Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президенттік сайлау тарихынан

2626
Президенттік сайлау тарихынан - e-history.kz
1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды

Қазақстан Республикасының жалпы сайлау жүйесінде Президентті сайлау маңызды орынды иеленеді. 

 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттіктің бес жылдық мерзімін бекітті. Алайда 1998 жылдың 7 қазанында ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң қабылдады, соған сәйкес президенттің өккілеттік мерзімі жеті жыл болып белгіленді. 

 1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды. 

19f1d90912b0a6181fd0a7962ee97857.jpg


 ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттік мерзімі ҚР Парламенті 1999 жылдың 10 қаңтары деп бекіткен президенттік сайлауда сайланған жаңа президенттің қызметіне кіріскенге дейін ұзартылды. 

1999 жылдың 10 қаңтар күні мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтті. ҚР ОСК-ның ақпараты бойынша сайлау қорытындысымен С.А. Әбділдин 857 386 дауыс немесе дауыс берушілердің 11,70 % дауысын; Э.Ғ. Ғаббасов - 55 708 дауыс немесе дауыс берушілердің 0,76 % дауысын; Ғ.Е. Қасымов - 337 794 дауыс немесе дауыс берушілердің 4,61 %; Н.Ә. Назарбаев - 5 846 817 дауыс немесе дауыс берушілердің 79,78 % жинады. 

Егеменді Қазақстанның тарихындағы алғашқы альтернативті сайлауда Республика Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. 

d793b834cd2cc02836844385df143daa.jpg

Конституциялық заңның күшіне ие «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 12, 66-баптарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті деп тіркеді. 

1999 жылдың 20 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті. 

 Осындай сайлауды өткізу туралы жауапты шешімді қазақстандық мемлекеттік элита 1990 жылдың аяғында қалыптасқан кейбір ішкі және сыртқы факторлардың алдын алу үшін қабылданды.

 Жалпы 1999 жылдың қаңтарында өткен мерзімінен бұрын президенттік сайлау ел дамуындағы тұрақтылық пен оң үрдістерді сақтап қалуға мүмкіндік берді. 

 Арман Сүлейменов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?