Абай мектебінің эстетикалық принципі, поэзияға жанр, стиль жөнінен енгізген жаңалықтары – ол мектептің өзіне тəн ерекшелігін көрсетеді.

Абай шəкірттерінің Абай əсерімен жазылған өлең, поэмала- рында демократтық сарын, гуманизм айқын танылады. Бұл бір жағынан Абайдың өзіне, екінші жағынан оның шəкірттеріне алдыңғы қатарлы орыс əдебиетінен келіп жатқан үлгі, өнеге болды.

Ақылбай өзінің «Дағыстан» поэмасында:

Сөкпе қалса сөзімнің шалалары, 

Кітапта жазған орыс даналары, 

Бұрын талай соғыста ойран болған, 

Көрінді Дағыстанның қалалары, –

деп өнегені орыс даналарынан Пушкин, Лермонтов сияқты дана ақындардан алатынын аңғартады.

Ақылбай осы поэмасында Терек өзенін суреттегенде:

Ақырып айдаһардай жүз толғанып, 

Тауды бұзып тас жарған долы Терек, – дейді.

Лермонтов «Демон» поэмасында Теректі:

И Терек, прыгая как львица,

С косматой гривой на хребте, –

дейді.

Ал, Абай Лермонтовтың «Дары Терека» өлеңін аударғанда, оның «Демон» поэмасындағы сөз образын алып:

Арыстанның жалындай бұйра толқын, 

Айдаһардай бұралып, жүз толғанып, –

дейді.

Ақылбайға Абайдың, Лермонтовтың, Пушкиннің əсері айқын байқалады.

Поэманың композиция, сюжет құрылысында орыс əдебиетінің үлгісі анық көрініп тұрады. Пушкин «Кавказский пленникте» черкестерді:

 

Черкес оружием обвешен,

Он им гордится, им утешен, –

десе, Ақылбай черкестерді сипаттағанда:

Қаны қызса қанжарын қайтармайды, Өзге елдің бұрын сермер таяғынан, –

дейді.

Ақын адамның бас еркін, махаббат бостандығын арман ету жолындағы идеялық іздену сапарында Пушкин, Лермонтовты ұстаз еткен. Ақылбай бұрын қазақ əдебиетінде үлгісі болмаған Пушкин, Лермонтов үлгісіндегі романтикалы поэма туғызады. Жұмысымызда біз осы тұрғыдан «Дағыстан» поэмасына əдеби талдау жасаймыз. Сонымен қатар ақынның діни сенімнен арыла алмауын, суевериядан туған іштей қайшылығын да ашамыз.

Ақылбайдың «Зұлыс» поэмасы жиһанкездік, отарлық тақырыптағы шығармаларға ұқсайды. Генри, Гут сияқты ағылшын капиталистерінің Зұлыс еліне байлық, жер іздеп баруы, зұлыстардың жабайылық халінің шындықпен суреттелуі поэманың негізгі идеялық мазмұны болады. «Зұлыс» поэмасы арқылы Абай мектебі қазақ əдебиетіне өзіне тəн ерекшеліктерімен роман-поэма енгізеді.

Мағауияның Абай тапсыруымен 20 жасында 1890 жылы жазған поэмасы «Еңлік-Кебек». Поэма өткен ескі заманды əшкерелеуге арналған.

Ақын поэмасының басында:

Заманның ғаділетсіз надандығын, 

Қозғады жүрек, тілім, сөйле шығып. 

Баяғыны көксейді білімсіздер, 

Мінекей көрсетейін жамандығын, –

деп өткен заманды реалистік жолмен қатты сынайды.

Феодалдық əдет-ғұрыпты бұзып қосылған Еңлік пен Кебекке өлім жазасын кескен, парақор бай Кеңгірбайды:

... Бауырыңды өзің қиып өлтірдің ау, 

Кеңгірбай, артық емес иттен бағаң, –

дейді.

Бұдан алпыс жыл бұрын бұндай поэманы тек Абай мектебі ғана туғыза алатын еді.

Мағауияның ірі еңбегі – «Медғат-Қасым» поэмасы. Бұл – көлемді, шиеленіскен бай уақиғалы көркем шығарма.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Африкаға келген құлмен сауда етуші араб, ағылшын, португал т.б. колонизаторлардың қаталдық істері «Медғат-Қасым» поэмасының сюжет негізі болған. Ақын поэманың бастамасында:

Бір əңгіме қозғалды ойымдағы, 

Мақсұт болды əшкере болынбағы, 

Бай мейірсіз əр құлдан саза тартқан, 

Африка Ніл дария бойындағы, –

деп, идеялық мазмұнын ашып береді. 

Мағауия жауыздыққа қарсы күресті көксеп, еркіндік жолындағы бөгеттермен қажымай алысатын күшті жанды қиял еткенде Пушкиннің, Лермонтовтың романтизмін үлгі етеді. Пушкиннен, Лермонтовтан идея жөнінен өнеге алумен бірге, көркемдік прием жөнінен үйренеді. Ауыр жаза тартқан қайсар, ер құл Қасымның мінезін:

Екі сутке қозғалмай қалды жатып, 

Біттей дыбыс бермеді тастай қатып. 

Қасына қойған асқа қарамады,

Тиген жоқ тым болмаса бір дəм татып.

Сыр бермеді босанып биттей жасып, 

Өлгендей сұп-сұр болып қаны қашып, 

Екі күн сол қалыппен жатты дағы, 

Үшінші күн жоқ болып кетті қашып, –

деп сипаттайды.

Лермонтовтың «Мцыри» поэмасының геройы черкес баласының қайсар, тəкаппар мінезі Қасым образын жасауда үлгі болған:

Без жалоб

Томился – даже слабый стон. 

Из детских губ не вылетал, 

Он знаком пищу отвергал,

И тихо, гордо умирал …

«Как однажды он исчез Осенней ночью», – 

дейді.

Пушкин шығармаларындағы Дубровскийдің байлардан кек алу, сорлыларға рахым ету мінезі «Медғат-Қасым» поэмасындағы Қасым ісінен де көрінеді:

Əсіресе байларға рахым етпес, 

Ағаш толы зəңгінің бəрі ниеттес.

 Сорлы болған жандарға тағы əдеті, 

Бір жақсылық қылады естен кетпес, –

дейді Мағауия.

Ақын Пушкин, Лермонтовтан творчески үйрене отырып, уақиғаны өзінше дамытып өзінше шешеді.

«Медғат-Қасым» романтизм сарынындағы поэма болса да, тартыс желісі, характерлері өмірге жанасымды, нанымды, реалистік бағытта беріледі.

1889 жылдан бастап бірнеше жыл Абай қасында болып, Абай өнегесін көрген талантты ақынның бірі – Əсет. Абайдың Əсеттің жағымсыз мінез-құлқын сынай айтқан өлеңі елге мəлім. Əсет өлерде ұлы ұстазы Абайды есіне алып:

Абайдай арт жағына сөз қалдырып, 

Жақсы еді ау əттеген-ай, өлу деген, –

дейді.

Əсет, Мағауия, Ақылбайлар үлгісінде «Салиха-Сəмен» атты поэма жазады. Абай дəстүрімен «Евгений Онегиннен» еркін аударма жасайды.

Абай мектебінің көрнекті өкілдері Əріп пен Көкпай ақын. Бұл екі ақын да Абайдың əсерімен импровизаторлықтан поэт дəрежесіне көтеріледі. Бұл екі ақын да медреседен, діни қиссалардан алған əсерімен қисса жазып, мұсылман шығысына еліктегені үшін 1889 жылы Абайдың қатты сынына ұшырайды.

Сөз айттым, əзірет Əлі айдаһарсыз,

Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз, – деген сын, Абайдың Əзірет Əліні мойындамауы, мұсылман шығысының қазақ əдебиетіне əсеріне қарсы күресі болумен бірге, панисламизм жəне пантюркизм кертартпа идеясына қарсы саяси күрес болып табылады.

Абай сынынан соң бұл екі ақын таза қазақ тілінде əлеуметтік тақырыпта өлең, поэмалар жазады.

Бұл арада еске ала кететін нəрсе Абай ұсынуымен жазылған Көкпайдың «Сабалақ» атты поэмасы. Сонымен қатар Көкпай халыққа «Сабалақ» жырымен емес, Абай үлгісінде əлеуметтік тақырыпта жазылған өлеңдерімен танылады.

Көкпайдың атқамінерлерді шенеген «Тоғыз көк», Абай өлең қылатын Дүтпай болысқа, «Оразбай байға», «Семей саудагерлеріне», т.б. толып жатқан сатиралық өлеңдері нағыз Абай үлгісін көрсетеді.

Көкпай – Абайдың ақын шəкірті, жақын досы. Абай алғашқы өлеңдерін осы Көкпай атымен жариялайды. Абай өлеңдерінде аты аталатын шəкірт досы да – осы Көкпай.

Əріптің «Қалың мал туралы», «Еңбек туралы», «Ғылым туралы» т.б. əлеуметтік тақырыпта жазған толып жатқан өлеңдері өзінің идеялық-мазмұн, көркемдік жөнінен нағыз Абай шəкірті екенін көрсетеді.

* * *

Абайдың əдебиет мектебі қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мəдениетін сын көзімен қарап меңгереді.

Абайдың, оның шəкірттерінің шығармалары діни-мистикадан, ескі өмірді дəріптеуден, идеялық, эстетизмнен аулақ болды.

Ұлы орыс халқының классикалық əдебиетін өзіне ұлы мектеп етудің арқасында Абай жəне оның шəкірттері қазақ поэзиясын идеялық мазмұн, көркемдік түр жағынан жоғары сатыға көтерді. Фольклор дəрежесінен жазба əдебиет дəрежесіне жеткізді.

Абай мектебі ХІХ ғасырдағы орыс əдебиетіндегі гуманизмді, демократтық идеяны үлгі-өнеге етті. Рулық-феодалдық салт-санаға қарсы күресті.

Ресми Россия мен ұлы орыс халқын айыра танып, қазақ халқын орыс халқымен достыққа шақырады.

Абайдың əнші-композитор шəкірттері ұлы ақынның тамаша эстетикалық принциптерін өз шығармаларына негіз етіп ұстаған жəне оның əн-күй туралы терең мағыналы соны пікірлерін халыққа жаюда да айтарлықтай еңбек етті.

Абай мектебі өзіне дейін болып көрмеген прогресшіл-өршіл сарынды, бай уақиғалы романтикалы поэма жанрын қазақ поэзиясына кіргізді. Ондай поэмалардың уақиғасы тарихи шындыққа негізделгендіктен өз заманының əлеуметтік талабына сай келіп отырады.

 Абай мектебі қазақ жазба əдебиеті тарихында адамның жатымды көркем образын жасады. Олар – бас еркі үшін, махаббат бостандығы үшін ескі əдет-ғұрыпқа, зұлымдыққа қарсы қажымай күрескен, тəкаппар ер мінезді, қайсар жандар (Қасым, Сəлім, Ғазиза, Жəбіраһил, Зəһира, Еңлік, Кебек т.б.).

Абай мектебі туғызған жаңа поэмалардың таптық бағыты да айқын болды. Мұрат, Медғат сияқты құл иемденуші байларға қарсы Қасым құл, Сəлім, Ғазизалар («Медғат-Қасым»), Жүсіп байға қарсы кедей жігіт Жəбірəһил («Дағыстан»), Ханға қарсы ер жігіт Сəмен («Салиха-Сəмен») күреседі. Қазақтың ру басы, биі Кеңгірбайға Еңілік пен Кебек қарсы қойылады.

Абай шəкірттері ұлттық тар шеңберде қалып қоймаған. Пушкин, Лермонтов, Абайдың традициясымен тақырыпты кеңінен қамтиды (Кавказ, Африка т.с.с.). Өз заманында бүкіл дүниежүзінде болып жатқан оқиғалардан сырт қалмай, ол оқиғалардың саяси-əлеуметтік жайын түсініп, өз шығармаларына тақырып етіп жырлайды («Медғат-Қасым», «Зұлыс» т.б.). Батыс Европа, шығыс отаршылдарының зұлымдығын əшкере етеді.

Абай шəкірттерінің поэмаларындағы махаббат мəселесі шыншылдықпен, адамгершілік, прогресшілдік идеяда жырла- нады. Қазақ өмірінде ғасырлар бойы орын алған, лиро-эпостарда («Қозы-Көрпеш – Баян-Сулу», «Қыз Жібек» т.б.), сол сияқты ХІХ ғасыр кертартпа ақындарының (Мұрат, Шортанбай, т.б.) дəріптелетін жесірлік салт-əменгерлік сияқты ескі дəстүр Абай шəкірттерінің шығармаларында биттей де орын ала алмайды. Адамның ішкі сезім-сырын терең толғап жырлайтын лирикалы сарын, адамның бас бостандығын, еркіндік өмірді дəріптеу Абай мектебі тудырған поэмалардың ерекшелігі болды.

Абай мектебі туғызған өлең, поэмаларда мол орын алатын адамға əсерлі, көңілге қонымды, терең идеямен қабысқан табиғат суреттері, лирикалы монологтар – орыс əдебиетіндегі прогрессившіл романтизмнің жақсы үлгісі, қазақ поэзиясын жаңғыртқан жаңалық болды.

Абай мектебінің адастырмас темір қазығы Пушкиннен бастап А.М.Горькийге дейін əкелетін орыс əдебиетіндегі сара жол болды.

Абай жəне оның ақын шəкірттері орыстың революцияшыл демократтарынан көп үлгі-өнеге ала отырса да, қазақ қоғамының мəдени, экономикалық жөнінен мешеу қалуы себепті, оларды қоғамдық стройды революциялық жолмен өзгерту идеясының дəрежесіне көтеріле алмады.

Абай өзінің мінез-құлық мəселелеріне арналған шығармаларында діннен арыла алмады.

Осындай іштей қайшылықтар Абайдың өз басында жəне ақын шəкірттерінің басында да болды. Діннен, суевериеден мүлдем қол үзіп кете алмау белгілері – Абай шəкірттерінің шығармаларындағы қайшылықтар.

Бірақ, бұл айтылғандар олардың шығармаларындағы негізгі сарын емес. Ол қайшылықтар Абай мектебінің қазақ əдебиеті тарихындағы прогресшіл мəдени-тарихи маңызын төмендете алмайды.

А.М.Горькийдің Пушкин туралы айтқан пікірінің тұрғысын қарап, Абайды, оның шəкірттерін өз заманына ала келген бізге жат жайлардан арылтып ала білгенде ғана дұрыс түсініп, əділ бағалай аламыз.

Абай шəкірттері ұлы ақынның тірі кезінде өсиетін тыңдап, айналасына топтанып жүріп, Абай өлген соң тарап кетпейді. Абай салып кеткен əдебиеттегі сара жолдан таймай, Абай дəстүрін берік ұстайды.

 

Н. С. САУРАНБАЕВ:

Диссертантқа кімнің қандай сұраулары бар? Сұрауды қазақша берулеріңізге болады.

 

Қ. ЖҰМАЛИЕВ:

1.         Əсет туралы зерттедіңіз ғой, Əсет қай жылы туып, қайда өлген? Қытайға кетіп қалғандардың ішінде жоқ па екен?

2.         Көкпайдың өлеңдері кімнен жазылып алынған жəне Мыржақыппен айтысы қайдан табылған?

3.         Мағауияның «Еңілік-Кебек» поэмасы 1929 жылы табылды дедіңіз, осы кезге дейін бұл поэма Мағауиянікі болмайтын, біз əдебиет тарихынан оны білмейміз. Авторы табылған жоқ делінуші еді. Сіз жана осыны Əуезовтің архивынан табылды дедіңіз, Мұқаң 1930 жылдары авторы жоқ деуші еді, бұл қайдан табылған архив?

4.         «Зұлыстың» уақиғасы қайдан алынған?

5.         Көкпай мешіт ұстаған кісі ме?

6.         Жаңа келтірілген өлең шумақтарын сол Көкпай шығармасының ішінен толық алдыңыз ба, болмаса кейбір жерлерінен алдыңыз ба?

 

Н.САУРАНБАЕВ:

Тағы кімде қандай сұрақтар бар?

 

М. ҒАБДУЛЛИН:

1.         «Диссертацияның 16-бетінде қазақтың ұлттық сипатын беретіндей Абайға дейін əдебиет болған жоқ» деген пікір бар, осы дұрыс бола ма? Дұрыс болмаса, не нəрсеге негізделген?

2.         Осы еңбегіңізде Абай сыншыл реализмнің өкілі дейсіз де, шəкірттерін романтиктер дейсіз. Осы екі арасында қандай байланыста жатқан жайлар бар?

3.         Абай шəкірттері көбінесе Абайдан тема алған болса, сол алған темалардың, болмаса Абайдың берген темаларының

«Еңлік-Кебектен» бөтені, басқа шетелдік тақырып неге қазақтың өз тұрмысынан тақырып іздемеген?

4.         Сіз Абайдың шəкірттерін екі топқа бөлдіңіз ғой: соның екінші тобы – Абай өлеңдерін үйреніп алып, халыққа таратушылар дедіңіз, міне осыларды да шəкірт деуге бола ма? Осының қисыны келе ме екен?

5.         Əріптің өз қара басының қайшылықтары қандай болды екен?

 

ТАСТАНБЕКОВ:

1.         Абайдың ақындық мектебі... 

2.         Тоғызыншы кластың оқу құралында Мағауияны 1869 жылы туды дейді де, Жиреншин «Абай оның орыс достары» деген еңбегінде Мағауияны 1870 жылы туған дейді, осының қайсысы дұрыс?

 

НҰРЫШЕВ:

1.         «Социалистік Қазақстан» газетінде 1947 жылы 2-августа

«Еңлік-Кебекті» жазған адам халық жауы болды дейді. «Челкашты» аударған адам да халық жауы болды дейді. Сіздің көрсеткендеріңізде олай емес сияқты, сіздің алғаныңыз қате емес пе екен? Тағы сонда: Əріпті чиновник болған адам дейді, сіз оған қалай қарайсыз?

 

2.         Сіз жаңа Абай мектептерін зерттегенде, марксизмге сүйеніп зерттедім дедіңіз, сол туралы еңбегіңізде дəлел келтірдіңіз бе? Марксизмнің қай жеріне сүйеніп сипаттадыңыз?

 

АМАНЖОЛОВ:

«Біржан-Сара» дастанын жазған Əріп деседі, осы рас па екен?

 

БАЛХАШЕВ:

Осы күнгі біздің жазушыларымыздың, сыншыларымыздың Абай туралы кейбір пікірлеріндегі қателіктері, негізгі принциптік жақтарын көрсету қалай болар еді? Осы Абай туралы көзқарастарға сын дегендер көрсетілді ме? Əуезов, Мұқанов статьяларындағы көзқарастар қалай?

 

Қ. МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ жауабы:

 

Қ. ЖҰМАЛИЕВТЫҢ сұрақтарына жауап.

Əсет туралы ертеден мəлім, Абай өлеңдерінің жинағының бəрінде бар. Осы күнгі шығып жүрген кітаптардың бəрінде де Əсет бар. Əсет əндері деп күнде радио арқылы орындалып жатады. Əсет əндері операларға да кірген. Абайдың шəкірті

ретінде Əсетті біз зерттедік. 1942 жылғы Сəбит Мұқановтың редакциясымен шыққан «Айтыс» атты кітабында да Əсеттің Рысжанмен айтысы бар. Енді «Əсеттің өлерінде айтқан өлеңі» деп газеттерде басылып шыққан. Пушкин юбилейіне арна лып 1937 жылы шыққан Пушкиннің қазақшаға аударылған кітабында Əсет аударған «Евгений Онегин» басылғаны мəлім. Əсет 1923 жылы Семей облысының Мақаншы ауданында өлген. Қазір əйелі бар, сонда тұрады.

Екінші, Көкпайдың «Ленинге» арналған жəне «Мыржақыппен айтысы» деген өлеңдерін Жөндібаевтің қолжазбасынан  жазып алдым. Ақынның өз баласы Ахметқали /қазір тірі, өзі ақын/ Көкпайдың өлеңдерін жатқа біледі. «Ленин» туралы өлеңін Көкпай ауырып жүріп, Москваға емделе барып, қайтып келген соң жазыпты. Көкпай діншіл болған.

Үшінші сұрауыңыз, «Еңлік-Кебек» 1890 жазылған поэма, оның Əуезовтың архивында бар екені рас, Дайрабай қолжазбасы деген бар, соның ішінде екен.

Төртінші сұрақ «Зұлыс» туралы. Бұл поэманы Абай ауданында білмейтін адам жоқ. Бұл «Сана» журналына басылып шыққан. Поэманың кейінгі табылған бөлімін, Рахым Жандыбаев деген кітап жинаған адам бар, соның архивынан алдым.

Көкпай бір кезде бала оқытқан, Абай өлгеннен кейін арабша, парсыша, орысша сабақ берген, медресесін совет өкіметі тұсында мектепке пайдалануға берген. Ол Көкпайдың мынау өлеңінен де белгілі:

Босаттым медресемді мұғалімге, 

Иесі сол, берейін енді кімге.

Медресем балаларға орын болып, 

Қағанағым қарық боп тұр осы күнге, –

деп қуанып жырлайды.

Алашордашыл Дулатовқа осылай жауап берді:

«Ескі жұртқа қаңғырсаң өзің қаңғыр менен аулақ», – деп ат-тонын ала қашады.

 

ҒАБДУЛЛИН жолдастың сұрағына жауап:

16-бетте ұлттық əдебиет сипаты Абайға дейін болған жоқ деген пікір айтылған дедіңіз. Абайға дейінгі əдебиеттің көпшілігі ауыз əдебиеті болды. Ұлттық əдебиет деп жазба əдебиеттің са- тысына жеткендігі туралы айтылды ғой. Ал, ақындық жөнінен Алтынсарин Абай дəрежесіне жете алған жоқ.

Абай реализмді жақтаушы еді, шəкірттері неге романтизмді жақтады дегенге жауап. Бұл өзі əлі де терең зерттелмей келген мəселе сияқты. Оны келешекте аша түсуім керек. Бұл жөнінде еңбегімде мен А.А.Фадеевке сүйендім. Фадеев: «...», – дейді ғой (орысша оқыды).

Сөйтіп келеді де, романтизмнің өзі сыншыл реализмге қайшы нəрсе емес дейді. Міне, осыған келгенде Абайдың өзінде де романтизм бар ғой. Құр ғана романтизм емес, реа- лизммен байланысып жатқан прогресшіл, активный романтизм бар. Мысалы, Абайдың: «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде Абай романтизм мен реализмді ұштастырып береді. Островскийдің «Гроза сындағы» Катерина сияқты, жауыздыққа қарсылық жасап, ерлік көрсеткен əйел образы көз алдыңа келіп отырады. Мен мұндағы Абайдың романтизмін активтік романтизм деп бағалаймын.

Абай шəкірттеріне бірталай тақырыптар берген, шəкірттерінің нені жырлағаны олардың жазған шығармаларынан белгілі ғой. «Еңлік-Кебек» қазақтың өз елінің тұрмыс-салтынан берілген тақырып, басқа шетел халықтарының тұрмысынан шығарма жазуға тапсырылса, ондаөзхалқының, өзоқушысының кругозорын өсіру үшін, шетел тұрмыс-халын халыққа білдіру үшін берілген болады. Пушкиннің өзі де бүкіл дүниежүзілік халықтар өмірінен тақырып алып отырған жоқ па? Мысалы, бізде сол кездің өзінде шығып жүрген хиссалардың өзінде көп еді ғой, сол кезде:

«Семейден үлкен қала жоқ,

Жалпақтан үлкен дала жоқ», –

деп жүрген кез емес пе еді.

Абай шəкірттерінің Кавказ, Африка тағы басқаларды жырлауы Абай мектебінің мəдени дəрежесін көрсетсе керек.

«Əншілер шəкірт бола ма?» деген сұрауға жауап: Абайдың үлгісін айтқанда, біз Абайдың əржақтылығын айтамыз. Өзі композитор болған соң, оның қасында əнші жүрмей, кім жүруі керек? Композитордың қасында музыканы терең бағалайтын адам жүруі, өзі əнші болған соң əнді бағалауы тəрбиелік нəрсе емес пе!

Екінші бір топ шəкірттері – Абай өлеңдерін, сол Абай мектебінен туған шығармаларды халыққа таратушылар, пересказчик талапкерлер болған, сол қатарда: Мұқа, Əлмағамбеттер кетеді.

Əріп туралы сұрауға. Əріпте қайшылық үлкен болды. Жаңа бір сұрауда «Абайдың өз Тобықтысынан шыққандарды ғана шəкірт дейміз бе?» делінді. Ал, осы Əріп кім? Əріп Найман руынан шыққан. Бұл Байғарадан: Ақтайлақ, Сабырбай, Қуандық т.б. сияқты 17 ақын шығады. Міне осы 17 ақынның əсерімен əуелде Əріп те суырып-салма ақын болады. Əріптің «Зияда» деген поэмасы шығыс хиссаларының үлгісінде жазылған. Оны Абай қатты сынаған. Абайдың сынын Əріп бір кезде көтере алмай, Абайға қарсы өлең де жазып жүрген. Кейін ой-санасы өсе келе, Абайдың сынын мойындап, кейін өзінің өлеңдерін Абай үлгісінде жаза бастайтын болады.

Кейінгі шыққан ақын-жазушыларға Абайдың əсері болғаны бəрімізге де белгілі. Бұл туралы жалғыз Абайдың əсерін айтпағанда, Абай мектебінен шыққан шығармалардың əсерінің болғаны жөнінде бір-ақ мысал айтуыма болады: мысалы, Исаның «Кавказ» поэмасы Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасының үлгісінде жазылмады деп айта аласыз ба?

Мағауияның 1870 жылы туғаны дұрыс.

 

НҰРЫШЕВ жолдастың сұрағына жауап:

Газетте Əріпті чиновник, «Еңлік-Кебекті» жазған адам халық жауы болып кеткен делінген, осы еңбекте сол туралы неге тоқталмады дегенге айтарым: ол мақала маңызды мақала болса, тоқтаған болар едім. «Семейдегі əдебиетшілер» деген мақаланың шыққаны рас. Ал, Əріп чиновник болған, ол шəкірт бола ала ма дейсіз, олай қарайтын болсақ, Пушкин де чиновник, Салтыков-Щедрин – вице-губернатор болған адам, Лев Толстой дворянин, солай бола тұрса, Əріп тілмаш болған екен деп, шəкірттікке жарамайды деуіміздің қандайлық қисыны болар екен? Ал, олай қарайтын болса Абайдың өзі де болыс болған, төбе би болған адам. Шоқан Уалиханов офицер царской армии болған т.т. Абайдың кейбір шəкірттері неге чиновник болған? деп сұрақ қою орынды бола қояр ма екен.

«Еңлік-Кебекті» жазған адам кім екенін айтпаған дейсіз. Сіздің айтайын деп отырғаныңыз – Шəкəрім жазған варианты ғой. Шəкəрім ол поэмасында Кеңгірбайдың зұлымдығын ашпайды, одан бұрын Мағауияның «Еңлік-Кебек» поэмасын басып тастап, өзі басқа вариантта жазады. Мағауия поэмасында:

Қылжырақтап атандың биім қабан, 

Қабан түбі шошқа ғой білсең надан. 

Үлкен бидің алдында сөйлесерміз, 

Не болады билігі бидің арам, –

дейді.

Кеңгірбайды «қабан» деп шошқаға теңейді ғой. Осы Кеңгірбайды сөккендігінен барып, Мағауияның жазған варианты тарамай қалады. Менің еңбегімде айтылып отырған вариант Мағауияның варианты, осы жерін ескеріңіз.

Диссертация негізінен марксизмге сүйеніп жазылған. Басқа болуға мүмкін де емес. Мүмкін жаңағы өз сөзімде бəрін айта алмаған болармыз.

 

АМАНЖОЛОВ жолдасқа жауап:

«Біржан-Сараны» жазған Əріп деген мəселе – таласта жүрген мəселе, Əуезов пен Жұмалиев профессорлардың ұйғаруы бой ынша «Біржан-Сара» əзірше Əріптікі бола алмай жүр.

 

Жолдас БАЛАХАШЕВ, Абай туралы жазғандардың көзқарастарын ашпаған дейді, рас бұл жағынан шалағайлығым бар екен, жөндеймін. Бұған тоқтамай кетіппін. Тоқтамауымның  өзі, менің темам «Абайдың шəкірттері» ғой. Абайдың өз басы емес, осы себепті мол тоқтамаған едім.

«Челкашты» аударған Абайдың Тұрағұл деген баласы. Оның халық жауы екенін мен білмеймін. Мүмкін білсеңіз сіз білерсіз.

 

НҰРЫШЕВ:

1.         Газетте басылғандар дұрыс болмаса, неге газет бетінде жауап бермедіңіз?

2.         Абай шəкірттеріне тема бергеніне шəк келтірмейсіз бе? Неге Дағыстанды берген, Əзірбайжанды неге бермеген?

 

ЖАУАП:

1.         Газетке жауап жазғам. Баспады.

2.         Мен бұл еңбегімді игілікті істің басы ғой деп отырмын, сондай мəселелерге шешуші жауап мен бере алмасам, сіздер ілгері дамытар деп сенем.

 

ƏБЕТОВ:

Абайдың шəкірттері Абайдың үлгісінен қаншалық үйрене алды? Жəне көркемдік орын жағынан қандайлық меңгерді?

 

ЖАУАП:

Əрине, форма жағынан да үйренген, əсіресе көркемдіктің өзі идеясынан шығады ғой, Абайдың идеясына берілгеннен кейін оның көркемдігін де меңгеруге талаптанған болады. Ол жайды диссертацияда айтамыз.

 

Н. САУРАНБАЕВ:

Сұрақтар мен жауап бітті. Ендігі сөз оппоненттер: Əуезов пен Сильченкоға беріледі (екеуі де орыс тілінде сөйледі).

 

Айтыс сөздер.

ЖҰМАЛИЕВКЕ берілді (орыс тілінде сөйледі). 

УСАНОВИЧКЕ берілді (орыс тілінде сөйледі).

НҰРЫШЕВКЕ берілді (орыс тілінде сөйледі). 

БЕКМАХАНОВҚА берілді (орыс тілінде сөйледі). 

ТҰРҒАНБАЕВҚА берілді (қазақша сөйледі, сөзі тіркелді).

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ: Какие будут вопросы к диссертанту? 

Тов. ДЖУМАЛИЕВ задает вопрос на казахском языке 

Тов. ГАБДУЛЛИН задает вопрос на казахском языке 

Тов. ТАСТАНБЕКОВ задает вопрос на казахском языке 

Тов. НУРУШЕВ задает вопрос на казахском языке

Тов. АМАНЖОЛОВ задает вопрос на казахском языке 

Тов. БАЛКАШЕВ задает вопрос на казахском языке

Тов. МУХАМЕДХАНОВ отвечает на все заданные ему вопросы на казахском языке.

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ: Будут ли еще вопросы? 

СИЛЬЧЕНКО:

Разрешите спросить в отношении поэмы «Зулус». Нашли ли вы какое-нибудь произведение, вольным переводом которого является эта поэма?

 

МУХАМЕДХАНОВ:

Да, это «Копи царя Соломона» Хаггарда...

 

Жалғасы бар…

Әзірлеген Заңғар КӘРІМХАН

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?