Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Сирек кездесетін мамандық – музей реставраторы

2571
Сирек кездесетін мамандық  – музей реставраторы - e-history.kz
Біз музей қызметіндегі ең қиын және қызықты мамандық жайлы баяндаймыз.

Осы жылы еліміздегі музей әлемі үшін айтулы оқиға болды — Астана қаласында ҚР Ұлттық музейі ашылды. 

Жаңа музей бүкіл әлемдік талаптарға сай келді. Музей экспозициялары ең жаңа технологиялардың қолдануымен дайындалған, сондықтан қойылымдар ерекше таңқалдырады. Мультимедиялық гидтер, голограммалар, жарық диоды бар LED-техника, медиа-еден (оның астында шынайы археологиялық қазбалар қалпына келтірілген) және көптеген басқа заттар — соның барлығы келушіге фантастикалық «уақыттағы саяхатты» жасауға мүмкіндік береді.Егер музейге келгеніңізден кейін сіз археолог не тарих мамандығын таңдамасаңыз да, онда еліміздің тарихы сізді міндетті түрде қызықтырады. 

8f044321751df4ff18662120ed8d4901.jpg

Алға қадам басқан музей бұрын колданылған технологияларды ұмытуға тиіс болып көрінсе де, ал шын мәнінде олай емес шығады. Ешқандай дамыған технологиялар адам қолымен теңестіруге болмайды. Әсіресе, егер адамның дарындылығы өте жоғары болса, және осындай адам адал, өз жұмысын сүйіп істесе, онда табылған олжа, зат қандай ескі болмаса да (нағыз шебердің қолынан бәрі келеді), сондықтан сондай затты да қалпына келтіруге болады. 

Ұлттық музейде Консервация (белгілі шаралар қолданып бірдемені бұзылудан сақтау) мен реставрация (қалпына келтіру) орталығы жұмыс істейді, оның қызметі Қазақстандағы барлық шеберханалармен тығыз байланысты, осындай орталықтар бір-бірімен тәжірибе алмасып жатыр. Мұндағы реставраторлар (қалпына келтірушілер) маталарды, кілем-киізден жасалынған бұйымдарды, кітаптарды, қағаздарды, кескіндемені; ағаш, былғары, сүйектерден жасалынған заттарды қалпына келтіріп жатыр.

Көптеген реставраторлармен жеке танысып, олардың жұмысы қандай қиын мен қызықты екеніне көзіміз жетті. Уақыт не адамды, не ол жасаған заттарды аямайды екен. Реставратордың кәсібі уақыт тигізетін әсерін тоқтатуға мен тарих пен мәдениет ескірткіштерін болашақ ұрпақтары үшін сақтауға арналған. 

Адамдар бұйымның алғашқы пішінін орта ғасырлардан бері қалпына келтіріп жатыр. Қазірде «музей дәрігерлері» көтерген жүгі арта түсті, өйткені заттарды қирату үдерісінен де сақтау керек. Бүгінгі кезде реставрация мен консервация ұғымдары бір-бірінен айнымас терминдер болып кетті.

Біз маталарды және кілем-киізден жасалынған заттарды қалпына келтіруге арналған шағын бөлмеге кіргенде, Тұрсынкүл Жайлаубаевамен кездесеміз деп еш ойламадық. Ол Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалардың киімін қалпына келтіріп жатыр. Ол «Алтын адамның» екінші реставрациялауына қатысып, «Сақ көсемінің» және «Пазырық қызы» киімдерін, Абылай хан мен Қазыбек би шапандарын, көптеген скиф мата мен былғарыдан жасалынған бұйымдарын қалпына келтірген. 

415ab90b82e49609e6edeaf295528de1.jpg

Реставраторлар: Тұрсынкүл Жайлаубаева, Назым Жайлаубаева 

adaad91617de11df059d1dbf419627e0.jpg

Абылай ханның шапаны

5f8a28bb64a4a27b3d52b8b45d74870f.jpg

 Абылай ханның қалпына келтірілген шапаны

Тұрсынкүл Жайлаубаева мектепті тамамдап, Алматы облысынан сол кездегі астанаға ЖОО-на түсу үшін келген. Оның болашақ тағдыры музей қызметімен тығыз байланысты болады деп ешкім ойламаған еді... Бойжеткен белгілі бір университетті таңдап, оның биологиялық факультетіне түсті. Алайда, аздаған уақыттан кейін, ол «жүрек бұйрығын» естігендей болды. Оқудан тыс уақытта ол тігуді меңгеріп, қай салада жұмыс істегісі келетінін түсінді. «Ол музейге келгенде, қалпына келтіру жұмыстарымен айналасқысы келетінін айтты. Оны үшінші санаттағы реставратор болып тағайындалды, сәл уақыт өткен соң — жоғары санаттағы реставратор болды. Музей мұрағаттары оның «баспанасына» айналып кеткендей, — деп әзілдеп айтады қызы Назым, — оған музейдің кез-келген қорына кіруге рұқсат берілген, сонымен бірге, ол қалпына келтіруді талап ететін қойылымдарды өзі таңдап алды». 

a6a9e9b0be27e88d798aeefea75caa91.jpg

XVIII ғасырдағы келіннің киімі

976e3b4d134bd26a5f1afadb640fde55.jpg

XVIII ғасырдағы бойжеткеннің киімі

Тұрсынкүл апа ең алғашқы реставрацияланған зат — түс киіз. Оны қалпына келтіру жұмысы ол үшін нағыз «емтихан» болды. «Сол кездегі мәдениет министрі Өзбекәлі Жәнібеков мені жұмысқа қабылдады, диплом сұрамады, бірден киізді берді. Бір айдан кейін мен Қазмузреставрациясына дайын киізді тапсырдым», — Тұрсынкүл апа есіне алып... 

«1984 жылы мен Чапаевтың буркасын (киізден я теріден жүнін сыртына қаратып істеген жеңсіз жамылғыш шапан) қалпына келтірдім. Оны маған пошта арқылы жіберді. Реставрациядан кейін мен оны Т. Шевченко музейіне поштамен жібердім. Менде осы жұмысты орындалғаным үшін алғыс хат бар», — деп айтады шебер. Осы уақыттан кейін Т. Жайлаубаева үйде отырғанда көптеген заттарды қалпына келтірді, тіпті «Алтын адам» да Тұрсынкүл апаның үйінде біраз уақыттың ішінде болды. Оның қызы Назым анасы бастаған ісін жалғастыра берді. Ол да бастапқыда дизайнер болып, кейін реставратор болып атанды. 

Тұрсынкүл апа — өз ісінің асқан шебері. 30 жылдың ішінде ол бұйымдардың табиғатын «сезіп», затты қандай әдіспен тез қайта қалпына келтіруге болатынын тез тауып алды. «Реконструкция — көп еңбекті мен арнайы білімдерді талап ететін күрделі үдеріс. Сонымен бірге, бұйымдардың, жіптердің, маталардың құрылу техникаларын білу қажет. Қазақстанда жіп өндірісі болмаған, ол бізге Бұхара қаласынан жеткен. Реконструкция қажетті жіптерді тауып алу үшін Бұхараға баруға тура келген. Мысалы, қолымызда XVIII ғасырдың бұйымы болса, онда Өзбекстанға баратынбыз, мұнда ескілікті киімді, қол тоқымшылықты сатып алып, жіптерді шығарамыз», — шебер жұмыс ерекшеліктері жайлы әңгімеледі. 

25d32379b56b6deafb1cc37ed6a69fcb.jpg

Қазыбек би шапаны реставрация жұмыстарына дейін 

0e9709774323d5c316bddc82ff8766b6.jpg

Қазыбек би шапаны реставрация кезінде 

2353cf92dc8864823ed4aee5794f995a.jpg

Алдын ала ескертейік: реставрациялау кезінде қазіргі жіптер қолданылмайды. Тұрсынкүл апа мен оның қызының айтуынша, Қазыбек би шапаны жаңадан «тігілгендей» болып шықты, өйткені ол тым тозған. Қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысында бірнеше ғасыр бұрын өзбек шеберлерімен тігілген жіптер мен шапан етегі қолданылды. 

Нұргүл Әшімбаева да сирек кездесетін бұйымдарды, жәдігерлерді қалпына келтіріп жатыр. Бізбен сұхбаттасқанда ол былай деп жауап берді: «Біз дәрігерлер емес — қателесуге құқығымыз жоқ». Шынында да, реставраторлар еңбегін сипаттайтын сөздер осындай болады... Суретшілер-«оташылар» («хирургтар») жауһарға (өнердегі үздік туындыға) ештеңе қоспайды, алыптастау қажеттілігі де жоқ, олар тек жәдігердің тұтастығын сақтап отырады. Дегенмен, қағаз жіптен жасалынған бұйымдарға әсер ететін нәрселер көп: шаң-тозаң, заттардың дұрыс емес сақталуы. 

00401818d7b7762ea3adec6d759d7cbb.jpg

 Нұргүл Әшімбаева жұмыс орнында

«Бұл — Қазақстанның оңтүстігінде табылған Құран, одан арабтың өрме жазуын көруге болады. «Маған кітапқа тапсырыс түскенде, алдымен механикалық тазалауды қолданып, кейін — дымқыл тазалау, буға немесе ыстық суға ұстап жұмсарту (осы әдіс парақтарды залалсыздандырады)», — деп баяндайды Нұргүл Әшімбаева. 

ba2354e39225826bbcd26ee67fe50898.jpg

«Емделу» үдерісінің соңғы кезеңінде қағаздың сапасын, түсін, жуандылығын есепке ала отырып, парақтағы ескі тесіртерді жамады. Осыдан кейін ғана кітап сақтауға беріледі. Мамандырылған реставраторлар жоқ болғандықтан, бұл кәсіпті тек «жүрек әмірімен» ғана таңдауға болады», — деп айтқан Нұргүл Нұрсейітқызы. 

Әр кітаппен не қолжазбамен қалай жұмыс істейтінін жеке тұрғыдан қарау керек, өйткені тарих үшін баға жетпес жәдігерлермен — жазба деректерімен жұмысты «сиқыршылықпен» теңестіруге болады. Осындай жұмыс бір айдың, не жарты жылдың ішінде атқарылуы мүмкін. 

Реставратор болу — уақытпен таласа дамып келе жатқан дарынды шебер болу. Реставратордың жұмысы өткеннің тарихын баяндап отыруға қабілетті...

Людмила Выходченко

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?