Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада халықаралық ғылыми конференция өтті

2064
Астанада халықаралық ғылыми конференция өтті - e-history.kz
7 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты

бірлесіп «Рухани жаңғыру: тарихи сана қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.

 

Қатысушылар қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, Түркия, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен танымал ғалымдар қатынасты. Конференцияға Астана мен Алматы және еліміздің барлық өңірлерінен жетекші тарихшы ғалымдар болды.

Конференция барысында «Тарих ғылымының азаматтың қоғамдық санасын қалыптастырудағы орны», «Қазақстан тарих ғылымының тәуелсіздік жылдарындағы дамуы» және Ғылыми зерттеу орталықтарының тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеу мен насихаттаудағы рөлі» дегенбағыттар бойынша жұмыс жүргізілді.

Қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында республика халқына ұсынған тарихи сананы жаңғырту идеясының өзектілігін және маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының саяси-тарихи тақырыптарға жазған 20-ан астам іргелі еңбектерінің Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінің тарихын зерделеуде маңызды дереккөзі болатынын ортаға сала келе, Тәуелсіз Қазақстанның тарихын жаңаша көзқараспен зерделеуде және насихаттауда еліміздегі жоғары оқу орындарындағы, ғылыми мекемелердегі тарихшы ғалымдармен бірге Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған Мемлекет тарихы институы ұжымының 10 жыл ішіндегі ғылыми еңбектерінің үлесі аталып өтті.

Конференцияға қатысушылар ғылыми қауымдастықтың барлық өкілдерін, мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын, еліміздің гүлденуі жолында белсенділік танытуға, 

қазақстандықтардың тарихи санасын қалыптастыруға, сол арқылы халықтың бірлігі мен тұтастығын қалыптастыруға үлес қосуға шақырады.

 

 

«Рухани жаңғыру: тарихи сана қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылар төмендегідей ұсыныстар жасайды:

1. Ел тәуелсіздігінің сенімді тірегі, оның халқының сарқылмас қуат көзіне айналатын рухани жаңғыру идеясын іске асырудағы тарихи сананы қалыптастырумәселесіне ерекше назар аударуы қажет.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарының және электронды құралдардың мүмкіндіктерін пайдалана отыратарихшы ғалымдар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары идеяларын және тарихи еңбектерін насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жандандыруы керек.

3. Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын сақтау және дамыту рухында, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру жолында тарих және қоғамдық ғылым өкілдеріннің күш-жігерін барынша жұмылдырудың тиімді жолдарын анықтау қажет.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?