Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тас мүсіндер – ұлы даладағы ұлы ескерткіштер

3747
Тас мүсіндер – ұлы даладағы ұлы ескерткіштер - e-history.kz
Әлемдік тарихшылар біздің еліміздің бай және қайталанбас тарихы жайында бұрынғы көне замандарда, орта ғасырларда, қазіргі уақытта да жазып кеткен.

Бүгінгі күні шетелдік ғалымдар Қазақстанның қандай тарихи жерлерін зерттеуде, біз осыған орай Кемеров мемлекеттік университетінің археология кафедрасының меңгерушісі, тарихи ғылымының докторы, профессор Орталық Қазақстандағы тас мүсіндерді 35 жылдан астам уақытында зерттеп келе жатқан, Любовь Николаевнамен сұхбаттасқан болатынбыз.
— Любовь Николаевна, Сіз Орталық Қазақстандағы тас мүсіндерді зерттеп келе жатырсыз. Неге Сізді археологияның осы саласы қызықтырды?
— Меңінше, тас мүсіндер — зерттеу обьектісіне алатын ең қызықты тақырыптардың бірі. Әдетте, археолог ерте заманда өмір сүрген қоғамның материалдық «қалдықтарын» зерттеп жатыр. Адамдарды бейнелейтін мүсіндер — көне мүсіншінің жұмысы ғана емес. Оларды зерттегенде өзіңізді тарих беттеріне үңіле қарап отырғандай сезініп отырасыз. Басқа замандардағы адамдарды елестете отырып, сіз қазіргі қоғамды да түсіне аласыз. Ерте замандарда өмір сүрген адамдарға қандай нәрселер маңызды болып көрінген? Неліктен адам бейнесіндегі кейбір келбеттер ерекшелене түсті (мысалы, кеңсірікте «түйіскен» дәу көздер)? Неге қолдар мен заттар (мысалы, сусындар) белгілі бір қалыпта ғана бейнеленген? Әр дәуірдің өнері өз тілімен «сөйлейді», ал бұл тілді түсіну — қиын әрі қызықтыратын мақсат. Сонымен бірге, мүсіндерді құрылыс, ландшафт ерекшеліктерінен бөлек зерттеуге болмайды. Мүсіндерді жан-жақтан зерттеу қажет.
— Осындай тас мүсіндер басқа елдерде-де бар. Оларды Қазақстан балбаларынан ажырататын негізгі ерекшелігі қандай?
— Мен екінші сұрағыңыздан бастасам… Неге екенін түсінбеймін, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында «балбал» сөзі тас мүсін мағынада қолданылады. Бұл дұрыс емес, өйткені балбал — мүсіннің алдында орнатылған кішкентай тас бағаналар. Көне түркі руникалық жазбалары бойынша, балбалдар қаһарман өлтірген жаулардың санын көрсетті. Осылай, қаза болған шығыс түріктердің әміршісі — Білге қағанға арналған жазбаның мәтінде былай деп айтылған: «олардың батырларын өлтіріп, мен (өзіме) балбалдарды дайындадым». Жауынгерлерді бейнелейтін көне түркі тас мүсіндері өлген батырлардың бейнелері болып табылады?
Енді мен бірінші сұрағыңызға жауап берейін. Қазақстанның бүкіл аймағында әртүрлі дәуірлерге қатысы бар (кеш қоладан (б.з.д. екінші мен бірінші мыңжылдықтың шекарасы) бастап дамып кеткен ортағасырларға дейін (аз дегенде б.д. 13 ғасырдағы Моңғол шапқыншылығына дейін) тас мүсіндер табылған.
Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірінің кейбір мүсіндері (б.з.д. 1-ші мыңжылдық), нақтылап айтқанда, сақ дәуірінің ескерткіштері, Причерноморье және Солтүстік Кавказ жерлерінде өмір сүрген скиф мүсініне белгілі бір-деңгейде ұқсас болып келеді.
Маңғыстау мен Үстірт өңірлерінде орналасқан б.з.д.1-ші мыңжылдықтың екінші жартысындағы ерекше мүсіндері бар ғибадатханалар табылды. Осындай ескерткіштер сармат тайпалары қалдырған ескерткіштер болып табылады.
1-ші мыңжылдықтың екінші жартысындағы мүсіндер түркі дәуірінің ескерткіші болып табылады. Түркілер — іргелі көшпелі халық, Азия аймағында қағанатты құрған. Кейін ол мемлекет Батыс Түрік қағанаты және Шығыс Түрік қағанаты деп аталатын екі мақалаға бөлшектеніп кеткен. Батыс түркілердің артына қалдырған мұрасы Моңғолия, Тыва елі мен Алтай өңірлерінде табылған мүсіндерден ерекшеленеді.
Қазақстан жерлерінде табылған 2-ші мыңжылдықтың басындағы мүсіндер қыпшақ дәуірінің ескерткіштеріне жатады. Шығысқа қарай орналасқан осындай мүсіндер сирек немесе мүлдем кездеспейді. Ал Қазақстанның батысында осындай ескерткіштер сирек кездеседі. Онға жуық тас мүсін Солтүстік Приазовье аймағында табылған. Оларды 11-ші ғасырда көшіп кеткен қыпшақтар (кейін половецтер деп аталып кеткен) орнатқан еді.
— Көне түркі және қыпшақ мүсіндер бір-бірінен немен ерекшеленеді?
— Жалпы айтқанда, олар бірі-бірінен орнату әдісімен ерекшеленеді. Әдетте көне түркі тас мүсіндері ерлерді бейнелейді, көптеген жағдайларда ердің оң қолында сусын бар, ал қылышты қару белбеуге бекітілген. Сонымен бірге, тек қана адам басы бейнеленген мүсіндер-де кездесіп тұрады. Айбынды қаһарманның бетінен ашудың белгілерін табуға болады: көздері үлкен, адырайған, кеңсірікте жалғасқан қастар ашулы кейпін білдіріп отыр. Дәрімен атылатын қару болмағанда батырдың ашуы өте маңызджы қасиет болып саналған. Көне түрік мүсіні төрт бұрышты құрылыстың шығыс жағында салынған, оны қоршаған. Мүсіннен шығысқа қарай балбалдар — тас бағаналар қойылған. 

b51f96aa71ddff5f4473c121d46f6fa5.JPG

Шығысқа қарай орнатылған көне түрік мүсіндері. Қарағанды облысы, Ақтоғайск ауданы Сона ауылының жанында табылған

a69a5f86f901b1f84b1139558a37729d.JPG

Кері жағынан көрініс. Мүсіннен шығысқа қарай балбалдар орналасқан
7583222c0eb363e2d8efd65018ce2a4e.jpg

Сона ауылының жанында табылған мүсіннің суреті

Қыпшақ дәуірінің мүсіндері екі қолында сусыны бар адамдарды бейнелеген, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, осындай мүсіндер бабаларды көрсеткен. Егер көне түркі мүсіндері сусындыкеуде-деңгейінде «ұстап тұрса», қыпшақ мүсіндері— «қарынның» жанында. Қыпшақ мүсіндерінде қару-жарық, бетіндегі ашу белгісі ешқашан көрсетілмегенмен, әйел жынысының (кейде ержынысының) белгілері ерекшеленіп көрсетілген. Кейбір қыпшақ мүсіндері адам басын бейнелеген.

97988746f6c6beaeb17d5167196d570f.jpg

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Жайнақбай елдімекеніндегі қыпшақтардың қасиетті орны 

93faac290c18ca91c0f7dc480aa7652c.jpg

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жаңатұрмыс елді мекеніндегі балбал тастар

Қыпшақ мүсіндері құрылыстың шығысжағында немесе орталықта орнатылған. Олар сырт жағынан обаға ұқсап келген. Осындай құрылыстарды қыпшақ ғибадатханасы деп атаған. Мұндағы мүсіндердің жалпы саны: 1–5.

— Сіздің ойыңызша, осындай ескерткіштер қандай мақсатпен құрылған? Мүсіншілер келесі ұрпақтарға қандай, ақпаратты бермек?
— Көне түрік, қыпшақ мүсіндері мемориалды мүсіндер болып саналады, яғни өлген адамның құрметіне орнатылған ескерткіш. Мысалы, көне түркілер тасты «мәңгі» деп санаған, мұны руникалық жазбалар дәлелдеп отырады. Сол себептен-де, тас мүсіндерді орнату— қаһармандар, ұлы бабаларды халықтың есінде мәңгі қалдыру. Айта кететін жайт, көне түрік мүсіндермен салыстырғанда, кейбір қыпшақ мүсіндері обалар тәріздегі үйірмесінің астында орналасты; «таудың» (үйрменің) ішінде бабаның жаңадан туылу жайында баяндайтын миф мұның бірде-бір себебі болып табылады. Осылай көнеадамдар бабалар қайта тірілтеді деген сенімнің дұрыстығына күмән келтірмеген.

—БАҚ-да мүсіннің ұрлығынемесе оны әдейі жою жайында мәліметтер пайда бола береді. Дегенмен, осындай мүсіндер жағымсыз табиғиқұбылыстарғадатәуелді. Оларды сақтау үшін археологтар қандай қадамға барады?
— Өкінішке орай, бұл — олардың нағызосалдау жері. Адамдар білмегендіктен (шығыр ретінде қабылдап, шаруашылық мақсаттарға қолданады) немесе жауыз ниетпен мүсіндерді қиратып жатыр, уақыт және табиғи апаттар оларды аямайды. Ескерткіштердің мәселесі өзекті болып табылады. Оларды музейлерге жинастыру керек пе? Дегенмен, көнеқұрылыстардан осындай тас мүсіндерді ажырату дұрыс емес болып көрінеді, өйткені оларды жеке ескерткіш ретінде санасақ, онда құрылыстың басқа бөлігін неге тарихи құндылық деп қабылдамай отырмыз? Ұлыдалада тас мүсіндер айбарлы болып көрініп тұр. Археологтардың басты міндеті: осындай мүсіндерді тауып алып, жақсылап зерттеп, нысандарды қорғаумен дәріптеу. Егер адамдар мәдени қазынаға түсіністікпен қарайтын болса, онда олар ұзақ сақталады.

c9f5a4414701a8308146dd775ae2c753.JPG

Ж.Құрманқұлов және Л.Ермоленко мүсінді зерттеп жатыр (2009 ж.). Қарағанды облысының Ақшы ауылы

—Сіз Жолдасбек Құрманқұловпен 20 жылға жуық уақыттың бойында Орталық Қазақстандағы экспедицияларға қатысып жатырсыз. Жалпы алғанда, қазба жұмыстарыңызда ерекше сәттер болды ма?

—35 жылдан астам уақыттың бойында Жолдасбек Құрманқұлов — Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институт ғылыми қызметкерімен Сарыарқаның мүсіндерін зерттеп келе жатырмыз.
Ж.Құрманқұлов және Л.Ермоленко мүсінді зерттеп жатыр (2009ж.).Қарағанды облысының Ақшы ауылы Айбас Дарасы Ұлытаудағы сақ дәуіріне жататын ежелгі ескерткіштерінің бірі (Қарағанды облысы, 2013ж.). 

Фотосуретте: қазба жұмыстарының қатысушылары тас мүсінді алып шығару үшін терең шұнқырды қазып алды.

08ef39380f1849c322c8227bb5b911fd.JPG

Айбас Дарасы Ұлытаудағы сақ дәуіріне жататын ежелгі ескерткіштерінің бірі (Қарағанды облысы, 2013 ж.). Фотосуретте: қазба жұмыстарының қатысушылары тас мүсінді алып шығару үшін терең шұнқырды қазып алды.

f06656a27fbb2e508f7d9a19d6070b77.JPG

Л. Ермоленко Қарағанды облысы, Ұлытау ауданыдағы Қорғантас елді мекенінде қазба жұмыстарын жүргізуде. 2011 жыл

cff2403cf633ab1d7099f5a0dc4274e8.jpg

Жіңішке өзеніндегі қыпшақ ғибадатханасы қазба жұмыстарына дейін (1990-шы жыл)


eda723ede69b280753e78d5f81cced3f.jpg

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Жіңішке өзенінде табылған боялған тас мүсін

Жұмыс барысындағы айтулы сәттердің бірі.

— Ақтоғай ауданының Жіңішке өзеніндегі қыпшақ ғибадатханасында боялған тас мүсінді тауып алу (1990-шы жыл). Қазба жұмысы басталғанға дейін бес тас мүсіннің сырты жер бетіне шығып тұрған. Жіңішке өзеніндегі қыпшақ ғибадатханасы қазба жұмыстарына дейін (1990-шы жыл) Тас мүсіндер ылғалдығыбар жерден қазып алынғанда, Жолдасбек Құрманқұлов олардың біреуі боялғанекенін байқады— мұнда сары, қызыл, қарамен салынған алжапқыш болған. Қарағанды облысы, Ақтоғайауданының Жіңішке өзенінде табылған боялған тас мүсін Күнсәулесінің астында сурет тез жоқ болып кеткен. Қаншама рет фотосуретке түсіруге тырысыпты, бірақ ештеңе шықпады. Сондықтан бейнені суреттеуге тура келді. Боялған тас мүсіннің ашылуы өте маңызды болды, өйткені олтас мүсіннің алғашқы кейпін анықтап, оның «түссіз» болмауын көрсетті. Осылай бұрынғы кезде мүсіндерді боялған, және оларға киім кигізген.

Инна Кузьменко

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?