Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Елімізде Қазақстан халқы ассамблеясы жылы ресми түрде жарияланды

2054
Елімізде Қазақстан халқы ассамблеясы жылы ресми түрде жарияланды - e-history.kz
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясы жылының ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шара басталды.

Іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туын көтеру рәсімімен және «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флеш-моб өткізумен басталды. Осыдан кейін этномәдени бірлестіктердің қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «ҚХА — 20 ізгі іс» атты эстафетаның символы Түркістан қаласынан әкелінген қасиетті «Тайқазан» Астана қаласының әкіміне табыс етілді. Енді ол еліміздің барлық өңірлерін аралап, ҚХА ХХІІ сессиясының ашылуы қарсаңында ізгі істерге «толтырылып», Астанаға қайта оралады.

Салтанатты шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 9 республикалық сайысы басталады, олардың қорытындысы желтоқсан айында Қазақстан халқы Форумында шығарылады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?