Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Адами капиталды дамыту аясындағы қашықтықтан білім беру мәселесі

2775
Адами капиталды дамыту аясындағы қашықтықтан білім беру мәселесі - e-history.kz
Мақалада адами капиталдың маңызды құрамдас бөлігі ретінде білім беру жүйесінің қазіргі инновациялық технологиялар даму кезеңі жағдайындағы артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған.

eaec5f5f477feab101a5704f04ebe730.jpg

 Заман талабына сай келетін қашықтықтан оқытудың принциптері көрсетіліп, оларды қазақстандық қоғамда тиімді жүзеге асырудың нұсқалары берілген. Қашықтықтан оқытудың аясында ұстаз рөлінің өзгеру мәселесі көтеріледі. 

Қазіргі қоғамтануда адами капиталды қалыптастыру мен дамыту мәселесіне үлкен көңіл бөлініп жатыр. Қазақстандық әлеуметтану мен әлеуметтік философияда бұл үрдіс қазақстандық қоғам өмірінің стратегиялық маңызды саласы мен мемлекетіміздің ұлттық басымдылығы ретінде қарастырыла бастады. Адами капитал адамдардың парасаттылығы, білімдарлығы мен квали- фикациясы арқылы көрініс тауып, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Инновациялық өндірістің функционалды құрамдасы ретінде адами капитал білім мен дағдыларды, тәжірибені біріктіре оты- рып, адамның интеллектуалды, адамгершіліктік және мәдени бағдарланған қабілеттерін іске асырудың формасы болып табылады [1, 8 б.]. Бәрімізге мәлім, Біріккен Ұлттар Ұйымы 1990 жылдан бастап АӘДИ (адами әлеуеттің даму индексы) әдістемесі негізінде әрбір мемлекет үшін адами әлеуетті қалыптастыру мен дамытудың жылдық талдауын жүргізеді. АӘДИ анықтау әдістемесі негізгі үш өлшемге негізделеді: - туылу кезінен анықталатын өмірдің болжамды ұзақтығы; - білім деңгейі; - сатып алушылық қабілетінің теңдігі (бір адамға шаққанда шынайы ішкі жалпы өніммен анықталатын өмір деңгейі). Ғылыми зерттеулердің көрсетуінше, адами капиталды қалыптастыратын барлық факторлардың жалпы ықпалы мынадай құрылымға ие: 60 пайыз – адам білімінің деңгейі, ал 40 пайыз – әлеуметтік шығу тегі, денсаулық пен табиғи қабілеттер [1, 18 б.]. Осы орайда, адами капиталды қалыптастыруда және оның тиімділігін арттыруда білімнің жетекші орынға иеленетіні айдан анық. Бірақ, әлемде қалыптасып қалған қағидалар бойынша, яғни адамның бәсекеге қабілетті болуы, индивидуалдық қабілеттерін дамытуы және лидерлік қасиеттерге иеленуі жағдайында білім беру жүйесінің принциптерін қайта қарастыру көзделіп отыр. Ақпарат кеңістігінің ұлғаюы есебінен қоғамда «білім беру» мен «білім алу» түсініктеріне қатысты белгілі бір стереотиптер қалыптасқан. Қазіргі таңда білім беру үрдісі әңгімелесу арқылы ақпаратпен алмасу, яғни оқытушы мен оқушының арасында горизонталды қарым-қатынастарының болуын меңзесе, онда білім алу өз кезегінде адамның бойында қалыптасып болған дағдылар мен қабілеттерді шыңдау, оларды жетілдіруді қарастырады. Бұл жағдайда «білім беру» мен «білім алудың» қандай формасы тиімді болаты- нын анықтау қажет. Тарихқа үңілетін болсақ, орта ғасырлардан бастап ХХ ғасырдың ор- тасына дейін жоғары білім қоғамның ауқатты өкілдеріне ғана қолжетімді болды, ал XVII ғасырда енгізілген оқытудың сынып-сабақтық әдістеріне қатысты ешбір сыни көзқарастар келтірілмеді. Ол өз кезегінде қоғам тара- пынан жоғары білімі бар мамандарға объективті сұраныстардың болмауына және жоғары оқу орнында бір рет алынған білімнің өмір бақи жеткілікті болуына тікелей байланысты болып келді. Жағдай ХХ ғасырдың ақырғы ширегінде күрт өзгере бастады. Когнитивтік әлеуметке өту үдерістерінің пайда болуы жоғары білімі бар мамандарға сұраныстың пайда болуымен жорамалданды. Соңғы 30-50 жыл ішінде білімнің ескіру жылдамдығы кенеттен өсіп кетті. Студенттің университеттің бірінші курстарында қолданатын ғылыми жетістіктері оқу орнын бітірген кезде өзектілігінен айырыла бастады. Бұл орайда технологияларды қолдану мерзімі үш жылдан бес жылға дейін қысқара түсті. Әлемде жоғары білімге деген сұраныстың өсуі оқытудың дәстүрлі тех- нологиясын қолданатын жоғары оқу орындар санының ұлғаюына әкеліп соқтырды. Осыған орай, студенттер де көбейе бастады. Дегенмен, мұндай сұраныстың өсуі оқу орындарының жетіспеуі жағдайында байқалып жат- ты. Мысалға, АҚШ-та сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы қалыпты 15 миллион адамның орнына 100 миллионды құрайды, ал Қытайда 5 миллион адамға 80 миллион адам келеді [2]. Қоғамда жоғары білімді иелену сұранысын қамтамасыз ету үшін дәстүрлі технологиялар жағдайында жоғары оқу орындар мен оқыту- шылардың санын ұлғайту мәселесі пайда болды. Ал дәстүрлі кампустық білім беру технологиясы заманауи талаптарға сай еместігін көрсетуде  Адами капиталды дамыту аясындағы қашықтықтан... және де бұл сәйкессіздік «білімге негізделетін қоғамның» пайда болуы- мен байланысты. Осы орайда мемлекетіміз бірегей әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында жаңа ақпараттық технологияларды барынша қолдану мүмкіндігін мақсат етіп отыр. Бұл өз кезегінде пәндік курстар мен ақпараттың дәстүрлі басылым тасымалдаушыларын пайдалануды ғана емес, сонымен қатар коммуникацияның заманауи құралдарының негізінде компьютерлік оқытушылық бағдарламаларды қолдануды меңзейді. Олардың көмегімен уақыт пен кеңістіктің жағдайларына қарамай «білім беру» мен «білім алу» үдерістерінің жаңа мүмкіндіктері қалыптасады. Білім берудің мұндай түрі әлемдік тәжірибеде «қашықтықтан оқыту» деген атауға иеленді. «Қашықтықтан оқыту» – distance learning – әлемдік жоғары оқу орындарының білім алу үрдісінің қажетті элементі ретінде қарастырылады. Мысалға, АҚШ-та виртуалды университеттердің жүйесі қарқынды дамып, онлайн курстарына жазыламын деушілердің саны жыл сайын 50% өсіп келеді. Төрт мыңнан астам колледж пен университет он-лайн курстарды немесе дәстүрлі сабақтарға қосымша түрде виртуалды технологиялар- ды қолданады. Мысалға, Юта штаты университетінің 120 мың студент ішінен 80 мыңы қашықтықтан білім алады. Оқу орындарының бірқатары ортақ виртуалды университет құруда өздерінің қаржылай мүмкіндіктерін біріктіреді. Мысалға, Western Governors University студенттері 19 түрлі штатта орналасқан 40 жоғары оқу орынның курстарын таңдай алады. Ұлыбританияда Open University оқу орнының 200 мың студентінің 170 мыңы on-line режимінде жұмыс істейді. Қашықтықтан білім беру жүйесі Швецияда, Канадада және Нидерланды мемлекеттерінде қарқынды дамып жатыр. Германияда әрбір екінші студент «виртуалды жоғары оқу орындарының» қызметін пайдаланады, мемлекет бойынша мұндай бағыттағы жобалардың саны 60-тан астам. Мысалға, Virtulle Hochschule Oberrhein Фрайбург, Карлсруэ, Мангейм, Гейдельберг университеттерінің интерактивті бағдарламаларын біріктірді [3]. Соңғы жылдары Қазақстанда электронды, виртуалды білім берудің технологияларын енгізу бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жа- тыр. Ол өз кезегінде белгілі бір бағыттар бойынша жүзеге асырыла- ды. Нақтырақ айтқанда, бұл – қашықтықтан оқытудың технологияла- рын енгізу, тестілеу жүйесі, ішкі жергілікті желілерді құру, Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Еуропа, АҚШ пен Ресейдің көптеген ашық университеттері республика бойынша мамандарды іріктеп, өздерінің вирту- алды университеттері арқылы даярлау курстарын жүргізіп жатыр. Жүздеген қазақстандықтар осы университеттерде қашықтықтан білім алып, екі түрлі жоғары оқу орнында оқу бағдарламасы бойынша диплом алып жатыр. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, К.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, Қарағанды экономикалық университеттері сияқты жоғары оқу орындар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, әлі күнге дейін Қазақстанда қашықтықтан білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытуға қатысты бірегей көзқарас қалыптаспады. Көбісі оның ХХІ ғасыр білім беру жүйесінің келбетіне айналатынын ұйғарады. Эксперттердің мұндай ұстанымдары қашықтықтан білім беруді жете зерт- теп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп көрсетуді талап етеді. Оқытудың инновациялық формаларын қолдану өз кезегінде әлеуметтік- философиялық талдаумен қамтылуы тиіс. Қашықтықтан білім беру жүйесін талдау және оның мәнін жете түсіну осы формадағы оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді [4, 269 б.]. Халықаралық тәжірибенің зерттелуі бойынша, қашықтықтан білім беру үздіксіз оқытудың бір түрі бола тұрып, адамның білім мен ақпарат алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еуропалық ғалымдардың бірқатары қашықтықтан оқыту жүйесін дәстүрлі білім беру әдістемесі ретінде қарастыруды көп жылдар бойы ұсынып келеді. Индиана Университетінің оқытушылары М.Даффи мен Джэми Керкли өздерінің «Қашықтықтан оқытудағы тұлғаға бағдарланған теория мен тәжірибе» атты кітаптарында қазіргі заман технологияларын қолдана отырып, он-лайн-сабақ жүргізудің артықшылықтарын көрсетіп өтті. Олардың ойынша, он-лайн сабақтар оқушылардың ізденістерін кеңейтіп, өзара интеграцияланудың алғышарттарын қалыптастырады. Өзге зерттеушілер мен оқытушылар он-лайн-сабақтардың аудиторияда берілетін білімді қамти алмайтынын ұйғарады [5]. Осыған қатысты дәстүрлі білім беру жүйесінің «ұстаздың рөлін жоққа шығармау» қағидасын ұстана отырып, оқушының тек білім дағдыларын емес, сонымен қатар тәрбиелік мағынадағы құндылықтарын қалыптастырып, дамытатыны ескеріледі. Көптеген еуропалық зерттеушілер қашықтықтан білім беру жүйесін зерт- теу барысында оқытудың тұлғаға және мәселеге бағдарланған оқу формала- рын қарастырады. Оқытудың тұлғаға бағдарланған түрі оқушының әлеумет- тік және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға негізделсе, онда мәселеге бағдарланатын оқыту оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, шешім қабылдауда ұжымның мүддесін ескеруді көздейді. Қашықтықтан білім беру жүйесінің осы іспетті маңызды құрамдастарын тереңінен зерттеу арқылы және олар- ды тиімді қолданбалы формада жетілдіре отырып, практикада қолдана білу оның позитивті аспектілерін көрсетумен бара-бар. Осы орайда біздің қоғам қашықтықтан білім беру жүйесінің артықшылықтарын қолданып, шыны- менен де заман талабына сай оқытушы мен оқушының портретін құрудың мүмкіндіктерін қазірден бастап қолға алуы керек. Білім беру жүйесі оқытушы мен оқушының тікелей қарым-қатынасымен сипатталатын құндылықтарды қалыптастырушы үрдіс болып табылады. Бұл жағдайда білім тек материалды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін құрал емес, ал адамның өмірге деген байсалды және саналы қатынасын қалыптастыратын құндылық ретінде қарастырылады. Білім белгілі бір теория немесе қағидамен баламалы емес, ол адамның ішкі сезімінен, түйсігінен шығатын рухани азық болып табылады. Қандай да бір ілімді ішкі дүниесінен өткізіп, оның тамаша қырларын өзгелерге жеткізе білетін адам ғана «ұстаз» немесе «оқытушы» атағына лайық. Қашықтықтан білім беру жүйесі өз кезегінде «ұстаздың» мұндай рөлін ескермейді. Соның есебінен біз ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан «ұстаз» бен «оқушының» арасындағы байланыстың ыдырауын көре отырып, оқытушы рөлінің транс- формациялануын байқай аламыз. Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша ұстаздың функциясын тьютор атқарып, оқушыларға кеңес беру және бағыт- бағдар көрсету міндетін орындайды. Осы орайда тьютордың ұстаз орнын баса алатын мүмкіндіктерін қарастырып, оларды тиімді іске асырудың шараларын қамтамасыз ету керек. Дәстүрлі оқытудың әдістері бойын- ша ұстаз өз оқушыларын бақылауға ала отырып, белгілі бір объективті ақпараттың жеткізу құралы болса, онда тьютордың қазіргі функциясы сту- денттерге ақпаратты іріктей білуді үйрету немесе объективті ақпаратты табуға бағыт-бағдар беру болып табылады. Осындай жағдайлардың орын алуы студенттердің білім алу үрдісіне жауапкершілікпен және белгілі бір дәрежеде шығармашылық ұстаныммен қарауын қамтамасыз етеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі инновациялық технологияларға бағдарланған қоғамның сұраныстарына жауап бергенімен, адамның ішкі және түп қажеттіліктерін орындамауы ықтимал. Осы орайда қашықтықтан оқыту аясында адами болмыс мәселесінің зерттелу деңгейін анықтау ке- рек. Өйткені, адами капитал көп жағдайда материалды игілік болғанымен, адамның бойында белгілі бір құндылықтардың болуын ұйғарады. Қандай да бір құндылықтарды жетекшілік ететін адам ғана алған білімін конструк- тивті тұрғыдан қолдана алады. 

Әдебиеттер

1 Формирование человеческого капитала в независимом Казахстане: социально-философский анализ. – Алматы, 2011. 

2 Тенденции высшего образования ХХІ века // Казахстанская правда. – 2012, 27 декабря. 

3 Виртуальные университеты Казахстана: состояние и перспективы, или как повысить эффективность высшего образования // Казахстанская правда. – 2009, 2 октября.

 4 Турысжанова Р. Инновации в образовании и формирование человеческого капитала // Материалы научно-практической конференции, посвященной 60-ле- тию профессора М.З. Изотова. – Алматы, 2012. 

5 Thomas M. Duffy, Jamie R. Kirkley. Learner-centered theory and practice in distance education. – London, 2004. – P. 481.

Резюме

Кокушева А.А. Проблема дистанционного образования в контексте раз- вития человеческого капитала В статье анализируется проблема образования в условиях инновационно ори- ентированного общества. Показывается, что дистанционное образование является приоритетной формой образования  и признанной практикой в развитии челове- ческого капитала. Автор также рассматривает роль и назначение преподавателя в дистанционной форме обучения.

Summary

Kokusheva A.A. The Problem of Distance Education in the Context of Human Capital Developing The article describes the problem of education in condition of innovative society. Also article shows that distance education is a foreground form of education and recognized practice in developing of human capital. Author examines a role and purpose of teacher in distance education.

Әсем Кокушева – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты (Алматы)
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?