Қаржылық бақылаудың халықаралық тәжірибесі
АҢДАТПА
Әрбір мемлекет қаржылық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүзеге асуына қатысты барлық талаптары нақты және мүлтіксіз орындалатынына мүдделі. Әрбір елдің тарихи дәстүрлермен, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктермен шартталған мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыруда белгілі бір ерекшеліктері бар. Барлық мемлекеттерде олардың құрылымындағы ерекшеліктеріне байланысты қаржылық бақылаудың өз жүйелері қалыптасқан. Шет елдердегі бақылау ревизиялық жүйені ұйымдастыру мен оның қызметі көп жылдық халықаралық тәжірибеге сүйенетін жалпы қағидаларға негізделеді. Жұмыста шетелдердегі қаржылық бақылауға қысқаша сипаттама берілген.
АННОТАЦИЯ
Каждое государство заинтересовано в том, чтобы все его предписания, касающиеся организаций и осуществления финансовой деятельности, были точно и неуклонно выполнены.В каждой стране существуют определенные отличия организации государственного финансового контроля обусловленные историческими традициями, социальными и экономическими особенностями.Во всех государствах в зависимости от специфики их устройства сложились свои системы финансового контроля.Тем не менее, организация и деятельность контрольно-ревизионных сетей в зарубежных странах так или иначе базируется на общих принципах, выраженных многолетним международным опытом. В работе дана краткая характеристика фиансового контроля в зарубежных странах.
Қаржылық бақылау - мемлекеттің қаржылық қызметінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі, экономиканың және қаржылық жүйенің қалыпты қызмет етуінің қажетті шарты. Экономиканы басқарудың өзіндік қызметі бола отырып, бақылау басқарушылық циклдің маңызды кезеңі болады, онда басқарушылық объектіге әсер етудің нақты нәтижелері қабылданған шешімдер мен нормативтік жазбалардың талаптарымен салыстырылады, ал оларды бұзу анықталғанда, осындай ауытқуларды жою бойынша қажетті шаралар қабылданады.
Әрбір мемлекет қаржылық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүзеге асуына қатысты барлық талаптары нақты және мүлтіксіз орындалатынына мүдделі. Бұл өз ұйымдары мен олардың құзырлы тұлғаларына да, сонымен қатар қаржылық қызмет аясындағы барлық басқа субъектілерге – жеке және заңды тұлғаларға да қатысты. Сонымен қоса мемлекет мемлекеттік ақшалар үнемді, ұтымды және тиімді жұмсалуына мүдделі. Әрбір мемлекет өз шығындарын азайтуға ұмтылуы керек, өйткені шығындар көп болған сайын, кірістер көбірек талап етіледі, яғни салықтар, қарыздар, алымдар және т.б. көп болады. Бұл, соңында, халықтың мойнына жатады.
Мемлекет әрқашан өз ақшаларын әртүрлі ұрлықтардан сақтауға, сонымен бірге парақорлық сияқты өзіне жағымсыз құбылысты болдырмауға ұмтылады.
Сондықтан қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тек үлестіру қызметі ғана емес бақылау қызметі де тән болуымен объективті түрде шартталады. Осыған байланысты мемлекеттің өз міндеттерін шешу үшін қаржыны қолдану олардың көмегімен осы міндеттерді орындау барысында бақылауды жүргізуді қажет етеді. Басқаша айтқанда, қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Бұдан басқа ол бұл қызметті шола отырып, оның әрбір элементін қамтиды.
Әрбір елдің тарихи дәстүрлермен, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктермен шартталған мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыруда белгілі бір ерекшеліктері бар.
1977 жылы қабылданған лимдік бақылауды басшылыққа алатын қағидалары, декларациясы, сонымен қатар жоғары бақылау органдары халықаралық ұйымдарының(INTOSAI) тиімді әрекеті арқасында барлығына бірдей жалпы және бірыңғай тәсілдерді жасауға, мемлекеттік басқару жүйесіндеқаржылық бақылау органдарының рөлін жоғарылатуға, ең жақсы тәжірибені кеңінен қолдануға мүмкіндік туды.
Барлық мемлекеттерде олардың құрылымындағы ерекшеліктеріне байланысты қаржылық бақылаудың өз жүйелері қалыптасқан.
Шет елдердегі бақылау ревизиялық жүйені ұйымдастыру мен оның қызметі көп жылдық халықаралық тәжірибеге сүйенетін жалпы қағидаларға негізделеді.
Мысалы, қандай да бір ірі бағдарламаны жүзеге асырғанда міндетті түрде бақылаудың жүйе іштері (подсистема) болады.
Барлық демократиялық елдердегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды буыны болып заңдық үкімет жүйесі бойынша бақылау органы есептеледі.
Барлық елдерде мемлекеттік қаржыны жұмсауға парламенттік бақылаудың арнайы институттары бар.
Ресейде - Ресей Федерациясының шоттық палатасы, АҚШ-та Конгрестің басты бюджеттік бақылау басқармасы, Ұлыбританияда Ұлттық бақылау ревизиялық басқармасы, Канадада Бас ревизор ведомствосы, Францияда Шоттар соты, Швецияда Ұлттық ревизиялық бюро және т.б.
Парламенттік бақылау институттарынан басқа көптеген елдерде орындаушы үкімет жүйесі бойынша бақылау, сонымен қатар мемлекет басшысы жанындағы қаржылық бақылау органдары әрекет етеді.
Ресейде - бұл министрліктер, ведомстволардағы бақылау ревизиялық қызметтер жүйесі. Оларға Ресей Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік қаржылық бақылау мен аудит департаменті, Ресей Қаржы Министрлігінің Федералдық қаржылық бас басқармасы, салықтар мен алымдар бойынша министрлік салық полициясының федералдық қызметі, Ресей Федерациясының мемлекеттік кедендік комитеті, Валюталық және экспорттық бақылау бойынша федералдық комитет, Ресей банктік бақылау департаменті және салалық немесе ведомстволық қаржылық бақылауды жүзеге асыратын әртүрлі мемлекеттік органдар, Ресей Федерациясы Президентінің Бас бақылау басқармасы (президенттік бақылау).
АҚШ-та - бұл федералдық министрліктер мен ведомстводағы инспекторлық қызмет жүйесі, Президент жанындағы Әкімшілік-бюджеттік басқарма, Үкіметтегі тиімділік пен адалдықтың президенттік кеңесі және т.б бақылау органдары. Ұлыбританияда үкіметтік қаржылық бақылаудың орталық органдары - Үкімет жанындағы қоғамдық шоттар комитеті. Германияда федералдық қаржылық ведомстволар. Канадада Бас бақылаушы кеңсесі және т.б.
Дамыған елдерде парламенттік, президенттік және үкіметтік бақылау-ревизиялық жүйелері қатар және өзара тығыз байланысты қызмет етеді.
Мысалы, АҚШ-та ең ірі қаржылық бақылау органы - 1921 жылы құрылған Бас қаржылық бақылау басқармасы. Ол министрліктер мен ведомстволардың барлық қаржылық құжаттарын қарай алады. Конгресс палатасы мен комиссияның және олардың жеке мүшелерінің тапсырмалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың және федералдық ведомстволар әрекетінің нәтижелілігін бағалауды жүзеге асыра алады, өнімге бағалардың негізделгенділігін арнайы зерттеп тексере алады және Қорғаныс министрліктерінің келісім-шарттарының қаржылық-экономикалық аспектілерін арнайы зерттеп тексере алады.
Екінші маңызды бақылаушы орган – АҚШ президентінің орындаушы басқармасының құрамына кіретін Әкімшілік-бюджеттік басқарма.
Басқарманың негізгі қызметтеріне: қызметкерлеріне президентке қаржылық-экономикалық саясат бойынша ұсыныстар жасау, бюджет жобасын дайындау, оның орындалуын бақылау, орындаушы үкіметтің ұйымдастырушылық және басқарушылық құрылымдарының тиімділігін бағалау, федералдық бағдарламалардың жүзеге асыруын бақылау, министрліктер мен ведомстволар әрекеттерін шоғырландыру, конгреспен қабылданатын заң жобалары бойынша ұсыныстарды, орындаушы бұйрықтарды және президенттің басқа да нормативтік актілерін дайындау, президентке мемлекеттік мекемелерінің әрекеті туралы хабарлау, шоттардағы қабылданатын заңдылықтарға шолу жасау және т.б. жатады.
Францияда шоттық бақылайтын соттық инстанция болып табылады. Оның негізгі қызметі бюджеттік қаржылық зиянкестікті анықтау және алдын алу. Жергілікті мемлекеттік мекемелердегі аймақтық бақылау аймақтық шоттық палаталарымен жүзеге асырылады. Бұл шоттық палаталардың шешімдері тек басты шоттық палатасымен қайта қарастырыла алады. Ол несиелердің, қорлардың және құндылықтардың дұрыс қолданылуын тексереді. Сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру облысындағы әртүрлі мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорын шоттарын, сонымен қатар мемлекеттің қаржылық көмегін қолданатын жеке заңды тұлғаларды бақылайды. Мемлекеттік бақылаудың басқа органы қаржы мен әкімшіліктің бас инспекциялары болып табылады. Оның негізгі қызметі - Ішкі істер министрілігіне тәуелді қызметкерлерді, мекемелерді және органдарды жоғары бақылау.
Ұлыбританияда парламент тарапынан әрекет ететін бақылаушы бюджеттік-қаржылық ұйымның қызметтерін Ұлттық бақылау-ревизиялық басқарма атқарады.
Ал Корей Республикасында мемлекеттік бақылаудың бас органы болып республика президентіне бағынатын қаржылық бақылау мен инспекциялар ведомствосы табылады. Ведомствоның негізгі міндеті – республика министрліктері мен ведомстволарының және оларға бағынатын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау.
Нидерландыда министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік ұйымдардың басқарушылары жанында аудиторлық комитеттер құрылып қойған. Олар ішкі бақылау қызметтері жұмыстарын жылдық жоспарын көрсетеді, тексерістер туралы есеп берулерді қарастырады, анықталған бұзушылықтарды түзету бойынша ұсыныстарды орындау мониторингін жүзеге асырады.
Бірқатар елдерде жалпы орындаушы үкімет органдарының жүйесінде ішкі аудитті қамтамасыз ететін арнайы қызметтер бар. Канадада Қазыналық кеңес құрамында ішкі аудит жүйесімен ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын Бас бақылаушы кеңсесі құрылған. Испанияда бұл қызметтерді Қаржы Министрлігі жүйесінде қызмет ететін мемлекеттік басқару органдарының Бас бақылаушысы орындайды, алайда мамандардың басым бөлігі орындарында – министрліктерде, ведомстволарда және ұйымдарда жұмыс істейді. Үндістанда Шоттардың бас бақылаушысы орындаушы үкімет жүйесінде қалыптасқан ішкі аудиттің барлық қызметтерінің (Қорғаныс Министрлігінен, Көлік Министрлігінен және пошталық қызмттен басқа) әрекеттеріне әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асыра отырып, Қаржы Министрлігінің департаментін басқарады. Бельгияда, Корольдің бұйрығына сәйкес, орындаушы үкімет жүйесінде ішкі аудиттің сапасы мен тәуелсіздігін, қолданылатын аудит стандарттары мен әдістерінің келісуін қамтамасыз ететін тәуелсіз сарапшылардан тұратын арнайы федералдық деңгейдегі Аудиторлық комитет құрылған.
Ішкі бақылау қызметтері орындаушы үкімет органдарымен (мысалы, Канададағы, Ұлыбританиядағы, континенталды Еуропадағы сияқты) немесе қаржылық аудиттің жоғарғы органымен (АҚШ және Қытай) бекітілетін халықаралық стандарттарға сәйкес қабылданған ұлттық стандарттар негізінде әрекет етеді.
Ішкі және сыртқы бақылаушының өзара әсерлесудің келесідей үлгісі кеңінен таралған: біріншісі бұзушылықтарды анықтай отырып, қаржылық аудитті үкіметтің ведомствоға қарасты органдарында, мемлекеттік кәсіпорындарында жүргізеді, ал екіншілері – сол жерлерде қызметтестерімен алынған нәтижелерге сүйенеді немесе өз тексерістерін жүргізеді. Кейбір елдерде ішкі аудитті жүргізуге бақылаудың ең қатаң жүйесі бар: осылайша, Қытайда ішкі қаржылық аудит жүйесінің қызметіне жоғары бақылаушының кәсіби басшылығы мен қадағалауы қарастырылған, ал АҚШ-та сәйкес қызметтердің есеп берулері сәйкес органның басқарушысына ғана емес, Конгресске де беріледі.
Ресей Федерациясының қолданыстағы заңдылығы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына бірқатар министрліктер мен ведомстволарды жатқызады, алайда, қатал айтқанда, Шоттық палата мен Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінен басқасын бақылаушы органдарға жатқызуға болмайды, өйткені олар, қолданыстағы заңдылықтағы бақылаушы қызметтеріне сәйкес ең бастысы өзінің ведомстволық мүдделеріне қызмет ете алады. Осылайша, Ресейдің Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық қызметін ведомстволық орган деп санау керек. Бірақ ол дәстүр бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді орындайды.
Ресейдің Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық аппаратында таратылған Бақылау-ревизиялық басқарманың міндеттері мен қызметтерін орындайтын Мемлекеттік қаржылық бақылау мен аудит департаменті құрылған.
Қазақстан Республикасының басты бақылаушы органы – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша шоттық комитет – республикалық бюджеттің орындалуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын конституциялық орган.
Шоттық комитеттің мүшелері халық қалаулыларының (ҚР Президентінің. ҚР Парламентінің) өкілдері болып табылады. Ол халықтың атынан және халықтың мүддесінде бюджеттің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Шоттық комитет мүшелерін ҚР Президенті, ҚР Парламент Палатасы тағайындайды.
Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесі бірінші кезекте мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты құрылымдық деңгеймен көрсетілген. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыру, қаржылық тұрақтылық үшін жағдай жасау.
Экономиканың қазіргі жағдайлары мемлекеттік қаржылық бақылаудың болу қажеттілігін азайтпай, әлеуметтік бағыттың күшеюіне байланысты күрделенуде, мемлекеттік органдардың қоғам мүшелерінің қаржылық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша қызметтері көбейіп, зиянкестіктер мен ұрлықтарды болдырмау мен алдын алу бойынша әдістерді енгізу жүктеліп отыр.
Қазақстанда болған бюджеттік жүйедегі бақылау негізінен мекемелерге бөлінген бюджеттік қаржыларды қолданудағы жетіспеушіліктерді анықтаумен және жеке жетіспеушіліктерді жоюмен шектелді, мемлекеттік шығындарды тиімдендіруге қажетті әсер етпеді, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне, қойылған мәселелерді бағалауға, олардың себептерін талдауға мүмкіндік бермеді.
Қазіргі уақытта еліміздің Шоттық комитетінің негізгі міндеттері – республикалық бюджеттің қаржаттарын тиімді, мақсатты және үнемді қолдануды талдау және бақылау; республикалық бюджетке қаражаттардың келіп түсуінің толықтығы мен дер мезгілділігін бақылау; бақылаушы органдардың жұмысының тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар беру және т.б.
Көптеген шет елдердегі шоттық органдардың негізгі міндеттері:
- мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістерін бақылау;
- қорлардың, мемлекеттік банктердің қаражаттарын бақылау;
- мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды бақылау;
- мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік кепілдемелерді беруді бақылау.
Сонымен, белгілі бір дәрежеде шетел тәжірибесін алу үшін осы облыста бізге үлгі бола алатын елдердегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың дамуы қандай жолмен болып жатқанын нақты білу қажет, олардың жетістіктері мен қателіктерін зерттеу біздің өркениетті нарыққа және қаржылық құқық тәртіптілігіне жетудегі өз жолымызды табуда сөзсіз көмектеседі.
Өмір бір орында тұрмайды, сондықтан тез өзгеріп отыратын әлеммен қатар жүріп отыру үшін әрбір елде мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүйесін дамыту үшін үнемі күш жұмсау қажет.
1. Финансовый контроль: Учеб.пособие / А.З.Нигматулин,Г.К.Кулатаева,Л.А.Талимова. - Караганда, 2004. - 140с.
2. Правовое регулирование финансового контроля в Республике Казахстан: Учеб.пособие / Жакаева Л.С. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2003. - 110с.