Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан – ЕҚЫҰ: алғашқы бастама

2791
Қазақстан – ЕҚЫҰ: алғашқы бастама - e-history.kz
Дәуір әр ел үшін барлық адамзат масштабында тарихи міндет үшін өз мүмкіншілігін анықтайды.

ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің 2007 жылда өткен Мадридтік кездесуінде 2010 жылға ЕҚЫҰ жетекшілік бойынша Қазақстанға беделді, сонымен қатар жауапты тапсырманы жүктеді. Соңғы жылдардағы тарихи оқиғаларының барлық жолымен әлемдегі 56 елдерінің бәтуаластығы анықталды. Тұрақты дамуы, экономикалық өсуі, Қазақстан халқының дәулеттігін арттыру, жүйелі саяси реформалар және қазақстандық демократияның кешенді моделін бекітуіне біздің мемлекетіміздің және Президент Н.А.Назарбаевтың сенімді және салмақты курсына артықшылығы берілді.

Қазақстандық қоғамының ішкі дамуы негізгі бағыттарының жоғары көрсеткішіне қатысты, орынды және салмақты сыртқы саясатты өткізу бойынша Қазақстанның ЕҚЫҰ-да жетекшілігі стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асырудың табиғи нәтижесі болып табылады.

Біздің ел халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушы ғана емес, сонымен қатар оларды құрастыруға бастамашы ретінде шықты.

Хельсинкілік қорытынды актісі және ЕҚЫҰ басқа құжаттарында кепілге салынған қағидаларды жасап шығаруға және тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін жалпы еуропалық процесстерге біздің еліміздің белсенді қатысу талпынысы 1992 жылдың қаңтарында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға кіруімен айқындалды (1995 жылға дейін ЕҚЫМ).

ЕҚЫҰ жаңа мүшесі ретінде Қазақстанның алғашқы ұсыныстары, алғашқы бастамалары қандай болды?

1992 жылы Хельсинкида (Финляндия) өткен, яғни біздің Республикамыз осы ұйымға кіргеннен кейін бірнеше айдан соң, Еуропадағы қауіпсіздігі және ынтымақтастығы бойынша толық мәжіліс Кеңесінде жасалған, Президент Н.А.Назарбаевтың алғашқы сөз сөйлеуінде осы бастамалар нақты толық белгіленген.

Біріншіден, бұл Президент Н.А.Назарбаев айтқандай «Еуропалықтан Азиялық құрлыққа» қауіпсіздік идеяларын тарату туралы сол кезеңннің геопотологиялық реалийлерден және сол дәуірдің шақыруынан шыққан тұжырымдамалық идея. Егер бұрын ЕҚЫҰ трибуналарынан Ванкуверден Владивостокқа дейінгі бірыңғай кеңестігі туралы сөз жүргізсе, енді өмірдің өзі осындай тұжырымдамаға қажетті түзетулерді енгізді. Бір тұтасқа «Батыс-Шығыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» остерін біріктіре отырып, дүниетанымдық координаттарының жүйелерін елеулі толықтырылуы өтеді.

Екінші бастама бірінші шарасы сиқяты болды: осы бағыттағы бірінші кезектегі қадамдардың бірін  жүзеге асыру үшінкөп жоспарлық ынтымақтастық, саяси ахуалдың тұрақтылығы, діни шиеленістерді болдырмау және реттеуге бағытталған, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шараларының кеңесі (АӨІСШК) бола алар еді. АӨІСШК сәті жұмысы болған жағдайда, діни факторлары байланысынан тыс ЕҚЫҰ типі бойынша бірыңғай құрылымға барлық ұлттық, діни және халықаралық ұйымдардың бірігуі үшін негіз бола алар еді. Есіңізге сала кетсем, бұл уақытқа дейін Қазақстанның осы бастамасын Иран, Қырғызстан, Түркістан, Түркменстан, Пәкістан және Өзбекстан қолдады.

Н.А.Назарбаев сөз сөйлеуіндегі үшінші идеясы –саяси тұрақтылық процесі және азия құрлығындағы бейбітшілік бастамаларды қолдау орталығына Қазақстан Республикасының астанасын (ол кезде Алма-Аты) айналдыру. Сол кезде Президент айтқандай біздің Республикамыз осы процесті өрістеу бойынша және «нәтижесінде Алма-Атыны азиялық Хельсинкіге айналдыру» бойынша саяси шарттарды өзіне алуға дайын.

Төртінші ұсынған идеясы – бұл азяилық біріктіру, ол ҚР Президентінің пікірі бойынша табиғи-тарихи процесінің негізгі бөлігі болып табылды, бірақ осы жолда мемлекеттік қызметкерлері және Батыс саясаттанушыларының бір бөлігі жағынан түсінбеушілік тұруы мүмкін, олар Шығыстың бірігу үрдістерін көре отырып, ислам фундаментализмінің өсуі ретінде оларды дәлелсіз ұғындырады.

Бесінші ұсыныс – бірлескен бастамаларды және жалпы үйлестіргіш құрылымдарды жүзеге асыруға шығатын ЕҚЫҰ тұрақты контактілерін және Азиядағы осындай типтегі ұйымды жөнге келтіру.

Барлық жоғарыдағы айтылғандардың стратегиялық мақсаттарын белгілеп, келесі бастама әлдебір нәтиже болып шықты – Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша бірыңғай Мәжілісін құру.

Осы бастамалардың жүзеге асырылуы «Солтүстік-Оңтүстік» желісі бойынша мүмкін бола алатын ғаламдық қарсылықты жоюы керек, әлемді тұрақты және болжамды ету.

Асырмай айтқанда Қазақстан Республикасының бітімгерлік бастамаларының мәні туралы кең хабарланған 1992 жылы Хельсинкіде мемлекет және үкімет басшылырының бұл кездесуі халықаралық қатынастар тарихында өзімен сапалы жаңа кезеңді көрсетеді. Хельсинкіде айтылған Н.А.Назарбаев бастамалары біздің елге ерекше міндетті жүктедіғ оның мәні – Азия және Еуропа арасында бірнеше жыл бойында тұрақтылықты сақтау.

Қазақстан Н.С. Лапин – ЕҚЫҰ: алғашқы бастамалар// «Адам және заң»: Республикалық апталық заң газеті. – 25 қараша 2010 ж. – № 30.

Мәліметті ҚР БҒМ ҒК мемлекет тарихы Институты ұсынған

                                                                   


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?