Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жат жиендер тарихы

2241
Жат жиендер тарихы - e-history.kz
Қазақ қызынан туып, жат жерде өсіп-өніп, сол елдің атын шығарған атақты жиендер аз емес.

Жазушы Михаилов 

 

39f7da85d6eedce7026d08aa0a36bef6.jpg

Орыс ақыны, жазушы әрі аудармашы Михаил Ларионович Михайлов 1826 жылы дүниеге келген. Михаил Илецкий деген псевдониммен танымал. Әкесі Илларион шенеунік, анасы – қазақ сұлтанының қызы. Деректерде Ольга Васильевна Орақова деп көрсетіледі. 

Алғашында Уфа гимназиясында оқып, кейін 1844 жылы Петербург университетіне оқуға түскен. 1845 жылдан бастап алғашқы шығармалары «Иллюстрация» журналында жарияланады. Кейін Нижний Новгородта әскери қызметте болып, туындылары «Москвитянин» журналында шықты. 

Ал 1852 жылы Петербургқа көшіп келіп, «Современник», «Отечественные запискиде» қызмет істейді. 1856-1857 жылы Теңіз министрлігінің тапсырмасы бойынша Оралдан Атырауға дейінгі жерлерге саяхат жасап, әдеби-этнографиялық материалдар жинады, жергілікті балық шаруашылығы мен теңіз ісін зерттеді. Сол кездегі жинаған әдеби-этнографиялық материалдары «Морской сборник» (1859, № 8) журналында «Жайық очерктері» деген атпен жарық көріпті. 

1861 жылы шетелден оралған соң саяси қызмет бабында ұсталып, Сібірге жер аударылды. Оның көптеген роман-повестері, аудармалары бар. 

Генерал Моисеевский 

 

3953c63f4d87f3d3d1bb6c97d0055403.jpg

Белгілі жазушы Жайық Бектұров «Енеден ерте айырылған төл секілді» атты кітабында «Кененің орыс офицерлері қолында қалған бір қызының немересі, фамилиясы Моисеенко ме екен, бір генерал кешегі Ұлы Отан соғысында танк әскерлері штабының бастығы да болды», – деп жазады. Тегінің Моисеенко деп қате жазғаны болмаса, хан Кененің қызынан туған көгеншары (3-ұрпақ) генерал Моисеевский туралы деректер аз. 

1902 жылы 18 қазанда Алматы қаласында туған. Александрдың анасы туралы Напуса Әзімханқызы Кенесарина: «Арғы әжелеріміздің бірі, бала кезінде анасы және бауырымен казак жасақтарының қолына тұтқынға түсіп, сол бойы Ресей жерінде қалып қойған. Оны тұрмысқа беріп, кейіннен ол ұл туған, ол баласы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол – генерал Моисеевский. Өлер алдында анасы ұлына оның шыққан тегі туралы айтып кеткен», – дейді. 

Жас Александр азамат соғысы жылдарында 30-атқыштар дивизиясында, кейін 21-атқыштар дивизиясының құрамында болды. 1922 жылы топтық құрамды жетілдірудің курсын бітірген. 1934 жылы В. Ленин атындағы әскери-саяси академияны тәмамдаса, сонымен бірге М. Фрунзе атындағы Әскери академияның екі курсын бітірген. 

Екінші дүниежүзілік соғысқа бастан-аяқ қатысқан. 1941 жылдың күзінде 303-атқыштар дивизиясының командирі, 1942 жылдың қаңтарында 160-атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, 1943 жылдың тамыз айынан бастап 312- атқыштар дивизиясының командирі болды. 

Смоленск шайқасы, Ельнинск, Висло-Одерскіні алу операцияларына қатысты. Моисеевский басқарған әскери құрам жауға қатты соққы берді. 1943 жылдың аяғында генерал-майор атағы берілді. ССРО Жоғарғы Советі Президумының жарлығымен 1945 жылдың 6 сәуірінде гвардия генерал-майоры Осташенко әскери тапсырмаларды үлгілі орындаудағы ерлігі мен жүректілігі үшін Совет Одағының Батыры атағымен марапаттады. 

Берлинге шабуыл оперциясына қатысқан ол жеңісті Тиргартен бағында қарсы алды. 

Соғыстан кейін ССРО ҚК қатарында еңбек етті, Басштабтың академиясы жанындағы курсты тамамдады. 1954 жылы зейнетке шықты. 1971 жылдың 18 мамырында қайтыс болды. Ваганьков зиратына жерленді. Батырдың ресми өмірбаяны осындай. 

Соғыстан кейін ол қандасы, Кенесарының Ахметінен тараған ғалым Натай Кенесаринді іздеп тауып, оған хат жазыпты. Сол хат белгілі сәулетші Шота Уәлиханның қолында екен.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?