Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан халқының тарихындағы украиндар

2476
Қазақстан халқының тарихындағы украиндар - e-history.kz
Жүздеген мың украиндар күштеп жер аударылған деген дерек дәлелдеуді қажет етпейді. Жүздеген мың талқыға түскен тағдыр... Бірақ, украиндардың көбі қазақ жерінде тұрақталып, оны Отанымыз деп атаған.

Қазақстан бірнеше ғасырлар бойы өз еркімен не күштеп жер аударылған этностардың Отаны болған. Әр қоныстанушы ұлттық тағдыры халқымыздың тарихында да өз орнын тапты. 

Украиндар — Қазақстан аумағында тұрып жатқан саны көп жеті этностың бірі. Олардың көбі еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Астана, Қарағанды, Семей қалалары және бұл қалалардың маңында) тұрады. Сонымен бірге, украиндардың бір бөлігі Талдықорған және Алматы қалаларында қоныс тепкен. 

Қазақстан аумағында украин ұлтының алғашқы өкілдері XVIII ғасырда пайда болды. Олар — Батыс Сібірге жер аударылған 1768 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің өкілдері. Көтеріліс тарихта «Колиивщина» деп аталып, Ресей империясы және Речь Посполитыйге қарсы бағытталған. Кейін казактар да жаңа жерлерді қорғау және ресейлік өкіметті күшейту мақсатында Қазақстанға жер аударылды. 

XIX ғасырдың екінші аяғында Қазақстанда украиндар этникалық тобы белсенді қалыптасады. Бұл кезде Таврийская, Екатеринославская, Херсонская, Харьковская, Полтавская, Киевская, Черниговская, Подольская и Волынская губернияларының қоныстанушылары бос жатқан жерлерді іздеп, Қазақстанға келген. Столыпин аграрлық реформасынан кейін де Қазақстанға жер аудару қозғалысы күшейді. 

Әлем картасында Кеңестік Социалистік Республикалардың Одағы деген мемлекетінің пайда болғанымен, жер аударудың сипаты және ауқымы тез арада өзгерді. Қазақстан аумағындағы кен орындарын барлау жұмысына көп еңбеккер қажет болған. Қазақстан климаты күрт континентальды болғандықтан, бұл жер қуғын-сүргін және жер аудару мекеніне айналды. Репрессияға ұшыраған адамдардың арасында мыңдаған украиндар болды. 

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың қатарында академик Агангел Крымский — отандық ориенталистика ғылымының негізін салушы әрі бүкіл әлемге белгілі көрнекті исламтанушы бар еді. «Спилка вызволения Украины» ұйымына қолдау көрсетіп, Қостанай қаласына жер аударылды. 1942 жылы түрменің ауруханасына түсіп, дүниеден өтті. 

19f54d71070b6d3ccc5b060423f5a29f.jpg

Агатангел Крымский 

Суретші Сергей Кукуруза 1947 жылы сталиндік лагерьлерден бостандыққа шығып, Ақтөбеге жіберілді. Республикада түсті гравюраның техникасын білген басқа суретшілер де болған. Бірақ, Сергей Кукуруза — Қазақстанда экслибрис өнерін алғаш рет көрсеткен суретші. Ол қазақ жерінде тұрып, Ақтөбе өнерінің табиғатын өз шығармаларында көрсеткен. 1972 жылға дейін Ақтөбе облысында тұрып жатқан Суретшілердің кеңесінің жалғыз мүшесі. Ал 1972 жылы өз Отанына қайтып келді. Сергей Кукуруза көп уақыт бойы Ақтөбедегі көркемдік лицейде сабақ берді. Қазіргі кезде бұл мекемеде мұражай бой көтерді. 

4378f2892819d6d745615b2c00f93d15.jpg

Сергей Кукуруза 

Қазақстан Республикасының Президенті Қорының мәліметтері бойынша, Харьков қаласының балет және опера театрының құрамының жартысы (әйелдер ғана есепке алынды) АЛЖИР-дің тұтқыны болған. 

Жер аударылған адамдардың арасында украин шіркеуінің және грек-католик шіркеуінің священниктері: Александр Хира, Никита Будка, Алексий Зарицкий және Арсений Ричинский. Олар мұғалімдер және дәрігерлердің қызметінде еңбек етті. 

1950–1960-шы жылдары — тың игеру, өнеркәсіптік және кен-тау кәсіпорындарының салыну уақыты. Бұл кезде кеңес өкіметінің шақыруы бойынша украин жастары Қазақстанға аттанды. Кейбір деректер бойынша, Қазақстанға тың игеруге 300 мың украин қатысты. Көптегендер «Социалистік еңбек ері» атағын алды. 

Республикамыздың дамуына өз үлесін қосқан украиндар туралы айтуға болатын нәрселер көп. Осы ұлт өкілдерінің арасында әлемге де белгілі, дүниежүзі үшін әйгілі емес те адамдар бар. Кейбіреулері қарапайым адамдардың жүрегінде мәңгіге қалады. Жүздеген мың украиндар күштеп жер аударылған деген дерек дәлелдеуді қажет етпейді. Жүздеген мың талқыға түскен тағдыр... Алайда, жергілікті халық барлық украиндарға көмек көрсетті. Көптеген украиндар үшін Қазақстан — екінші Отаны. Қазіргі таңда Қазақстан халқын украиндарсыз елестете алмаймыз. 

Инна Кузьменко 

«Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Тамара Ширмерге берілген мәліметтер үшін алғысымды білдіремін

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?