Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның саяси басқару жүйесiне әйелдердiң қатысуы (1946 - 1990 жылдар)

2403
Социализм кезеңiнде еңбекшi бұқараның мемлекеттiк және қоғамдық iстердi басқаруға белсендi қатысуы кеңес қоғамының саяси дамуының басты бағыты деп есептелiндi.

Социализм кезеңiнде еңбекшi бұқараның мемлекеттiк және қоғамдық iстердi басқаруға белсендi қатысуы кеңес қоғамының саяси дамуының басты бағыты деп есептелiндi. Әйелдердiң қоғамдық — саяси қызметiне кеңiнен тартылуы социализмнiң экономикалық, әлеуметтiк, рухани саладағы нақты жеңiстерiмен қамтамасыз етiледi делiндi. Материалдық өндiрiс қоғамдық қатынастарды жетiлдiруде, негiзгi өндiргiш күш және жаңа өмiрдiң жасампазы ретiнде белгiлi роль атқарады, сондықтан қоғамдық өндiрiсте әйелдердiң қатысуымен оның тұлға ретiнде қалыптастырып рухани интеллектуалдық өсуiне ықпал етедi, мемлекеттiң барлық iстерiне қатысты екенiн сездiредi. Елдiң Конституциясында кеңес адамдарының әлеуметтiк белсендiлiгiнiң объективтiк жағдайы мен кепiлi заң түрiнде бекiтiлдi. Сөз, баспасөз бостандығы, митинг, көше шерулерi, демонстрацияға қатысу сияқты саяси құқықтармен қатар мемлекеттiк және қоғамдық iстердi басқаруға қатысуға құқық берiлдi. Еркектер мен әйелдердiң қоғамдық — саяси және мәдени қызметiнде тең құқықтары бар деп көрсетiлдi.

Бiз қарастырып отырған кезеңдегi кеңес адамдарының, оның iшiнде әйелдердiң де қоғамдық саяси белсендiлiгiнiң ең жоғарғы көрiнiсi — Кеңес Одағы Коммунистiк партиясына мүше болу деп қаралды. Оның қатарында Кеңес елi бойынша 4,5 млн., ал Қазақстан бойынша 1990 жылы 251260 әйел болды. Әйелдердi партия қатарына қабылдауда қалыптасқан партиялық разнарядкаға қарамастан көптеген әйелдер партия iсiнiң адалдығына жан тәнiмен сенiп, партия қатарына қабылдануға ерекше ықылас танытты. Партияға қабылданған әйелдер саны үздiксiз өсiп отырды. 1960 жылдан 1990 жылға дейiн 17,6 пайыздан 29,8 пайызға өстi (1 — кестенi қараңыз) [1].

Кесте 1 — 1946 — 1990 жылдары Қазақстан Коммунистiк партиясы қатарында болған әйелдер:

Жылдар

Абс.

%

1946

1950

1955

1960

1965

1966

1970

1971

1976

1981

1986

1990

40616

43333

44582

55915

78650

84841

102853

109614

143951

181816

227713

251260

27,3

19,2

19,0

17,6

17,5

17,6

18,5

19,0

21,9

24,9

28,1

29,8


Партия ұйымдарының әкiмшiлiк қызметтерiн бақылау жөнiндегi комиссиялары жұмыстарына әйелдердiң қатысуының үлкен маңызы болды.
Ұйымдастырушылық және саяси жұмыстың осы құралын пайдалану адамдардың тапсырған iске жауапкершiлiгiн арттырып, шаруашылық мәселелерiн шешуге ықпал етiп қана қоймай, еңбек ұйымдарында қолайлы адамгершiлiк психологиялық ахуал қалыптастырды. Көптеген әйелдер жауапты партия қызметкерлерi болып есептелдi, Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiне, Орталық тексеру комиссиясы мүшелiгiне, облыстық, қалалық, аудандық партия комитеттерiнiң секретарлығына сайланды. (2 — кестенi қараңыз) [2].

Кесте 2 — Қазақстан Коммунистiк партиясы номенклатура қызметкерлерi құрамындағы әйелдер саны:

КП Орталық Комитетiнiң номенклатура қызметкерлерi

1952 ж. 1 қаңтар

1955 ж. 1қаңтар

1960 ж. 1қаңтар

Еркектер

3980 – 87,5%

3627 – 92,3%

2911 – 94,8%

әйелдер

567 – 12,3%

302 – 7,7%

159 – 5,2%

Оның iшiнде:

қазақ әйелi

191 – 33,5%

69 – 22,2%

55 – 34,6%

Облыстық партия комитеттерiнiң номенклатура қызметкерлерi

1952 ж. 1 қаңтар

1955 ж.1 қаңтар

1960 ж. 1 қаңтар

Еркектер

13578 – 86,2%

14251 – 90,7%

11465 –92,2%

әйелдер

2171 – 13,8%

1456 – 9,3%

972 – 7,8%

Оның iшiнде:

қазақ әйелдерi

596 – 27,4%

284 – 19,5%

211 – 21,7%

Қалалық және аудандық партия комитеттерiнiң номенклатура қызметкерлерi

1952 ж.1 қаңтар

1955 ж.1 қаңтар

1960 ж.1 қаңтар

Еркектер

37227 – 86,3%

66946 – 88,3%

52883 –90,1%

әйелдер

8934 – 13,5%

8895 – 11,7%

5817 – 9,9%

Оның iшiнде:

қазақ әйелдерi

2585 – 28,9%

1883 – 21,1%

1191 – 20,5%

Облыстық, қалалық және аудандық партия ұйымдары хатшыларының құрамында әйелдер саны үздіксіз өсіп отырды. Мысалы, 1955 жылы 78 әйел осы қызметте жұмыс істесе, 1960 жылы 88-ге, 1976 жылы 193-ке, 1981 жылы 204-ке, 1989 жылы 252-ге жетті [1, с.219; 2, 2-3 пп.] 3-таблицаны қараңыз.

Кесте 3 - Қазақстан Коммунистiк партиясы облыстық, қалалық және аудандық ұйымдары хатшыларының құрамы:

Жылдар

Барлық хатшылар

Оның ішінде әйелдер

1952

1955

1960

1971

1976

1981

1986

1989

1990

766

1029

737

704

858

1002

1002

893

905

243

78

88

141

193

204

311

252

243


Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық комитетi, жергiлiктi партия комитеттерi партия өмiрiне әйелдердi белсендi қатыстыруға үнемi көңiл бөлiп отырды. Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық комитетi құрамында Партия ұйымдары біз қарастырып отырған кезеңде әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру олардың идеялық деңгейін көтеру мақсатында саяси тәрбие жұмыстарының жалпы және арнаулы формаларын қарастырды. Әйелдер арасында барлық партия ұйымдары үшін ортақ идеялық тәрбие берудің құралдарын саяси білім беру, бұқаралық-саяси шаралар, лекциялық насихат, саяси хабарлама т.б. қолданды. Сонымен бірге осы кезеңде партия ұйымдары жұмыстарының маңызды бөлігіоның қатарын алдыңғы қатарлы жұмыскерлер есебінен толықтыру, өсіру, оларды халық депутаттығына, сайланбалы кәсіподақ және комсомол жұмыстарына басшы қызметтерге көтеру болды. Біз қарастырып отырған кезеңде Коммунистік партия таратылғанға дейін партия ұйымдарының алдында тұрған міндет — саяси жұмысты өндірістік сипаттағы нақты міндеттермен ұштастыру болып табылды. Партия ұйымдары кәсіпорындарда тікелей осы міндеттерді шешумен айналысты. Алдыңғы қатарлы өндіріс озаттары республикалық, облыстық, қалалық, аудандық партия комитеттерінің құрамына, партия съездеріне делегат болып сайланды. Қалалық, аудандық партия ұйымдарына мүше болу формалды болды, яғни кеңестік кезеңде атақты жұмысшы және колхозшы әйелдердің белгілі бір орган құрамында болуы қажетті нәрсе болғанына қарамастан ол кезеңде бұл әйелдердің белсенділігін арттыруда айтарлықтай әсер етті.

Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық комитетi, жергiлiктi партия комитеттерi партия өмiрiне әйелдердi белсендi қатыстыруға үнемi көңiл бөлiп отырды. Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық комитетi құрамында 1971 жылы ХХIII съезде сайланған әйелдер Орталық Комитет мүшелерiнiң 10 пайызы, Орталық комитет мүшелiгiне кандидаттар 6 пайыз, ревизия комиссиясы мүшелерi 6 пайыз болды) [3]. Коммунист әйелдер белсендiлiгiнiң неғұрлым жоғарғы көрсеткiшi — партияның жоғарғы органы — съезд жұмысына қатысуы болды. Өткен съездер делегаттарының жалпы санында әйелдер ширегiн құрады. Қазақстан Коммунистiк партиясы ХIҮ съезiне делегат болған 418 әйел съезд делегаттарының жалпы санының 27 пайызын құрады) [4]. Бұл әйелдердiң қоғамдық және саяси белсендiлiгiнiң өскендiгiн көрсеттi.

Әйелдердiң қоғамдық саяси белсендiлiгiнiң жарқын көрiнiсi қоғамның саяси негiзi болған халық депутаттары кеңестерi қызметiне қатысуы едi. Кеңестер арқылы халық мемлекеттiк билiктi жүзеге асырады деп есептелдi. Әрине кеңестер жұмысында көптегент формалдылық орын алды. Соған қарамастан сайланған депутаттар, оның iшiнде әйелдер Заң жобаларын дайындау мен қабылдауға қатысты, тұрақты комиссияларда жұмыс жасады, сайлау округтарында халықпен жұмыс жүргiздi. КСРО Жоғарғы кеңесiнiң 1979 жылғы сайлауында 1745471 сайлау комиссиялары жүмыс атқарып, оның құрамына I661406 өкiл еңбек ұжымдарынан, қоғамдық ұйымдардан, халықтың барлық әлеуметтiк тобынан ендi. Комиссия мүшелерiнiң жартысына жуығын (48 пайыз) әйелдер құрады [5].

Қазақстанда республиканың ең жоғарғы мемлекеттiк билiгi — Жоғарғы Кеңеске сайланған әйелдердiң саны сайлаудан сайлауға дейiн өсiп, не болмаса бір дәрежеде тұрақты болып отырғаны байқалды. 1947 жылы жалпы депутат құрамының 78-і — әйел, яғни ол жалпы депутат құрамының 26 пайызы болса, 1951 ж. сәйкес 149 (37 пайыз); 1955 ж. — 122 (28,7 пайыз); 1959 ж. — 146 (32,4 пайыз); 1963 ж. — 158 (33,4 пайыз); 1967 ж. — 158 (33,5 пайыз); 1971 ж. — 170 (35,2 пайыз); 1975 ж. — 174 (35,5 пайыз) /30/) [6]; 1985 ж. — 183 (35,9 пайыз) болды [7].

1959 жылы жергiлiктi кеңестерге 28556 [8], ал 1971 жылы 50 мың депутат әйел сайланған [9]. 1959 жылы сайланған жергiлiктi кеңестердiң депутаттарының оны — аудандық атқару комитеттерiнiң төрайымдары, 284 әйел, аудандық, селолық, поселкелiк кеңестер атқару комитеттерiнiң төрайымдары болды.

Семей қалалық Совет атқару комитетiн Зоя Сергеевна Лосева, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ащыкөл ауылдық советiн Зәуре Баймулдаева басқарады, олар республика Жоғарғы Кеңесi депутаттары.

Қызылорда облысы, Шиелi ауданында Кердерi ауылдық советiнiң төрайымы Шара Бәйiмбетованы ел жақсы бiледi. Осы ауылдық совет депутаттары жергiлiктi халықпен бiрiге отырып, сайлаушылардың тапсырмасын орындауда жақсы табыстарға қол жеткiздi. 1960 жылы осында медпункт, әйелдер босанатын үй, 57 тұрғын үй (олардың 10-ы малшыларға арналған) салынды [10].

Республикада 1973 жылы ауылдық, селолық, поселкелiк, аудандық, қалалық және облыстық кеңестерге сайлауда әйелдер барлық депутаттардың 46,7 пайызын құрды, бұл көрсеткiш 1961 жылы — 32 пайыз болған едi, ал 1984 жылы жергiлiктi кеңестер сайлауында әйелдер барлық депутаттардың 50 пайызын құрды [11]. 1969 жылы жергiлiктi кеңестер сайлауында 106600 депутаттың 46167 — әйелдер болған. 1975 жылы жергiлiктi кеңестерде 59341 әйел депутат жұмыс жасаған, ол халық депутаттарының жалпы санының 48,1 пайызын құрды. 1970 жылғы. сайлау бойынша КСРО Жоғарғы Кеңесіне Қазақстан республикасынан барлығы 71 депутат сайланды, оның 22 — i әйелдер, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Одақтар Кеңесiне барлығы 39 адам, оның 11-i әйел, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Ұлттар Кеңесiне 32 адам, оның iшiнде он бiр әйел сайланды [12]. 1990 жылғы сайлауда барлығы 358 депутат сайланды, оның 26-ы әйел болды, ол барлық депутаттардың 8 пайызы ғана болды [13].
1987 жылы жастар, әйелдер, жұмысшылар өкiлдерiнiң белгiлi квотасын алып тастағаннан кейiн билiк органдарында әйелдер еркектермен тең күрестi. КСРО Жоғарғы кеңесiнiң соңғы құрамындағы депутаттар арасында әйелдер 15,7 пайыз, Россия парламентi депутаттары арасында — 6 пайызға жуық [14]. Бiрақ санының аздығына қарамастан әйел депутаттар тобы билiк органдарының, әсiресе әлеуметтiк, экологиялық проблемаларын, азаматтық келiсiм мәселелерiн және әйелдер жағдайы, отбасы мәселелерiн шешуде қомақты үлес қосты.

Тарих және қазiргi заманның көрсетiп отырғанындай бiздiң отандас әйелдерiмiз өздерiнiң бейiмдiлiк, бiлiктiлiк жағынан Ұлыбритания, Норвегия, Исландия Бангладеш, Жапония т.б. елдер әйелдерiнен еш кем емес, бұл елдерде әйелдер билiк органдарында үкiметтi, саяси партияларды табысты басқаруда және басқарып келген. Ал Исландияда парламентте әйелдер фракциясы өз позициясын берiк ұстауда. Саясатта Қазақстан әйелдерi арасынан Индира Ганди, Маргарет Тэтчер, Мадлен Олбрайт, Беназир Бхутто, Тансу Чиллер сынды халықаралық деңгейде танымал саясаткер өкінішке орай жоқ. Ал халықаралық әйелдер форумдары мен қозғалыстарының жұмыстарын белсене атқарып, әлем әйелдерiне танымал болған қазақ әйелінің біз қарастырып отырған кезде болғанын мұрағат құжаттарынан таптық [15]. Балжан Бөлтірікова Қазақстан тарихындағы алғашқы сыртқы істер министрі болған әйел және БҰҰ Бас Ассамблеясы жұмысына тұңғыш қатысқан қазақ әйелі. Республиканың сыртқы істерінің алғашқы наркомы болып тағайындалған ірі мемлекет қайраткері Төлеген Тәжібаевтан кейінгі Қазақстан тарихында БҰҰ Бас Ассамблеясының екі сессиясы (1966 жылы ХХІ және 1971 жылы ХХҮ) жұмысына қатысқан республиканың екінші, әйелдерден тұңғыш өкілі [16]. 47 жыл еңбек өтілінің 20 жылын министрлік қызметте, 6 жылын Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасарлығында болып өткерген. 35 жылын өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім беруге арнаған жалпыға ортақ орта білімді енгізудің шешуші кезеңіне байланысты және мектептердің жаңа оқыту жүйесіне көшуі жолында белсенді әрекет етті. Ол 1970 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының жанында педагогика саласында зерттеулерді үйлестіру кеңесін құруға ат салысты, инициаторы болды.

Егер-де біз Балжан Бөлтірікованың өмірбаянын тізіп жазар болсақ, онда энциклопедиялық анықтама болар еді. Қазақ қыз-келіншектерінің арасында тоталитарлық кеңес үкіметі кезеңінің тек қана республика көлемінде ғана емес, КСРО және талай шетелдік мәжілістерге қатысқан қазақтың тұңғыш қызының еңбегі зор. 22 жасынан партия мүшесі болған Б. Бөлтірікова қоғам қайраткерлігі дәрежесіне дейін көтерілді. 1941–1949 жылдары Алматы қаласындағы қазақ орта мектебінің директоры болған Балжан 1949–1955 жылдары республиканың бастауыш және орта мектеп қызметкерлері кәсіподағының Орталық Комитетінің төрайымы, 1955–1966 жылдары қазақтың әлеуметтік қамсыздандыру министрі, 1965–1971 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан сыртқы істер министрі, 1971–1974 жылдары Қазақстан Оқу министрі, 7 рет қатарынан сайланған Қазақстан Жоғарғы кеңесі депутаты, СОКП ХХІІІ съезі делегаты. Ал 1965–1970 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, 1975–1980 жылдары кәсіптік-техникалық білім беру комитеті төрағасының орынбасары, ал 1981 жылдан Одақ көлеміндегі дербес зейнетке шықты. Англияның Кембридж қаласында шыққан «Кто есть кто», Мәскеуден шыққан «Дипломатический словарь» атты сөздіктерде, Қазақстан энциклопедясында т.б. кітаптарда Б. Бөлтірікованың саяси қайраткерлік өмірбаяндары баяндалып, Еңбек Қызыл Ту орденімен т.б. медальдармен марапатталған [17]. Әйелдердің жауапты қызмет атқаруына қоғамдағы адамдардың сенімсіздік көзқараспен қарауы әдетке айналған. Сондықтан да өз ортаңда нақты орныңды алу үшін күресу қажет. Сонымен қатар жалпы басшылықта ер кісілер болғандықтан бір-екі әйел басшылар әрқашан қай істе-де өз іскерлігін көрсетуі қажет. Б. Бөлтірікова еңбеккер әйел, ана және сүйікті әйел ретінде күйеуі Ескендір Қожабаевпен (көрнекті ғалым, еңбегі сіңген заңгер, оның өсуіне жәрдемдесіп, қолдап отырған) 53 жыл отасқан. Олардың балалары да түрлі салада тыңғылықты еңбек етеді. Анасы 18 құрсақ көтергенімен, солардың ішінен қалған 5 ұл-қыздың кенжесі, әрі жалғыз болғандықтан, әкесі әркез еркелетіп ұстаған. 7 рет Жоғарғы кеңеске депутат болған жылдарда өзі сайлаған жергілікті жердің мұң-мұқтажын ескеріп, мектеп, бала-бақша, мәдениет үйлерін, кітапхана т.б. осы сияқты халықтың күнделікті тұрмысына қажетті мекемелер салу, көп балалы отбасыларына көмектесу, шағыммен келген адамдар өтінішін орындау сияқты көптеген проблемалардың шешілуіне ұйтқы болған. Мысалы, Торғайда депутат болып сайланған аудан орталығында 1 мектеп, бала бақша, 400 орындық кинотеатр салуға көмектескен. Сонымен қатар ауданның дәрігер мамандығына тапшылығын ескеріп, 10 шақты баланы тікелей мединститутқа түсуге жәрдем жасаған. Тізе берсе, халық мұқтажын ескеруге өз үлесін қосуға талпынған. Сол кездегі ісіміз бен тәрбиеміз қазіргі басшылар ісімен салыстыру тіпті-де мүмкін емес. Әр нәрсе өз заманында ғой. 20 жыл министрлік қызметте 6 жыл Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасарлығында болып, күніне 4 сағат қана ұйықтайтынмын, қалған уақыт тек жұмысқа арналған, — дейді Б. Бөлтірікова өз естелігінде [18] 2 рет БҰҰ Бас Ассамблеясында КСРО мемлекетінен А. А. Громыко басқарған делегация құрамында болып, үлкен саяси мәселелерді шешуге араласқан. Жапонияда өткен әлемде атом қаруын болдырмау үшін атты бейбітшілік миссиясына 2 рет, Каирде өткен Азия және Африка елдерінің конференциясына қатысты. Одан кейін Сирияда, Солтүстік Кореяда, Чехословакияда болған. Осы іс-сапарлардың бәрінде де Кеңес Одағы атынан, Қазақ мемлекетінің өкілі ретінде қатысты. Өзіне-өзі қатаң талап қоятындығы, үлкен ізденгіштігі зор көмек болды. Осы талаптарды өзінің 2 ұл, 2 қызына да қойып, олар азамат, отбасының иелері, өздері-деата-аналар болды. Жалпы бүгінгі өз замандастарының басшылықта жүрген сіңлілерінің ішінде Ә. Беспаева, К. Өмірбаева, З. Қадырова, А. Жағанова, М. Ахметова сынды қыз-келіншектердің жан-жақты дайындығы, қоғамның қай саласында да іскерліктері қуантады. Басшылық орындарға әйелдерді қатыстыру қажет. Жалпы өмірдің тұтқасы — әйелдер. Жауапты қызметтегі әйелдердің тауқыметі зор. Дей тұрғанмен-де әйелдердің іскерлігі ауқымды. Осылайша, Балжан Бөлтірікова (дипломатиялық қызметтегі белсенді еңбегі үшін 1971 жылы Еңбек Қызыл Ту орденін алған) алғаш орден алған тұңғыш дипломат, республика сыртқы істер министрі болған тұңғыш әйел, ірі көрнекті мемлекет қайраткері болды.

Ғалымдар мен саясаткерлер әйелдердiң жағдайы, президент әйелдер жөнiнде, жаңа әйел бiрлестiктерi жайлы белсендi дискуссиялар жүргiзуде. Мұнда олар егер елiмiз әлемдiк өркениет арнасында болғысы келсе әйелдерге саясатқа енуiне жол беруге тиiс, партия мен қозғалыстар қызметiне, қоғамды басқару саласына енуiне даңғыл жол болуы тиiс деп есептейдi. Ал әйелдi үйге оралту керек, әйтпесе семья құруға, бала тәрбиесi нашарлайды дегенді алға тартушылар да жоқ емес. Біздің ойымызша, осылардың әрқайсының өз шындығы бар. Бiрақ жәй сөз айтысынан өзгерер ештеңе болмас, өйткенi әйел өз тағдырын өзi таңдайды. Бiрақ мемлекеттен тәуелдi болатын нәрсе: әйел өз тағдырын өзi таңдауда болған кедергiлер арқылы өте ме әлде қоғамның қолдауына сүйене ме деген мәселе еріксіз алға шығады. Тарихи прогресс қоғамның демократиялануы барлық азаматтардың басқаруға белсене үлес қосуы, саясатқа қатысудың жаңа түрлерінің пайда болуы, азаматтардың саясаттың субъектiсi, жасампазы ретiнде ролiнiң жоғарылауын талап етеді. Шынында қоғам саясаттан, басқарудан өз азаматтарының жартысын — әйелдердi тыс қоя ала ма? Бұрын Кеңестер Одағында олар халықтың 52,7 пайызын, еркектер 47,3 пайызын құрады. Қазақстан халқының жартысын — әйелдер құрайды. БҰҰ есебi бойынша жалпы әлемдiк жұмыс уақытының 2/3 пайдалану әйелдер үлесiне тиетiнiн көрсеткен. Әлемдегi әрбiр үшiншi семьяны әйелдер асырап отыр. Бұдан шығатын қорытынды екеу: 1. Кез келген өкiмет, егер шын мәнiнде қоғам, халық мүддесiн ойласа, әйелдердi қамқорламай тұра алмайды. 2. «Әйел кiмнiң жағында?» деген сұраққа кез келген қоғамдық қозғалыс, партия, ұйымдардың жағдайы тәуелдi. Көптеген саясаткерлер мұны түсiнедi, олардың сайлау алдындағы бағдарламалары мен уәделерi және мемлекеттiң семьяға көмек шаралары осыны көрсетедi.

Көптеген партиялар мен қозғалыстардың бағдарламалық құжаттарында әйелдер жағдайын жақсарту идеялары, ана, отбасы, еңбеккер әйелдер жағдайы туралы идеялар ұсынылған. Басшы қайраткерлер мәлiмдемелерi мен сөздерiнде әйелдердi халық шаруашылығы мен мәдениетте басқару жұмыстарына көтеру, олардың қоғамдық-саяси белсендiлiгiн дамыту мiндеттерi туралы айтылады.

Қоғамның саяси өмiрiне қатысу-деңгейiнiң өзгеруiне қарап әйелдердiң әлеуметтiк статусы мен сана — сезiмiндегi өзгерiстердiң тереңдiгi туралы пайымдауға болады. Бұл жағынан қоғамдағы кез келген әлеуметтiк топтың нақты статусының негiзгi көрсеткiшi (өлшемi) болып табылады.

Қазақстан әйелдерiнiң саяси өмiрге қатысуы әлемдiк үрдiс арнасында соңғы жылдары, өкінішке орай, қысқарып барады. Кеңес өкіметі кезеңінде дауыс беру құқығын алған әйелдердi саяси өмiрге тарту коммунистiк идеологияның негiзгi принциптерiне айналғанымен, бұл іс кең өріс ала алмады. Ал Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн әйелдердiң саясат саласына ұмтылуы айтарлықтай күшейгені байқалады. Әйелдер биліктiң жергiлiктi органдары жұмысына араласуда, қалалардың мэрi, Президенттiң кеңесшiлерi, Парламент депутаттары, жергiлiктi өкiлдiк органдардың депутаттары бола бастады.

Алайда бұрын заң шығарушы органдарда әйелдер үлесiне белгiлi бiр орын сақталған болса, идеологиядағы кейiнгi өзгерiстерге байланысты бұл практика тоқтатылып, әйел депутаттар саны 5 пайызға дейiн төмендедi, бұл Батыс Европа елдерiнен төмен. Мысалы, 90 — жылдарда парламентарийлер арасында әйелдердiң үлесi Швейцарияда — 38 пайыз, Норвегияда — 34,4 пайыз, Германияда — 19,3 пайыз болды. Британ парламентiнiң 1377 жылдан бүгiнге дейiн көп ғасырлық тарихында 154 еркек адам спикер болып келсе, 62 жастағы Элизабет Бутройд палата спикерi қызметiне әйелдер арасынан тұңғыш рет сайланды.

Саяси процесте әйелдердiң нақты ойластырылған бағытының болмауы өте үлкен кемшiлiк. Егер әйелдердiң көзқарастары нақты белгiленiп, саясатта ескерiлмесе, әйелдердiң мұқтажына жете көңiл бөлу мүмкiн емес, ескерiлмейдi-де. Қоғамды реформалау барысында бұл үшiн заң шығару механизмi бекiтiлуi керек. Әйелдердiң қоғамдық — саяси белсендiлiгiнің төмендегi параметрлер бойынша бөлiп көрсетуге болады деп ойлаймыз:
 қоғамдық-саяси қозғалыстар мен саяси партияларға қатысуы;
 дауыс беруге қатысуы;
 заң шығару органындағы өкiлдiлiгi;
 әйелдердiң гуманитарлық мұқтаждары;
 мемлекеттiк қызметтегi әйелдер жұмысы.

Мемлекеттiк билiктiң биiк шыңдарын алу талпыныстарына қарамастан әйелдер негiзiнен төменгi ұйымдарда, бұқаралық қозғалыстарда едәуiр үлкен белсендiлiк көрсетiп отыр. Қазақстанда сексенiншi жылдары бүкiл әлемдегi сияқты әйелдер әсiресе соғысқа қарсы қозғалысқа белсене араласты.

Қоғамдық пiкiрде және ғылыми талдауда күнi бүгiнге дейiн әйелдер тұрақты консервативтi электорат ретiнде қабылданып, олар саяси шешiмдер қабылдаудан алыс жүредi деген пiкiр орныққан. Саясат әлi-де болса еркектердiң үлесiнде қалып отыр, әйелдiң статусын көп жағдайда семья белгiлейдi. Егер әйел жынысынан қандайда болмасын бiр өкiлi билiк басына келе қалса — ал бұл үшiн әйелге өзiн қоршаған саясаткер еркектерден асып түсетiн қыруар қасиеттердi игеруi керек — әйел саяси мiнез — құлықтың «еркектер» стандартына толық сәйкес басқаруға мәжбүр, кей жағдайда тiптi еркектерден-де қатал болып кетедi.

Соған қарамастан бүгiнде әйелдердiң электоралдық мiнез құлқында бiрқатар өзгерiс байқауға болады. Солардың бiрi — әйелдер үшiн жұмыстың перспективтi тәсiлдерiнiң бiрi — әйелдердiң мемлекет аралық деңгейде белсендiлiгiнiң ұйымдастырылуы болып табылады. Европа қауымдастығы елдерiнiң тәжiрибесi көрсеткенiндей әйелдер өз елдерi парламенттерiнен гөрi Европа парламентiнде үлкен табыстарға жеткен. Әсiлi дәстүрлерден гөрi жаңа институттар тез игерiлетiн болса керек. Европа парламентi депутаттары арасында Европа қауымдастығы елдерiнiң әйелдерi сексенiншi жылдардың басында депутаттардың жалпы санының 16 пайызын құрады, ал сол кезде олар ұлттың парламенттерiнде 7 пайызы ғана болған едi. 90 — жылдар басында билiк құрамында әйелдер 12 пайыз болды [19].

1997 жылдың басында Қазақстан парламенті депутаттарының арасында әйелдер саны 10,7 пайызға жуық, оның iшiнде сенатта — 6,5 пайыз, мәжiлiсте — 13,4 пайыз болды, республикалық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларының арасында бiр әйел болса, ал облыс әкiмдерiнiң арасында бiрде — бiр әйел болған жоқ [20].

Қоғамдағы саяси және экономикалық түбiрлi өзгерiстер мемлекеттiк қызметтегi әйелдердiң құқықтары мен нақты мүмкiндiктерi ара қатынастарын өзгертедi. Қазақстан әйелдерi халықаралық эксперттердiң бағалауы бойынша тарихи қалыптасқан объективтi жағдайларға байланысты еңбек саласында неғұрлым тұрақты қалыптасқан кәсiби дағдыларға ие. Әйел кадрларының интеллектуалдық әлеуетінен айрылып қалмау үшiн әйелдердiң мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдар жұмысы қызметiне нақты қатысуы үшiн еңбек рыногындағы тең құқықтарын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасаудың комплекстi шаралары қажет. Мемлекеттi басқаруда әйелдер келешегі жоқ ел өркениеттi демократиялық қоғам ретiнде өсуден қалады. Өмiрдiң өзi мемлекеттiк қызметке әйел карьерасын жоспарлаудың бағдарламасын құрып, оны жоғары мемлекеттiк қызметтерде әйелдер өкiлдiгi торабынан кеңейтудiң практикалық маңыздылығына бағыттаудың қажеттiгiн көрсетiп отыр. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасында әйелдер жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы» мақұлданған [21]. Тұжырымдама әйелдерге қатысты мемлекеттiк саясаттың жалпы стратегиясы мен басым бағыттарын айқындайды, тең құқықтар мен бостандықтар принципiн iске асыру және әйелдер мен еркектер үшiн мүмкiндiктер туғызу мақсатын көздейдi.

Мемлекет iстерiне әйелдердiң тең құқықта араласуы iсiн демократиялық қауым ұзақ әрi орнықты бейбiтшiлiктi қамтамасыз ету үшiн тұрақты экономикалық дамуда, ұлтаралық наразылықты болдырмаудың, елдер арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты қалыптастыруда бiрқатар әлеуметтiк, нәсiлдiк, этникалық т.б. проблемалардың өткiрлiгiн жұмсартуда прогресс үшiн қажеттi шарт ретiнде қарастырады.

Қазақстан Республикасының тәуелсiз дамуы кезеңiнде мемлекеттiң басшы орындарында, сонымен бiрге жаңа саяси партияларда, қозғалыстарда, майдандарда, ассоцияцияларда, қайырымдылық т.б. қоғамдарында жаңа саяси элита құрған активист әйелдер келдi. Олар — Н. Каюпова, Ш. Беркiмбаева, З. Федотова, Р. Кенжетаева, А. Арыстанбекова, А. Жағанова, В. Сиврюкова, Н. Савостина, Т. Квятковская, Н. Коржова, А. Самакова, Ж. Ертiлесова, Р. Сарсенбаева және тағы басқалар [22]. Алайда демократия және бәсекелестiк жағдайында әйелдерге саяси карьера жасау, саяси лидер болу қиын. Бұл қоғамдық санада лидер ретiнде еркектер мен әйелдердi бағалаудың критерийiндегi терең ассиметрияның болуынан (сәйкессiздiгiнiң қалыптасуынан) болып отыр.

Әйелдер мен еркектердiң нақты тең құқылығына жету мүмкiндiгiне кедергi келтiрушi факторлардың бiрiншi тобы — экономикалық. Ол әйелдердiң еңбек рыногындағы жағдайына, олардың кәсiби қызметiмен шұғылдануындағы табыстарының деңгейiне байланысты. Табыс-деңгейiндегi айырма әйелдердiң толық экономикалық тәуелсiздiктi алуына кедергi келтiретiн жағдайлардың бiрi, еркектермен электоралдық күресте тең бәсекелесу мүмкiндiгiне кедергi келтiредi. Өйткенi республикалық деңгейде ғана емес, тiптi оқшау бiр жердегi сайлау науқанының өзi үлкен қаржы шығындауды қажет етедi. Бұл әйелдердiң потенциалдық мүмкiндiктерiн электорат тарапынан бағаламауға немесе төмендетуге және өзiнiң өзiн бағалауын төмендетуге әкеледi, саяси иерархия баспалдағымен көтерiлуiн қиындатады.

Екiншi топ — әйелдердiң жеткiлiксiз саяси белсендiлiгi және шешiмдер қабылдау процесiне қатысуының төмен дәрежесi. Оған себеп болған жыныстардың отбасылық нақты теңқұқықтығы проблемаларының шешiлмеуi, орындалмауы, жүзеге аспауы. Ол әйелдердiң саяси қызметке араласуы үшiн уақытының да күшiнiң де жетпеуiне әкеледi. Үлкен саясатқа араласу, билiктiң жоғарғы қабаттарына жылжу барысы интеллектуалдық, шығармашылық және дене күшiн толығымен берiлуiн, соған арнауын талап етедi. Отбасылық мiндеттер мен қызмет мүддесiн әдемi үйлестiру әйелдерге оның «қосжүктемелi» еңбегiне байланысты өте қиынға соғады (яғни үй шаруашылығындағы және қоғамдық өндiрiстегi жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты өте қиынға соғады.

Үшiншi топ — бұрыннан қалыптасқан және қазiр-де қалыптасқан, орын алып келе жатқан жаппай қоғамдық сананың стереотипi. Әйелдер саясаттың субъектiсi емес, объектiсi ретiнде қабылданады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Коммунистическая партия Казахстана: организационно-политическое развитие. Справочник. Алма-Ата, 1990, с. 149
2. Орталық мемлекеттік мұрағат (ОММ). 2249 — қор, 1-тіз., 26-іс, 2–3 парақтар
3. Компартия Казахстана за 50 лет. Алма-Ата, 1972, с. 357
4. ХIV съезд Компартии Казахстана. Стенографический отчет. Алма-Ата, 1976
5. Казахстанская правда, 16 января 1987, с. 2
6. Опыт КПСС в решении женского вопроса. Москва: Мысль, 1981, с. 206
7. Государственные учреждения КазССР. Справочник. Высшие органы государственной власти и государственного управления КазССР (1937–1977). Алма-Ата, 1985, сс. 18, 20, 23, 26, 30, 34, 37, 41
8. Қазақстан Республикасының Президенттік мұрағаты (ҚР ПМ), 708-қор, 34-тiзбе, 1669- iс, 247-парақ
9. Ниязбеков С. Казахская Советская Социалистическая Республика. М., 1972. С. 69.
10. ҚР ПМ,708-қор, 34-тiзбе, 1669- iс, 50-парақ
11. Казахстанская правда.16 января 1987 г.
12. Казахстан за 50 лет. Сборник статей. Алма-Ата, 1971, с. 20
13. Алтынбекова Г., Каланова Ш. Давайте подруги, обсудим… //Мысль, 1999, № 5, с. 22
14. Кондакова Н. И. Женщины в современной общественно-политической жизни //Женщины в общественных объединениях. Москва:1992, с.13
15. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 1–87 — істер
16. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 23-іс, 45-парақ
17. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 37-іс, 1–2 парақ
18. Иманбаева Ұ. Министр болған Б. Бөлтірікова //Азия. № 2, 1992, 5–7 беттер
19. Женщины в общественных объединениях. Москва: Луч, 1992, с.6
20. Канапьянова Р. М. Женщина на государственной службе: современная политика и перспективы. Москва, 1996, с.60.
21. Казахстанская правда. 6 марта 1997 г.
22. Саясаткер қыздар //Ана тiлi. 8 наурыз 2001 жыл, 3-бет

Бибазар Жүзтаева, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?