Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтарға арналған дөңгелек үстел өтті

2160
Алматыда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтарға арналған дөңгелек үстел өтті - e-history.kz
2014 жылы 24 желтоқсанда Алматыда тарихи зерттеулердің «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында «Батыс Еуропа елдеріндегі Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Аталған ғылыми шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Кәсіби тарихшылар мен қоғамтанушылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Республиканың белгілі ғалымдары мен қайраткерлері, шетелден келген қонақтар (АҚШ, Болгария, Татарстан) да қатысты.

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д., Қ.Т. Жұмағұлов және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры т.ғ.д., Ғ.М. Мендіқұлова модераторлық етті.

Аталмыш іс-шараны Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев кіріспе сөзбен ашып, ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Уахит Шәлекенов және Ұлы Отан соғысының ардагері Ш.Ж  Жаныбеков сөз сөйледі .

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д., Ғ.М. Мендіқұлова «Малоизвестные страницы участия казахов во Второй мировой войне», т.ғ.к., А.Ж. Ғабдуллина «Краткий историографический обзор проблемы советских военнопленных во Второй мировой войне» атты тақырыптарда баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ шара барысында фашистік лагерлердің тұтқындарына арналған «Зар» атты деректі фильм көрсетілді.

Ұлы Жеңіске келесі 2015 жылы 70 жыл толады. Қазақтардың Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтардың ерлігі —  әлі күнге дейін толық зерттелмеген тақырып. 

Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты, бұл — рас, дегенмен, басып алынған еуропалық мемлекеттердегі, Германияға қарсы қозғалыстарға қатысқандар туралы нақты мәліметтер жоқ. Бұл қазақтардың жаңа заман тарихындағы ерліктерінің бір парасы болып табылады, ал көпшілік біле бермейтін оқиғаларды әлі де зерттеу керек. 

Дөңгелек үстел барысында қазақстандық зерттеулердің алдын ала нәтижелері қарастырылды, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Батыс Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы қарсыласу қозғалыстарына қатысқандар өз естеліктерін ортаға салды.

А.Ж. ҒАБДУЛЛИНА, тарих ғылымдарының кандидаты


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?