Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы 

6534
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы  - e-history.kz
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасындағы жыл сайынғы өнеркәсіп өнімінің өндірісі нақты көріністе 24% артты.

Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылы басталған халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи отандарына оралуына, өтпелі кезеңде өлім-жітімнің көп болуы және туудың төмен деңгейіне байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты. Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдарында еліміздің халық саны жалпы 427 мың адамға немесе 2,6%-ға артты.Тәуелсіздік жылдарында елімізде 6 миллионнан астам адам дүниеге келді және табиғи өсім 3 миллионға жуық болды. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы 8 жылында, 1999 жылы 1000 адамға 14,6 адамға дейін тууы төмендеді, одан кейін оның бірте-бірте артуы байқалды. 2012 жылғы 10 айда туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,1-ді құрды. 1995-1996 жылдары өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға 10,7 деген ең жоғарғы шегіне жетті. 1997 жылдан бастап өлім-жітім бірте-бірте төмендеп, ағымдағы жылдың 10 айында өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,6 болып төмендеді.

1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы (КӨҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӨҰ 67,4-тен 63,5-ке дейін төмендеді, бұдан кейін оның арту үрдісі байқалды, 2012 жылы ол алдын ала бағалау бойынша 69,6 жасты құрады, оның ішінде ерлерде – 64,8 жас, әйелдерде – 74,3 жас. 1995 жылмен салыстырғанда өмірдің орташа күтілетін ұзақтығы көрсеткіші едәуір ұлғайғаны байқалды, ерлерде – 6,8 жасқа, әйелдерде – 4,9 жасқа, бұл кезде осы көрсеткіштің гендерлік белгісі бойынша айырмасы 1995 жылдағы 11,4 жастан 2012 жылдағы 9,5 жасқа дейін қысқарды.

Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді және 2012 жылғы 3 тоқсанда 4% құрады.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 199 жылдағы 128 теңгеден (24 АҚШ доллары) 2012 жылғы қаңтар-қазандағы 99118 теңгеге дейін (666 АҚШ доллары) өсті.

Еліміздің 15 жас және одан үлкен экономикалық белсенді халықтың саны 1,1 млн. адамға артып, 2012 жылғы қарашада бағалау бойынша 8,9 млн. адамды құрды.

Жұмыссыздық деңгейі 2 есе дерлік төмендеді және 2012 жылғы қарашада бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың санынан 5,3%-ды құрды. 

2012 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ болжамалы бағалау бойынша нақты көріністе 5% артты. 2012 жылғы ЖІӨ деңгейі нақты көріністе 1991 жылғы ЖІӨ деңгейінен 2 есе дерлік артық, немесе 95%. Болжамалы бағалау бойынша 2012 жылғы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 мың АҚШ долларынан асып түседі.

Тәуелсіздік жылдарындағы инвестициялық қызметте оң серпін байқалады. ҚР Ұлттық Банкі деректері бойынша тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағымы 1993 жылдан бастап 2012 жылғы жартыжылдықтағы кезеңге дейін 159 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. 1991 жылдан бастап 2012 жылғы қаңтар-қарашаға дейін негізгі капиталға салынған инвестицияларға қаражат салымдары 38,7 трлн. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың ағылуы қолайлы инвестициялық климаттың құрылуымен байланысты және экономикалық өсімнің негізі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсуін қамтамасыз етті. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік ұлғайды.

Жалпы құрылыста орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады, ол 2011 жылы 2 трлн. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2011 жылы 1991 жылғы деңгейге қарағанда 17,5% жоғары, ал 2012 жылдың соңғы 11 айында ол нақты көріністе тағы 2,5% артты.

Тәуелсіздік жылдарында республикада (2012 жылғы 11 айдың есебімен) 82,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 40,5 млн. шаршы метрі жеке салушылармен, 801,3 мың пәтер тұрғызылды. 2011 жылы 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 6,5% артық, оның ішінде халықпен – 3,6 млн. шаршы метр, бұл 1991 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық, 2012 жылғы 11 айда 5,7 млн. шаршы метр іске қосылды, халықпен – 3 млн. шаршы метрге жуық.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасындағы жыл сайынғы өнеркәсіп өнімінің өндірісі нақты көріністе 24% артты.

Отандық машина шығаруда өндіріс 2,2 есе артты, мысалы, 2012 жылғы қаңтар-қарашада 58 дизелді локомотив, 16280 жеңіл автомобиль және 521 астық жинайтын комбайн шығарылды.

Химия өнеркәсібінде 2012 жылғы қаңтар-қарашада 30,3 мың тонна пропилен полимерлері, 147,9 мың тонна азотты және калийлі тыңайтқыштар, 78,9 мың тонна фосфор, 1539 мың тонна күкірт қышқылы, 53,1 мың тонна натрий үшфосфаты, 8,1 тонна фторид сутегі өндірілді.

Қазақстан 20 жылдың ішінде әлемдік экономикаға терең интеграцияланды. Қазіргі уақытта республика іс жүзінде әлемнің барлық елдерімен сауда-саттық жүргізеді, барлық континенттердегі 212 мемлекет және аумақтар Қазақстанның сауда серіктесі болып табылады. Сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 1995 жылғы 9,1 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылы 125,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2012 жылғы қаңтар-қазандағы сыртқы сауда тауар айналымы 113,6 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылғы сәйкес кезеңнен 11,6% артық.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?