Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Республика Астанасымен көрікті

1978
Республика Астанасымен көрікті - e-history.kz

Сурет: zhaikpress.kz

Арадағы үзілістерден кейін Республика күні мерекесін қайта тойлап отырған мемлекеттің бүгінгі таңдағы зор бақыты – тәуелсіздігі, үлкен жетістігі  – астанасы.  Өзін жеке мемлекет деп санайтын елдің бәрінің де астанасы бар, бірақ, біздің астанамыздың ерекшелігі – ол тәуелсіздік алғаннан кейін салынған жаңа қала. Халқының саны жағынан Нидерландымен тең түсетін, ал жер көлемі бойынша Еуропадан екі есе үлкен   Қазақстан үшін ерекше жағдайдың бірі – астананы көшіру болды. Бүгінде Астананың халқы көбейіп, ал өзі сәулеті жағынан көркейе түскен. Бізге ата-бабаларымыз осынау кең-байтақ жерді, сакральды құрылыстар мен қабірдегі жазулардан тұратын ескерткіштерді, көне қалалар орнын, өркениет туралы тарихты қалдырған, ал Астананы сол өркениеттің жалғасы, жаңа заманның басы деуге болады. 

Қаланың тарихына көз салсақ

Бұл жер 1830 жылы орыс патшасы I Николайдың әскерімен басып алынып, Есіл жағасындағы Ақмола бекінісіне айналғаны белгілі. Бұрынғы Кеңес Одағындағы қазақ республикасы алғашқыда Ресей Кеңестік Республикасы құрамындағы автономды республика ретінде құрылды. Тек 1936 жылы Қазақстан өз алдына жеке Кеңестік Одақ республикасы болды. Бұл кезде қазақтың саны сталиндік режимнің кесірінен едәуір азайып қалған еді. Қазақстанға өзге кеңестік республика өкілдерді жер аударды. Көптеген орыстар еңбек лагерьлеріне (ГУЛАГ) жіберілді. Оның үстіне Никита Хрущев республикадағы қазақ және қазақ емес тұрғындарға алалық жасап, олардың арасына сына қағып, теңгерімсіздік танытты. Елуінші жылдардың соңында ол егістік жерлерді кеңейту үшін тың жерлерді игеру жоспарын іске асырды. Бүкіл Кеңес Одағы бойынша жастар шақырылды. Қазақстанда қазақ емес ұлттар тұратын ауылдар пайда болды. 

Оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан республика астанасы Алматы XIX ғасырда орыстардың алдыңғы шеп бекінісі болған, ал содан кейін кеңес империясының Қытайдан және басқа республикалардан қорғанатын қорғаныс шебі болған. Осынау үлкен елде ол (астана) Қытайға алыс емес, Қырғызстанға жақын жатқан, үнемі жер сілкінісіне ұшырайтын   шеткі аймақ болған. Алматыда жер сілкініс ылғи да күшті, ірі ауқымды қиратқыш жағдайында жиі болып тұрған. Ең соңғысы 1910/1911 жылы орын алған. Негізінен орыстар қоныстанған солтүстікте жаңа астанаға деген ықылас айтарлықтай байқалмады. Керісінше Ресей жақтан қоңыраулар түсті. Сталиннің кезінде шекараны жасанды белгілеу жолына айналған Оңтүстік Сібірдің Қазақстан бөлігінде ереуілге шақыруға бағытталған үндеулер таратыла бастады. Бұл талап етушілердің ең басты өкілдерінің бірі Астана түбінде Гулагта мерзімін өтеген Александр Солженицын болды. 

Шет аймақтық қала Ақмола – ол кезде өте ажарсыз болатын, негізінен Хрущев пен Брежнев кезіндегі салынған қоғамдық ғимараттар мен басқармалар ғимараттары болды. Тың игеру орталығы болған себебі – бір жағынан теміржол хабарламасының логистикалық орталығы болғандығынан да еді. Тың көтерілгеннен бергі 1961және 1992 жылдарға дейінгі аралықта қала Целиноград аталды. 1997 жылы желтоқсанда астана функциясы ресми түрде Ақмолаға берілді. 1998 жылы жазда қала Астана деген атауға ие болды.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы климаты қатал және өмір сүруге қолайсыз саналатын Орталық Қазақстанға ауыстырғандағы мақсаты – кеңес тұсында алпысыншы жылдары Никита Хрущевтың аузымен айтылған Солтүстік Қазақстанды совет елінің қоры ретінде көріп, қазаққа тиесілі емес деген әңгімеге біржола нүкте қою үшін шешім қабылдағаны туралы айтылып жүр. Қалай болғанда да Астананы осы жерге көшіру дұрыс шешім болды деген қорытындыға келеміз. Қазақ қонысының этникалық өзегін мүлдем жаңа сәулеттен жасай отырып, тек оңтүстікте емес, Қазақстанның бүкіл  аумағын айқындаушы ұлт ретінде қазақ этникасының талпынысын нақтылы түрде іске асыру керек болды. Жаңа астана бүтін, тұтас Қазақстан республикасын кристаллдаушы негіз болуға тиіс болды. Ақмола қазақ астанасы болып бекітілгенде Есіл жағалауында 250 000 адам тұрды. Дегенмен, өзге өңірлерден көшіп келушілер мен жыл сайынғы екі пайыздық халық өсімі келешекте қаланың метрополияға айналуынан үміттендіреді.

Қаланың салынуы мен эстетикасы жөнінде 

Жапон сәулетшісі Кисё Курокава жасаған бас жоспардың негізгі идеясы ескі қаланы сүріп тастап, оның орнына жаңасын салу емес еді. Оның идеясы – Есілдің сол жағалауына жаңа орталық салуға негізделген. Бұрын жаңа орталықтан тысқары ағатын өзен ескі қала мен жаңа қаланы бір-біріне қосатын қаланың басты элементіне айналды. Осы ерекшелікті айқын көрсету үшін және тұжырымдық шешім көзқарасы тұрғысынан Париж бен Лондондағы сияқты қала мен табиғаттың бір-бірімен селбесуін (симбиоз) қамтамасыз ету үшін өзеннің аңғары тереңдетіліп кеңейтілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде өзен арнасының ені 80-нен 180 метрге дейін айтарлықтай кеңейді. Жұмыстың басынан бастап өзеннің аңғарын кеңейтуге және жағалауларын бекітуге мықтап назар аударылды. 1997 жылдан бастап қаланы су басудан қорғау бағытында ауқымды шаралар жүргізіліп қана қойған жоқ, сонымен бірге жағалаудың 20 метрден астам аумағы бекітілді. Жобаның мақсаты – өзеннің жағалауынан жаяу жүру үшін жол салу арқылы Есілді ашу болатын. Мұнымен бірге қала салушылар ежелден келе жатқан өзен жағалауындағы жасыл желекті табиғатты демалыс орны ретінде қалай сақтап қалуға болады дегенге ойланды. Бұл ойлары өз нәтижесін берді. Есіл арнасын қолдан кеңейткеннен кейін өзеннің қала ішіндегі көлемі 200 метрге созылды, бұл жағынан ол Сена, Темза және Дунай сияқты астаналардың өзендерімен тең түсе алады. Бірақ, дұрыстап қараған адамға ол асу бермес арынды аөзенге емес, ағынсыз көлге ұқсайды. Баяғыда батпақты жерде ағып жатқан өзен арнасын кеңейткеннен кейін ол қала шегіне «көтерілді». Дегенмен, Астана енді Обь, Волга өзендерінің жағалауында орналасқан ресей қаласы сияқты жағалауда тұр. Өзен жағалауына мемлекет қызметшілеріне арнап арнайы тапсырыспен тұрғызған жаңа тұрғын алабы көзге жылыұшырап, тура көркем сурет секілді көрінеді, ал ашық түстермен безендірілуі, ғимараттардың пішінінің қарапайымдылығы, шатырларының үлкендігі кәдімгі лего конструкторын еске түсіреді. 

Айта кетейік, Курокава қаланың бас жобасын жасау кезінде де, үкіметтік ғимараттардың кварталын жобалау кезінде де дизайннің бұрыннан бар қатып қалған элементтерінен толықтай бас тартқанын айтқан. Сондай-ақ, спорт кешендері маңынан орын тепкен ботаникалық бақ, қаланың демалыс саябағы, президент саябағы қаланың көркіне көрік қосып тұр. Кезінде Курокава «Ағаш тамырлары суды жыл бойына топырақ қыртысына жинап, сорғыш сияқты сорып отыратындықтан, біз қаланың айналасына орман отырғызуды ұсынамыз. Қыс мезгілінде осы бағыттан жел соғып тұратын болғандықтан, орманды қаланың оңтүстік-батысы жағынан отырғызу керек. Өзіңіз білетіндей ауа температурасы Цельсиямен 20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Орман қаланы желден қорғай алады» деген екен, бүгінде қаланың айналасына жағалай егілген осы орманның пайдасын көре бастадық.

Даму үстіндегі астана

Астана саяси орнына қарамастан өңірдегі барлық экономикалық және әлеуметтік бастамалардың генераторы екені күмәнсіз. 1997 жылы қабылданған қаланы көркейту жобасындағы мемлекеттік инвестиция көлемі 1,8 миллион теңгені құраған болса, бүгінде бұл едәуір өсті. 

Астананың қалыптасу кезеңіндегі ғажайып жобаның қатарына «Нокиа» фирмасының шинасын шығаратын зауыт құрылысын, «Дженерал Электрик» фирмасының локомотив құрастыратын зауыт құрылысын, жапондық «Ниссан» автозауытының пайдаланылуға берілуін, «Ланкастер Групп» фирмасы іске қосқан кремний шығаратын зауыттың құрылысын да күмәнсіз жатқызуға болар еді. Осынау негізгі экономикалық дамудың негізі болатын өнеркәсіп орындарымен қатар, мәдени-демалыс, спорттық нысандар, бір жағынан үлкен ауқымға ие болатын қызмет көрсету нысандары құрылыстарын салу туралы тапсырылды. Бұл құрылыстарға мұзайдын сарайы, футбол стадионы, аумағы 24000 шаршы метрлік жабық велотрек, ҚТЖ бас басқармасы, көптеген сауда, ойын-сауық орталықтар, кеңсе ғимараттары, сонымен бірге құрылысы салыну үстіндегі, келешекте пайдалануға берілетін бизнес кеңселер, мәдени-демалыс нысандары, қымбат сауда бутиктері, кафе-ресторандар, қымбат пәтерлер орналасатын алып кешен «Абу-Даби Плазаны» жатқызуға болады.  

Оң жағалаудағытарихи маңызды ғимараттар

Біз тек бірнешеуін ғана мысалға алайық. «Астана» азық-түлік дүкені. Кенесары көшесі 37-үйдегі ғимарат кеңес кезінде «Радуга» деген атпен белгілі болған, 1905-1907 жылдар аралығында көпес Кубриннің «Кубринский» аталатын сауда үйін салуға тапсырыс беруімен салынған. Ғимаратта орыс сәулетінің барлық белгілері бар: бір-біріне перпендикуляр екі қанаттан тұратыны, екі жабыстырмалы аттиктер, төрт маржанды күмбез тәрізді көрінетін фронтон шатырының тұйық тоғыспа қағидасымен салынуы, симметриялық композицияда басты белдеуге екпін бергені, терезе маңдайшасындағы карниздердің (сандриктер) болмауы немесе терезені кедір-бұдыр шиыршықты қарапайым төрт қырлы ұстынмен безендіру сияқты кейбір детальдар модерн стилі, оның орыс нұсқасымен салынғанына дәлел болмақ. Бұл жобаның авторы, Санкт-Петербург сәулет мектебінің өкілі, сәулетші Александр Гоген екен. Азық-түлік дүкені Астанадағы әлі күнге елшіліктерге не мемлекеттік органға берілмей келе жатқан, көпшілік  қолданыс айналымынан алынып тасталмай, тікелей міндетінде пайдаланылып келе жатқан, патшалық дәуірден бері бұзылмай аман қалған ғимарат.

Украина елшілігі. Кенесары көшесіндегі 41-үй. Бұрынғы «Кубринский» дүкенінің кварталында осы сауда үйінің бұрынғы иесі Матвей Кубриннің үйі болған. Кубриндер отбасы ең бай отбасы саналған және қаладағы екі автокөліктің бірі соларға тиесілі болыпты. Сонымен бірге бұл отбасының өкілдері бірнеше рет қаланы басқарған. Көпес Кубриннің қалалық үйі биік сенектің үстіне (жертөленің жарты қабаты) салынған. Оның үстінен тіп-тік құрылымдалып әдемі безендірілген, көркемсурет қалауымен орындалған үйдің қасбеті (фасад) көтеріледі. Ғимарат жоспары бұрыштық шешімі өзгеше, сауда үйінің сәулеттік ансамблімен үйлесім тапқан. Екі ғимарат та өз кезінде жерасты өткелдері арқылы қосылған болуы мүмкін деген болжам бар. Кейін ғимарат жергілікті НКВД бөлімі ретінде пайдаланылған, артынан  Украина елшілігі орналасты.

Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай. Шағын музей 1939 жылы сталиндік зұлмат саясаттың құрбаны болған қазақ ақыны Сәкен Сейфуллинге арналған. Ағаш үй Орталық Азиядағы орыс бекіністерінің (форпост) бәрінен көруге болатындай 19 ғасырдағы қала халқының сәулетінің әдеттегі үлгісі. Мұны Верныйда (Алматы), Семейде және Павлодарда тап осындай үлгіде салынған ғимараттар дәлелдейді. Жертөлесі бар бір қабатты ғимарат 1846 жылы көпес Казанцевтің конторы ретінде салынған. Және қаланың сақталып қалған ең ескі құрылыстарының бірі саналады. Осындай өте ескі ғимараттардан бөлек, кеңес кезінен мұраға қалған 

Астана десе көз алдыңызға нені елестетесіз?

Астанада не бар дерсіз, әрине, алдымен адамдары. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген қаракөздеріміз көп. Сондай-ақ, жаңа қаланың көзге ерекше көрінетін  ғимараттары, архитектурасы назар аудартады деп ойлаймыз. Мысалы, оң жағалауда «Жастар» сарайы, «Абай» қонақүйі, Конгресс Холл ( бұл 1963 жылы салынған Тың игерушілер Сарайы), Оқушылар сарайы (бұрынғы пионерлер сарайы) сияқты ғимараттардан бөлек, Астана болғалы салынған ғимараттар да жетерлік. Мысалы, алғашқы құрылыс нысандарының қатарына: екіқабатты ірге бөлігінде 185 метрлік су айдағыш мұнарасы бар Кувейт астанасы символының кішірейтілген көшірмесі ретінде салынған Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимаратын алайық. Бұл мұнара бүгінгі Кувейттің визит карточкасы іспетті. Ал,  «Рамада Плаза» отелі есігін 1998 жылы ашқан Астанадағы алғашқы бесжұлдызды қонақ үйі. Бұл сол кезде Астананың ең бай және әйгілі қонақтарына, сонымен бірге маңызды қабылдауларға арналған айырықша отель саналатын. «Ahsel Group» түрік компаниясы салған «Астана Тауэр» атты 88 метрлік жиырма екі қабатты ғимаратта кеңселер мен фитнес орталықтары бар. Сондай-ақ, Давид жұлдызы болып аяқталған күмбез тәрізді пішіні мешітке де, византиялық шіркеуге де ұқсайтын Байт Рахель Синагогасы да алыстан ерекше көрінеді. Шығыс пен Византияның сәулетінен израильдік ғибадатхана (Хабад Любавич) сұлбасы байқалады. Қаржы министрлігі ғимаратының толқынды, иілген пішіні және оның доллар таңбасымен берілуі сол кезде қала тұрғындарының назарын аударды. Есілдің бір шетінде сорайып тұрған «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені Астананың бұрынғы бас сәулетшісі Шохан Матайбековтың жобасы. Жоба авторының ойынша, бұл мүнаралар Қазақстанның оңтүстігіндегі Алатау тауларының шыңын көзге елестетуі тиіс. Әйнекті қасбетіндегі өзенге бағытталған алтын толқындар сәулетшінің қиялынша суда өсетін өсімдіктерді бейнелейді және қоршаған орта мен өзеннің бірлігін білдіреді. Есіл жағасындағы «Redisson» қонақ үйін де бәрі біледі. Негізінен кәдімгі керамогранитті тақталармен және күңгірт әйнектермен қапталған төрт мұнаралы ғимарат Оңтүстік Шығыс Азияның діни ғимараттарын еске салады. 

Сәулеті бөлек қала

Астана десе алдымен еске түсетін 105-метрлік Бәйтерек мұнарасы.     Сонымен бірге сәулеттік ерекшелігі жағынан алғанда диффузды неоклассикалық стиль мен жаңа заманғы құрылыс материалдарының үйлесімінен құралған Сыртқы істер министрлігі ғимараты, ел арасында «жұмыртқа» атанып кеткен мемлекеттік мұрағат, Астанадағы ең ұзын үй саналатын Министрліктер үйі бар. Министрліктер үйі Астананың басқа да көптеген құрылыс жобалары сияқты бүтіндей алғанда ұшқан құстың биігінен барлауға болатындай етіп тұжырымдық  жағынан аса зор көлемде жасалған. Ғимараттың тұжырымы -  бүркіттің қанатын жайып құлаш ұрып ұшқанын еске салатындай болу керек. Жарқыраған қиықты екі бірдей конус символикалық жағынан сақтардың алтынын және сонымен бірге  осы ғимаратта Қазақстанның Даму банкі мен әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қоры орналасқандықтан, тура мағынасына сәйкес келетін молшылық пен байлықтың белгісін береді. 

Ал «Ақ Орда» ғимараты туралы айтсақ, классикалық симметриялық құрылымдық бейнеге түрткі болған ғимарат жартылай дөңгелек дінмаңдайшасымен үшінші қауымдастықты қолдануға мүмкіндік береді, оның қасбеті Вашингтондағы Ақ Үйді еске салады. Алайда Ақ Орда тек көлемі тұрғысынан ғана еліктеу үлгісі ғана емес (пайдалы аумағы 37000 шаршы метр), сонымен бірге 80 метр биікке көтерілген басына алтын сүмбі кигізілген өзінің табиғи көгілдір күмбезімен де таңғалдырады. Жоғарғы сот    ғимараты  да ерекше, мұнда минималистік архитрави капитель (мұнараның үстіңгі бөлігі) модерн мен классиканы біріктірген. Өнердің ордасы саналатын  «Қазақстан» Орталық  концерт залы - атақты итальян сәулетшісі Манфреди Николеттидың туындысы. Негізгі идеясы - шұғыл континентальды суық климаттан қорғалатын қоғамдық ғимарат салу болғандықтан, концерт залы мен атриум көптеген көк-жасылды, әйнекті бекітерлермен және желкен пішінді бетон қабырғалармен қорғалған. 

Астанада ғимарат аз емес, оның ішінде халық арасында танымалдарын айтсақ, құрылысы алғашқы болып аяқталған ғимараттардың бірі және ең танымалдығы жағынан Бәйтеректен кейінгі орында тұрған ҚазМұнайГаз штаб-пәтері; Н. Фостер жобалаған 150 метрлік биік ғимарат Хан Шатыр сауда ойын-сауық орны; «Hilton GardenInn»   қонақүйі; «Хан шатырға» тиіп тұрған Астана опера ғимараты. Бұл ғимарат туралы тоқталып өтуге болады, алып фронтонын квадрига безендіреді, дегенмен сезім стилінен болса керек, ғимараттың ішкі бөлігі де аса бай жабдықталған, ештеңеден үнемдемеген. 1250 адамға арналған қабылдау залдары мен холдар, 250 қонаққа арналған камералық музыка залы итальян мраморына малынған, төбедегі өрнектер мен фрескалары алтынмен жалатылған. Мұның бәрі келушіге Парфенон, Мәскеудегі Үлкен театр, Миландағы  Ла Скала театрларынан болғандай әсер қалдырады.     

Нұр-Астана мешіті, жобасын ливан сәулетшісі Чарльз Хавиз жасап, 2005 жылы салынған (бас күмбез биіктігінің 40 метр болуы – осы діни сенімдегілердің есіне Мұхаммед пайғамбардың тек 40 жылдан кейін Алланың сырын ашуға қол жеткізгенін қайыра салады. Бұған балама ретінде төрт мұнарасының (минареттің) әрқайсысының  биіктігі 63 метр болатындығы пайғамбардың қайтыс болған жасын меңзейді). «TransportTower» мұнарасы - 2008 жылға дейін елдегі ең биік ғимарат болып есептелді. 34 қабатты зәулім үй әртүрлі көлемдер комбинациялары нәтижесінде жасалған қозғалмалы сұлба (силуэт) тәрізді. Оның айқын пішіні мен мұнараның жоғары қабаттары екі рет отқа оранған оқиғасына байланысты ғимарат ел аузынан  «зажигалка» деген атау алды. Бірақ, бұл оның шолу алаңындағы 109 метрлік биіктікте орналасқан танымалдығына әсер етпеді.

Қазақстан темір жолының Орталық кеңсесі мен Казмедиа ғимараты да бөлекше.  «Солтүстік шұғыла» тұрғын үй кешені болса шиыршық тәрізді, жиектері майыстырылған, ассиметриялық пішіндегі үш биік мұнара (32, 37 және 42 қабаттардан тұрады) расымен де солтүстік шұғыласы әсерін береді. Астана тұрғындары осынау сәулеттік үйлесімге «мастардың биі» немесе «мас үйлер» деп атау берген. Мәңгілік ел даңғылымен Экспо жаққа қарай жүрсеңіз алдыңыздан «Салтанат қақпасы» шығады. 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тұрғызылған «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасына» сәулетші Сағындык Жанболатов қазақтың мүсіндік өнері мен қазақ ою-өрнектерн пайдалана отырып, өз туындысын батыстыкінен асып кететіндей таза қазақ сәулеті ретінде көрсеткісі келген. 

Сондай-ақ, орталық Азиядағы ең қымбат болуы тиіс жоба, ерекше үлгі есебіндегі 320 метрлік Абу-Даби Плаза; Қазақстандағы экологиялық жағынан таза, сонымен бірге «жасыл үй» деп мәлімделген «TalanTowers» (Бұл жоба үшін VernyGroup қазақстандық компания 300 миллионов доллар инвестиция салған, аталмыш жоба чикаго бюросында жасалған).

Қабанбай даңғылының бойымен жүре берсеңіз, жолда Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайы, «Астана Арена»; пішіні велосипед шлеміне ұқсайтын, шатыры астына көптеген спорттық ғимараттар  сыйып кететін Орталық Азиядағы ең үлкен спорт кешенінің бірі «Сарыарқа Велодромы»; «Алау» мұзайдыны стадионы; Expo кешені, Назарабев университеті, ашық-көгілдір түсті қосымша геометриялық суреттері  бар тақта тастармен безендірдірілген, Кисё Курокаваның жобасы Назарбаев   халықаралық әуежайы, бар. Ал, ескі қалаға қарай бағыт алсаңыз, жолда ұшатын табақшаға ұқсас  цирк, «Думан» ойын-сауық орталығы, Түркістандағы ортағасырлық мұнараның (минарет) тура мағынасындағы пішініндегі «Керемет» моншасы, «Салтанат Сарайы» тұр.

***

Айтпақшы, елшіліктер туралы. Әртүрлі мемлекеттердің елшіліктері орналасқан ғимараттарға да көз салуға болады. Қазақстанның астанасындағы Біріккен Корольдік өкілдігінің поп-мәдениет тәжірибесіне жақын, сонымен бірге консерваторлық байсалдылық рухында безендірілген Британ елшілігі. Вестибюль қабырғалары триколор түсіне жақын және ондағы  Марианна силуэті бұл кімнің елшілігі екенін бірден білдіреді. Сонымен бірге қызметкерлер кеңсесі, мәжіліс зал және медиа залдары Миис ван дер Роэ, Эймс және Паулин сияқты дизаин классиктері идеяларымен сырбаз және бір мезгілде жобаның шығармашылық тұжырымына байсалдылық беретін батыс модерні стилінде безендірілген Франция елшілігі ғимараты. Франция, Ұлыбритания және Германиямен миссияларының ұқсастығына қарай Швейцария елшілігі ғимаратындағы Швейцария конфедерация бейнесі ақ крест ұлттық белгісін қызыл түстің аясында беруде әртүрлі абстрактілі тәсілдермен ұтып тұр. Бұл символика келушілердің көзіне бірден түседі;

Қала үлкейіп келеді

«Хазрет Сұлтан» мешіті. Парсы-мұсылман сәулетінің моделі үлгісінде үстем тұрған орталық күмбездің биіктігі 51 метрге жетеді. Оның диаметрі 28 метрді құрайды. Бұл мешіт осы кезге дейін елдегі ең үлкен мешіт саналып келді. 5000 адам сиятын мешіттің сегіз кіші қапталдас күмбездері бар. Тікбұрышқа негізделген  бұрыштары әрқайсысы 77 метрлік төрт мұнарамен ерекше көрінеді. Тұтастай алғанда ғимарат қазақ ою нақыштарымен безендірілген, 18000 м2 пайдалы аумағы бар.

Бейбітшілік және келісім сарайы (Норманн Форстердің жобасы). Ғимараттың биіктігі мен алтын кесіктеріне дәлме-дәл келетін 61,8 метр болатын бүйір қабырғаларының жалпы ұзындығы белгілік үйлесімділікке ие.  Табиғи тастан безендіріп, ұлттық қазақы ою-өрнектермен әсем көркемделген сәулеттік пішінге ие, сонымен бірге Қазақстан даласында кең таралған көгілдір әйнектермен бедерленген үлкен аппақ мұзтау секілді ғимарат - Ұлттық музей; одан әрі «Шабыт»  өнер сарайы; қималы шаршылары қиғаш орналасқан көк әйнекпен қапталған  тікбұрышты параллелепипедке ұқсас   ғимарат Тәуелсіздік сарайы; 91 метрлік стелланы қоршаған ұстынтізбегі орташа иілген салтанатты қақпадан тұратын, табаны мрамордан жасалып, колонналарына ел тәуелсіздігінің негізгі межесін суреттейтін бедерлі суреттері бар (барельеф) төрт текше көрік беріп тұрған, тұғырдағы тарихи иллюстрациялық суреттемелерде бағана басына мифтік құс Самұрық   құс кигізілген Тәуелсіздік Монументі қарсы алады. Алматы ауданында әдемі үйлер көп. Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ драма театры, «Нұолы жол» жаңа вокзалынан бөлек қаншама мектептер мен үйлер салынып, аудан аумағы үлкейіп кетті. 

Болашақтың қаласы

Осыдан бірнеше жыл бұрынғы Борат фильм-фарс комедиясы есте шығар. Бұл ойдан шығарылған «кейіпкердің» есерлігі саяси әдептілік турасындағы пікірталасқа себепші болғанын айтпағанда, Қазақстан халқын кемсіткені және жалпы елдік намысқа нұқсан келтіргені күмәнсіз. Дегенмен фильмнің әлемдік премьерасынан кейін жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұрған Қазақстанға ағылған туристер саны бес есеге өскен, бұл «нашар жарнама да – жарнама» деген қисынның шындыққа жанасатынын көрсетеді, сөйтіп Батыс елдерінің адамдары осы комиктегі көрсетілгендердің қаншалықты сандырақ екеніне көз жеткізді. 

Бүгінде Астана халықаралық саясатта үлкен жиындар мен конференциялар өтетін маңызды орынға айналды. Қазақстанның еуразиялық саясаттағы айтарлықтай маңызды ролінің нәтижесінде Астанаға көптеген мемлекеттердің көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері мемлекеттік сапармен келеді. Жыл сайын мамыр айында өтетін «Экономикалық форум» сияқты халықаралық форумдар Астананы халықаралық қаржы элитасының бас қосатын жеріне айналдырды. Астанада қоғамдық және іскерлік орталықтардың құрылымдарына сәйкес келетін әлемдік кластағы отельдер салынған. Барлық жаңа бағыттар іске қосылған және Астана ірі логистикалық орталыққа айналып келеді: нон-стоп жүйесіндегі әуежай әлемнің бүкіл жерінен рейстер қабылдайды. 

Суреттер: ғаламтор бетінен алынды

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?