Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне Ғұзия — оғыз мемлекетінің алғашқы астанасы

4894
Көне Ғұзия — оғыз мемлекетінің алғашқы астанасы - e-history.kz
Оғыздар. VIII ғасырдың екінші жартысында оғыздар түргеш мұрасы үшін соғыста қарлұқтардан жеңіліс тапты, бұл оларды Жетісу аумағын тастап, тау бөктері мен Шу, аңғарына кетуге мәжбүр етті.

Жаңа жерде-де олар өмірлік кеңістік үшін күресті жалғастыруға мәжбүр болды. Олардың бұл жолғы жауы қаңғар-печенег тайпалары еді, оғыз көсемдері оларды ІХ ғасырдың басында күні кеше қарсыласы болған қарлұқтармен, қимақтармен бірігіп қана жеңе алды. Сөйтіп, бұрынғы иелері қанғар-печенег тайпаларының өкілдері батысқа қарай ығысуға мәжбүр болған Сырдарияның төменгі, ағысындағы жерлер мен Арал өңірінің далаларын өздеріне олжа етті.

Алайда оғыздар мұнымен тоқтап қалғысы келмеді. ІХ ғасырдың соңында олар хазарларға қарсы орыстармен одақ құрып, осы теңсіз соғыста жеңіске жетті, Орал мен Волга өзендерінің арасындағы аумақты иеленді. Сөйтіп, араб дереккөздерінде Мафазат әл-ғұзз — «Оғыз даласы» деген атпен мәлім болған, қазіргі Қазақстан аумағының едәуір бөлігі оғыздардың бақылауына көшті.
Соның нәтижесінде ІХ ғасырдың соңы — ХІ ғасырдың басында оғыздар Сырдарияның орта, ағысынан Волганың төменгі, ағысына дейінгі аумақты алып жатты. Олардың Сырдарияның орта және төменгі, ағысындағы жерлерде, Арал өңірінде және Каспийдің шығыс өңірінде неғұрлым көбірек шоғырланғаны атап өтілген. Оғыз тайпаларының шекарасы Оңтүстік Орал мен Волганың төменгі, ағысындағы жерлерге дейін жетті. Олардың қоныстары отырықшы егіншілік облыстармен, Хорезммен, Қорасанмен және Мауереннахрмен шектесіп жатты.
Басында оғыздардың топтасу орталығы Жетісу болды, бірақ ол өзінің Хазария мен Волга бойы Бұлғариясына қарсы күрес жүргізілген батысқа қарай қозғалуы процесінде Батыс және Оңтүстік Қазақстан аумағындағы көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың есебінен кеңейе түсті.
Х ғасырда Янгикент (немесе Жаңа Ғұзия деп аталатын қала) оғыз тайпаларының әскери-саяси одағының астанасы болды, ол қимақ далалары арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра, аңғарларына өтетін керуен жолдары тоғысқан тұста жайласты, Сығанақ пен Оңтүстік Оралға жеткізетін сауда жолдары да осы қала арқылы өтті. Оның үстіне, Янгикент Орта Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауереннахрмен шектесетін, географиялық жағынан қолайлы жерде орналасты.
IX–XI ғасырларда оғыз мемлекетінің жоғары билеушісі жабғу (ябғу) атағына ие болды. Бұл олардың дербес мемлекет басшысы бола отырып, өздерін қаған атағын алуға лайықпыз деп есептемегенін көрсетеді. Оғыз жабғуларының күл-еркіндер деп аталатын өз орынбасарлары болды. Оғыз әскерінің «сюбашы» деген атағы бар басшысы да маңызды рөл атқарды. Ол әскери кеңеске сүйенді. Әскер басшылары саяси оқиғаларға араласып, кейде, тіпті, жабғуға да қарсы шықты.
Жоғарғы билеушілердің билігі мұрагерлік жолмен беріліп отырды, олардың балаларының «инал» атағы болды. Оларды бала кезінде тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар, атабектер тағайындалды. Басқа түрік билеушілерінің әйелдері секілді оғыз жабғуларының әйелдері-де «хатун» атағына ие болып, сарай ішіндегі өмірде елеулі рөл атқарды.

Оғыз хандары әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген сарқыншағы болып табылатын кеңестерде сайланды. Бірақ мұндай кеңестер өте сирек жиналды және күнделікті өмірде басты рөлді, ақсүйектер кеңесі (канкаш) атқарды. Халық жиналысы шақырылған жағдайларда да олардың негізгі тізгіні оғыз, ақсүйектерінің қолында болды.
Оғыз билеушілері неғұрлым қуатты хан ұрықтарынан сайланды, ал сайлаудың өзі әдет құқығының жазылмаған қағидаларының жинағы — төре бойынша өткізілді. Оның негізінде ініге қарағанда, ағаның билікке артықшылықты құқығы болатыны жатты.

Қазына мен азық-түлік сақталатын, нығайтылған ордалар ірі бірлестіктердің басында тұрған хандардың резиденциясы болды.
Оғыздардың мемлекеті туралы алғашқы дерек ІХ ғасырдағы — Х ғасырдың басындағы араб тарихи-географиялық шығармаларында қамтылған. Мәселен, зеттеуші әл-Якуби олардың көрші түрік тайпаларымен: қарлұқтармен, тоғыз-оғыздармен және қимақтармен соғыстарын сипаттайды. IX–X ғасырлардағы оғыз тайпалары туралы қызықты мәліметтер ибн-әл-Факихтің географиялық еңбегінде бар, онда оғыздар қимақтармен және тоғыз-оғыздармен қатар «патшалар» (мәлік) болды және олар түріктер арасында үлкен құрметке ие деп айтылады.
Араб дереккөздері көрсетіп отырғандай, оғыздар Сырдарияның төменгі, ағысы мен Арал өңірін басып алғанға дейін-де оғыз билеушілері әулетінің Көне Ғұзия деп аталатын резиденциясы болған. Ол астана ретінде қарастырылған. Болжам бойынша ол Тянь-Шаньның батыс сілемдері, Шу өзені және Сырдария Қаратауының арасында орналасқан.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?