Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ұлттық музей Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

2298
Ұлттық музей Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік шара өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күннің басты мақсаты — әлемнің ең кішкентай тұрғындарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, өйткені оларды мұңға бөлеу және қауіп төндіру өте оңай. Балалар әлемнің барлық елінде түрлі трагедияларға душар болады, сондықтан қоғамның осы мәселеге көңіл бөлуі және балаларды ересектердің қателігінен қорғап қалуы өте маңызды. Өскелең өреннің дамуына және рухани-мәдени өсіп жетілуіне қолдау көрсету керек. Сонымен бірге олардың өмірін қызықты әрі бақытты ету қажет. Түрлі концерттік бағдарламалар, ұлттық құндылықтарымыз және тарихымызбен таныстыратын көрмелер, танымдық іс-шаралар осы мерекенің бағдарламасында енеді. 

290b1101c3aff26652fe29047d4f241a.jpg

Осыған орай, Ұлттық музейде де балаларға арналған мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды. Алдымен, «Первомайский» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, балалар өз өнерлерін ортаға салды.

a7c34b2171b2343911055245cee67b2c.jpg

Сондай-ақ, Ұлттық музей қызметкерлерінің балаларының қатысуымен өткен қайырымдылық концертте Қазақстан эстрада әншілері мерекелік бағдарламасын ұсынды. 

a034f3e27b8179a777a1b79e1ec87c3e.jpg

Шара барысында Астана қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен орта мектеп оқушыларына арналған мәдени-ағартушылық бағытта бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға арналған Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған театрландырылған тақырыптық экскурсиялар, ойын-сауықтық, танымдық бағдарламалар қойылды. 

87cbdf061eaee1e60537fc4b3e3ed01e.jpg

Балаларды қорғау күні — ежелгі халықаралық мейрамдардың бірі. Алғаш рет бұл мейрам туралы 1925 жылы Дүниежүзілік Женева коференциясында айтылды, сол конференцияда балалардың саулығы туралы мәселе қарастырылғып, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні болып белгіленді. Алайда, бұл дата Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біржола бекітілді, ол кезде балалардың мәселелері аса актуалды еді.

a1e52df8615f9e16968e1f5c2485b7f1.jpg

Алғаш рет Балаларды қорғау күнін 1950 жылы әлемнің 51 елі тойлады. БҰҰ қолдауына ие болған бұл мейрам жыл сайын тойланатын болды. Олардың басты қатысушылары мүгедек-балалар, жетім-балалар және көп балалы отбасынан шыққан балалар болады. Балаларды қорғау күніне тілектер әрдайым жарқын әрі жылы ниетте болуы керек. Өйткені әлемдегі ең құнды байлықтың бірі — баланың жарқын күлкісі мен көңілді көздері екені сөзсіз. 1 маусым - әр баланың бақытты балалық шағы болуы тиіс екенін еске салады.

ae5fb00f3504490ceb048e641fa910e0.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?