Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғарышқа ұшқан қазақтар

3174
Ғарышқа ұшқан қазақтар - e-history.kz

Сурет: apgazeta.kz

12 сәуірде бүкіл әлем Авиация және космонавтика күнін атап өтеді. Бұл шынында да адамның ғарышқа алғашқы ұшуына арналған есте қаларлық күн. Мереке ретінде «Ғарышкерлер күні» – Кеңес Одағында 1962 жылы 9 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен бекітіліп, 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясының конференциясында халықаралық мәртебеге ие болды.

2011 жылдан бастап Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні ретінде қайтадан бекітілді. 

ХХІ ғасырға қадам басқан кезде біз ғарыш техникасының таңғажайып жетістігін көріп отырмыз. Ондаған мың спутниктер Жерді айналып жүр, ғарыш аппараттары Айға қонды, ол жерден топырақ үлгілерін әкелді. Кейіннен Марс пен Венераға автоматты зондтар түсіп, екі ғарыш аппараттары Күн жүйесінің шегінен шықты.

Сондықтан бұл мерекені – Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп жариялай отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясы «бүкіл адамзаттың игілігі саналатын ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу мен пайдалану керек» деп бекітті.

vitalidrobishev.livejournal.com

Ғарышқа адам ұшыруға КСРО мен АҚШ-тың таласы

Алғаш ғарышқа жасанды жер серігін 1957 жылы 4 қазанда КСРО ұшырды. Байқоңырдан ұшырылған зымыран орбитаға сәттті шаға алды. Бұл сол кездегі екі алып елі КСРО –мен АҚШ-тың ғарышты игерудегі текетіресінің бастамасы болатын. Бұл жарыста алғашқы ұпайды КСРО өз өоржынына салды. Содан кейін ғарышқа адам ұшыруда тағы да екі ел бәскелесе бастады. 1961 жылы негізінен ғарышқа 24 жастағы Валентин Бондаренко ұшуы керек еді. Ол 79 үміткердің арасынан ең үздігі арасынан таңдап алынды. Бірақ 1961 жылы 4 наурызда ең соңғы сынақты таптсыру кезінде Валентин аяқ астынан өртеніп кетіп, қаза табады. Мқны бірақ КСРО еш жерге жарияламай, құпия ұстап, екінші үміткерді шұғыл түрде бекітеді. Ол Юрий Гарагрин болатын.

Global Look Press

 

Адамзат алғаш рет ғарышқа Қазақстаннан ұшты

1961 жылы 12 сәуірде Кеңес Одағының азаматы, аға лейтенант Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әлемде алғаш рет Жерді айналып ұшты.

Ол ғарышқа шыға отырып: «Мен Жер бетіндегі ақ ұлпа бұлттарды көріп тұрмын. Бұл ғажап» деді.

Бар болғаны 108 минутқа созылған ұшу ғарышты игерудегі қуатты серпіліс болды. Юрий Гагариннің есімі әлемге кеңінен танылып, тұңғыш ғарышкердің өзі мерзімінен бұрын майор шенін және Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Байқоңыр ғарыш айлағы бұдан кейін де ғарышты игерудегі бірқатар істердің бастамашысы болды. Дәл осы жерден ұшырылған зымырандар маңызды жаңалықтар ашты.

Бірқатар жылдар бойы «Байқоңыр» ғарыш айлағы ұшырулар саны бойынша әлемде жетекші орынды сақтап қалды, Флорида штатындағы Канаверал мүйісі аймағындағы ұшыру кешендері (NASA мен АҚШ ғарыш күштеріне тиесілі) екінші орынды иеленді. ал үшінші Гвиана ғарыш орталығы (Француз Гвианасындағы Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) ғарыш айлағы). Атап айтқанда, 2015 жылы Байқоңырдан жылына 18 зымыран тасығыш ұшырылды (екінші орынды жылына 17 ұшумен АҚШ-тың Канаверал мүйісі ғарыш айлағы алды, үшінші орынды Гвиана ғарыш орталығы (Француз Гвианасындағы ESA ғарыш айлағы) алды) жылына 12 ұшырумен). 2016 жылдан бастап Канаверал мүйісіндегі (АҚШ) ғарыш айлағы ұшырулар саны бойынша көшбасшы атанды.

1991 жылы 31 тамызда Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның меншігі болып жарияланды. Ал сол жылдың қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері ғарышқа ұшты. Бүгінгі таңда Қазақстан ғарыш саласын дамытуда орасан зор қадам жасады. 

Қазақстанның ғарыштық держава мәртебесін алу жолы оңай болған жоқ. Екі ел – Қазақстан мен Ресей үшін қолайлы бірлескен әрекеттердің жаңа тәсілдерін әзірлеу, қарым-қатынастардың толыққанды шарттық базасын қалыптастыру үшін көп күш салу қажет болды. Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартпен қатар Қазақстан мен Ресейдің екі тәуелсіз мемлекет ретіндегі екіжақты ынтымақтастығы тарихындағы алғашқы іргелі құжатқа қол қойылғаны мұның қаншалықты маңызды болғанын дәлелдейді. «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану үшін. 1994 жылы наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Ресейге алғашқы мемлекеттік сапары барысында тағы бір маңызды құжат – ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды. 

Ғарышқа ұшқан қазақтар

 

qazaqstan.tv

Тоқтар Әубәкіров 191 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ретінде ғарышқа ұшты

Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз алдынада алғашқы қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру міндеті тұрды. Бұл жолда Тоқтар Әубакіров таңдап алынды. Ол 1991 жылы Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында оқуды бастады.

1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің ғылыми-зерттеу ғарышкері ретінде Александр Волков (ұшу кезінде экипаж командирі) және аустриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге ғарышқа ұшты. Апта бойы ол «Мир» орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді. Ғарышта болу ұзақтығы 7 күн 22 сағат 13 минутты құрады. 1991 жылы 10 қазанда «Союз ТМ-12» ғарыш кемесінде Анатолий Арцебарский (десант командирі) және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге Жерге оралды.

tengrinews.kz

Талғат Мұсабаев – ашық ғарышқа шыққан тұңғыш және жалғыз қазақ

Талғат Мұсабаев ашық ғарышқа шыққан тұңғыш және жалғыз қазақ. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» кемесінде командир Юрий Маленченко басқаратын ЭО-16 экипажының бортинженері ретінде ғарышқа алғаш рет ұшты. 126 күндік ұшудың негізгі бағдарламасына алдыңғы экипажды түйістіру кезінде зақымданған «Мир» орбиталық станциясын жөндеу бойынша міндет тапсырылды.

«Менің ғарышқа алғашқы сапарым «Мир» стансасы Қазақстанның үстінен ұшып бара жатқан сәтте болды. Люкті ашқанда қорқыныш сезімін қуаныш алмастырып, еріксіз: «О, Қазақстаным, Балқаш!» деп айқайладым. Сол кезде мен таулардың, көлдердің және шексіз қазақ даласының таныс сұлбасын көргенде, бұл кездейсоқтықты – жерлестерінің арасынан ашыө ғарышқа алғаш қадам басқан ұлына Отанның берген батасының белгісі деп қабылдадым», – деп еске алады ол кезді Талғат Мұсабаев.

Талғат Мұсабаев 7 рет ғарышқа ұшқан қазақ, бір жылға жуық уақыт ғарышта болған. 2001 жылы алғашқы ғарыш туристі Денис Тито ғарышқа ұшады. Ол салмақсыздық жағдайын игере алмай басын темір қабырғаға соғып алған. Кейін оның жүрегінде ақау бар екенін белгілі болады. Осы екі жағдайда да ғарышкер Талғат Мұсабаев алғашқы көмек көрсеткен.

Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқан тұңғыш Қазақстан Республикасының азаматы 

Айдын Айымбетов ғарышқа ұшу кезегін 2011 жылы  Қазақстан ғарышкерлерінің алғашқы отрядына қабылданды. 2003 жылдан бастап ол жалпы ғарыштық жаттығуларды бастады. 2005 жылы ол емтихандарды өте жақсы тапсырды, оған «сынақ-ғарышкер» біліктілігі берілді, бұл оған ғарыш кемесінде зерттеуші-ғарышкер, бортинженер, экипаж командирі ретінде ұшу құқығын берді. Сөйтіп,  2009 жылдың 30 қыркүйегіне жоспарланған ғарышқа ұшуға үміткерлер қатарына қосылды. Бірақ қаржылық мәселелерге байланысты Қазғарыш өзінің ғарышкерінің ХҒС-қа ұшуын тоқтатты. Бұл елге 30 миллион доллар шығын әкелетін еді. Оның ғарышқа ұшуы бірнеше жылға осылай кешікті.

2012 жылдың қазан айында оған Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді. Оның ғарышқа ұшу мүмкіндігі 2015 жылдың мамыр айында британдық Сара Брайтман «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесіне ұшудан бас тартқан кезде пайда болды. 

2015 жылдың шілдесінде Айымбетов экипажға екінші бортинженер болып бекітілді. 2015 жылы 2 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінде командир Сергей Волков пен 1-бортинженер Андреас Могенсенмен бірге ұшты. Экипаж Жерге 12 қыркүйекте 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секундтан кейін оралды. Осылайша Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқан тұңғыш Қазақстан Республикасының азаматы атанды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?