Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Аймауытов есімі ардақталды

3697
Аймауытов есімі ардақталды - e-history.kz
Биыл еліміз үшін атаулы күндерге толы жыл болды. «Қартқожа», «Ақбілек» сынды романдар жазып, психологиядан қазақ тілінде бірінші еңбек жазған Жүсіпбек Аймауытовқа 125 жыл.

Осыған орай, «Астана» Ұлттық сурет галереясында көрнекті жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туылғанына 125 жыл толуына арналған кітап көрмесі мен басқа да бірқатар шаралар болып өтті.

e99bd89627b157dac529a6f8cfd483d9.JPG

Іс-шаралардың өткізілу мақсаты қазақ халқын, ағарту ісінің дамуына қомақты үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы-драматург Ж.Аймауытовтың өмірі мен қайраткерлігін насихаттау және дәріптеу, сондай-ақ қоғамның мәдени, рухани әлеуетін арттыруға үлес қосу.

ca6c28f92a872bed89d3f307febf8d30.jpg

Бектұр Аймауытовтың қызы Рима Аймауытова жазушы жерленген Мәскеудегі мазар топырағын Павлодардағы ескерткішінің қасына қойған сәттен бір көрініс.

Құрметті қонақ ретінде мерейтой иесінің немересі — Рима Бектұрқызы Аймауытова қатысып, баяндама жасады. «Шабыт» Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры — Айман Мұсақожаева, ақын, жазушы Несіпбек Айтұлы қатысты.

Шара барысында Ж.Аймауытов еңбектерінің көрмесі өтіп, келушілердің қызығушылығын туғызды.
Көрмеден соң ғылыми конференция өткізіліп, ғылым өкілдері жазушы өмірі мен қазақ әдебиетіне, ел драматургиясына қосқан үлесі жайында ғылыми баяндамалар жасады. Сонымен қоса ЖОО мен колледж студенттері де белсене қатысып отырды.

488c61d3eaa05c1a55a863b457ceb7d6.JPG

Конференциядағы ғылыми баяндамалар жинақ ретінде жарық көрді.

Конференция аяқталған соң Қазақстандық сахна шеберлері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері — С.Оспанов, А.Әлтай, К.Төленбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі — Б.Тілеухан, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары — А.Нығызбаев, А.Мұздыханов, К.Тұрлыбековалардың қатысуымен салтанатты концерт өткізілді.

Олжас БЕРКІНБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?