Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекет тарихының ұйымдастыруымен конференция өтті

1693
Мемлекет тарихының ұйымдастыруымен конференция өтті - e-history.kz
Үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі» атты Халықаралық конференция өтті.

Үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында «Тәуелсіздік — сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі екенін, Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткендей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі екенін-де атап өтті. Тәуелсіздік — бұл барлық қазақстандық этностардың тілін құрметтейтін, өзінің бірегей тарихы, мәдениеті, мемлекеттік тілі бар ұлы елдің бірлігі. Ал Мәңгілік Ел — Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көкбайрағын нық ұстаймыз. Оның Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз. Бұл біздің — мәңгілік ұстанымымыз»! деген болатын.

Көрші елдермен қоғамды біріктіру, достық және өзара түсіністік қағидасына әрдайым негізделетін, жаңа Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуында әрбір жаңа буынды біздің Елімізге шексіз адалдық рухында тәрбиелеуде ұлттық тарихтың орны ерекше. Тарихшы ғалымдардың мақсаттарының бірі болып, жаңа Қазақстандық патриотизмді және жалпықазақстандық бірегейлікті, қоғамда тарихи сана-сезімді қалыптастыруда ұлттық тарихтың рөлін дәйектеу болып табылады.

Мемлекет басшысы салтанатты жиында келер жыл 2015 жылдың маңыздылығын, жыл, ағымында тойланатын атаулы күндерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, ҚР бүкілхалықтық қабылданған Конституциясының 20 жылдығын, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңудің 70 жылдығын атап өтті. Аға буынның жанқияр ерлігі мен еңселі еңбегінің жемісі біз үшін барлық уақытта ардақты. Біз әрдайым өз өткенімізге дән ризалықпен және кешіріммен қарайтын елміз. Біздің тарихи өткенімізді түйсінуіміз әрдайым тұтас әрі жағымды, барлық Қазақстандықтарды бөлетін емес, біріктіретін болуы керек, — деп айтты.

Қазақстандық мемлекеттіліктің дамуының теоретикалық-әдістемелік, әлеуметтік экономикалық, қоғамдық-саяси, басқа да аспектілеріне байланысты мәселелерді және Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыруға қосқан үлесіне жүйелі, кешенді түрде талдау жасау, халықтың тарихи санасында жаңа қазақстандық патриотизм мен жалпықазақстандық бірегейлікті анықтау конференцияның басты мақсаты болды.

Конференцияға қатысушылар Қазақстандық мемлекеттің қалыптасуындағы және күшеюіндегі ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі, «Халық тарих толқынында» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тарих ғылымын одан әрі жетілдіру, тарихты түсіндірудегі жаңа концепциялар, басқа мемлекет ғалымдарымен бірігіп жұмыс істеу (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина) секілді келелі мәселелерді талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша мақалалар жинағын басып шығару жоспарланып отыр.
Конференция «Еуразия елдеріндегі ұлттық тарихнаманың даму мәселелері» атты дөңгелек үстел жұмысымен жалғасын тапты. Дөңгелек үстел жұмысына п.ғ.д., Петров академиясының «Жоғары ұлттық өнер мектебі» Жоғары кәсіби білім беру федералды мемлекеттік білім беру мекемесінің академигі (РФ, Омбы қаласы) Қайыртай Жақыпұлы Әмірғазин, т.ғ.к., Өзбекстан ҒА Тарих институтының доценті (Ташкент қаласы) Надиро Абдуллаевна Мустафаева, т.ғ.д., профессор РФ ҒА Дағыстан ғылым орталығының Тарих, археология және этнография институтының жетекші ғылыми қызметкері (Дағыстан, Махачкала қаласы) Даниял Саидахмедович Кидирниязов, т.ғ.к., М. Улугбек атындағы Өзбекстан мемлекеттік университетінің Гуманитарлық ғылым кафедрасының доценті (Ташкент қаласы) Татьяна Ивановна Дорошенколар баяндама жасады.

Конференция басталар алдында Мемлекет тарихы институты ғалымдарының жеке қаражатынан және «Атамұра» баспасының қолдауымен басылған келесі кітаптардың тұсаукесері болып өтті:
Ілия Есенберлиннің өмірі мен қызметіне және ұлы ғалымның 100 жылдығына арнап, «Ұлы Дала тұлғалары» сериясымен Амангелді Қашқымбаевтың «Ілияс Есенберлин (1915–1983)» атты еңбегі, Б.Аяған, Ә.Ауанасова, А.Сүлейменовтардың қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» (1991–2014), «Новейшая история Казахстана» (1991–2014) ғылыми-танымдық еңбектерінің сондай-ақ Б.Аяған, М.Бекенова, Е.Табыс, А.Сейпілова, А.Сметовалар құрастырған «Нұрсұлтан Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстан: библиографиялық көрсеткіш. Нурсултан Назарбаев и Независимый Казахстан: библиографический указатель» библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері болып өтті.

Конференция жұмысына Отандық және шетелдік ғалымдармен қатар ҒЗИ мен ЖОО басшылары, тарих және гуманитарлық ғылымдарының оқытушылары мен студенттері. Магистранттар, тарих пәні мұғалімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?