Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Торғай облысында өсімқорлықтың таратылуы

2808
ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары – Қазақ даласында өсімқорлықтың ауқымды таратылу уақыты болды.

ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары — Қазақ даласында өсімқорлықтың ауқымды таратылу уақыты болды. Қазақ шаруалары өсімқорлық капиталдың билігіне кірді, өсімқорлар қазақ тұрғындардың мүліктерін қарыздары үшін сатты. Қазақ даласындағы көпестер қазақ шаруалардың мұқтаждығын пайдалана отырып, үлкен өсімқорлық пайызда қажетті заттарды қарызға сатып отырды. Өсімқорлық жергілікті әкімішілік арасында да кең өрістеуді алды. Сатып алушылар үшін пайдасыз жағдайда тауарлардың қарызға берілуі оңай олжа құралы болды. Қазақтар мал, жүн, терімен төледі, ал, ақша белгісі көп жағдайда тауарлардың өлшем құны ретінде ғана болды және көптеген келісімдерде мүлдем қатыспады. Көшпенді халық өздері өндірген азық-түліктердің бағаларын анықтай алмады, ал зауыттық өнімдер (мануфактура, галантерея) жиі түрде дұрыс бағаланбады, олардың бағалары малмен салыстырғанда жоғары болды. Көбінесе, патшалықтың салық саясатының қысымымен жәрмеңкелік және тұрақты сауданың өрістеуіне қарай заттай міндеттілікті, ақшамен алмастырғанда табиғи, айырбас сауда түрлерін, ақшамен алмастыруы жүрді. Мал шаруашылықты тауар қатынасына қатыстыру ісінде, қоныс аударушы ауыл және қалалық мекендермен байланыты оңалту және нығайтуда сауданың ыңғайлы нысаны жәрмеңкелік сауда болды. 1870 жылғы 12 қарашадағы ішкі істер Министрлігінің бекітілген «Ережелеріне» сәйкес Торғай облысында бастапқыда екі жәрмеңке өткізілді: біреуі, Ақтөбені бекінісінің маңындағы Илецк уезінде, 15 шілдеден 15 тамыз аралығында, ал екіншісі Ырғыз бекінісі маңында, 10 қыркүйектен 10 қазан аралығында. «Торғай облысы қырғыздарына өз малдарын өткізу үшін және қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар орыс саудагерлері қырғыздардан малды сатып алу жеңілдігі үшін ыңғайлықты жеткізу» жәрмеңкенің бастып мақсаты болды. Жәрмеңкедегі қоғамдық тәртіпті қала әкімшілігінің өкілдері, екі жергілікті қазақтан және екі келуші орыс саудагерлері, мал дәрігерден тұратын жәрмеңке комитетіне жүктелді. Сауда үшін ұсынылатын әрбір орынға қалалық қазынаның пайдасына сатылатын тауарлардың көлеміне байланысты жәрмеңкелік терім жиналды. Жәрмеңкелерді өткізу мерзімдері табиғи және экономикалық катаклизмге, әсіресе қазақ ауылдарының мал шаруашылық жағдайларына, қоныс аударушы шаруашылықтың егінді жинауына байланысты өзгеріп отырды. Нанның негізгі сатып алушылары қазақтар болды, сондықтан олар жәрмеңкеге мүделлі болған жоқ. Бірақ қазақтарғақша түрінде жүктелген үй және басқа салықтардыі салынуы, оларды нарықта мал және мал өнімдерін сатуға мәжбүрледі. 1871 жылы, ақпанда жәрмеңкеде сатылатын малдан, ақшаны жинау туралы жаңа үкіметтік бұйрық шықты. Бірақ осы факторларға қарамастан, облыстың экономикалық өмірінде жәрмеңкелік сауда маңызды орынды алды. 90-шы жылдардың ортасынан бастап қазақ халқының мал шаруашылық құрылымында жәрмеңкелік сауданың жаңғыртылуына көмектескен өзгерістер болды. Қазақтар егін шаруашылығы мен отырықшылыққа ауысқан кезде ресейлік нарықтарда жақсы сатылып жүрген ірі мүйізді мал мен қойларды өсіре бастады. Осыған орай жылқылар мен түйелердің қысқартылуы болды. Нәтижесінде сауда, ақша нысанына ие бола бастады.
Әдебиет:
1. Русская жизнь (Оренбург). 1893.С.26
2. Обзор Тургайской области за 1894 год. Оренбург, 1895.С.27.
3. Памятная книжка Тургайской области. Оренбург, 1899.С.472.
4. Сундетов С.А. О генезисе капитализма в сельском хозяйстве. А,- А.Д970.С.32–35.

Нұрышева Г.К, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?