Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Педагогикалық вернисаж» көрмесі ашылды

1695
«Педагогикалық вернисаж» көрмесі ашылды - e-history.kz
2015 жылы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Педагогикалық вернисаж» көрмесінің тұсауы кесілді

2015 жылы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Халықаралық «Педагогикалық вернисаж» көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында, Шымкент қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.

c720dfe31bf3bf4db018c07a2f5115c2.JPG

Шымкент қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының арасында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өткізетін жыл сайынғы «Туған жерім» байқауының жеңімпаздары да бар. 

Астана және Шымкент қалалары өнерпаздарының шығармашылық тәжірибелерімен алмасуды мақсат еткен шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды. 

Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және жалпы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары өздерінің 100-ден астам жұмысын Астана қаласы тұрғындарының назарына ұсынды. 

7da48dd22113a5712feaec2387c81fbd.JPG

«Педагогикалық вернисаж» көрмесін Мұражай директорының орынбасары Күлайша Ақтаева ашты. Сонымен бірге, ЮНЕСКО қазақстандық Ұлттық клуб федерациясының вице-президенті Серқан Аязбаев, Балалар көркемсурет мектебінің директоры Тойаш Оразова шараның ашылу барысында сөз сөйлеген. 

Көрменің ашылуы барысында шеберлік сыныптары өтті. Сабақтарға Астанадағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының оқушылары белсене атсалысты. Шеберлік сыныптарын өткізу барысында үш әдістеме көрсетілді: сәндік-қолданбалы өнердің әдістемесі, киіз-тігу әдістемесі, «энкаустика» әдістемесі (балауыз арқылы бояуларды өзара байланыстыратын кескіндеме әдісі). Елімізге белгілі қолөнер шеберлері, темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған зергерлер, ұсталар, табиғатқа жан бітіріп салатын суретшілер, т.б. балалардың шығармашылығын дамытуға жәрдемдесті. Алдыңғы буынның тәжірибесінен кейінгі ұрпақтың үйренері көп. 

4f5956ad93e0d524ca6e1b7628caf8f1.JPG

bf422766057ded505f72a5a6ff7e7eaa.JPG

«Бізде «Дети рисуют мир Центральной Азии» — «Балалар Орта Азияның әлемін суреттейді» альбомы бар. Ол екі жылға бір рет жарияланады. 2010 жылы белгілі қайраткер, руханият жанашыры Иманғали Тасмағамбетов Орта Азияны қамту бастамасын жасады. Бұл кезден бері альбом ЮНЕСКО-ның барлық штаб-пәтерлері бойынша таратыла бастайды. Көрмеге қойылған жұмыстардың бір бөлігі де осы альбомның құрамына енеді», — деді Серқан Аязбаев. 

63bc512946a7fc7bf808374f5bbf4ada.JPG

«Менің ойымша, өнер — біздің тарихымызды сипаттайды. Өйткені бабаларымыз көне замандарда өнермен айналысып, өздерінің суреттері, мүсіндердегі және тастардағы бейнелері арқылы тарихты сақтап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырған. Сондықтан да мен еліміздің тарихына өз үлесімді қосуым үшін Балалар көркемсурет мектебі — ЮНЕСКО клубына барып жүрмін», — деп Сайя Смагулова өз ойымен бөлісті. 

Мирас ИРГЕБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?