Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТМД ЕЛДЕРІМЕН ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

4944
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ  АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ  ТМД ЕЛДЕРІМЕН ҚАТЫНАСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  - e-history.kz
(Мемлекеттер арасындағы байланыс, ұлтаралық қатынас мәселесі)

(Мемлекеттер арасындағы байланыс, ұлтаралық қатынас  мәселесі)

Кеңес Одағы ыдырап, орнына жаңа қауымдастық-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылған соң бұлардың алдында күрделі саяси, әлеуметтік-экономикалық, дипломатиялық т.б. қызметтермен  қатар,  бұрынғы бір Одақ  тұрғындары болған азаматтар арасындағы  туындаған жаңа жағдайларды шешу міндеті қойылды.   Олардың  ішіндегі маңыздысы

Достастық елдері арасындағы көші-қон, азаматтық мәселерін тұрғындардың мүдделеріне сай ортақтаса шешу аса қажеттілікке айналды.

Сонымен қатар, мәдениет, білім, ғылым денсаулық сақтау бағыттарындағы жүйеленген іс-әрекет, т.б. салалардағы келісімділікті жүзеге  асыру міндеттері кезек күттірмес міндеттер ретінде туындады.

 Аталған мәселелер осы республикаларды мекендеген ұлттардың мүдделерімен санасуға, мемлекетаралық қатынастарда ескеру қажеттігінен туған еді. КСРО бұрын көпұлтты мемлекет ретінде қалыптасқаны, ал Кеңес Одағының ұлт саясатыда көптеген қателіктерге жол беріліп ақырында бұл мемлекеттің құлауына әкеліп соғуына әсер еткен фактордың бірі болғанын тарих дәлелдеді. Армения мен Прибалтика республикалары болмаса қалғандары көпұлтты болды. Ресей Федерациясында 1 миллионнан астам қазақ диаспорасы, ал Қазақстанда 4 миллонға таяу орыс диаспорасымекендеді. Осы диасполардың саяси, әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің қорғалуы, олардың мемлекет құраушы ұлтпен, яғни титулды ұлттармен тең деңгейде өмір сүруі екі мемлекет арасындағы қатынастардаміндетті түрде ескеріліп отырды. Бұл диаспоралар өкілдерінің ТМД аумағында азаматтық алу мәселесі, мемлекетттік шекаралардан заңды түрде емін-еркін жүріп тұрулары, түрлі оқу орындарында білім алуы, ғылыми байланыстар жасауы, жұмыс істеулері, кәсіппен шұғылдануы, денсаулықтарын түзету, туристік сапарларға шығуы, тұратын республикаларда өздерінің тілін, салт-дәстүрін сақтап дамыту үшін ұлттық-мәдени орталықтар құруы т.б. мәселелерді бірлесіп шешуге қол жеткізілді. Осы маңызды мәселелерді бірлесіп шешу арқылы Қазақстан Республикасы Достастық елдері халықтарымен ынтымақастық, өзара сыйластық пен сенім қалыптастырып келеді.

        Осылар арқылы  бұл қауымдастықты ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы әлемге шаруашылықтары реттелген,  саяси, әлеуметтік жағдайы тұрақты, экономикалары  нарық талаптарына сай  өркендеуге бағыт алған жаңа мемлекеттер бірлестігі  ретінде  таныстыру  мақсат етілді. Осылардың ішіндегі маңыздылардың қатарына Достастық шеңберіндегі елдердегі  ұлтаралық  келісімді сақтау,  халық тұрмысын төмендетпеуге деген  бірлескен шараларды  іске асыру бірінші кезектегі атқарар шараға айналды.

     Егер де ТМД-ның қалыптасу тарихына шолу жасайтын болсақ,1991 жылғы  21 желтоқсандағы  Қазақсан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтыңбастамасымен өткен жоғары деңгейдегі  Алматы кездесуінде оның алдындағы “Беловежск келісімі” талқыланып, кездесуге қатысушылар тарапынан қолдау тапты, және тығыз бірлескен экономикалық одақ құру туралы шешім шығарылды.   Солармен қатар“Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері Алматы саммитінде бірқатар, атап айтқанда, Тәуелсіз Мемлекеттердің Ынтымақтастығын құру туралы  Келісімнің Хаттамасын, Алматы Декларациясын,  ТМД-ның  координациялық институттары туралы  Келісімді,  ТМД  мемлекеттері жетекшілерінің  БҰҰ және тағы да басқа  халықаралық ұйымдарға  мүшеліктері туралы құжаттарды қабылдады. Кездесудің  үлкен жетістіктерінің бірі  Ресей Федерациясының   БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің құрамына енуі болды. Ядролық қаруға бірлескен қатынас туралы  Келісімге қол қойылды.  Елдер  әскери-стратегиялық күштерді басқару мен  ядролық қаруға ұжымдық бақылау жасау мәселелерін  алдын-ала келісуге жетісті.  ТМД-ның Минск қаласында орналасатын үйлестіру органдары, сонымен бірге мемлекеттер мен үкімет жетекшілерінің Кеңесі   негізделді[1].

 Егер де сол мерзімдегі ресми деректерге талдау жасайтын болсақ, ТМД құрылған алғашқы мерзімнен бастап оның жұмысын ұйымдастыруда, бірлестік алдында тұрған  келелі мәселелерді  айқындауда  күрделілік пайда болды. Себебі, мұның өзі  Достастыққа мүшелікке енген  республикалардың көпшілігінің  дербес саясат жүргізу тәжірибелерінің аздығы,  осы уақыттағы  Кеңес Одағының тарауы себепті  әлемдегі  халықаралық, экономикалық саясаттың жаңа бағдар алуы,  республикалардың халық шаруашылығының социалистік жолының күйзеліске ұшырап, нарыққа өту мерзіміндегі сәйкессіздіктерінен туған еді.  Ұлт, дін аралық, т.б.  ішкі қатынастардағы байқалған шиеленістер, одақтың кезіндегі бір орталықтан басқарылған әлеуметтік, мәдени, тағы да басқа  бағыттардағы істердің тоқтап қалуы болды. 

       Солай болғанымен де  ерікті тұрғыда Достастық құрамына енген  республикалардың  өтпелі  кезеңдегі нарықтық экономиканы негіздеу, халықтың тұрмыс-жағдайларын төмендетпеу, т.б. міндеттерді  атқаруда осындай  бірлестіктің  қажет екендігі белгілі еді. Өздеріне жете таныс емес демократиялық басқару жүйесіне,  нарық қатынастарына  бірлесіп өтуді  күнделікті жағдайдың өзі талап етті.

Міне, сондықтан да  Қазақстан Республикасының Президенті  алғашқы күннен-ақ Достастықты жетілдіру  жолдарын ұсына бастады. “Мен әрқашан рубльдік аймақ,- деп жазады  Н.Ә.Назарбаев аталған тұрғыда,- республикалардың   (оған өздерінің валюталары бар республикалардың қосылу мүмкіндігін жаққа шығармай) Экономикалық одақ құруды жақтаймын. Мұндай одақтың негізіне  тауарлардың, капиталдың, жұмыс күші мен  қызмет  көрсетудің  еркін айналысы принцпі негізделуі тиіс. Келісілген қаржылық,  ақша-кредиттік,  салық, баға,  әлеуметтік, көпукладты экономикалық саясат маңызға ие.

Өзара келісімдер негізіндегі мемлекеттер арасындағы тығыз  байланыстың, жекелеген мемлекеттер тарапынан бір жақты басқалардың мүдделерінен тыс шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейтін ұлттық, мемлекеттіктен жоғары тұратын үйлестіру институттарын құрудың   ортақ принцптерін негіздеу  қажет”[2].

Қазақстан жетекшісі  ішкі қайшылықтар  барынша меңдегенКеңес Одағы тарамай тұрып-ақ  осы көпұлтты мемлекеттегі  орын алған нақты жағдайларды ескере отыра, барынша кеңейтілген саяси,  экономикалық дербестікке негізделген  жаңа одақты құрудың қажеттігін  ұсынды. Мысалы,1991 жылдың қазан айындағы  Лондонның  Корольдік халықаралық  қатынастар институтында  сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев:“...Қазақстан Алматыда қабылданған  экономикалықынтымақтастық  туралы Келісімге қол қойды, осы арқылы  Тәуелсіз мемлекеттердің  Одағы туралы  шарттың  жобасына арналған жұмыстардың  қайтадан басталуында  маңызды орын алған  жаңа одақтың қажеттігі туралы нақты  пікірді ұстанып келеді, -[3]деп көрсетті. Яғни, Н.Ә.Назарбаев ұсынған әлемдік талап негізіндегі Одақты  жаңартудың жолдары кейінгі ТМД-ны негіздеудің  басты шарттарына айналды.

      Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауға арналған  “Бразилия-92”конференциясында жасаған баяндамасында:“Мен әрқашан рубльдік аймақ республикаларының   (оған өздерінің валюталары бар республикалардың қосылу мүмкіндігін жоққа шығармай) Экономикалық Одақ құруларын жақтаймын. Мұндай одақтың негізіне  тауарлардың, капиталдың, жұмыс күші мен  қызмет  көрсетудің  еркін айналысы принцпі негізделуі тиіс. Келісілген қаржылық,  ақша-кредиттік,  салық, баға,  әлеуметтік, көпукладты экономикалық саясат маңызға ие.

      Келісімдер негізіндегі    мемлекеттер арасындағы  өзара байланыстың,  жекелеген елдер тарапынан бір жақты, басқалардың мүдделерінен тыс шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейтін ұлттық, мемлекеттіктен жоғары тұратын үйлестіру институттарын құрудың   ортақ принцптерін негіздеу  қажет”[4]-дей келе, жаңадан  негізделген  ТМД-ның алдындағы  экономикалық міндеттерді саралады.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттердің осы экономикалық  бірлестігі өмірге келгеннен бастап  оның тиімділігін арттыру, оған мүше елдердің  өзара тығыз ынтымақтастығын  қамтамасыз ету ісімен  жүйелі түрде шұғылданды. Оны республикамыздың басшысыН.Ә.Назарбаевтың 1992 жылдың 26 ақпанындағы Пакистанның  Лахор  қаласындағы  азаматтық қабылдаудағы:“Қазақстан  сонымен бірге  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын нығайтуға ұмтылады. Мен  бұрынғы Кеңес Одағы деп  аталған социалистік республикалар бірлестігі кеңістігіндегі  экономикалық  байланыстар мен  рухани  бағалықты,   аймақтағы  стратегиялық  мақсаттарды  сақтауға барлық мүмкіндіктерді пайдаланып келемін”,-[5] деген сөзі бекіте түседі.

Осы мерзімде Алматы қаласы Достастықтың  бүкіл үйлестіру жұмыстарын жүргізудің  орталығына айналды. Қазақстан астанасында өткізілген әр деңгейлердегі кездесулерде  жекелеген ТМД елдеріндегі  орын алып отырған  мемлекетті басқаруды жетілдірудегі демократиялық талаптарды енгізу, өтпелі кезеңнің барлықтарына ортақ қиындықтарын ойластыра отыра шешу,т.б. мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданды. ТМД-ға мүше елдердің осындай  бірлескен қызметінің маңызы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  1992 жылдың  16 желтоқсанындағы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған сөзінде атқарылған істерге,  орын алған күрделі  мәселелерге тоқтала келе: “Қазіргі күні  саяси жетекшілердің,  мемлекет қайраткерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының  қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы жауапкершіліктері бұрын болып көрмеген дәрежеде үлкен. Соғыстарды, соның қатарында азамат  соғыстарын  ештеңені де бөлуге қатыстырылмайтын халық емес,  ие болуға немесе айырылып қалудан қорқатын саясаткерлер бастайды. Бүгінгі тұрақтылық - бұрынғы КСРО құрамындағы барлық мемлекеттер үшін маңызды.

  Сондықтан да  Қазақстан жағынан Ресейдегі  демократиялық даму таяудағы оқиғаның шиеленісуіне шын көңілмен алаңдаушылық білдірілді. Осы жағдай менің  Ресей Федерациясы Халық Депутаттарының  ҮІІ сьезіне,  Президент Ельцинге, Жоғары Кеңес Төрағасы Р.Хасбулатовқа, фракциялар, саяси партиялар  мен қозғалыстар жетекшілеріне ресми тұрғыда сөз арнауыма мәжбүр етті.

... ТМД-ның жекелеген   басшыларының таяудағы сөздері   кейбіреулердің Ынтымақтастыққа деген  бұрынғы қалыптасқан көзқарастарын өзгерте, тіпті жағымсыз пікірді ұстай бастағандықтарын аңғартады.  Алайда  өзгерістің басты куәсі -уақыт өтеді,  ал ешқандай жетістікке әкелмейтін бос күтуді  адамдар кешірмейді. Сондықтан да  әрқашан тиімді ынтымақтастық жүргізіп келген Қазақстан қазір де  одан бас тартпай отыра,  бүгінгі ТМД-дағы  ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған  даму  жолдарын іздестіре бастады”, -  [6] деп көрсетті.

      Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан  сонымен бірге  Тәуелсіз Мелекеттер Достастығын нығайтуға одан ары  ұмтылады. Мен  бұрынғы Кеңес Одағы  тарағаннан кейінгі кеңістіктегі  экономикалық  байланыстар мен  рухани  бағалықты,   аймақтағы стратегиялық  мақсаттарды  сақтауға барлық мүмкіндіктерді пайдаланып келемін”,- [7] деген мәлімдемесі тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан басшысының ТМД-ның  қажеттігі мен болашағын айқындаудағы қызметін паш ететіндігі белгілі.

        Яғни, Қазақстан жетекшісінің осы мерзімдегі баяндамаларында тәуелсіздіктің бірінші жылдарындағы  Достастық елдеріндегі  орын алған  қиындықтар анықталынып, одан ойдағыдан өтудің қажеттілігі жан-жақты сараланды.

Біздің республикамыздың ТМД елдерімен  тығыз бірлестікті  қамтамасыз етудегі ұмтылысы және нақты атқарған істерінің нәтижелілігіне  Еуропалық қайта құру және даму банкінің:“...  Қазақстан өзінің сыртқы саясатында  Тәуелсіз Мемлекеттердің Достығы шеңберінде,  сонымен бірге  аймақтық  көршілес  Орта Азиялық  мемлекеттермен  арадағы ынтымақтастықты сақтау мен дамытуға ұмтылады. Қазақстанның  қауіпсіздік бағытындағы  алаңдаушылығын тудырған жағдайлардың  кейбіреулері  1992 жылдың 15 мамырындағы ТМД елдері жетекшілерінің Ташкент кеңесіндегі алты  ел (Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан  және Өзбекстан)  ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қоюы арқылы өзінің жауабын тапты”[8],-  деген анықтамасы айқын болады.

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  ТМД өмірге келген  кезден-ақ бұл ұйымның  тиімділігін арттырып, оған  мүше елдердің  экономикалық өркендеуін қамтамасыз етудегі орнына  жете маңыз беріп келеді. Осы мақсаттағы Достастықтың ішіндегі әр саладағы  тығыз өзара бірлестіктің  қажеттігін өзінің баяндамалары мен сөздерінде үнемі баса айтып келеді.  Мысалы, 1993 жылғы  “Қазақстан дипломатиясы” газетінің  бас редакторымен болған  сұхбатында ол:  “Экономикалық Одақ–ол заман талабы. Бұл терезесі тең ТМД елдерінің, тәуелсіз әріптестердің  интеграциялық жаңа тұрпатының көрінісі.  Бұрынғы КСРО көлемінде  енді ғана  тәй-тәй басқан  бұл жаңа экономикалық жүйе  әлі талай өткелдерден өтуі,  буынын бекітуі керек.  Біздің Мәскеуде қол қойған  Экономикалық Одақ жөніндегі сол Келісіміміз Қазақстанның өркениетті жолға, биік сана  мен адамзат тәжірибесінің  пайдасына қарай  шешуші қадам жасағанының айғағы.  Егемен еліміз үшін  бұл Одаққа  кірудің  пайдасынан басқа зияны жоқ”, [9]- деп көрсетті.

Н.Ә.Назарбаевтың ТМД-ны  әлемдік бәсеке талабына сай негізделген бірлестік ретінде  қалыптастырудағы бастамашылығы  оған мүше елдер басшыларының да  назарын аударды.  Мысалы, сол мерзімдегі  Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары  А.Шохинның  Президент  Б.Ельцинге  берген есебіндегі:“Соңғы уақыттарда  Қазақстан Президенті  Н.Назарбаев  өзінің алға қойған жоспары негізінде  ТМД-ғы интеграциялық құбылыстарды  күшейтуге  бағытталған   бірқатар ұсыныстарын баяндады.  Сәуір айында ол  Еуразия Одағын құру туралы  бастама жасады.  Шілде айында  Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Президенттерінің  Алматыдағы бас қосуында   ОрталықАзиялық Одақ құру туралы шешім қабылданды.  Тамыз айында Қазақстан Президенті  мемлекеттер басшыларының  кеңесінде  Достастық ішінде және одан тыс  жағдайындағы ынтымақтастыққа арналған жаңа интеграциялық  мәселелер қоятындығы туралы  мәлімдеме жасады,”-[10]деген сөздері бұл айтылғандардың мәнін аша түседі.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ТМД-ның   Еуразия аңғарындағы бірегей экономикалық қауымдастық  ретіндегі   дамуының болашағы зор екендігін әлемдік тұрғыдағы жиындарда жариялап,  ұйымдағы шешілуі  тиісті  келелі  мәселелерді  саралады, оларды іске асырудың жолдарын көрсетті. Солардың қатарында ТМД елдеріндегі ұлтаралық қатынас мәселелерін, солардың қатарындағы  барлығына ортақ -  тұрғындардың   өзара   көші-қон ережелерін, азаматтық алудың  жеңілдетілген тәртібін енгізу жолдары болды. Мысалы,   1994 жылғы ЕЫҚҰ елдері  жетекшілерінің Будапешт қаласындағы жоғары деңгейдегі  бас қосуында  сөйлеген сөзінде ол ТМД-ғы орын алып отырған  ұлт мәселесін шешудің  жолдарын талдай келе: “Кеңестік жүйеден кейінгі  барлық мемлекеттер  көпұлтты болып табылады.   Солардың ішінде бұл Қазақстанға да байланысты.   Аз ұлттардың  құқықтарын сақтау негізінде этносаралық келісімді қолдау мен нығайту талаптары  барлық ТМД елдері ішкі саясатының  қажеттігі мен маңызды бағытына айналуы тиіс де есептеймін.  Сондықтан да Қазақстан  ТМД басшыларының алдағы Кеңесінде  Тәуелсіз Мемлекеттері шеңберінде  бейбітшілік пен  бәсеңдікті қолдауға арналған Пактыны бекіту туралы  ұсыныс жасады.  Бұл құжат  ТМД елдері  басшыларынан қолдау табады.  ЕҚЫҰ-нан  оңды бағасын алады деп  үміттенемін”,-[11]деген мәлімдеме жариялады.

        Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев жоғарыдағы аталғандармен бірге  ТМД-ға мүше елдердің  толық саяси дербестігі,  территориясының бұлжымастығы мәселелерін үнемі басты назарға алып келеді. Оның осындай ұстанымының негізінде  1995 жылдың  сәуір айында  Мәскеу қаласында  ТМД-ға мүше  елдер басшыларының  кездесуі өтіп, онда,  Достастыққа мүше мемлекеттердің өзара тығыз ынтымақтастығын одан ары дамытуға арналған Декларация қабылданды. Онда: “Өздерінің өзара қатынастарында  егемендік,  территорияның тұтастығы және мемлекеттік шекараның  бұзылмастығы принцптерінің орындалуын қамтасыз етеді”[12],-деген  шешім шығарылды. Аталған құжат арқылы  бұл ұйымға мүше елдердің толық дербестігі мен орын алулары мүмкін күрделі мәселелерді бірлесіп шешудің қажеттілігі мақұлданды.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ТМД елдері жетекшілерінің  әрбір кездесулерінде мемлекеттер аралық осы бірлестіктің  қабылданған шешімдерінің орындалуларына баса көңіл бөледі.  Жасаған баяндамаларында   бұл мемлекеттердегі  жүзеге асырылуға тиісті міндеттерді белгілеп,  оны нақты іске айналдырудың  жолдарын көрсетеді.  Мысалы, 1995 жылдың  10 ақпанындағы  Алматы қаласындағы  ТМД елдері  басшылары мен үкіметтері жетекшілерінің бірлескен кездесуінде ол атқарылған  істерге: “Орын алып отырған  қиындықтарға қарамастан біз  өзіміздің қызметімізде елеулі алға басушылыққа жетістік, әсіресе  өткен жыл  ауқымды интеграциялық  жетістіктермен ерекшеленді. Оның нақты көрінісі одақ құруға әкелген  экономикалық ынтымақтастықты құрумен  айғақталды,  Мемлекеттер аралық  Экономикалық Комитет,  Мемлекеттер аралық  Экономикалық Сот  жұмыстарына  кірісті, Ынтымақтастықтың тағы да басқа институттары  қалыптасып, жұмыс істей бастады.  Белсенді интеграциялық, солардың қатарындағы  Ресей-Беларусь-Қазақстан арасындағы  өзара байланыс аймақтары  пайда болғандығын айтуға болады. Бұл құбылыстар оның алдында  Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан арасындағы  орталықазиялық  аймақта белсенді бастау алды. Өткен жылдың соңынан  екі жақты келісім негізінде  Қазақстан мен Ресей арасындағы  қатынасты дамытуға арналған маңызды  шешімдер қабылданды. Біз  азаматтық және әскери ынтымақтастық, кедендік   кеңістік,  және басқа  келелі саяси, экономикалық  мәселелерді шешудің жолдарын белгіледік. Біздер (Қазақстан және Ресей,-Ғ.Қ.) осындай,  соның ішінде  азаматтық істерді ТМД шеңберіндегі екі жақты және көпжақты тұрғыда шешудің мысалы ретінде қарауға болатын сияқты”,-[13]деген айқындама берген.

    Қазақстан Республикасының Президенті  ТМД-ның оған мүше болып енген  елдердің экономикалық өркендеуге әсер ететін ұсыныстарын үнемі жариялай отыра, оның берер нәтижелеріне баса назар аударады.  Оның бұл бағыттағы нақты байламдары ТМД шеңберінен шығып, әлемдік саясаткерлердіңүнемі назарына алынды. Мысалы,  британ сарапшылары   осы экономикалық бірлестіктің  атқарған жұмысының барысына талдау жасай келе: “ Бұдан басқа Ресейдің  бүгінгі күні  өзінін стратегиялық мүдделері аймағына кіретін  мемлекеттердің экономикасын инвестициялауға жағдайы  жоқ, сондықтан да  Ынтымақтастың  нақты ықпалдастықтың бастамасын  іске асыратын экономикалык моделін ұсына алмауда.  Сондықтан да  «Файнэншл Таймс» Президент Н.Назарбаевтың «Егер де экономикалық  шындық болмайтын болса,  біртұтас экономикалық  кеңістік  туралы сөз етіп қаджеті жоқ» деген сөзін келтіреді”[14]- деген қорытынды жасаған.

ТМД елдері жетекшілерінің  келесі кездесуінде  Н.Ә.Назарбаев  Достастықтың алдында тұрған тағы да басқа ауқымды мәселелерді саралаған мәлімдеме жариялады. Онда ол  әсіресе  ТМД елдерінің ортақ қауіпсіздігін  қамтамасыз ету  ісіне тоқтап,  оның келелігін атап көрсетті.  Қазақстан Республикасының Президенті  өз сөзінде: “Тәуелсіз  Мемлекеттер Достастығындағы  бейбітшік пен тұрақтылықты  қолдау жөніндегі  Пакт немесе Меморандум қабылдау туралы біздің ұсынысымызды қолдауды сұраймын.  Мұндай қадам жасаудың қажеттігі туғандығы  толығымен белгілі. ... осы бағыттағы  біріккен іс-қимыл  жасау  тұрақсыздық аймағын жоюға деген ұмтылысымыз болып табылады.  Біздің ортақ кеңістігіміздегі  бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету,  адамдардың ертеңгі күніне деген  сенімділікті  жүзеге асыру және оны нығайтудақамтамасыз ету біздің  міндеттіміз.  

        Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелерге жауап ретіндегі құжаттар тобын  қабылдауға ұсыныс жасаймын.  Біздің елдердің әр қайсысы халықаралық сахнада аталған бағытта өздерінің қадамдарын жасап келеді және жасайды да.  Алайда біз  келісім негізіндегі жұмысты  нақты іске айналдыруға арналған  шешім қабылдасақ,  едәуір тұрғыда алдыға жылжимыз және  өзіміздің  міндетімізді жеңілдетеміз. Осы арқылы келешектегі  ауқымды тұрғыдағы   қауіпсіздік  жүйесінің бөлегі болатын  іс жүзіндегі Еуразия аймағындағы  қорғаныс  одағын құруға  кірісетін боламыз.

       ... Ынтымақтастық жетекшілерінің Кеңесіне ұсынылып отырған “Ұжымдық  бейбітшілікті қорғау күштері және  оларды материалдық-техникалық қолдау туралы”Келісімді күн тәртібіндегі маңызды  іс деп есептеймін.  Осы жағдайда  бізде ортақ түсінік қалыптасқан деген пікірге келемін.

      Әуе шабуылдарына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесін құру туралы  Келісімге қол қою ұсынылады. Құжатта  осы  бірлескен күштердің міндеттері,  басқару мен өзара қимыл ережесі барынша толығымен көрсетілген,  техникалық мәселелер жүйелендірілген,  Құжат жақсы жасалған деп есептеймін.       

        Мәселенің бұл тобына  ТМД -ға қатысушы мемлекеттердің және оған кірмейтін мемлекеттердің  шекараларын қорғау  жөніндегі ынтымақтастық  туралы  құжаттардың жобалары қосылады. Осының нәтижесінде  біз жеке құқықтық  негізімізді нығайтамыз,  шекара мәселесіндегі  ұлттық заңдылықтарды  жақындастырамыз.

       Тағы да екі мәселе. Украина Президенті Л.Д.Кучманың  “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі  жалпы ғылыми кеңістікті  қалыпына келтіру мен сақтау  бағытындағы  келісілген шаралар” атты құжатқа берген ұсынысын жақтайтындығымды білдіргім келеді”,-[15] деген  түсініктеме жасап, бұл атқарылар шараларды созбай, дер кезінде өмірге әкелуге  ТМД елдері басшыларының назарын аударды.

Достастықтың  алғашқы мерзімінен-ақ маңызды талап- оның құрамындағы  елдердің  экономикалық тұрақтылығы мен өркендеуін  қамтамасыз ету мақсатында   Қазақстан Республикасының  ТМД-ның барлық  мүшелерімен  өзар теңдік және силастық мақсатындағы  экономикалық, мәдени, т.б.  бағыттардағы  қатынасы қалыптасты.  Мысалы, солардың қатарындағы: “1993-1994 жылдары  Қазақстан Республикасының  Азербайжанмен сауда-экономикалық  ынтымақтастық,  өзара міндеткерлікті  реттеу  мақсатындағы 5 келісімге қол қойылды.

       1993-1995 жылдары  Грузиямен  шаруашылықтық байланыс,  қаржы, кеден ісі,  ғылым мен техника, ауылшаруашылығы, теміржол транспортын  реттеуге арналған  23 келісімге қол қойылды. 1993-1994 жылдары  Армениямен  экономикалық ынтымақтастыққа арналған  4 келісім жасалды.

(Украинамен,-Ғ.Қ.)  көлемді тұрғыдағы  құқықтық келісімдер негізделді.  Олардың қатарында 30-дан артық  қол қойылған мемлекеттер аралық келісімдер: 1994 жылдың  20 қаңтарындағы Достық пен ынтымақтастық туралы Келісім,  1994 жылғы  17 қыркүйектегі  еркін сауда туралы келісім бар. Екі елдің арасындағы  1994-2000 жылдар аралығындағы ауыр өнеркәсіп бағытындағы  экономикалық ынтымақтастық  негізінде  20 бірлескен кәсіпорын негізделді.

       1994 жылы Украина көлемі жағынан Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен  арадағы  сауда қатынасының 10% құраған екінші серіктестік болды”[16].

1996 жылдың басындағы  ТМД-ның  бесжылдығына  арналған  Ресей сыртқы істер министрлігінің  ресми жазбасында:“Қазіргі мерзімдегі  Достастық шеңберіндегі  интеграциялық  қызметтің негізгісі  экономикалық ықпалдастық болып табылады.  Оның  басты талаптары мен бағыттары  1993 жылдың  қыркүйегінде Достастықтың барлық мемлекеттері қатысып, қол қойылған  Экономикалық Одақ құру туралы Келісімде (Украина  ассоцировандық мүше) бекітілді.  Келісім кезеңдер арқылы  Кеден және  Төлем Одақтарын,  Ортақ нарық және Валюталық Одақ  құруды қарастырады.

     Экономикалық Одақтың іс жүзіндегі қалыптасуындағы келесі  нақты қадам  1995 жылғы  Ресей, Белоруссия мен Қазақстан арасындағы Кеден Одағының құрылуы болды. Биылғы жылдың  29 наурызында  Одаққа Қырғызия қосылды

     Бірыңғай  Экономикалық  кеңістікті қалыптастырудағы  негізгі буын  1995 жылғы   ТМД-ның  өзара келісім бойынша  міндетті түрдегі  іскерлік жағдайындағы мәселелерді шешетін бірінші құрылым- Мемлекеттер аралық Экономикалық Комитетті (МЭК) негіздеу болатын.

      1995 жылы  Достастық елдері  әскери-саяси  ынтымақтастықты  тереңдетуде   ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру арқылы белгілі қадамдар жасады.  Бұл жүйенің құқықтық негізі   1992 жылдың мамыр айындағы  Ресейдің бастамасы негізіндегі Ұжымдық қауіпсіздік  туралы Келісімнен (ДКБ) бастау алады (оған қатысушылар Ресей, Армения, Азербайжан, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан және Өзбекстан).

       Өткен жылғы маңызды қорытынды  Достастыққа мүше елдердің  әуе қорғанысының бірлескен жүйесін құру  туралы Келісімге қол қойылуы болып табылады.

       Шекара мәселесіндегі  ынтымақтастықты тереңдету  ісі байқалды.

      ...  Достастық елдері  мен  оған кірмейтін мемлекеттер арасындағы  мемлекеттік шекараны қорғаудың  бағдарламасы мен Келісімнің қабылдануы үлкен қадамға айналды (Армения, Белоруссия,  Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Ресей, Тәжікстан қол қойды.).  Аталған елдердің мемлекеттік шекараларын қорғаудағы бірлескен қимыл қазіргі мерзімдегі орын алып отырған шекаралық  ахуалды шешудегі тұрақтандырушы күш  бола алады.

      ТМД-ның  Мәскеудегі биылғы жылғы 19 қаңтарындағы (1996 жылғы,-Ғ.Қ.) мәжілісінде  мемлекет басшылары  Достастыққа мүше елдер  қақтығыстарды реттеу мен оның алдын алумақсатындағы Концепцияны, сонымен бірге  бейбітшілікті  қолдаудағы ұжымдық  күштер туралы  ережені  қабылдады. 

    Қабылданған Концепция  ТМД-ның бейбітшілікті іске асыру саласындағы атқарылатын істерінің  құқықтық негізін  одан ары дамытуға ықпал етеді. Сонымен бірге  қақтығысқа тартылған  жақтардың оны реттеуге деген жауапкершіліктерін арттырады.

 ... Әр түрлі себепті жағдайларға байланысты  Кеден Одағын негіздеу  ТМД-ғы өзінің саяси және экономикалық  дамуында неғұрлым  дайындықпен келген елдер  Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасында басталды.

    1995 жылдың қаңтар айында  үшжақты Кеден Одағын құру туралы  құжаттар тобына қол қойылды, осы арқылы  Достастықтың бірыңғай  экономикалық ықпалдастықтың өзегі қалыптасты.

     ... Негізінен алғанда  Ресей, Белоруссия және Қазақстан мемлекеттері арасындағы белгіленген  Кеден Одағын құрудың  бірінші кезеңінің міндеттерін орындауға арналған  жұмыстары аяқталды, олар атап айтқанда: бірлескен саудадағы  тарифтік және  сандық шектеулер  күшін жойды, үшінші елдерге қатысты  бірыңғай сауда  ережесі белгіленді,  Сыртқы  экономикалық қызметтегі  кең ауқымды қамтитын  заңнамалықты  жақындастыру  мен ыңғайлаудағы  ауқымды жұмыстар жалғастырылды.  1995 жылдың екінші жартысынан  елдер  мүмкіндігінше сенімді  бірлескен сыртқы бақылауды  қамтамасыз ете отыра ішкі шекарадағы  кедендік бақылауды алып тастау арқылы  Кедендік Одақты негіздеудің  екінші кезеңін іске асыруды  бастады”,-[17]делініп, Достастық елдерінің  көрсетілген мерзімдегі  жүзеге асырып отырған шараларына талдау жасалынды.

ТМД аумағындағы   бұл ынтымақтастықтың  алғашқы жылдарынан-ақ  әсіресе  Қазақстан,Ресей, Белоруссия арасындағы қатынастың  өзара неғұрлым тығыздығы қалыптасып,  олардың арасындағы  бірлескен келісімдердің  ауқымы да кеңейе түсуі байқалды.  Атап айтқанда: “...Қазақстанның Ресеймен сауда- экономикалық  ынтымақтастықтың дамуының  кезекті қадамы ТМД шеңберіндегі Белорусия, Қазақстан және Ресей  үкіметтері арасындағы 1995 жылдың  30 қаңтарындағы  “Кеден Одағы  туралы келісім” және  1996 жылдың 29 наурызындағы“Жүктердің еркін ауысуы, сыртқы экономикалық істерді келісілген тарифтік және тарифтік емес реттеу”, солармен қатар  үшінші елдермен бірлескен  саудадағы  уақытша шектеулердің  біртұтас  тәртібін қарастырған “4+N” Келісімі болды” [18]. Ал,  кейін осы мемлекеттер негізін қалаған  Еуразия экономикалық Одағының қалыптасуына бастама болған бұл келісімдердің басында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  болғандығы белгілі.

Осы тұрғыдағы  Беларусь Республикасының Президенті  А.Лукашенконың: “Біздің мемлекеттер  әрсалаларда көптеген жобаларды іс жүзіне асыруда.  Қазақстан-Белорусь ынтымақтастығы  Тәуелсіз Месмлекеттер Достастығындағы интеграциялық құбылыстардың дамуындағы маңызды фактор болып табылады. ... Сіздің үлкен және әрсалалы тәжірибеңіз  біздің мемлекеттер арасындағы  өзара қатынастың одан  ары кеңеюіне  қызмет етеді”, - [19] деген сөзі осы айтылғандарға толығымен куә болатын сияқты.

Қорыта айтқанда,  ТМД-ның алғашқы бес жылында:

- Достастықтың  бірлесіп атқарар істерінің басты бағыттары  айқындалды;

- Олардың жұмыс бағдарламаларының  өзара теңдік  жағдайындағы  құқықтық тұрғыдағы  ережелері бекітіліп, әр мемлекеттің қауымдастық шеңберіндегі атқарар міндеттері белгіленді;

- Достастыққа мүше елдердің  аталған талаптар тұрғысындағы  алғашқы қызметтерінің  негізі қаланды,  оның тиімділігі мен  іс жүзіне асырылған  қызметтерінің   нәтижесі сарапталды;

-  Достастықтың ішіндегі  жекелеген республикалардың  неғұрлым өзара тығыз байланыстарының жоспарлары бекітіліп, олардың бағыттары айқындалды.

     ТМД-ның алғашқы бесжылдық  мерзімінде әлемдік қауымдастыққа  негізгі бағыты  экономикасын дүниежүзілік нарық талаптарына сай бағыттауға ұмтылушы, оған мүше елдер арасындағы барлық салаларда өзара  теңдікке негізделген, саяси, әскери қызметтері басқа мемлекеттер мен топтарға қарсы қойылмаған  бірлестік ретінде таныта бастады.

  • Достастық елдері халықтарының арасында өзге тәуелсіз республикалар азаматтарына, ұлттарына, осы республикалар басшыларының жүргізіп отырған саясатына құрметпен қарау, осы республикаларда өмір сүріп жатқан отандастарының тағдырына, болашағына алаңдамайтын сенім қалыптаса бастады.

 Міне осылар арқылы ТМД-ның Еуразия аймағындағы өзіндік орны белгіленді. Ал, осы  істердің басында  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың болғандығы  барлық ТМД елдері басшыларына, тұрғындарына белгілі болды.

 

   ӘДЕБИЕТТЕР

 

 1.Внешнеполитические инициативы  Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева. Историко- документальное исследование /Нурымбетова Г., Кудайбергенов Р. Выступительные статьи: Селиверстов С.В.-Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” 2010.- c.13

2. Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 217, л.21

3. Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 224, л.3

4. Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 217, л.21

5. Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 224, л.3

6 Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 287, л.7

7 Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 224, л. 4

8. Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 412, л.14

9.Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 2934, л.18

10.Архив Внешней политики РФ, Фонд 897, опись 1, папка 1,  дело 7 , л.10

11. Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело іс 3376, л.5

 12. Архив Президента РК, Фонд 75-Н, опись 1, дело 2927, л.40

13.Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 4798, л.1

14.Архив Президента РК, Фонд 75-Н, опись 1, дело 3038, л.66

15. Архив Президента РК,  Фонд 5-Н, опись 1, дело 5015, лл.7,8-9,10

16. Архив Внешней политики РФ, Фонд 897, опись 3, папка 10, дело 21,лл. 157,162

17. Архив Внешней политики РФ, Фонд 897, опись 3, папка 8, дело 7, лл.64-65, 66-67,73-74

18. Архив Президента РК,Фонд 75-Н, опись 1, дело 2938,.л.19

19. “Мир о Нурсултане Назарбаеве” / Под ред. профессора  Б.Г.Аягана. –Алматы, 2010.- с.42

 Қарасаев Ғ.М., т.ғд.,

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты,Нұр-Сұлтан

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?