Бауыржан Толысбаев, экономика ғылымдарының докторы, профессор | Қазақстан халқы үшін Елбасының жыл сайынғы Жолдауы жақсы дәстүрге айналып кетті. Жолдаудан біз Мемлекет басшысынан алдыңғы жылға қойған нақты міндеттерді күтеміз. Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламалы құжат болып табылады. Мұнда Президентіміз 2015–2017 жылдарға арналған экономикалық даму бағдарларын анықтайтын негізгі мақсаттарды мен міндеттерді қойды. Елбасымыз өзінің бай тәжирібесіне сүйене отырып, болашақ жаһандану сынақтары туралы айтты. Әлемнің «архитектурасы» өзгереді, сондықтан келе жатқан күрделі дәуірді лайықты қарсы алуымыз керек. Президентіміз көрсеткендей, осы сынақтан тек бірлігі бар елдер ғана өтеді. Менің ойымша, биылғы Жолдау Елбасы қойған мақсаттарды жеткізуге арналған нақтыланған басшылық болып табылады. «Нұрлы жол — болшаққа бастар жол» Жолдауы еліміздің экономикалық даму стратегиясын 2050 жылға дейін айқындап берді. Президент қойған көптеген мақсат-міндеттер үкімет бағдарламасының жалғасы ретінде болып келеді, өйткені 2014 жылдың ақпанында Ұлттық қордан бір триллион теңге сомасында қаражаттар бөлінді. Аталған қаражаттар 2014–2045 жылдардағы жұмыспен қамту және экономикалық дамуға арналған, екінші транш сомалары қосқанда: 500 миллиард теңге болды. Басталған жобаларды аяқтау және өзекті тұратын мәселелерді шешу үшін 500 миллиард теңге қосымша бөлінді. Олар келесі мақсаттарға арналған: Біріншіден, орта және шағын бизнесті жеңілдік несиелеу, ірі кәсіпкерді қолдау үшін 100 миллиард теңге бөлінді. Қаражаттың қолдауымен азық-түлік өнеркәсібі және химикалық кәсіп, машина салу, қызмет көрсету салаларындағы жобалар жүзеге асырылады. Екіншіден, 2015 жылы Қордың қосымша капиталандыруына бағытталған банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді төлеп алу үшін 250 миллиард теңге бөлінеді. Үшіншіден, жаңа инвестицияларды тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту керек. Осы мақсатты іске асыру үшін 2015 жылы 81 миллиард теңге бөлінді. Аталған, ақшалар тұңғыш «құрғақ порт» кешенінің, «Хоргос — Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймақтардың және Атыраудағы, Тараздағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопарк» құрылыстарын аяқтауға қажет боп тұр. Біз Жолдауда Президент айтылған идеяларын толығымен қолдап жатырмыз: сыртқы тәуекелдерді есіпке алғанда экономиканың дамуына жаңа бастамалар жасау керек екен. Олар іскерлік белсенділікті арттырап, жұмыспен қамту мәселесінің шешілуіне көмектеседі. Қазақстан экономикасының (оның барлық салаларының) дамуы Жаңа Экономикалық Саясатының желісіне айналады. ҚР Президент Жолдауында жыл сайын (2015–2017 жылдардың аралығында) Ұлттық қордан 3 миллиард долларға дейін қаражаттар қажеттілігі жөнінде айтылды. Біздің ойымызша, Елбасының Жолдауы Қазақстан дамуындағы маңызды рөлді атқарып жатыр, осы Жолдауды басшылыққа алып отырғанда еліміз «Қазақстан — 2050» Стратегиясын табысты жүзеге асырады. Жолдауында заманауи басқару жүйесін жетілдіру керектігі айтылды. Бүгін басқару жүйесінің жұмысы нәтижелі, табысты болу үшін барлық жағдайлар бар: әкімшілік реформа өткізілді, Үкіметтің және атқарушы биліктің жаңа құрылымы өз жұмысын бастады. Жақын кездерде жемқорлық жойылады. Бүгін әрбір министр өз міндеттерін нақты біледі. Енді басқару жүйесінде керек емес және қайталатын топтар жоқ. Әкімдердің қолында қажетті мөлшерде өкілдігі бар. Аймақтарда барлығы бар — бағдарламалар, шикізаттар, қаржы құралдар. Әркім өз жұмысы үшін жауап береді, тек қана ерінбей жұмыс істеу керек. Жаңа Экономикалық саясатты анықтайтын «Нұрлы жол» бағдарламасына ерекше қөніл аударылды. Ол алдыңғы жылдарда экономикамыздың қозғаушы күші болады екен. Жаңа жолдар салады, соның арқасында жаңа 200 мың жұмыс орны пайда болады. Әрине, бұл жұмыспен мәселесін біртіңдеп шешіп, халқының табыстарына да ықпал етеді. «Нұрлы жол» экономиканың басқа салаларына (цемент, металл, техника, битум өндірісіне, жабдықтар және осымен байланысты салаларына) да мультипликациялық әсерін тигізеді. Жолдар — Қазақстан үшін өмір жолдары. Жолдардың қасындағы Қазақстанның кең-байтақ жерлерінде әр кезде тіршілік болған, сондықтан Астанадан басталатын және әр түрлі жақтарға апаратын автокөлік, темір, әуе жолдарын салу керек. Жолдардың сызбасы «жүректен шыққан тамырлардай», «күннен шыққан нұрлардай» болады. Біздің Елбасы көрсеткен жол, әрине, дұрыс және мақсатты. Біз оны көріп, түсініп отырмыз. |
ҚР Президент Жолдауы. Б. Толысбаев — сараптамалық пікір
21.11.2014
2103
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел халқына кезекті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға шақырды.