Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Құпиясын қойнауына бүккен Ханқорған

3582
Құпиясын қойнауына бүккен Ханқорған - e-history.kz
Хан Абылайдың өмірінің соңында ғұмыр кешкен Ханқорған қалашығы Сайрам ауданы Мәдени ауылынан жарты шақырым қашықтықта батыс бөлігінде орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық институтының экспедициясы Ханқорған қалашығында «Халық тарих толқынында» және «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы археологиялық зерттеулер тұрғысынан» тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, таңғаларлық жаңалық ашты. Ханқорған қалашығы ХІ–ХІІІ ғасырларда пайда болған деп болжам бар. Ол негізгі үш бөліктен: ішкі қамал, Шахиристан және Рабаттан тұрады.

-Оңтүстік Қазақстан обылысындағы көне қалалар ортағасырларда Ұлы Жібек жолының бағытындағы сауда мекендері ретінде пайда болғаны мәлім. Сол кездегі барлық қалалардың орталығында міндетті түрде мешіт бой көтергенін байқадық. Бұл моншалар шамамен Х-ХІІ ғасырларда бой көтерген. Үлкен қалаларда ондаған моншаларға дейін салынған. Өйткені, қоғамдық құрылыстар қатарында моншалар маңызды орынды иеленген. Мысалға, Отырардың рабадында ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында салынған 2 монша табылды. Осыған ұқсас моншалар Ханқорғанда да бар,- деді жуырда Ханқорған қалашығында Оңтүстіктегі археологиялық тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында Ә. Марғұлан атындағы археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Бауыржан Байтанаев.

Ғалымның айтуынша, қалашықтағы моншалар шаршы кірпіштерден тұрғызылған. Олардың қалыңдығы – 90 сантиметрді құрайды. -Қабырғалары төрт қатарға тізбектелген. Өзінің құрылымы, конструкциясы және табылған заттары бойынша ол қалалық моншаға қатты ұқсайды,- деді ол. Мұны керамикалық құбырлардан тұратын кәріздендіру жүйесінің, сужинағыштың, жуынуға арналған екі ыдыстың, демалуға арналған бөлменің болуы дәлелдеп отыр.

-Бүгін біз Ханқорған қалашығын аралап көріп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын облысымызда жүзеге асыру мақсатында жиналып отырмыз. Облысымызда есепке алынған тарих пен мәдениет үшін маңызы зор 1281 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бар. Оның ішінде сәулеттік ескерткіштер 218, археология ескерткіштерінің саны 1063-ті құрайды. Осы тарихи орындарымызға кезең – кезеңімен археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіріуіміз қажет», - деді жиынды жүргізіп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.

Облыста туризм саласын дамыту мақсатында жергілікті өңірлер бойынша тарихи орындарды қалпына келтіру үшін арнайы бағдарлама

дайындалып, кезең – кезеңімен іске асырылуда. Бірінші кезекте Қазығұрт, Ордабасы тауларын, ортағасырлық Отырар, Оқсыз, Сауран, Сидақ, Мәртөбе, Ханқорған қалашықтары, Жуантөбе, Қараспан, Күлтөбе сияқты ежелгі елді мекендеріне археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Сонымен қатар, бүгінде жойылып кеткен археология және сәулет ескерткіштеріне жататын Қошқар ата, Керуен сарай, Созақ ауданындағы Жүсіпбек, Жәкел датқа кесенелерін және тағы басқа да тарихи нысандарды да қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілмек.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?