Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атыраулықтар Ақтөбеде Исатай батырдың кесенесін тұрғызды

2608
Атыраулықтар Ақтөбеде Исатай батырдың кесенесін тұрғызды - e-history.kz
Атырау облысындағы Исатай ауданы азаматтарының қолдауымен, Ақтөбе облысының Шейітсай деген жерде халық батыры Исатай Таймановтың кесенесі тұрғызылды.

«Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде, Еңіреп жүрген ер едім, Исатайдың барында, Екі тарлан бөрі едім, Қай қазақтан кем едім, Бір қазаққа тең едім», деп асқақ рухты, дауылпаз, ақын Махамбет, аға тұтып, жалаулы жырына қосқан халық батыры Исатай Тайманұлы Ақтөбе облысының Қобда ауданында мәңгілік тыныстаған.

Тарихи деректерге сүйенген ғалымдар батырдың сүйегі Шейітсай аталатын жерде жерленген деген тоқтамға келді.

Батырдың кесенесін тұрғызу жөнінде ұсынысты көршілес облыстардың іскер азаматтары тарапынан қолдау тапты. Осылайша, Исатай Тайманұлы қоғамдық қоры құрылып, оған еңбек ұжымдары бір күндік еңбекақыларын аударды, мұнай компаниялары мен кәсіпкерлер демеушілік қаражатын түсірді. Қобда ауданындағы Шейітсай жерінде 1991 жылы Исатай батырдың 200 жылдығын аталып өтілгенде ескерткіш белгі орнатылыпты.

Биылғы шілдеде батыр кесенесін тұрғызу үшін маңғыстаулық шебер Нұрсұлтан Имашев іске кірісті. Кесене құрылысына Маңғыстау өңірінен әр данасы 2,5 тоннаны құрайтын 52 тас әкелінді. Маңғыстаулық шебер Нұрсұлтан Имашевтың айтуынша, кесененің биіктігі 10,5 метрді, ені 6 метрді құрайды.

Кесене ішінде Исатай Тайманұлы мен оның ұлы Оспанның өмір сүрген жылдары мен Исатай батырдың бейнесі, сонымен бірге, Махамбет ақынның «Арыстан туған Исатай, Дегеніне жете алмай, Арманда өтіп кетті деп, Қиналсаңыз біздерге, Мың сан рахмет сіздерге!» деген шумақ өлеңі қашалып жазылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?