Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абайдың 1936 жылы шыққан кітабы табылды

3081
Абайдың 1936 жылы шыққан кітабы табылды - e-history.kz
Абай Құнанбайұлының осыдан 84 жыл бұрын латын қарпінде жарық көрген кітабын 82 жастағы қарт оқырман А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға тарту етті.

Ұлы ақынның 175 жылдығына тарту жасаған Николай Оспанов «Қарты бар елдің қазынасы бар» дегенді дәлелдеді. Кітап Алматы қаласындағы «Көркем әдебиет» баспасынан 1936 жылы басылып шыққан екен. Осыдан 84 жыл бұрын жарық көріп,

Абай Құнанбайұлының осыдан 84 жыл бұрын латын қарпінде жарық көрген кітабын 82 жастағы қарт оқырман А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға тарту етті.

Ұлы ақынның 175 жылдығына тарту жасаған Николай Оспанов «Қарты бар елдің қазынасы бар» дегенді дәлелдеді.

— Кітап Алматы қаласындағы «Көркем әдебиет» баспасынан 1936 жылы басылып шыққан екен. Осыдан 84 жыл бұрын жарық көріп, тозығы жетсе де, кітап біз үшін аса құнды. Ұлы ақынның сол заман үлгісімен жарық көрген өлеңдерімен қуана қауыштық. Өз дәуірінен сыр шертіп көңілге қуаныш ұялатқан кітапта әр өлеңнің қай жылы жазылғаны көрсетілген. Кітап қайта жөндеуді қажет етеді. Біздің кітапхананың сирек қорындағы Абай шығармаларының ең көнесі 1940 жылғы еді, — дейді кітапханашы Зиза Мұқтарханқызы.

Кітап иесі Николай Оспанов: «Осы кітапты әкем Мырзақан көзінің қарашығындай сақтап, қолына жиі алып отырушы еді. Өлеңдерді оқып отырып: «Абай жазғанда жылатып жазады» — дейтін.

Мен арабша, латынша оқи білмеймін. Әкем өмірден өткелі 36 жыл болды. Бірақ әкем қадірлеген осы кітапты ешкімге бермей сақтадым. Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, қолыма алып, көп толқыдым. Әкем қадір тұтқан кітаптың орны кітапхана болар деген оймен облыстық кітапханаға сыйға тартуды жөн көрдім. Сіздер бұл кітапты жоғалтпай, қажеттеріңізге жаратады деп сенемін» деп кітапты аманаттапты. Ақынның жыр жинағы кітапхананың сирек қорлар төрінен орын алып, талай оқырманды қуанышқа бөлеп, абайтанушы жастардың қажетіне жарары сөзсіз.

samuryqportaly.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?