Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ерен Елдіктің үлгісі – Абай мұрасы

2858
Ерен Елдіктің үлгісі – Абай мұрасы - e-history.kz

Әлемдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өрістердегі түбегейлі өзгерістер  жаһандану үдерісінде әрбір мемлекет, әрбір ұлт үшін  сын және жаңа ізденістерге жол ашатыны ақиқат. Сондықтан бұл санаттағы шақырулар мен жаңарулар лебі біздің қоғамды шарпитыны және шындық.

Біздің қоғамның өзіндік кең масштабында әлі де болса толыққанды қамтылмаған құндылықтары бар. Біздер сол құндылықтарды еліміздің тұрақтылығы мен қоғамдық тұтастығын сақтау мақсатында игілікті, ізетті және зайырлы контексте іске қосумызға толық негіз бар.

Ұлттық құндылықтың түп мәні барлық тарихи кезеңде кез-келген мемлекеттің бет бейнесін қалыптастырған және қоғамның рухани-мәдени сұранысына лайық жаңа идеялар мен  қоғамдық идеалдар ұсынған тарихи тұлғалар мұрасынан табатынымызда. Әлеумет негізінен қоғамның саяси, тарихи-мәдени, рухани даму үдерісінде тұлғалардың интеллектуалды рөліне баса назар аударып, ұдайы сенім артатыны да содан. Тіпті мемлекеттік саясатта да шешуші маңызға ие болатын қасиеті бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын соның тарихи айғағы, мемлекеттік деңгейде мән-мағына берілген ұстаным және тарихи-идеологиялық бағдарды айқындап берген ұлттық құжат деп қабылдаймыз.

Абай Құнанбайұлының мұрасындағы адамзат тұрмысын зерделеу және оның болашақ көкжиегі туралы көзқарастар жиынтығын тарихи тұрғыдан алғанда ұлттық тұжырымдама деп қабылдауға толық негіз бар. Ақын өз заманында бас еркіндігі болмаған халқының ұлттық болмысын ізгілікті тәрбие жолымен сақтауға және білім-ғылым жүйесі арқылы күшейтуге шақырды. Дана ойшылдың осы негіздемесі бүгінгі тәуелсіз еліміз үшін аса маңызды әрі қажеттігін уақыт көрсетті.

Ақын мұрасының өміршеңдігін мемлекет басшысы мақалада «Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бү­гін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай­дың ой-тұжырымдары барша­мызға қашанда рухани азық бола алады», деп баса айтуы бұгінгі қазақстандық қоғамға терең ой салды және жаңа өмірге жігерлі серпін берді. Өйткені, Абай адамзат тарихының терең қатпарлары мен  үдемелі даму астарларына ой барлатып, дүниежүзілік өркениет көшіндегі қазақ халқына сындарлы пікірлерін айту арқылы ізгілікті даму мен өркендеудің нақ жолын көрсетті.

Президент стратегиялық мақаласында Абай Құнанбайұлы шығармашылығы контексінде  жеке адамның (индвидтің) һәм ұлттың қоғамдық және мемлекетпен қарым-қатынас проспектілері, Еуразия құрлығында бастау алған «Ұлы жібек жолы» трансконтинентальдық трассасында жүріп өткен мәдени-рухани өзгерістердің (әлемдік діндердің таралуы), урбанизациялық және мәдени-этникалық сипаттағы миграциялық үдерістердің (халықтардың көші-қоны, қала мәдениетінің қалыптасуы, өркениеттілік санаттағы әр алуан байланыстар), әлеуметтің коммуникациялық топтарының (сауда, тілдік байланыстар, мәдени синтез және т.т.) адамзат қоғамының дамуындағы ретроспективасын, тарихи – мәдени  кеңістіктегі моральдық – этикалық қалыптарын талдап, бүгінгі жаһандану үдерісінде олардың позитивті жақтарын алу жолдарын және қоғамды ілгерлетуде жаңа технологиялық жүйелердің маңызына аса мән беру қажеттігін көрсетті.

Абай Құнанбайұлы зерделеп-саралап берген төл құндылықтар жүйесінде ұлтымызды әлемдік кеңістікке барынша танымал ету және саяси, экономикалық, әлеуметтік һәм тарихи-мәдени байланыстар шеңберіндегі жетістіктеріміз арқылы рөлін күшейту мақсат-міндеттері қойылды.

Ұлттық стратегиялық мағынадағы бағдарлама аясында тарихи-мәдени мұраларды Абай Құнанбайұлының танымындағы тарихи-мәдени және әлеуметтік көзқарастарымен екшелеп, айшықталған және өзара үйлескен аспектіде мазмұндалған  санатта көпшілікке ұсыну идеясы біздің перзенттік парызымыз деп қабылдаймыз.

Абай Құнанбайұлынан қазіргі  қазақ қоғамы не алады деген әлеуметтік сұраққа ғылыми-көпшілік мағынада жауап берілген бағдарламалық санаттағы мақаланың басты өзегі жаңа әлемдік тенденциялар негізінде Қазақ елі мен халқы идеясын өркениет көшінің төріне шығару мақсаты деп білеміз.

 

Ерлан Сайлаубай,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы

«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?