Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ұлт мұраты» кітабының тұсауы кесілді

1346
«Ұлт мұраты» кітабының тұсауы кесілді - e-history.kz
12 желтоқсанда ҚР Ұлттық музейінде «Ұлт мұраты» және «Возрожденные сокровища Казахстана» («Қазақстанның «қайта туылған» қазыналары») атты қос кітаптың тұсауы кесілді.

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара тарихи кезеңдерді қамти отырып, Қазақстанның барлық жетістіктері мен табыстарын көрсету арқылы азаматтық патриотизмді нығайтуды мақсат тұтты. 

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай жиналғандарды алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтап: «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын! Біз Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға бар күшімізді жұмсаумыз керек», — деді.

476db94d7ae17a329070b6aa92ed31c0.jpg

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Аталмыш шараға қоғам және мәдениет қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, ғалымдар және мәдениет пен өнер өкілдері қатысты – Әкім Тарази, Ғарифолла Есім, Қуаныш Сұлтанов және т.б.. Сонымен қатар, бас қосу барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Сатай Сыздықов «Мәңгілік Ел идеясы» деген тақырыпта баяндама жасады. 

«Ұлт мұраты» жинағын ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мен «Мәдени мұра» журналының бас редакторы Жарылқап Бейсенбайұлы құрастырды. 

Белгілі ғалымдар жазған еңбектерде арғы түбі ботай, беғазы-дәндібай дәуірлерінен басталып, сақ, ғұн өркениеттеріне ұласқан, одан Көк түрктерге, Алтын Орда, Қазақ хандығына жалғасқан елдік, мемлекеттік тарихымыз жан-жақты сөз болды. Әрі бабаларымыз құрған байырғы патшалықтар, қағанаттар мен ұлыстарға қатысты айғақты мысалдар Ұлттық музейдегі құнды жәдігерліктердің жарқын дәйектері арқылы зерделенді. 

49205c4ffde2080bd5fb4675a1b9a8d8.jpg

Қырым Алтынбеков өз қолтаңбасын қалдырды

«Возрожденные сокровища Казахстана» («Қазақстанның «қайта туылған» қазыналары») кітабында ұлт қазынасын сақтаудың кешенді мәселелері қамтылған. Кітаптың авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, «Алтын адамды», «Берел» қорғанынан табылған аттарды және тағы да басқа жәдігерлерді жаңғыртушы Қырым Алтынбеков. 

Кітап кең аудиторияға, қалпына келтірушілер мен археологтарға, музей қызметкерлеріне, тарихшыларға, шығыстанушыларға және студенттерге арналған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?