Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Каспий шекаралық аймақтарын межелеудегі Елбасының рөлі

5108
Каспий шекаралық аймақтарын межелеудегі Елбасының рөлі - e-history.kz

Әр елдің территориясы мемлекеттік шекарамен межеленетіні белгілі. Шекарасы айқын белгіленбеген елдің ертеңі көмескі! Елбасының ЕҚЫҰ мемлекет және үкімет басшыларымен болған кезекті кездесуіндегі: «Территориялық тұтастықтық пен шекараның мызғымастығы қақтығыстарды болдырмаудың берік негізі болып табылады » деген тұжырымы оны айқындай түседі(Назарбаев Н.Ә,1996). Елбасының «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» деген тағы да бір қанатты сөзі бүгінгі біз білетін мемлекеттік шекараны межелеу үрдісі қаншалықты күрделі жағдайларда өткенін түсуінуіміз үшін өткен тарихты естен шығармау қажеттілігінің дәлелдемесі бола алады("Қазақстан тарихы" порталы). Сонау 90-шы жылдардың басында Кеңес Одағы ыдырап,егемендігін алған жас тәуелсіз еліміз үшін шекараны белгілеудің өте күрделі мәселе болғандығын тарихи деректер дәлелдейді. Сан ғасырлық тарихи байланысымыз бар Ресей, Қытай сияқты саяси картадағы алып елдермен арадағы шекараны бөлу мәселесі өзінен өзі шешілмегені де түсінікті. Өзбекстанмен арадағы шекараны бөлісуде де кезінде шиеленістер туындаған еді. Еліміздің көршілес елдермен ынтымақтастық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастар орнатуға бағытталған барлық іс-шараларының басында   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тұрды.

Шекараны межелеуде Елбасының ролі қаншалықты болғандығына нақты баға беруім үшін Нұрсұлтан Әбішұлының бірқатар еңбектерін зерделедім. Көп еңбектері мен жарияланымдары ның ішінде осы мәселе,әсіресе, 2003 жылы Атамұра баспасынан шыққан «Ғасырлар тоғысында» және 2012 жылы «Жібек жолы» баспасынан шыққан «Қазақстан жолы» еңбектерінде  жақсы ашылғандығына көзімді жеткіздім.

Мен осы бір шағын  зерттеу  жұмысымда еліміздің  шекарасын межелеу үрдісінің бір қырын ғана, яғни Каспий өңіріндегі шекаралық аймақтарды бөлу мәселесіне назар аударғым келді. Себебі «Отан отбасынан басталады» демекші, мен үшін Отан  Каспий өңірінен бастала ды, өйткені мен сол елдің-жердің тумасымын. Сондықтан да болар Каспий өңіріне қатысты барлық мәселелер мені балғын балалық шағымнан бастап үнемі елең еткізеді.

Егерде әлемнің саяси картасына қарасақ, Каспий теңізі жағалауында (сурет 1) Ресей, Қазақстан, Азер байжан, Иран, Түрікменстан республикаларының орналасқанын көреміз. Каспий теңізі жағалауларының  955 км-і Азербайжан Республикасына, 2320 км-і Қазақстан Республикасына, 724 км-і Иран Ислам Республикасына, 695км-і Ресей Федерациясына,1200 км-і Түрікменстанға тиесілі. Каспий  теңізі аймағындағы территорияны  көбірек бөліп алу ертеден келе жатқан  әрбір елдің мемлекеттік мақсат-мүддесі болған еді. Себебі, бұл аймақ мұнай мен газ сияқты энергоресурстарға  және  бекіре, қортпа, шоқыр секілді кәсіптік маңызы жоғары балықтарға және де өзге биоресурстарға бай өлке.


11111.png

 

Негізгі бөлім

          Мүдделер мен көзқарастар «қақтығысы»

Кеңес Үкіметі ыдырағаннан кейін Каспий теңізі маңында бұрынғы екі елдің орнына бес тәуелсіз ел шоғырланды. Бұл елдердің бір  шекаралық аймақта түйісуі шешімі күрделі мәселелерді  туындатты. Каспий теңізі мен жағалаулық аймақтарда сол кездің өзінде ірі мұнай-газ  кенорындары  шоғарланған  еді. Әрбір мемлекет сол кенорындарды өз меншігіне ие болуға ұмтылып, әртүрлі саяси стратегиялық «әрекеттер» жасады. Осы мәселе туралы Елбасы «Қазақстан жолы» еңбегінің «Экономикалық тәуелсіздіктің іргетасы ретіндегі мұнай» деген бөлігінде: « Иә, алғашқы кезде қиын болды. Бізде шет елдермен келіссөздер жүргізу тәжірибесі болмады. Турасын айтқанда, мұның бәрін келіссөздер уақытында үйрендік. Мен әрдайым өзіме-өзім: «Бұл келісім халықаралық стандарттарға сай келе ме? Келешекте ол Қазақстанның мүддесіне кесірін тигізбей ме?» деген сұрақтар қоюмен болдым. Біздің біліміміз бен беделіміз жеткілікті емес еді.... 


33333333.png

Біздің алдымызда Каспийдің шикізат байлығы үшін Мәскеумен арада ұзақ күреске төтеп беру міндеті тұрды. Ресейдің мұнайшыл жақтастары Ельцинді Теңіз кенорнын Ресей меншігіне алуға итермелеп, қатты қысым көрсетті. Міне, осыған байланысты Ельцинмен арада көптеген қолайсыз әңгімелер болды (сурет 2). Бірде Мәскеуде Ельцин мен  болған  кездесуде ол маған: «Теңізді Ресейге беріңдер»,-деді. Мен бетіне қарадым, байқаймын, қалжыңдап тұрған жоқ. «Иә, егер де Ресей бізге Орынбор облысын берсе, өйткені Орынбор Қазақстанның астанасы болды ғой» деп жауап қаттым. Ол: «Сіздің Ресейге жер жайында айтатын дауыңыз бар ма еді?»- деді. «Ә, жоқ», дедім. Ол күліп жіберді, мен де күлдім. Ресейде мұндай күрделі кенорнын игеру үшін қаржы мен технология жоқ болатын. Егер де сол кезде Теңіз ресейліктердің иелігінде қалса, олар бұл кенорынды жауып қойып, Қазақстанды экономикалық жағынан кіріптар етер еді. Теңіз мұнай кенорны мәселесін шешудің орнына оны саяси ойынға айналдырды.....Бұл кезеңде біз батыл қимылдарға көштік. М. Горбачевтың кезінде Президенттік Кеңестің мүшесі ретінде мен келіссөздерді жүргізу жөнінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне өкілеттік берілуіне Мәскеуді көндірдім де: Қазақстан үкіметі неғұрлым тиімді шарттарға жетеді, – деп сендірдім».(Назарбаев Н.Ә,2012) Сол кездегі 70 жыл бойы Кеңестік империяның басында тұрған Ресей өкіметін Теңіз кенорны сияқты ірі мұнай кенорнын  Қазақстан иелігінде қалдыруға көндірген Елбасымыздің  көреген саясаттарының бір қыры ғана еді.Осы тұста Елбасының ел мүддесі үшін өткір саяси шиеленіс кезінде де толерантты шешімдерге келе білу идеясының бір тұсы көрінгендей.

Ел экономикасын тығырықтан шығарудың бірден бір жолы Каспий теңізінің мұнайын игеру болғандықтан Үкімет алдындағы тұрған ендігі міндет Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін толық айқындап алу еді. Себебі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін толық  айқындап алмай, кенорындарда барлау-бұрғылау жұмыстарын  жүргізу, шетел инвесторларын тарту мүмкін емес еді. Сол бір тарихи өтпелі кезеңде Каспий теңізінің құқықтық мәселесін шешу тіптен күрделіп кетті. Ол туралы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан жолы» еңбегінің «Ғасыр келісімшарты» бөлімінде: «1991 жылға дейін тек Кеңес Одағы мен Иранның арасындағы өзара қарым-қатынастың ғана мәселесі болып келді. КСРО тарағаннан кейін бұл аймақтағы ахуал тіпті шиеленісе түсті. Бұл мәселеге енді бес бірдей тәуелсіз мемлекет – Әзірбайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Қазақстан араласты. Ал мұның өзі Каспий аймағындағы барлық елдердің ұстанымдары ескерілетіндей және уақыт талабына жауап беретіндей етіп Каспий теңізінің мәртебесін қайта қарап, айқындауды талап етті»,-деп жазады. (Назарбаев Н.Ә,2012) Елбасы осы тұста балама шешімдер іздеп, мемлекетаралық келісімсөздер жүргізуді ұсынды.

1994 жылы Мәскеуде өткізілген келіссөздердің өте ауыр жағдайда өткендігін Елбасы былай деп есіне  алады:  «... Иран Каспийлік мемлекеттердің аймақтық ынтымақтастық ұйымын құру идеясын алға тартты. Ал қазақстандық делегация «бестіктің» ішінде бірінші болып Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның жобасын ұсынды, бірақ та, «уақыттың жеткіліксіздігінен» ол егжей-тегжейлі қарастырылмады. Дегенмен....кейінде, 1995 жылдың мамырында, Алматыда тағы бір кездесу өтті, онда біз келіссөздер үрдісін күшейтіп, оған неғұрлым ұйымдасқан сипат беруге жеттік». Иран кейіннен тағы да «Каспий теңізін тең бөлікке бөлу» идеясын  ұсынып,Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қоюға кедергі болды. Осы мәселе туралы Елбасы «Қазақстан жолы» еңбегінде былай деп  көрсеткен:«Иран іс жүзінде өз аумағын басқа елдердің есебінен ұлғайтқысы келді. 2002 жылдың сәуірінде Ашхабадта каспийлік мемлекеттер басшыларының Саммиті болып өтті. Саммиттің аяқ астынан өткізілуіне Сапармұрат Ниязовтың каспийлік елдер Президенттерінің Кеңесін құру туралы бастамасы себеп болды. Бұл идея ирандықтар жағынан туындады-ау деп ойлаймын. Ондағы жоба бойынша, Кеңес каспийлік аймақтың түрлі елдерінің ағымдағы мәселелерін шешу мақсатында жылына бір рет мәжіліс өткізуі тиіс еді. Бұл ұсынысты Әзірбайжан Президенті Гейдар Әлиев үзілді-кесілді қолдамады.... Ұсынысты Қазақстан да қолдамады, өйткені бұл секілді институттарды құру мәселені толық мәнінде шешпейді, тек іс жүзіндегі жан-жақты пікір алмасу тәжірибесін бос сөзбен алмастырады».(Назарбаев Н.Ә,2012) Осы тұста Кеңестер Одағының ыдырауынан пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің өз арасындағы  келіспеу шіліктерден  және Иран Ислам Республикасының мүлдем басқа көзқарастарының аймақтағы жағдайдың мүлдем шиеленісіп кеткенін байқаймыз.Елбасы тықырықтан шығудың бір жолы келіссөздер жүргізу идеясын ұстанғанын және ұсынғанын байқаймыз.

5555555.png

Жалпы сол кезеңде Иранның ішкі саяси қайшылықтары шиеленісіп тұрған еді.Осы қарама-қайшылықтар салдарынан Каспий теңізі арқылы көршілес жатқан елмен бейбіт қарым-қатынастар орнату асқан табандылықты қажет еткендігін Нұрсұлтан Әбішұлы «Ғасырлар тоғысында» кітабының «Атырау аймаластырған ағайын» бөлімінде де ерекше атап көрсетеді. (сурет 3).«Бірінші кезекте экономикалық қатынастарды дамытуға күш салдық.Каспий теңізі арқылы Қазақстанның бес миллион тонна мұнайын Солтүстік Иранға тасымалдап,оны оңтүстік порттары арқылы сатылатын мұнайына айырбастауға келістік...Өзара тиімді сауданы жақсарту үшін,Ақтау порты арқылы жүргізілетін теңіз тасымалын ұлғайту жөнінде шешім қабылдадым. Қазақстанда бірнеше Иран сауда-өнеркәсіп көрмелері ұйымдастырылды» деп Елбасы есіне алады(Назарбаев Н.Ә,2003). Ия, Елбасы еңбеқтерінің әрбір жолын оқыған сайын,шынымен де еліміз үшін стратегиялық маңызы зор аймақтың көп бөлігінің Қазақстан үлесіне тиюінің негізгі себебі Нұрсұлтан Әбішұлының қиын мәселелерді оңтайлы шеше білуінде екен ғой деген ойға қалдым!

Өзара келісімге келу

Осындай түрлі деңгейдегі келісімсөздер нәтижесінде Каспий теңізі түбінің межеленуі  барлық шекаралас елдер арасында өтті. Ресей Федерациясымен келісімсөздер 1998 жылы 6 шілдеде алдыменен Б. Ельцинмен жүргізілсе,кейіннен 2000 жылдың 13 мамырында жағалаулық сызықтардың жаңаруына байланысты В. Путинмен келісіп хаттамаға қол қойылды. Әзірбайжан Республикасымен  шекараны межелеуге қатысты келісім 2001 жылы  жасалса,2003 жылы Хаттамаға қол қойылған. 1997 жылы Түрікменстан Президенті Сапармұрат Ниязовпен «Каспий теңізінің мәртебесі бойынша Каспий өңірі мемлекеттерінің келісіміне қол жеткізілді.


44444.png

Каспий теңізі маңындағы елдер арасындағы шекаралық аймақтарда межелеуді қайта қарастыруда 2018 жылы 12 тамызда Ақтауда өткен Бесінші Каспий саммитінде  қабылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция  ерекше орын алды (сурет 4). Сыртқы істер министрі  Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша,бұл  құжаттың қол қойылуына 25 жылға созылған келіссөздер себепші болған екен. Атап айтқанда, жоғары деңгейдегі 5 кездесу, Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің 7 отырысы, СІМ орынбасарлары деңгейіндегі арнайы жұмыс тобының 52 отырысы, сондай-ақ жағалау елдері сарапшыларының әртүрлі форматта 10-нан астам кездесуі өтіпті. Осы конвенция қабылданған Бесінші Каспий саммитінен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев брифингке қатысқан журналистерге Конвен цияның Каспий жағасындағы елдердің ынтымақтастығы үшін өте маңызды екендігін атап көрсетті. «Атап айтқанда, Каспий теңізін бейбітшілік, тату көршілік және достық аймағына айналдыру, оны бейбіт мақсатта пайдалану, егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, Каспий теңізінде тараптарға қатысы жоқ қарулы күштерді болдырмау мәселелері қамтылған. Біз аумақтық су көлемін 15 теңіз мил етіп бекіттік. Осыған орай оның сыртқы шекарасы мемлекеттік мәртебеге ие болады. Аумақтық суға он мильдік балық аулау аймағы жалғасады. Әрбір мемлекет балық аулау кәсібінде ерекше құқыққа ие болады. Теңіздің балық аулау аймағынан тыс бөлігі ортақ су кеңістігі болып қала береді. Мемлекеттік теңіз шекарасынан тыс аумақта Каспий жағасындағы елдердің туы бар кемелері еркін жүзе беретін болады» -деді еліміздің Бірінші Президенті (Хабар NEWS,2018).

Сонымен саммитте қабылданған конвенция нәтижесінде, барлық көршілес елдердің ұлттық секторлары ескеріле отырып, Қазақстанның Каспий өңіріндегі құрлықтағы және судағы шекаралары айқындалды. Ресей, Азербайжан,Түркменстанның Қазақстанмен шекараны нақты межелеуге ұмтылу және оны жүзеге асыру фактісі Каспий мәселесіне деген Ұлт Көшбасшысының өскелең ұрпақ үшін өзектілігі аса жоғары  замануи көзқарастарының тағы да бір қыры.

 

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясының қабылдануына Елбасының  қосқан үлесі

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция қабылдандан  Бесінші Каспий саммитінде  Қазақстанның батыстағы портты  қалаларының бірі Ақтауда өтуінің өзі Каспий маңы елдерінің Елбасының осы бағытта атқарған ұлан-ғайыр жұмыстарын мойындауының дәлелдемесі емес пе!? Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі «Мемлекет басшысы жүргізілген келісімдердің табыстылығына тоқталып, Конвенцияны дайындау процесінде барлық ел Каспий өңірінің саяси тұрақтылығы мен дамуын, сондай-ақ оның табиғи байлығының қорғалып, көбейтілуін қамтамасыз ету мүддесін көздегенін айтты» - деп жазады (Интервью,akorda.kz,2005.) Ал шетелдік саясаткерлердің пікірінше Ақтау қаласында өткен саммиттің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңыздылығы өлшеусіз болды.

БҰҰ бас секретарі Антониу Гутерриш: «Бұл тарихи құжат,халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде  аймақтық әріптестіктің маңыздылығын көрсетеді» (Мосты,2018)


6666666.png

Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин: «...бұл оқиғаның Қазақстанда болған оқиға ретінде тарихқа кірері сөзсіз. Жиырма жыл бойы шешімін таба алмай келе жатыр едік: таластық, шешімін іздедік,әйтеуір бір шешімге келдік. Бұл оқиғаның Каспий маңы аймағындағы  ынтымақтастығымыз арттырары сөзсіз... Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарын дамытуға үлес қосып отырғаныңыз үшін жеке алғысымды білдіргім келеді» (kremlin.ru/events,2018)

77777777777.png

Азербайжан саясаттанушысы Фикрет Садыхов: «Каспий құқықтық мәртебесін анықтау бұл мемлекеттер үшін маңызды. Құжаттың Қазақстанда қабылданатынына еш күмәнім жоқ. Ең бастысы,конвенцияның жобасы дайын. Бұл өзара серіктестіктің  арта түсуіне үлкен сеп болмақ. Сондай-ақ мемлекеттер арасында әр саладағы қарым-қатынаста нығая түспек» (Kazakh-tv.kz).

88888888.png

Қорыта айтқанда,әлемнің белгілі саясаткерлерінің пайымдауынша, V Каспий саммитінің Қазақстанда өтуінің  үлкен себебі бар,ол Елбасының Каспий маңы елдері арасында әлемдік  даму мен өрлеуге әкелетін  өзара ынтамақтастық,саяси-экономикалық әріптестікке негізделген үлкен саясаты.


Қорытынды 

Шекараны межелеу үрдісінің өте күрделі екендігін Каспий маңы елдерінің арасындағы  туындаған мәселелер арқылы қарастырдым. Мемлекеттік шекараны межелеуде  Елбасының ролі зор болған деген қорытынды жасай отырып, шекара туралы КТК телеканалы ұйымдастырған «Жіңішке қызыл жолақ» деректі фильмінде айтқан Елбасының сөзімен аяқтағым келеді: «Біздің тәуелсіз алғанымызға биыл 23 жыл болды,соның 13 жылын шекараға қатысты келіссөздер жүргізуге арнадық.Бұл қарапайым мәселе емес, тіпті тәуелсіздікке тең келетін өте маңызды мәселе, егерде мемлекетте шекара болмаса, мемлекетте жоқ деген сөз...» (КТК каналы,2014)

Каспий маңы елдерінің арасындағы шекараны межелеу мәселерін зерттеу арқылы  Елбасының идеяларының мен үшін жаңа қырларын анықтадым:

· әлемдік  дамудың келесі сатысына көтерілу үшін ел мен елді, жер мен жерді біріктіру;

· көршілес жатқан елдер арасындағы саяси шиеленістердің толерантты шешімдерін іздестіру және жүзеге асыру;

· түрлі саяси көзқарастарды елдің дамуы мен өрлеуі үшін тиімді қолдана алу;

· аймақтық мәселелердің жергілікті жерде шешімін табу;

· өзге елдердің талаптарын ескере отырып,өз еліңнің мүддесін қорғау.


Тлеумұратин Жалғас, Нұр-Сұлтан қаласы,Назарбаев Зияткерлік мектебі,11-сынып оқушысы

Жетекшілері: Ахметова Сауле Рамазановна,тарих пәні мұғалімі, Омралина Меруерт Атаровна,география пәні мұғалімі 

e-mail:omralina.meruert@nisa.edu.kz ahmetova.saule@nisa.edu.kz

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы.Атамұра, 2003

2.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы.Атамұра, 2003

3.Назарбаев Н.Ә.Қазақстан жолы.Алматы.Жібек жолы,2012

4.Назарбаев Н.Ә.Тәуелсіздігіміздің бес жылы.Қазақстан Республикасы Президентінің баяндамаларынан,сөйлеген сөздерінен, мақалаларынан. Алматы. Қазақстан,1996

5.Назарбаев Н.А. Российско-казахские отношения.Доклады,выступления,статьи. 1991-1997 годы.Москва.Раритет,1997

6.http://www.akorda.kz/ru. 1 января 2005.Интервью Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева телеканалам "Казахстан" и "Хабар"

7.https://www.youtube.com/watch?v=rOv_FeAqhV8.Қызыл  жіңішке жіп.Деректі фильм,2014 жыл.

8.https://www.azbyka.kz/gosudarstvo-kazahstan-gosudarstvennye-simvol.Государство Казахстан. Государственные символы. Географическое положение Казахстана и его границ.                                                

9. Мосты. Аналитика и новости о торговле и устойчивом развитии,2018

10.https://kazakh-tv.kz. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция,2018. 11.https://www.ictsd.org/bridges-news.International 12.http://www.kremlin.ru/events/president/news/58299.Встреча с Президентом Казахстана Нурсултаном Назарбаевым.

13.https://yeltsin.ru (2-сурет)

14. https://www.inform.kz/ru/pyatyy-sammit-prikaspiyskih-gosudarstv-otkryvaetsya-v-aktau_a3352319 



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?