Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

В.Ван Гог және Абай Құнанбайұлын не байланыстырады?

3649
В.Ван Гог және Абай Құнанбайұлын не байланыстырады? - e-history.kz

«Qazaqstan tarihy» порталында «Көшелер тарихы» атты жаңа жоба басталды. Жобада Астана қаласындағы есімдері көше атына берілген тұлғалар туралы мәлімет беру. Тарихи тұлғаның өмір жолын баяндай отырып, ел үшін атқарған еңбегін ұрпақ санасында қалдыру. Төл тарихимызды ұмытпау һәм ұлықтау. 

Алғашқы шығарылымы Абай даңғылына арналды. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының атындағы осынау даңғыл Астана қаласындағы ең ұзын көшелердің бірі. Ұзындығы 5300 метрге жуық осынау көшенің о шеті мен бұ шетін жаяу жүріп өту мүмкін емес. Десе де біз бүгінгі видео жоба барысында аралап көріп, сіздерге таныстыруға бел будық. Іске сәт! 

Абай даңғылы ең ұзын көшелердің бірі. Ұзындығы – 5280 метр. Кезінде Ақмоладағы алғашқы мешіттердің бірі дәл осы көшеде бой көтергендіктен болар, көшені «Церковное», қазақша мағынасы «Шіркеу» деп атаған. 1895 жылы оны татар көпесі салған, сондықтан халық оны «татар» немесе «жасыл» деп атаған. Кеңес өкіметі орнаған соң көше басты көшеге айналып, Ленин деп аталды. Тек 1997 жылдың қараша айынан бастап Абай көшесі болып өзгертілді.

Абай даңғылы Кенжебек Күмісбеков көшесінен  басталып, Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ал осынау даңғыл атауына Абай есімінің берілу сыры неде? Абай Құнанбайұлының ақындығынан бөлек қайраткерлігі жайлы не білеміз?

Толығырақ “Көшелер тарихы” жобасының Абай даңғылы шығарылымында. Тамашалай отырыңыздар ! 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?