Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бұқар жырау атындағы музейдің баға жетпес жәдігерлері

2197
Бұқар жырау атындағы музейдің баға жетпес жәдігерлері - e-history.kz
Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылған.

Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үй. Ғимарат сәулет тұрғысынан тарихи ескерткіш болып саналады. Бастапқыда жәдігерлер саны бірнеше жүзден аспаса да, қазіргі кезде музей қорына 45 мыңан астам бағалы жәдігер жинақталған. Қолжазбалар, кітаптар, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің жеке заттары музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады.

Енді теңдесі жоқ музей қойылымдарына жеке-жеке тоқталып өтсек:

1. Қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы-драматург Жүсіпбек Аймауытовтың жеке заттары

30c145e64f5e4e81e9e29e6b9d9d691e.jpg

Бұқар Жырау атындағы мұражайға берілген ең құнды жәдігерлердің бірі — жазушының «Нахихат» атты қалта сағаты. Музейге келген адамды бірден қызықтырады. Әрдайым жазу столының үстінде қағаз кесуге арналған екі сызғыш болған. Ж. Аймауытов он саусағынан өнер тамған адам болған. Бұл сызғыштарды да өз қолымен жасаған.

e47501ac05cc177eda5f571f64ac7cde.jpg

«Қартқожа» шығармасы автордың творчествалық жетістігі болып табылады. Ол еуропалық прозалық шығармалардың жоғары деңгейінде жазылған. Жүсіпбек Аймауытовтың тірі кезінде оның 15 туындысы жарық көрген. 1931 жылы Жүсіпбек қуғынға ұшырап, атылып кеткеннен кейін, оның шығармалары жойылған еді. Осындай аса дарынды адамның кітаптарын үйде сақтау өзінді «халық жауы» деген айыппен қаралайтын замандар да өткен. 

 1926 жылғы фотосуреттегі «Қартқожаның» данасы

0b8b4eabf229d58d0c7cc7a5328182f7.jpg

Ал «Сюзане» кілемі Жүсіпбектің әке-шешесі керуетінің бас жағында ілуліп тұрған. Ол Бұхара қаласынан әдейі әкелінген.

2. Дауылпаз ақын Иса Байзақовтың жеке заттары

1d503d7ab3b53829933de0a827360e11.jpg

Осы шапанды киген Иса Байзақов жұрт алдында жиі сөз сөйлеген. Қазақ кеңестік әдебиетінде Иса Байзақов ауыз әдебиетінен жазба поэззиясының тууына жол салған алғашқы ақын ретінде тарихта қалды.

99fe63392d3d7800310acdc736878245.jpg

Ақынның жеке ыдысы және былғары әмияны. Осы заттарды Иса Байзақов өмірінің соңғы сәттерінде ұстаған (музей қорына заттарды оның қызы Мақпуза Байзақова табыстаған).

3. Шәкен Аймановтың жеке заттары

2923f282078cb38d289a6a22829acbb8.jpg

Шәкен Айманов кино өнеріндегі Алдар-Көсе рөлін сомдағанда осы белгілі бөрікті киген. Көзі тірісінде Шәкен Кенжетайұлы оны өзінің немере ағасына сыйлаған екен. Сол кезден бері бөрік Павлодардағы отбасылық музейде сақталған. Кейінірек Шәкен Аймановтың туыстары бөрікті Бұқар жырау атындағы музейге тапсырған. Алдарға бөрік тарлау болып, және ол кішкентай кесік жасаған екен. Осылай, жамалмаған зат қазіргі уақытқа дейін де музей қорында сақталып тұр. 

a1f7152e5be692e76af2a10e11719bfb.jpg

Бұл тонды Шәкен Айманов өмірінің соңына дейін киген 

4. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жеке заттары

446637a5d88460cba47aea3a79e75e26.jpg

Музей қызметкерлерінің айтуынша, Құранның бір парағы қойылымның мақтанышы болып табылады. Аталған парақтың иесі Мәшһүр Жүсіп Көпеев, кеңес заманында  оның ағартушылық қызметін айтуға қатты тыйым салынған. 

34de35fef7f863839ef3365ae2198e16.jpg

Қазақ ақын шығармашылығын құрметтеушілер үшін Көпеевтің тұмары аса құнды болып табылады. Ол Құранға арналған қаптан кенет түсіп қалған, бұрындары тұмар осы қапта көп жылдар бойы жатқан.

5. Қабдыкәрім Ыдырысовтың жеке заттары

2e64fad6413fbf4d5059d023093ec6f6.jpg

1948 жылы жазылған оның алғашқы өлеңдерінің қолжазбалары: «Ана», «Абай», «Әртіс» және ақынның жеке күнделігі.

fbc28e39fc5c4a328c19ae1f6ce390ce.jpg

Қабдыкәрім Ыдырысов домбыраны шебер тартқан

Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Ұлы қазақ ақындарының, композиторларының, ХХ ғасырдағы ойышылдарының жеке заттары, қолжазбалары, өздері жасаған заттар музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады. Келушілер Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Қабдыкәрім Ыдырысов сияқты ұлы тұлғалар тұтынған заттарды көзімен көргенде өзгеше бір әсерге бөлінетіні анық.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?