Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы

23696
Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы - e-history.kz
Өнеркәсіп – Қазақстанның халық шаруашылығының жетекші саласы. Ол республикадағы қоғамдық өнімнің жартысын береді.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіп

Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан өнеркәсібі көп салалы болды, сондықтан да республика халық шаруашылығын бейбіт өмірге қайта құрып, оны азаматтық өнімнің шығаруына бағыттады. Қазақстан соғыстан зардап шеккен аудандарды қайта қалпына келтірудің негізі ретінде, өңірлерге республикадан металл, шикізат ресурстары, отын, құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түліктер, тұқымдық мал, дәндер жеткізіліп тұрды.

Ұзақ уақыт бойы майдан қажеттіліктеріне бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындары енді бейбіт өнімді шығара бастады. Технологиялық үдерістер қайта ұйымдастырылды, жабдықтар да жөнделе бастады, машиналар мен өнеркәсіп орындары күрделі жөндеуден өтті. Кәсіпорындар арасында байланыстың жаңа түрлері орнатыла бастады. Олардың көптегендері жаңадан мамандарылған немесе өзінің бұрынғы қызметін жалғастыра берді.

f01c62dee6fd65f602d40cc2c6514984.jpg3ea739fa80397a45e9c9bcb109ffc42d.jpg

Ауыр индустрияның кәсіпорындары салына бастады. Жаңа алты көмір шахтасы мен Қаратон, Мұнайлы кәсіпшіліктері іске қосылып, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды. Ақтөбе ферроқорытпазауытының қуаттылығы артты, «Қаратау» кен-химия комбинаты өз жұмысын бастады. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. 1950 жылы 2,6 млрд. кВт/с  электр қуатынөндірілген, ал 1940 жылы – 0,6 млрд. кВт/с.

Жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік өнеркәсібі әрі қарай дамыды. Халық тұтынатын тауарлар ассортименті көбейді, тауарлар сапасы да артты. Жеңіл өнеркәсіпке жұмсалған қаржылар соғысқа дейінгі екі бесжылдықтың қаржы мөлшерінен 20 пайызға асып кетті, ал жалпы өнім 60%-ға өсіп, соғысқа дейінгі өндірілетін азық-түрлерінің көлемінен асты.

1960-шы жылдардағы Қазақстанның өнеркәсібі

60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүргізілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытқа негізделгендіктен, өндіруші салалар ғана дамыды.

Өнеркәсіптің негізгі салалары қаржы жұмсалымы, жаңа қуаттылықтардың енгізу арқасында (өндірісті қарқындандырудың арқасында емес) дамыған мен өмір сүрген, дегенмен, базалық, әсіресе республиканың шикізаттық салаларында, тоқырау үдерісі байқалмады. 1961-1965 жылдары республиканың халық шаруашылығындағы игерілген барлық қаржы жұмсалымы кеңестік өкіметтің алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым көп болды, соның арқасында мемлекет потенциалы екі есеге артты. 729 ірі өнеркәсіп кәсіпорны, 535 цех іске қосылды. 60-шы жылдардың екінші жартысында тағы 445 ірі кәсіпорын мен цех іске қосылды, жүздеген зауыт мен фабрикалар қайта жаңғырды, техникалық тұрғыдан қайта жабдықталған.

Республиканың жалпы одақтық еңбек бөлісу үдерісіне сәйкес қара мен түсті металлургия, мұнай мен газ өнеркәсібі, өнеркәсіптің химия және нефтехимиялық салалары тез дамып кете бастады. Өнеркәсіптің жаңа салалары – титан, асбест, магний, глинозем, шойын, кокс, синтетикалық каучук, көтергіш кран, электр қозғалышы, сым созатын машиналар, темір соғатын машиналарды шығаратын салалар пайда болды.

efba08051e7239cdd09fbdeaf48a6907.jpgc591f0e273e4a0587984ad0cd7a2b041.jpg

1963 жылы Ақтөбе хромқосындыларызауыты іске қосылды, соның арқасында өнім шығарымы 3 есеге артты. Қарағанды СК зауытының мамандары синтетикалық каучук шығаратын цехтың қуаттылығын қысқа мерзімде меңгерді. Гурьев химиялық зауытының алғашқы цехтері өз жұмысын бастады. 1959 жылы Шымкент гидролиз зауыты ашылды. 1963 жылы Шымкент қаласында шина жөндейтін зауыт іске қосылды, осындай зауыттар Целиноград, Қостанай, Қарағанды, Павлодар қалаларында ашылды.

60-шы жылдарда химиялық өнеркәсіп басқа салалардың өнеркәсіптерімен (мысалы, металлургиялық) бірлесіп шығарылып жүрген. 1963 жылы Балқаш тау-кен комбинаты мен Шымкент қорғасын зауытындағы күкірт қышқылының цехтері іске қосылды. Қарағанды металлургиялық зауытында коксхимиялық өндіріс кеңінен қолданылды. Соның арқасында Қазақстанда химия саласының негіздері қалыптасты. 1970 жылы Қазақстан сары фосфордың үлкен бөлігін шығарып, хром тұздарының – 40%  , төменгіқысымда өндірілетін полиэтилен – 20%, күкірт қышқылының – 10% шығарды. 

Республикадағы энергетика саласы дамып келе жатқан. 1961-1965 жылдары Қарағанды ГРЭС-2 (қуаттылығы – 600 мың. кВт), ПетропавлЖЭО-2 (250 мың. кВт), Алматы ГРЭС-2 (200 мың. кВт), Бұхтарма СЭС-i  (600 мың. кВт) электростанциялары салынып, өз жұмысын бастады. 60-шы жылдардың екінші жартысында электр қуаттылығының өндірімі 1,9 есеге өсіп, жылу көрсеткіші де екі есеге өсті. 1970 жылы 34,6 млрд. кВт.с өндірілген. Бесжылдықтан бері электр желілерінің 90 мың. км салынды, оның ішіндегі 85 мың – ауыл шаруашылығына арналған. Электрэнергиясымен және орталықтандырылған жылуменқамтамасыз етукөрсеткіші екі есеге өсіп, 70%-ға тең болды.

Көмір өнеркәсібі тез дами бастады. 1959-1965 жылдары республикада өндірістік қуаттылықтардың көрсеткіші – 19,5 млн. мың. Коксті көмірдің өндірімі 68%-ға өсті. Ашық өндіру кеңінен қолданылды. 1954 жылдан бастап Екібастұз кен орны зерттелді. 1965 жылы Екібастұз көмір алабындағы өндірім 14,3 млн. тоннаға жетті. 1970 жылы Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарындағы  көмір өндірімі жылына  61 млн. тоннаны құрады, оның ішіндегі 41% ашық әдіспен өндірілген.

6c9af05f1f77c700f5c2f7072ea85893.jpg

1970-ші жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіп

Қазақстанның ең басты салаларының бірі – қара металлургия. Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты іске қосылды, оның арқасында Орал зауыттары мен республиканың басқа кәсіпорындары үшін шикізаттық база құрылды. Комбинатта кен байыту мен жоғары сапалы темір кенді шикізатты өндіру бағыттары бойынша көп жұмыс істелген. 1970 жылы республикада темір кенінің 18,2 млн. тоннасы өндірілді, 1960 жылымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 есеге өсті. Қарағанды металлургия комбинаты КСРО-ның ең ірі кәсіпорны болды. Комбинат болат, шойын, металл прокатының арнайы формаларын шығарды. Ермаков ферроқорытпа зауыты іске қолды. Осының барлығы жалпы одақтық қара металл шығару өндірісіндегі Қазақстанның үлесін артты. Республика елдегі хром кендерін өндіру бойынша – бірінші, темір мен марганец кедерін өндіру бойынша үшінші орынға шықты. Республиканың болат, прокат, ферроқосындыларды шығару көрсеткіші де өсті.

ddcb58a961dc324ad2ab045f1b71b59f.jpg

Түсті металлургия даму жолына түсті. Тишин кен орны мен Лениногоркөпметаллдыкомбинаты іске қосылды, Жезқазған комбинатының № 55, 57 шахталары, Павлодар алюминий зауыты – түсті металлургия кәсіпорны, Өскемен титан-магний комбинат, Балқаш тау-кен металлургиялық комбинаты өз жұмысын бастады.

Мұнай өндіретін өнеркәсіп жылдам дамып кетті. Маңғышлақ түбегі КСРО-ның ең ірі мұнай аймағының бірі болды. 1970 жылы мұндағы мұнай өндірімі 10 млн. тоннадан асып кетті. Күрделі техникалық және транспорттық мәселелер өз шешуін тапты, осылай маңғышлақтық мұнайды өндіру мен оның тасымалдауына байланысты барлық сұрақтар шешілді.

39be1bcaeca1885a5a8522ba4c27627d.jpg

Қазақстан өз табиғи байлықтарының арқасында химиялық өнеркәсібінің дамуы бойынша елдің алдыңғы орнына шықты. Республикада минералды тыңайтқыш көп болды. Жетіжылдықтың аяғында «Қаратау» комбинаты фосфорлық шикізатты өндіру бойынша елдегі алдыңғы қатарға шықты. Қазақстан осындай шикізатпен негізгі қамтамасыз етуші болған. Қазақстанның оңтүстігі жоғары құнайлы тыңайтқыштарды шығаратын елдің ірі базасына айналып кетті.

Солтүстік Қазақстанда біріккен энергия жүйесі құрылған. 1970 жылы Ермаков ГРЭС-ында үшінші энергетикалық блок (қуаттылығы – 300 мың, кВт), ал Өскемен ЖЭО кәсіпорында жүз мыңдық жылыту құбыры  іске қосылды.

Қазақстанның машина жасау саласы ауыл шаруашылығына қызмет көрсетуге бағытталған, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы, кен-тау, химиялық, мұнай өнеркәсіптері. Трактор зауыты іске қосылды, осы кәсіпорын республиканың трактор жасайтын саласының негізіне алынды. «Қазақсельмаш» зауытында жаңа қуаттылықтар іске қосылды, олар ауыл шаруашылық машиналардың құрамдас бөліктерін шығарды, жаңа машиналар мен жабдықтардың шығару үдері басталды, олардың арқасында егіншілік пен шаруашылық салаларындағы механикаландыру басталды. 

07ec2f85533dce52d2dc379da0e4c674.jpg

«Қазақсельмаш» зауыты

Республикадағы машина жасау саласы жеткіліксіз дамыған, жалпы өндірістегі оның көлемі 1961 жылдан бері 10,4-тен 10,6%-ға дейін (1970 ж.) ғана өсті. Қазақстан машина жасау саласында көп емес өнімді шығарды. Шығарылған өнімдердің көп түрлілігі байқалмады. 60-шы жылдарда құралдар мен жабдықтар, машиналарға республиканың қажеттілігі 72%-ға ғана қанағаттанды. Машина жасау саласындағы өнімдердің әкелімі 8,5 есеге артты.

Азық-түлік өнеркәсібінде 60-шы жылдардың екінші жартысында 48 жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. 60-шы жылдарда құрылыстың көлемі өсіп кетті. Сондықтан да жаңа құрылыс базасын жасау керектігі пайда болды. Темір бетонды конструкциялардың жасалуы мен дамуы құрылыстың тездетілген темпіне көшу үшін негізгі база болды. Егер 1955 жылы республикада цемент шығаратын екі-ақ зауыт (жылдық өндірімі – 365 мың. т.) болса, 1965 жылы бес зауытіске қосылды – Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Шымкент зауыттары. Цементтің өндірімі – 4037 мың. т, осындай көрсеткіш он жыл бұрын көрсетілген көлімнен 11 есеге артты.

Заманауи техникамен жабдықталған Шымкент және Өскемен зауыттары қуатты болды. Осы кезде көптеген зауыттар, цехтер, құрамдас бөліктер, панельдер, темір бетонды конструкцияларды шығаратын полигондар салына бастады. 60-шы жылдарды ірі облыстық орталықтарда ірі панельді құралымдар пайда болды, Қарағанды мен Семей асбест-цемент бұйымдары зауыттары іске қосылды. Дегенмен, табақ шын және басқа қажетті құрылыс материалдарына көп назар аударылмаған.

Республикада әкімшілік-топтық экономикалықжүйесі болғандықтан, құрылыс барысында көп мәселе пайда болды. Құрылыстың басты кемшілігі – құрылыс көлемі мен бөлінген қаржы мөлшері арасындағы үйлеспеушілік болды. Жобалық ұйымдар сызба мен сметаларды дұрыс емес істеді, технологиялық бұзылулар көп болды. Құрылыс экстенсивті негіздемеге сәйкес дамыған, нысандар мен кәсіпорындарды салыну мерзімдері берілген уақыт нормативінен асып кете берген, жылдан-жылға аяқталмаған құрылыстың көлемі өсіп келді.

Мақала © ҚР БжҒМ, ҒК, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Өндірістің дамуы» материалы негізінде әзірленді. 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?