Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұмыттырылған өркениет немесе “Қазақтың ауызша тарихы”

2704
Біз туған даланың бағызы тарихын ешкім тап басып айта алмайды. Көшпелінің өткеніне ешбір ғалым тиянақты тұжырым тауып, дүниені түгел бас шұлғытқан да емес.

«Қар басты әупілдектің қамыстығын,
Айтады әркім көрген қасірет-зарын».
— халық әнінен.
Біз туған даланың бағызы тарихын ешкім тап басып айта алмайды. Көшпелінің өткеніне ешбір ғалым тиянақты тұжырым тауып, дүниені түгел бас шұлғытқан да емес. Бірақ, бұл көшпелінің тарихын кім көрінген жасай береді, жаза береді деген-де сөз емес. Біз туралы тек біз ғана толық айта аламыз. Иә, бізде өзгелердей жазылып, хатталып қойылған тарих жоқ. Шын мәнісіне үңілсеңіз жазудың немесе әріптің міндеті не еді? Ол сөз немесе дыбысты шартты бейнелеу емес пе! Демек, дыбыс пен сөзді жеткізудің бір тәсілі осы болды. Өзгелер осы тәсілді қолданды. Осы тәсілді қолдану арқылы тарихын бүгінге жеткізді. Себебі олар өздерінің жадына сенген жоқ. Шартты белгіге, әріп пен жазуға сүйенбесе өзінің бүгіннін ертең немесе оның арғы күні ұмытатына көзі жетті. Ал көшпелілер сөз бен дыбысты жеткізуге оған ұқсамайтын тіке тәсілін талдады. Сөзді сөз күйінде яғни, ұйқасты, ырғақты есте тез қалаты ғажайып поэзия тілімен қалдырды. Себебі біз өз жадымызға сендік. Басынан өткені мен кешкенін ұрпағына хатқа жазып берген емес, қайта бесігінен ұрпақтың санасына, сол арқылы қанына сіңірді. Қанның информация тасымалдайтынын сол кезден-ақ білген көшпеліні мәдениет пен өркениетке кенде деп кім айта алсын.

283d1d2d29c99b3f168c2ff5f17020e0.jpg

Жазуымыз жоқ болғаннан емес, көзге көрінетін, ондай материялық деректің өзгелер жағынан жойылып кететінін білгеннен. Ал сөз ше, сөз? Сөз тек адамның жадында ғана жазылады. Жадында жатталған деректі құртудың екі-ақ амалы бар: бірі — сол адамды жоғалту; екінші — мәңгүрт ету. Бір көшпелі аман қалады екен, тарих ертеңге жалғасатын еді. Ал көшпеліні түгел тауыса қыратын қуатты ел тарихта болған емес. Тарих ғылымында «Анау алай болмаса, бүгін бұлай болар ма еді» дейтін ой жүрмейді. Алайда осы жерде ойлап қарайық, тарихын тек жазумен ғана таныған елдің сол көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын деректері бір, ақ күнде жоқ болса не болмақ? Тарихта тап солай болмағанымен алда күнге кім солай кесім айтады? Мысал ретінде Нұх пайғамбарға дейінгі өркениетті алып қарайық, Нұх пайғамбарға дейінгі өркениет бір мезгілде су астында қалды, жазулы, сызулы тарихтың бәрі құрдымға кетті, тек адам санасына жазылып қалған деректер ғана, аңыз болып жетті. Ал оның хатқа түсуі мұндағы ғана әңгіме. Демек көшпелілер тарихы туралы жадымыз бен қанымыз көшпелі біз ғана айта аламыз. Бұл әрине Смағұл Елубайдың «Көшпелінің тарихын тек көшпелілер ғана айта алады» деген сөзіне жалғастық. Және Көшпелілер туралы көшпелінің ұрпағы ретінде, Ақселеу Сейдімбеков «Қазақтың ауызша тарихы» атты еңбегінде айтқан.

Көшпелі өмірдің қалыптасуы Сақ дәуірінен-де арыда болса керек. Себебі ғалымдар Сақ кезңіне жататын, қазба деректерге негізделіп, оларда кездесетін «Аң стилінің" және қолөнер бұйымдарын жасау техникасының қалыптасуы, осы жұрттың көшпелі өмірге ауыспай тұрғанда басталған болуы мүмкін деген болжамайтады. Бұл болжамға әсіресе, Ілияс Есенберлин мен Х. Алпысбаев табанды болған екен. Шыныменде осы қолөнер мұйымдарын жасауға қатысты бірде бір деректің әліге дейін табылмауы, мысалға алтын, күміс балқытатын немесе жан-жануарлардың бейнесін салатын қалыптар мен құрлығылардың кездемпеуі. Осымен қоса көп деректер, көшпелінің осыдан бұрында өзгелерден оызық мәдениет пен өркениет ошағы болғанын дәлелдейді.

Содан бері көшпелілер деген ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын тарихы мен мәдениеті бар ел жасап келді. Қазақ журналистикасының белді қайраткері, түріролог, жазушы, Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақтың ауызша әдебиеті» атты еңбегінде Көшпелілердің болмысы туралы немістің этнографы Альберд Вебер: «Ат үстіндегі көшпелілер дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениетке ие елдерін жаулап алды. …Үстем нәсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы қалыптастырып, оны эпос түрінде паш етті. …Сөйтіп өмірдің мән-мағынасына қатысты сол кездегі тарихы соқталы істердің бәрінде-де трансцендентті әмбабап дінді, философияны және тәртіпті қалыптастырды». деген пікірін келтірген. Осындағы трансцентһдентті әмбебап дін дегенге тоқталатын болсақ, «Қазақтың ауызша тарихында» Неміс ғалымдарының өкілі Альберд Вебердің Көшпелілер даласында біздің заманымыздан бұрынғы 15 ғасыр көлемінде Құлзым теңізінің маңында (сол кездегі Каспий теңізі) осы адамзат өркениетінен алғаш болып, о дүние мен пәни туралы, жәннат пен дозақ туралы уағыздаған Заратуштра (Зората) дәлірек айтқанда, бүгінгі біз айтып жүрген Зорастризмның түп қазығы екенін және ол көршілес өркениеттерде кейіннен пайда болған барлық діндердің негізі болғанын мойындағаны туралы ситатты келтірген екен. Осы бүгінде таралып отырған діндердегі осы тақырыптардың ұқсастығы Дін тарихын жаңа ерадан бұрыннан бастап атартып, өзгелерге иегінің асытымен қарайтын өзге жұрттардың осы дәлел алдында көшпелінің даласы туралы қайта ойлануына тура келеді.

А.Вебердің айтқанындай «Үстем нәсіл ретінде» дүниеге шын ерліктің, досына адал, жауына қатал мәрт көңілдің болмысын танытқан едік. Алайда, біздің даңғыл көңіліміз өзгелердің жымысқылығымен әділетсіздікке ұшырады. Күні сол кезден тартып, өзгелер Көшпелілерге деген тарихи қианатын бір тоқтатқан емес. Оған Сақ жеріен жасалған Парсы мен Ескендір Зұлһарнайынның шабуылдары, Ғұндардің Батысқа ауып көшуі, Түркілердің ыдырауы, Араб қосынының түрік даласындағы балбалдарды құртуы, жазуын жоғалтуы, бәрін айтпаған да күні кешегі Кеңестің түркі балаларын дәстүр мен дін, ділдер айыра жаздауы анық мысал бола алады. Жер бетіндегі бір іргелі мадениеттің ұмытылуы оның жадын жоғалтуынан асқан ашынарлық не бар. Біз жадымызды жоғалтқан жоқпыз, өзгелер жағынан жоғалтылды. Көшпеліні соғысып алудың қиынын сезген соңғы ел тарихтағы бізге қаратылған ең ауыр қиянат мәңгүрттендіруді жасады. Ол біздің түгелге жуық қырылғанымыздан да ауыр, әрі үрейлі болды. Көзінен көшпелінің оты жанған жандардың өзінің кешегісі туралы ештеңе-де елестете алмауына тең келетін трагедия бола ма!

Ақселеу Сейдімбек осы еңегінде қазақ тарихының сол зобалаңдардан аман қалған лира-эпостық жырларын, аңыз-ертегілерін, мифтерін көшпліге тән ерекшеліктігі тарих ретінде көрсетеді.
Өзгелер үшін біздің тарихты көзден ғайып, көңілден ұмыт ету өздерінің тарихтағы әлсіздігімен жасаған қиянатын жасырып жабумен бірдей. Әрине барлығы емес, Көшпелілер айналасында әуелі біздің сосын өздерінің тырнағы батқан жұрттар.

Дәуірдің тасы осы кезі адамдық ой-сананың жаңаруы мен жаңғыруына тура келіп тұр. Жұлдызшылар мен философтар тұтас адамзат тарихында бұл кез бір жұлдыздың уәкілдік кезеңінен енді бір жұлдыз кезеңіне алмасу мезгілі деп жорамалдап отыр. Осыдан бұрынғы мезгіл біздің бағымызға болыспаса да біз болашақтан үміткерміз! Көшпелілердің мәрт жүрегі мен дарқан көңілі болашақтан үміткер!
Есхат БОЖАН

Дереккөзі: http://baribar.kazjur.kz

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?