Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Ұлттық музейінде Кемел Ақышевтың көрмесі ашылады

2634
ҚР Ұлттық музейінде Кемел Ақышевтың көрмесі ашылады - e-history.kz
20 қараша күні ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан археология мектебінің негізін салушылардың бірі Кемел Ақышевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы даланың кемеңгер ғалымы» атты көрменің тұсауы кесіледі.

Көрме Кемел Ақышұлының Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясына қатысты бай мұрасын насихаттауды мақсат тұтады. Көрмеге К. А. Ақышев атындағы ғылыми-зерттеу орталығының қатысуымен әзірленген археологиялық артефактілер мен фотоқұжаттар және ғалымның жеке заттары қойылады. 

cdddb56c293acee74a62214ec55afeac.jpg


Көрменің аясында «Тәуелсіз Қазақстан археологиясының даму үрдістері мен келешегі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, антрополог Оразақ Ысмағұлов, тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры Виктор Зайберт және басқа ғалымдар қатысқан. 

«Кемел Ақышев «Алтын адамды» тапқан археолог ретінде танымал. «Алтын адам» тәуелсіз Қазақстанның символына айналып кетті. Аталған қойылым Кемел Ақышев басшылығымен Алматы қаласының жанында өткізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Археологтар Иссық қорғанын қазып зерттеген. Табылған «Алтын адам» Қазақстанның ғана құндылығы емес, ол сонымен бірге бүкіл әлемнің мұрасы болып табылады», — Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай сөйлеген сөзінде осындай пікір айтты. Ол әріптестерге, ғалымның шәкірттеріне және атақты археологтың жұбайына көрмеге ат салысқандары үшін өзінің шын алғысын білдірді.

d25b4c1245de73e7ef9e4b6b3e2fc2cc.jpg

Ғалымдар Кемел Ақышевтың отандық ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін ерекше атап айтты. «Кемел Ақышев археологиялық жұмыстармен көп әуестеніп жүрген, соның бәрі есімде тұр. Ол өзінің зерттеу жұмыстарымен жете айналысқан. Зерттеулер көлімнің ауқымы кең болды. Ол қола дәуірін, Андрон мәдениетінің ескерткіштерін, Иссықтағы «Алтын адамның» ашылуын, көне халықтардың мемлекеттілігін, ортағасырлы ескерткіштерді, қалалық өркениеттің ескерткіштерін зерттеді», — Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті Виктор Варфоломеев атақты археолог туралы өз елестерімен бөлісті.

Ол әр жылдары Бесшатыр, Отырар қорымдары мен ежелгі және ортағасыр мәдениетіне қатысты ескерткіштердің қазба жұмыстарына жетекшілік еткен. Оның жетекшілігімен Астанадан 5 шақырым жерде, Бұзықты өзенінің Шығыс жағалауында орналасқан Бозоқ қалашығы табылды.


af5f9511712735ea259a01b8f19e5dbb.jpg

Кемел Ақышев — Ұлы Отан соғысының ардагері, «Құрмет», «Жеңіс», «Парасат» ордендерінің иегері. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Оның есімі Қазақстанның Алтын құрмет кітабына енгізілген. К. Ақышев — 200 ғылыми еңбек пен 15 кітаптың авторы. 

Биыл ең атақты Қазақстан археологы 90 жасқа толар еді. Осы жылдың сәуірінде Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-інде «Қазақстан археологиясында Еуразия мәдениеттерінің диалогы» халықаралық конфернциясы өтті. Ғалымның мерейтойына арналған келесі шара — Кемел Ақышев атындағы музей-кабинеттің ашылуы. Осы университеттің қабырғасында ғалым өз өмірінің соңғы жылдарында жұмыс істеген. Кемел Ақышев өміріне арналған ҚР Ұлттық музейіндегі көрме — ғалымның мерейтойын тойлау аясында Қазақстанның қоғамдық өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?