Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Оберег» украин қоғамдық бірлестігі

2496
«Оберег» украин қоғамдық бірлестігі - e-history.kz
«Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігі 2003 жылы құрылған. Қазіргі кезде «Оберег» «Рада украинцев Казахстана» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің құрамына енген

Қазақстанда тұратын әрбір халық ортақ тарихымызды жазуға атсалысуда. Үш ғасырдан астам уақыт бойы Қазақстанда тұрып жатқан украиндар да тарихи жылнамаға өз үлесін қосуда. 

Құрамына «Оберег» қоғамдық бірлестігі енетін «Рада украинцев Казахстана» республикалық заңды тұлғалардың бірлестігі 12 украиндар қоғамдық бірлестігінен тұрады.

Украиндар қоғамдық бірлестігі «Оберег» деп аталады. «Оберег» («Тұмар») – қауіпті құбылыстардан сақтайтын бұйым. «Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігінің мүшелері де өз тілін, салт-дәстүрлерін, мәдениетін сақтау мақсатын көздейді. Мақсатқа жету үшін «Оберег» бірлестігінің жанында «Риднэ слово» жексенбілік мектебі, «Чаривни джэрэла» жастар ұйымы, Н. Литошко атындағы вокалды-хореографиялық ансамбль, Н. Зеленый атындағы хор, «Задоринка» вокалды тобы, «Забава» балалар ұжымы, «Берегиня» қолөнер шеберлерінің клубы жұмыс істейді. 

Украиндар өз офисін шағын мұражайға айналдырды. Бұл музей украин халқының тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді. Бірлестіктің өз кітапханасы да бар. Мұнда республикамыздың дамуына украиндардың қосқан үлесі туралы мәліметтерді табуға болады. 

«Оберег» бірлестігі қайырымдылыққа да ден қояды. Бес жылдан астам уақытта украиндар қоғамдық бірлестігі «SOS Детская деревня Астана» мекемесімен бірлесіп жұмыс жасап, көмек көрсетіп тұрады. Көптеген тәрбиеленушілері «Риднэ слово» жексенбілік мектебіне барады. Бұл жерде олар украин халқының тарихы мен мәдениетін зерттеп, ұлттық дәстүрлерімен танысып, сурет салу, кесте тігу үйірмелеріне қатысады. 

845156d13ce6e9069fa21ac32f0ffe38.jpg

«Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігі «Вести Украины» республикалық газетін шығаруда. Ол қазақ, украин, орыс тілдерінде жарық көреді. Басылымның беттерінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Казахстанский путь» және «Политика мира и согласия» атты кітаптарының үзінділері жарияланады. 

Сонымен бірге, украиндар бірлестігі мемлекеттік тілді меңгеруге шақырады. «Оберег» мүшелері тіл комитеті ұйымдастырған тіл үйрену курстарында оқиды. 

Жыл сайын қоғамдық бірлестік украин халқының ауыз әдебиеті бойынша халықаралық және республикалық фистивальдерді, әртүрлі көрмелерді, шығармашылық кештерін, украиндардың Отанына айналып кеткен қазақ жері туралы жастардың форумын ұйымдастырады. 

«Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігі Республиканың басқа этномәдени орталықтарының өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. 

22e4cd37791d41161dc3513b3e214454.jpg

e09d70ed64015c29c72ff3dc4cfd03f5.jpg

Тамара Ширмер, 

«Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?