Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі өтуде

1885
ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі өтуде - e-history.kz
ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде 1991-1995 жылдардағы жаңа мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі ашылды.

Қазақстан тарихы үшін 1990-шы жылдардың бірінші жартысы жаңа елдің тууы, қалыптасуы кезеңі болды. Қазақстан және оның Көшбасшысы үшін бәрі жаңадан, енді ғана басталды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы кезеңдерін сипаттайтын «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты көрмені Елбасының жақтасы, Қазақстан Республикасының алғашқы Сыртқы істер министрі, саяси ғылымдардың докторы Төлеутай Сүлейменов ашты.

 Ол жаңа мемлекеттің қалыптасу жолын, әлем оны қалай мойындағанын өз көзімен көрді.

945b75fe870744dd3fab9f1324196655.jpg

 «Осы кездегі тарихи таңдау біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды болды. Президент дұрыс таңдауын жасады: зайырлы, демократиялық мемлекетті құру. Бүгінде мен жастығымды есіме ала отырып, мемлекет игілігі үшін жұмыс істегенімізді айта аламын. Біздің Президентіміз қазақстандықтардың игілігіне жұмыс істеді, жұмыс ітеп жатыр, және болашақта-да өз қызметін абыроймен атқарады. 1993 жылы Н. Ә. Назарбаев дипломатиялық корпус пен АҚШ жұртшылық өкілдерінің алдында сөйледі. Осы кезде көптеген американдықтар маған былай деп айтты: «Министр мырза, осындай керемет Президент еліңізді басқарады екен, сіздердің жолыңыз болды. Қазақстанның болашағы зор», — дейді Қазақстан Республикасының алғашқы Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов. 

1991-1995 жылдар аралығындағы тарихи дәуірдегі реформалар Қазақстан экономикалық жүйесіне өзгерістер енгізді. 

b6264f57edfc560e29d1d8941c9c1d7e.jpg

8e369eee19a9816e192f837d7adf80dc.jpg

Экспозицияға ҚР Тұңғыш Президенті — Ұлт Көшбасшысының тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы, ядролық қарудан бас тартудағы, ұлттық валютаға ауысудағы, Еуразиялық одақ идеясының туындауындағы және т. б. тағдыршешті шешімдерді қабылдаудағы тарихи рөлін айқындайтын бірегей мұрағат құжаттары қойылды. 

608bcd6764254b68abe6d7d7a31e221a.jpg

f4e687450eee69cc53f5d73eb22c392c.jpg

Көрменің қонақтары арасында профессор, халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер Зинаида Федоровна болды. Ол 1991 және 1995 жылдардағы Қазақстан Конституциясын жазған жұмыс тобын басқарды. Осы кезде мемлекет іргетасы, негізгі құқықтары, қазақстандықтар бостандықтарының негіздері қаланды.

ba884bc9e835948346cac42ef08b7555.jpg


«1991 жылдан бастап 2005 жылға дейін менің көзімше және менің тікелей қатысуымен Қазақстанның жоғары заңдылық базасы құрылды. Мен осы құжаттың жасаушысылардың бірі болдым, атап айтқанда, Жоғарғы кеңес Төрағасының орынбасары болып жұмыс істедім, сондықтан бүкіл заңнаманы өз көзімен көрдім», — Зинаида Леонтьевна Конституцияның құрылу тарихын баяндайды. Президент лауазымы 1990 жылдың 24 сәуірінде енгізілді. Жоғарғы кеңес аталмыш лауазымның енгізілуі туралы заңды қабылдап, Н. Ә. Назарбаевты сайлады. Зинаида Леонтьевна айтуынша, бұл күрделі өтпелі кезең болды. Президентіміздің бар ауыртпалығын арқалады: республиканы басқара отырып, көптеген басқа мәселелерді шешкен болатын. «Нұрсұлтан Әбішұлы бар уақытын парламент отырыстарында өткізді, өйткені бұл жаңа заңңамалық база қалыптасу кезеңі болды. Жаңа құрылған мемлекеттің даму жолын дұрыс таңдау керек болды. Экономикалық мәселелер көп болғандықтан, Н.Ә. Назарбаев Үкіметтегі отырыстарды басқарды. Осы кезде халықаралық қарым-қатынастар орнатыла бастады, сондықтан Елбасына құқықтарын беру үшін Президентті бүкіл халық сайлау керек болды. Парламент сайлау өткізу жөнінде арнайы заңды қабылдады, бұрын осындай заң болмады, және 1991 жылы Н.Ә. Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті болып сайланды. 

f3ba8a2b6ceca6d1f82c5a64afffbab1.jpg

Осы кезде біздің еліміздің Конституциясы әлі болған жоқ, Қазақ КСР-ның Конституциясы ғана болды. Біз Жоғарғы кеңестің дерлік әрбір отырысында Қазақ КСР-ның Конституциясына өзгерістер және толықтаулар енгізетін болдық. Сонымен бірге, жаңа Конституцияны қабылдау қажеттілігі болды», — дейді Зинаида Федотова. 

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің конституциясын құру жұмысы басталды. Ұзақ мерзімді жұмыс мол жауапкершілікті талап етті. 1993 жылдың қантарында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Біраз уақыт өткен соң Ата заңды бүкіл халықпен қабылдау туралы мәселе пайда болды. 1995 жылы 1991-1995 жылдардағы барлық өзгерістер мен толықтауларды ескеретін Конституция халық талқылауына және қабылдауына ұсынылды. 

Зинаида Леонтьевна айтуынша, оның жұмыс тәжірибесіндегі ең қиын жұмыс — Конституцияны және Тәуелсіздік жөнінде декларация жазу жұмыстары. «Қателеспеу — біздің басты мақсатымыз болды, Конституцияның барлық нормалары әлеуметке бейім болуға, халықтың барлық мүдделеріне жауап беруге арналған. Біз таңертеңнен кешке дейін жұмыс істедік». 

Уақыт бір орында тұрмайды, бәрі де өзгеріп кете береді... 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды. Ол жаңа заман талаптарын ескеріп отырды.

«Әрине, біз еуропалық және американдық тәжірибені зерттей отырып, Жапон, Австрия тәжірибесін де қарайтын болдық. Дегенмен, біз мемлекеттің Ата заңы үшін жаңа іргетасын іздедік. Қазақстандағы қоғамы ерекше болғандықтан (көпұлтты, көпконфессиялы), ерекше мемлкекет болып саналамыз. Салт-дәстүрлеріміз дамыған, сондықтан басқа біреудің қалыптасқан тәжірибесін алуға болмайды. Әлемдегі ең жақсы нәрселерді дұрыс алып пайдалану керек. Ал бүгінде бізден де алатын тәжірибеміз бар екен, мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы»,— профессор, халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер Зинаида Федоровна өз ойын ортаға салады.

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі 2015 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?