Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ МОЙЫНДАТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

1653
ТӘУЕЛСІЗДІКТІ МОЙЫНДАТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ - e-history.kz
1991 жылдың қазан айы сыртқы саясатымызда Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияның премьер-министрі Дж. Мейджормен кездесуі маңызды да, саяси салмағы бар іс болды

Тәуелсіздіктің 25-жылдығы мәнмәтініндегі барлық материалдар қарабайырлықпен басталады: «25 жыл ішінде...», «Тәуелсіздік жылдарында...» және т.б. Бір жағынан, барлығы айтылып қойылды. Бірақ, екінші жағынан әлі қаншама қызықты нәрселерді табуға болады. «Казахстанская правда» газетінің 1991 жылдың 31 қазандағы санынан біз мына деректі тауып алдық.

1991 жылдың 30 қазан күні Ұлыбританияға ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев премьер-министр Дж. Мейджормен кездеседі. Әңгіме барысында халықаралық ахуал, кеңес Одағының болашағы, сондай-ақ Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар талқыланды. Премьер-министр және Президент қазіргі кезде қарсылыққа емес, ынтымақтастыққа негізделетін Батыс және Кеңес Одағы арасындағы қарым-қатынаста орын алып отырған өзгерістерді құптады. Олар бейбітшілік, демократия және адам құқығын құрметтеу секілді жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа серіктестік құру қажеттілігіне келісті.

Дж. Мейджор Н.Ә. Назарбаевқа Кеңес Одағындағы қайта құру процестеріне жәрдемдесу мақсатымен Ұлыбританияның, ЕО-тың және олардың серіктестерінің көрсетіп отырған көмегі туралы айтып берді.

Н.Ә. Назарбаев премьер-министрді Қазақстанда экономикалық ырықтандыруға қол жеткізу мақсатында үкіметтің қабылдап отырған шаралары туралы баяндады. Екі тарап батыс көмегі маңызды рөл атқаратынын атап өтті, бірақ ол Кеңес Одағында болып жатқан терең қайта құрулармен, оның ішінде қорғанысқа шығындарды азайту, ұзақ мерзімді нәтижеге алып келеді деп үміт білдірді. Дж. Мейджор және Н.Ә. Назарбаев аз ұлттарды құрметтеумен қоса, адам құқықтарының негізгі мағынасын мойындады. Олар сондай-ақ, Ұлыбритания және Қазақстан азаматтарына еркін қозғалу құқығын бере отырып, жеке байланыстар орнатуға көмек көрсетуге келісті. Мәдениет, өнер, ғылым, білім, қоршаған ортаны қорғау, спорт, ақпарат және туризм саласындағы қарым-қатынастарды болашақта дамытуға үміт білдірілді.

Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы сауда-саттықты дамыту үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Бірлескен кәсіпорындар мен сырттан инвестициялау Қазақстанның үлкен табиғи қорларын игеруде маңызды рөл атқаратын болады. Тараптар осындай кәсіпорындардың қызметіне қолдау көрсетуге келісті.

Дж. Мейджор Қазақстанға «ноу- хау» техникалық жәрдемдесу қорынан ресурстар ұсынуға уәде берді. Лондонда Атырау және Батыс-Қазақстан облыстарының мұнай газ қорларын, дәлірек Қарашығанақ ірі кен орнын игеру жөнінде келіссөздер жүргізілді.

Қазақстан Президенті Barclays Bank және Morgen Grenfel банкінен ұлттық кадрлерге банк ісін үйретуге қатысу және республика үкіметіне нарықтық реформаларды жүргізуде консультациялық көмек көрсету жөнінде британдық банкирлердің уәдесіне қол жеткізді. Осы ақпараттық жаңалықтан маңызды қорытынды жасауға болады. Н.Ә. Назарбаев әлемнің көптеген басшыларымен кездесе отырып, өз бетінше сыртқы саясат жолына түсті. «Файнэншл таймс» газеті Қазақстан Президенті өзіне үлкен назар аудартатын КСРО саясаткерлерінің бірі екенін атап өткен, өйткені ол еркін нарық экономикасына көшуді алғаш қолға алған саясаткер болды. Республикада бай табиғи қорлар бар және ядролық қару бар.

1991 жылдың қазан айының өзінде осындай маңызды кездесулердің бірнешеуі орын алды. 1991 жылдың қазан айының ортасында ГФР сыртқы істер министрі Г.-Д. Геншердің ресми сапары өтті. 1991 жылдың 22 қазан күні Н.Ә. Назарбаев ҚХР-ның Кеңес Одағындағы елшісі Юй Хунлянды оның өтініші бойынша қабылдады.

1991 жылдың 25 қазан күні Ақтөбе облысындағы мұнай кен орындарын іздеу, барлау және игеру жөніндегі келісімшарт бойынша «Эльф Акитэн» француз компаниясының делегациясымен кездесті. 1991 жылдың қазан айының аяғында Алматыда Бельгияның КСРО-дағы елшісі Тьери де Грюбеннің ұйымдастыруымен Қазақстанда Бельгия күндері өткізілді. Бұл іс-шаралар барысында республиканың премьер-министрі С.А. Терещенконың және Қазақстанның вице-президенті Е.М. Асанбаевтың кездесуі орын алды.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?