Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына — 80 жыл

2195
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына — 80 жыл - e-history.kz
2014 жылдың 18 қарашасында Еуразиялық ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.


Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «Тарих, археология, этнография, мәдениет және номадтар өнерінің зерттелуі бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу» ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақстан және Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасының зерттелу мәселелері: топонимика, эпиграфика, өнер» атты конференциясын ұйымдастырады. Конференция Қазақстан Республикасы спорт және мәдениет Министрлігінің, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қолдау көрсетуінің арқасында өтеді. 

Осы шара қазақстандық гуманитарлық ғылымдарының тарихында айтулы оқиға болып табылады, өйткені ол ғылым және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің біріне — ҚР спорт және мәдениет Министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына — арналады. Әр түрлі жылдарда осы институттың қабырғасында қазақ халқының әйгілі ғылым және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеген. Олардың арасында Сәрсен Аманжолов, Ахмет Байтұрсынов, Санжар Асфендияров, Сәкен Сейфулин, Мұхтар Әуезов, Құдайберген Жұбанов болған. 

Конференцияда баяндама жасайтындар: И. В. Ерофеева, А. Е. Рогожинский, М. К. Семби және басқалар. Конференция жұмысына өнертану саласындағы шет елдік сарапшылары, археологтар, тарихшылар қатысады. Қазақстан ғылымының өзекті мәселелері, олардың шешу жолдары, тарих, археология, мәдениет салаларындағы елдің ғылыми-зерттеу потенциалын дамыту жолдары сияқты мәселелер талқынады. Конференция 18-19 қарашаның аралығында өтеді. 

Конференцияның ашылуы 18 қарашада болады, осы күні «Қазақстанның тарихи топонимикасы номадтар мұрасының бөлігі ретінде» пленарлық отырысы өтеді. Кейін «Қазақстанның топонимикасы» секциясы өз жұмысын бастайды. 19 қарашада «Эпиграфика және Қазақстан мен Орталық Азиядағы көшпенділердің өнері» секциясы өз жұмысын бастайды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?