Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қошке Кемеңгерұлының 99 жыл бұрын жарық көрген еңбегі табылды

2098
Қошке Кемеңгерұлының 99 жыл бұрын жарық көрген еңбегі табылды - e-history.kz

Сурет: massaget.kz

Павлодар облысы Железин ауданынан Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы Қошмұхамед Кемеңгерұлының ғасырға жуық уақыт бұрын жарық көрген "Қазақ тарихынан" атты кітабы табылды, - деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы  Massaget.kz сілтеме жасап. 

Туынды 1924 жылы Мәскеудегі Нәзір Төреқұлов басқарған "Күншығыс" баспасынан 4 мың тиражбен басылып шыққан. Алғысөзін Ғаббас Тоғжанов жазған. 

"Қолдарыңыздағы кітап қазақтың саяси тарихынан жазылған тұңғыш кітап", - деп баға берген ол.

Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры Железин ауданынан Алаш қайраткері Қошмұхамед Кемеңгерұлының құнды кітабы табылғанын айтты.

"Былтыр, яғни 2022 жылы Аққулы ауданынан А.Байтұрсыновтың 1911 жылы шыққан "Маса" жинағын тапқан болатынбыз. Жыл аяғында Абай Құнанбайұлының 1909 жылы шыққан алғашқы жинағын Ертіс ауданынан таптық. Осыған байланысты 2023 жылы "Алашордалықтар ізімен" атты экспедиция ұйымдастырып, Железин, Тереңкөл, Успен аудандарына шықтық. Железин ауданы Веселаяроща ауылының бір тұрғынынан ақын, жазушы, Алаш қайраткері Қошмұхамед Кемеңгерұлының "Қазақ тарихынан" атты кітабы табылды. Әзірше тұрғынның аты-жөнін айтпаймын. Өйткені ол кісіде тағы бір кітап бар, сөйлесіп отырмын", - дейді Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры Ербол Қайыров.

"Қазақ тарихынан" кітабы түпнұсқа болғанымен беттері толық сақталмаған, әбден тозығы жеткен. Оған өңдеу жұмыстары жүргізіліп, музей қорында сақталады. Бұдан өзге Тереңкөл мен Успен аудандарынан да алашордалықтарға қатысты кітаптар табылған. Табылып жатқан жинақтардың барлығы халықтың қолында, оны тұрғындар Құранмен бірге сақтап келген.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?