Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АЛҒАШҚЫ АҒАРТУШЫ

3308
АЛҒАШҚЫ АҒАРТУШЫ  - e-history.kz
1991 жылғы «Казахстанская правда» газетінің тігілмесін қарастыра отырып, біз қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин туралы қызықты мақала тауып алдық

Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазан күні Арқарағай болысының Жаңбыршы ауылында Орта жүзге қарайтын бай қыпшақ әулетінде дүниеге келген. Ата-анасы ерте қайтыс болғандықтан, Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Балқожа би Жаңбыршыұлы Орынбор шекаралық комиссиясында қызмет атқарды және үстем тап өкілдері арасында, әсіресе Орынбор даласының қазақтары арасында үлкен беделге ие болды.

1846 жылы Балғожа би Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 1 тамызда сол мектепке Ыбырай алғашқы 10 баланың бірі болып қабылданады. Мектепте Ыбырай өте жақсы оқиды, зерек бала болады. Жеті жылдық оқу аяқталғанға дейін ол оқудағы жетістіктері үшін алғыс хат алады. Мектепті аяқтаған соң ол өзінің атасы Балғожа Жаңбыршыұлында кеңсе хатшысы болып жұмыс жасайды, ал 1859 жылдан бастап Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш (аудармашы) болады.

1864 жылы орынбор мұғалімдерінің қажырлығымен Торғай қ. Орынбордың қазақтарына арналған алғашқы бастауыш мектеп ашылады. Осы мектепте Ыбырай өзінің мұғалімдік қызметін бастайды. Алтынсарин жазушы, ғалым, этнограф ретінде танымал. Ы. Алтынсарин «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі» авторы. Бұл еңбектерді 1879 жылы Ы. Алтынсарин қызметкер мүшесі болып сайланған «Орыс Императорлық географиялық қоғамының жазбаларында» жарияланады. Инспектор қызметіне И. Алтынсарин 1879 жылы тағайындалады.

Торғай облысы сол кезде төрт уезге бөлінетін: Илецк, Ырғыз, Торғай және Николаев уездері. Он жыл бойы инспектор болып қызмет атқарған кезінде Ы. Алтынсарин Торғай облысында төрт екі класты орталық орыс-қазақ училищесінің, бір кәсіптік училищенің, бес болыстық мектептердің, орыс шаруаларының балаларына арналған екі училищенің ашылуына ықпал етті. Алтынсариннің есімімен Қазақстанда әйелдерге білім беру мәселесі де байланысты.

Осылайша, оның арқасында Ырғыз қ. Қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ашылды. Ұлы ағартушы негізін қалаған білім беру ордаларының қатарында Қостанайда 1884 жылы ашылған алғашқы екі кластық орыс-қазақ мектебі де бар, оған дейін бұл мектеп Троицк қаласында болған. «Троицк мектебі енді біржола жұмысқа кірісті, ал Николаевскіде мектептің жаңа ғимараты салынуда, келесі оқу жылы мектеп сол жерге көшіріледі», - деп жазды ол В.В. Катаринскийге. Кейін мектеп бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Мысалға, революциядан кейін ол школа-коммуна, кейін Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат деп аталды. Сол кездегі мектеп ғимараты сақталмай қалған.

Ағартушы 1889 жылы 17 шілде (29 шілде) күні қайтыс болады және Тобылдың жағасында әкесінің қасына жерленеді. 1889 жылғы шілдедегі «Орынбор парақшасында» Алтынсарин «өз тайпасының қараңғы көшпелілері ортасына еуропа өркениетінің шырағын және Ресейге деген махабатын алып келген қазақтар арасындағы алғашқы ағартушы" деп суреттелген. Қазанамада былай деп жазылған: Торғай облысының Қостанай қ. осы жылдың 17 шілде күні ұзақ және ауыр науқастан (өкпенің қабынуы) Торғай облысының халықтық училищесінің алғашқы инспекторы Ы. Алтынсарин, немесе, ол өзі айтатындай, Иван Алексеевич Алтынсарин 52 жасында дүниеден өтті.

Бұл облыс үшін және қазақ даласындағы орыс ісі үшін үлкен қайғы». Алтынсариннің газет редакторымен достық қарым-қатынаста болғанын айта кету керек. Сондықтан оның шығармалары осы газет беттерінде жиі басылатын. «Орынбор парақшасында» Алтынсариннің алғашқы шығармалары қазақ жеріне қоныс аударып жатқан орыс казактары, малшылардың жайлаулары қысқарып жатқандығы туралы болды. Ал 1879-1880 ж. жұт оған қатты батты. Қазақ ауыз әдебиетін жинақтау, жүйелеу және жариялау саласында көп еңбектенді. Алтынсарин сонымен қатар Қазақстан тарихы жөнінде де материалдарды жинақтады, олар оның «Хрестоматиясына» енді.

Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясының» екінші бөлігі география, тарих, техникалық пәндер бойынша тараулардан тұруы тиіс еді, бірақ ол автордың дүниеден өтуіне байланысты жарыққа шықпады. Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінде көтерген педагогикалық ойлары, проблемалары Қазақстанның педагогикалық ойларының антологиясына енді.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр Серікқызы 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?