Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар. Оралдағы орыс сауда-өнеркәсіптік банкі ғимаратының тарихы

2932
 Көне ғимараттар. Оралдағы орыс сауда-өнеркәсіптік банкі ғимаратының тарихы - e-history.kz
Бір кездері Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің үйінде 1904 жылы салынған Орыс сауда-өнеркәсіптік Орыс банкі орналасқан болатын.

XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші өзінің бұрынғы орнында тұр, бірақ қазіргі кезде ол жайғасқан алаң Түркістан емес, енді оған ұлы ойшыл Абайдың есімі берілген.

Төңкеріске дейін осы үш қабатты үйде Орыс сауда-өнеркәсіптік банкі орналасқан. Бірінші қабат — үй астындағы, екінші — тротуармен бірге, дүрендерге арналған, үшінші — банк және биржаға арналған. Кіре берістің сол жағында — нотариалдық кеңсе, оң жағында — дүкен. 

Кіре берістің алдында ұстындардың арасында көтеріңкі тұратын арыстандардың фигуралары бар. Оң жақта Орал казак әскерінің елтаңбасына таянып тұратын арыстан, ал сол жақта — Орал облысының елтаңбасына сүйеніп тұратын тура осындай жабайы, аң бар. Ғимарат тас пен темірден, ренессанс стилінде салынған, ол, ақ кірпішпен қапталған.

2f6e875b78bfab10a61b96244ab9ecfd.jpg


Ғимараттың жобасын архитертор А. Бунькин жасаған. Сақталған мәліметтер бойынша, ғимаратқа қақталған безендірулі көріністі П. И. Лаптишкин берген, ал құрылысты Мәскеу қаласынан әдейі шақырылған темір жолдарының әйгілі салушысы Н. Д. Раевский басқарған.
0f9f26b5d1ee2df05bb3c321cb707256.jpg

Банк ғимараты (оның периметрі бойынша) декоративтік ордың дуалымен қамтылған. Үй алды (фасад) бай мәнерлеп жабыстырылған, түсті пластикалары бар балкон шарбағымен әдемі көрінген. Ғимараттың басты ерекшелігі — алға жылжыған портал. Ол мүсіндері бар ұстындармен безендірілген. Қала тұрғындары коммерциялық банкті «ақ банк» деп атаған болатын. 

Банк ғимаратында Компанейцтің дәріханасы, көпес Р. Функтің дүкені, Грязнов шаштаразы, коммерциялық шайхана, мейрамхана, биржалық зал, банк бастығының пәтері жайғасқан болатын.
1917 жылғы төңкерістен кейін коммерциялық банктің үйінде қалалық және облыстық Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері орналасқан. 

71029d50365c68046419ac143e0055c6.jpg

1919 жылы ғимаратта РКП(б) және комсомол губкомы орналасқан. Көптеген жылдар бойы мұнда Орал облысының Еңбекші депутаттар кеңесі жұмыс істеген.

Қазіргі кезде осы тарихи ғимаратта Батыс Қазақстан облысының әкімдігі орналасады.
Мақала Uralsk.info порталымен бірлесе дайындалды.

Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып kaz.ehistory@gmail.com электронды адресіне жіберсеңіздер болады.

Орыс тілінен аударған Ольга ГРИГОРЬЕВА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?