Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алтай тау округін қоныстандырудың ХІХ ғасырдың ІІ жартысы - ХХ ғасырдың басындағы жекелеген тарихы

2726
Алтай тау округін қоныстандырудың ХІХ ғасырдың ІІ жартысы - ХХ ғасырдың басындағы жекелеген тарихы - e-history.kz
Ресей патшалығының ХVІ ғасырдың соңынан ХХ ғасыр­дың басына дейінгі созылған барша Сібір аймағын отарлауында табиғаты әсем, қойнауы кенге бай, жері құнарлы Алтай өңірі ерекше маңызға ие болды.

Ресей патшалығының ХVІ ғасырдың соңынан ХХ ғасыр­дың басына дейінгі созылған барша Сібір аймағын отарлауында табиғаты әсем, қойнауы кенге бай, жері құнарлы Алтай өңірі ерекше маңызға ие болды.

Аталған аймақтың Қытайға жақындығы да оны орыс мем­лекетінің өзіне толығымен қосып, өнеркәсіптік, шаруашылық тұрғыда игеріп, жылдам қоныстандыруға ұмтылдырды.

Міне, сондықтан да осы аймақты өз иелігіне қаратуда жүй­елі түрде іске асырылып келген қамалдар, казак стани­ца­ларын салу, шекара шептерін негіздеуге баса көңіл аударылды. Осындай отарлаудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына Ал­тай аймағы Ресейдің Қытаймен екі арадағы әскерилендірілген өңір­ге айналдырылып, тұрғындардың басым бөлігі орыс импе­риясының отарлау саясатындағы тірегі болып келген әскери адам­дар ретінде қалыптасты. Осы айтылғандармен қатар Ал­тайды әскери отарлау өлкенің оңтүстік-шығыс аймағына жылжып, ХХ ғасырдың басына дейін Ресей-Қытай шекарасы қо­сымша казак станицалары, әскери бекіністермен толықты­рылды.

Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Ресей үкіметі өлке­ні шаруалармен жүйелі түрде барынша қоныстандырып, оны то­лы­ғымен орыстар мекендейтін аймаққа айналдыруды кезек күттірмейтін міндет етіп қойды. Себебі ХІХ ғасырдың ортасына дейін Алтайды қоныстандыру негізінен алғанда орыс шаруа­ла­рының өз еріктерімен келіп орналасулары арқылы іске асыры­лып келді. Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бұл іске мем­ле­кеттік маңыз беріліп, өлкеге мол тұрғыда орыс шаруаларын орналастыру қолға алынды. Осы мақсатты іске асыруда арнайы ережелер, заңдар шығарылды. ХХ ғасыр басынан Алтай өңіріне орыс шаруаларын тоқтаусыз орналастыру мемлекеттік тұрғы­дағы әр уездерде негізделген қоныстандыру комитеттерінің міндеттеріне айналды.

Жоғарыдағы аталып кеткендей, ХІХ ғасырдың екінші жар­тысынан бастап Алтай аймағын жаппай орыстармен қоныс­тан­дырудың мақсаты, барысы, нәтижесі, бұл істі одан ары да­мы­туға арналған ұсыныстар, т.б. сол мерзімдегі арнайы мем­ле­кет­тік басылымдарда үнемі жарияланып тұрды. Оларда өлкені қо­ныс­тандырудың ерекшеліктері, көлемі айқындалды. Алайда атал­ған басылымдардың ешқайсысында да жерсіз қалған байыр­ғы тұрғындардың жағдайы қарастырылып, тағдырлары көрсетіл­меді.

Атап айтқанда, Г.Н.Потанинның “Юго-Западная часть Том­ской губернии в этнографическом отношении” [1. 154] атты шығармасында: “Орыстар келгенге дейін Сібірді чудтар мекен­де­ген. Осы чудтардың: “Сібір топырағында ақ қайың өскен кезде бүкіл жердің иесі Ақ патша болады деген аңыз” болған. Ақ қайың Сібірде пайда болған кезде чудтар барлық байлықта­рымен бірге жерге көмілді. Сондықтан да  көне заттар табылған және табылатын төмпешіктердің барлығы чудтардікі деп есеп­тейді.

... Алтайда тұратын, православиелік шіркеуі бар, осы жа­ға­дан қоңырау дауысы естілетін қашықтықтағы теңіздің арғы жағына орналасқан орыс адамдары арасында “Беловодье” елі туралы аңыз кеңінен тараған. Томск губерниясының тұрғын­да­ры екі рет аталған қасиетті жерді ашқысы келді. Осы жүз жыл­дық­тың басында (ХІХ ғасырдың,-Ғ.Қ.), ал одан кейін ... 1843 жы­лы Бұқтырманың тау шыңдарында тұратын тас адамдары ... жарты сукноғажәне төрт марал мүйізіне жолбасшыны жалға алып, балаларын жол дорбаларына орналастырып, Қытай арқы­лы Беловодьеге аттанды. Олар Қобдо қаласынан қайтадан қай­тарылды.

... Өткен жүз жылдықтың (ХVІІІ ғасырдың,-Ғ.Қ.) басына дейін Алтайдың төменгі өңірін ешкім иеленбеген болатын, жа­зықтықты орыстық отарлау екі мекен арқылы жүргізілді: сол мерзімдегі Демидов зауыттары болған Чарыш өзені, Өскемен қамалы орналасқан Ертіс арқылы жазық жерлер Алтайдан ішкі Сібір арқылы Барабыға дейін созылды; ал келесі жағынан ал­ғанда Алтайдың альпілік өңірінде кей жағдайда жекелеген жан­ұяларымен аң аулау мақсатында төменге түсетін қалмақтар көшіп жүрді.

Осы терең ойпатқа жазықтықтан аң аулау үшін немесе мін­деткерлік және салықтан қашқан орыс адамдары келіп, осын­да бірнеше жылдан мекен етіп, тонау мақсатында жазыққа шы­ғатын болды.

... Алтайда және Ертіс бойында тұратын казактар ара­сын­да 1770 жылы 138 адамы осында шекаралық поляк қалаларын шапқыншылыққа ұшыратқандықтары үшін жер аударылған за­по­рождықтар туралы аңыздар сақталған” [1.149-150], - деп көр­сетіліп, өлкені қоныстандырудың басталуының жекелеген та­рихы баяндалған.

ХІХ ғасырдың соңынан Г.Н.Потанинның редакциялауы­мен тұрақты түрде шығарылып келген “Записки Восточно-Си­бирского отдела Императорского Русского Географического общества” атты мерзімді басылымның 1889 жылғы санындағы “Переселенческое дело на Алтае. Статистико-экономический очерк С.Л.Чудновского” [2.156] атты шолуда ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Алтай тау округін қоныстандыру ісіне си­паттама беріліп, талдау жасалған. Аталған шығармада баян­дал­ғанындай:“Олар барлық жерлерде толығымен орналасуда. ... тұрғындардың аса үлкен көлемін құрайды, сонымен қатар атал­ған ауданның экономикалық-шаруашылық дамуына ерекше әсер етеді.

... Шаруалар немесе тау-кен істері жөніндегі шенеунікпен, болыс, сонымен бірге село билеушісімен, дәрігер, ... мұғаліммен кездессеңіз де – барлығының басты әңгімесінің бірі-әрине қоныстандыру мәселесі.

Алтай (немесе ескі атауы бойынша Колывано-Вос­кренсенск) тау округі Томск губерниясының ең құнарлы және неғұрлым үлкен бөлігін қамтиды.

... Тау округінің құрамына Бийск, Барнаул және Кузнецк уездері толық құрамдарымен, осылармен қатар Томск округінің оңтүстік бөлігі (бес болыстық), яғнишаруаларымен бірге Бар­наул, Бийск, Кузнецк және Колыван қалалары енеді.

Осындай кең аймақ бүкіл Сібір жерінің 3% және де Еу­ропалық Ресейдің 9% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда өзінің көлемі жағынан ол Францияға тең, Пруссия мен Ұлыбри­тания­дан асып түседі.

1882 жылдың 1 шілдесіне Таулы округтың село тұрғын­да­рының саны 1532 селения мен деревняларға орналасқан (ұсақ ме­кендерді есептемегенде) 982 селолық қауымдарға тіркелген 277894 ер адамға жетті.

Деректерге орай аталған селенияларда 7480690 десятина қолайлы және 5528160 десятина қолайсыз жерлер, яғни округ­тың әр адамына 269 десятина қолайлы жерден айналды.

... Ядринцев мырза “Сібірдің бағалы жері” деген анықтама берген аталған тау округіне қоныстанушылар соңғы кездері \ ерек­ше құлшыныспен ұмтылады.

... 1884 жылдың 1 қаңтарына Алтай таулы округінде тау-кен басқармасының мәліметтері бойынша селолық қауымдас­тыққа тіркелмеген  отыз төрт мың бес жүз қырық алты (34546)қос жынысты қоныстанушылар анықталды. Осы айтылған­дар­мен қатар 1882 жылдың 1 шілдесіне осы округке 26684 қоныс­танушы келген.

... 1882 жылдың 1 шілдесіне Алтай округінде тұратын тір­келмеген қоныс аударушылар саны 17942 адам болса, бір жарым жыл ішінде олардың саны 12602 адамға немесе 70,2% артқан.

... Негізінен алғанда  1884 жылдың 1 қаңтарына дейінгі (Алтай тау округі,-Ғ.Қ.) тіркеуге алынбай қоныстандырылғандар Еуропалық Ресейдің отыз губерниясынан келгендер. ... Осы жаңа тұрғындар негізінен алғанда Тамбов, Рязань және Воронеж губернияларынан қоныс аударды..

... Біздің зерттеген болыстықтарымыздың ішінде Смо­ленск,Сростенск,, Алтайск болыстықтары қоныс аударушы­лар­ды ерте уақыттан бері үлкен қарқынмен өздеріне тартып келеді. 

... Верх Катон селосын (халық атауы бойынша Ярки се­ло­сы) осыдан 80 жыл бұрын Бииск округі Смоленск болыс­ты­ғы­ның Верх Ануиск селосынан келгендер негіздеген, ал одан кей­інгі 35 жылда мұнда зыряндар, одан кейін тағы басқа қоныс­та­ну­шылар келген. Ярки үлкен және бай село. Онда толығымен Ресейден, соның ішінде Тамбов губерниясынан келгендер тұра­ды.

... Бийск қаласының оң жағалауындағы бірнеше шақырым қашықтықта Катун өзенінің Бии өзеніне құяр жеріне дейінгі солтүстік жағалауына, келесі бөлігі Бийск казак жүйесі арқылы Бийск қаласынан Өскемен қаласына қаласына дейін созылып жатқан Смоленск болыстығының (жері,-Ғ.Қ. ).

Қаралып отырған болыстық құрамына 13 селение: Катунск, Иконниково, Верхне-Ануйское, Грязнуха, Карасук, Кокша, Красноярское, Нижне-Уймонь, Песчанная, Смоленское, Старо-Трошкинское,  Точкина және Усть-Ануйская енеді. 

Осы он үш селенияның 12-cі село қауымдастығына бірік­кен.... Болыстықтың  барлық тұрғындарының саны 10 мыңға жуық  екі жынысты адамға жетеді.

... Шындығында да біздің көргеніміздей, (қоныс аудару­шы­лардың,-Ғ.Қ.) жаңа мекендердегі экономикалық жағдайлары  бұрынғы ескі жерлерінен едәуір жоғары, қазіргі нақты жағдай­ла­рын бұрынғы (ондағы) Ресейдегімен салыстыра келе қоныс ау­дарушылар соңғылары туралы мысқылмен және өкінішті қалжыңмен еске алады.

... Кабинет Ресейдегі өзінің иелігіндегі шаруаларға жер бермеген жалғыз помещик болып табылады. Көп миллиондаған орыс шаруалары қауымынан Алтайшаруалары ғана өздеріне (жер,-Ғ.Қ.) бөліктерін алмағандар, осындай жағдай уақыты келгенде болатындығына сенбейді де.

... Алтай тау округі әзірге жыртуға жарамды және орман­ды жер талап ететін орысшаруалары үшін  қажетті жерге ие. Ол Ресейдің Еуропалық бөлігінде қысылу мен жерсіздіктен зардап шеккен көптеген мың орыс шаруаларына барынша қызмет етер еді. Атап айтқанда, Бийск округіндегі қоныстану­шылар ұнатқан болыстықтар қатарында: Бийск, Енисейск, Ануйск, Чарышск, Нижне-Чарышск, Алтайск, Смоленск, Барнаулск және Сростенск; Тау Басқармасының мәліметтері бойынша әр адамға есептегенде: Бийск болыстығында - 38 десятина, Енисейскіде - 54 десятина, Ануйскіде 33 десятина, Чарышскіде - 100 десятина, Нижне-Чарышскіде - 73 десятина, Алтайскіде - 35 десятина, Смо­ленскіде - 58 десятина, Барнаулскіде -80 десятина және Сростенскіде 29 десятинадан айналады.

... Әрине, Алтайда жер жеткілікті, күрделі қоныстандыру ісін ретке келтіргенде  ол орыс адамдарына аз емес қызмет көрсетер еді. Бұдан тек “ресейлік” қана емес, ерте келген тұрғындар да ұтар еді. ... Жақсы ағаш шеберлері, ... егіншілер тері илеушілер, пима басушылар... Алайда барлық жерде жаңадан қоныс аударушылар.

... Қоныстанушылар партиялары ... Тюмень, Томскіге су арқылы пароходпен және құрғақ жол арқылы келеді, ... Елеулі тұрғыда көбі бірінші жолды қалайды.

... Қоныстанушылар қозғалысы 1884 жылы едәуір азайып, одан ары біртіндеп көбейе келе 1888 жылы Томск арқылы өткен 2014 жанұяға жетті, ал Томскіні айналып өткен 3215 жанұя. Басқа сөзбен айтқанда Томск арқылы өткен қоныстанушылар саны төмендегідей болды:

Томск арқылы өткендер:

Жылдар  жанұя  адамдар

1884  743  5195 адамға жуық

1885  994  5595

1886  1034   6022

Томскіні айналып өткендер:

1887  1029  17000

1888  2014  18431

Томск арқылы барлық өткендердің жартысынан артығы (55,3%) Кабинет жерлеріне бағыт алды,ал Томск губерния­сы­ның басқа аймақтарына барғысы келетіндердің (Томск арқылы өткендердің) 80% (кейін,-Ғ.Қ.) Кабинет жерлеріне орналасуға кетті” [2,1,3,4-5,6,7,10,26,43,113,115,146,147,151,154].

ХХ ғасырдың басында жарық көрген “Сибирь, ея совре­менное состояние и ея нужды. -Сборник статей под редакцией И.С.Мельника” [3] атты мақалалар жинағында ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасыр басындағы Батыс Сібір, Алтайды мемлекет та­рапынан жүргізілген қоныстандыру жағдайы айқындалып, оның қысқаша барысы қорытыланған, нәтижесі сарапталған. Атап айт­қанда осы жинақтағы “Земельный вопрос и пересе­ление  А.Кауфмана” деген мақалада: “Қазынамен бірге Сібірде... келесі аса үлкен жер иесі билеуші император мен Сібірдегі 43 млн. десятина жерді меншігіне айналдырған Патша Кабинеті иелігіне Томск губерниясының бүкіл оңтүстік ең жақсы жерлері және Забайкальедегі Нерчинск, ... аса үлкен Алтай округі (жатады,-Ғ.Қ.).

Сібірдегі басқа барлық жердің жоғарғы иесі мемлекет болып табылады.

... Бірінші жалпы санақ бойынша анықталған Сібірдің бар­лық 5700000 тұрғындарының 4950 мыңы орыстар, 750 мыңын бұратаналар құрайды. Яғни, біріншісі бүкіл Сібір тұрғын­дары­ның 87%, екіншісі мөлшермен 13%.

Томск губерниясында ... Мариинск, Каинск және Барнаул (уездерінде,-Ғ.Қ.) бұратаналар барлығы 0,6 дан 3,6%, ... Бийск уезінде олар 6,8, Кузнецкіде 17, Томскіде 7,4%. Сонымен бірге бірінші екі уезде  бұратаналар түгелге жуық Таулы Алтайға қоныс тепсе, Томск(уезі,-Ғ.Қ.) мүлдем аз қоныстандырылған Нарын өлкесі деп аталатын оның солтүстік бөлігінде тұрады.

... Алтай округіне орналасу 30 жыл көлемінде Сібірдің Бай­калға дейінгі аймағына қоныс аудару заңы арқылы іске асы­рылды. ... Алтайға қоныс аудару 1860 жылғы арнайы заң бойынша округтың кең және бос аймағы ретіндегі Кабинет мүд­десі үшін салыстырмалы жеңілдік негізінде рұқсат беріліп, іске асырыла бастады, нәтижесінде ХІХ ғасырдың 2 жарты­сынан бұл аймақ қоныс аударушылардың қызығатын Сібірге қоныс ауда­ру­дың басты орнына айналды.

Қоныс аударушылардың ұмтылысына рұқсат етілген 1860 жылғы заң шыққаннан күннен ... 1871 жылға дейін округке 12000-нан артық емес адам келді. Алайда одан кейінгі уақытта округке қоныс аудару тез және тоқтаусыз өсе бастады. 1872-1876 аралығындағы бес жылда және 1877-1881 жылдары округ­ке4300 және 9700 адам келді, ал есепке алынбаған қоныс ауда­ру­шылар саны 30000-нан асты. Одан кейінгі 1884-1889 жылдары округ жыл сайын 12-ден 19 мыңға дейінгі, ал алты жылда бар­лығы 96 мың, 1890-1894 жылдары жыл сайын 28-ден 43 мыңға дейін, бес жылда 160 мың; 1895-1898 жылдары округке 136 мың, 1899-1903 жылдар аралығындағы бесжылдықта 160 мың қос жынысты, міне осылай рұқсат берілген заң шыққан мер­зім­нен 1903 жылға дейін Алтайға 650 мың ... адам өтті”, [3.81, 82.83,93] - деп жазылған.

“План работы переселенческого управления на 1908 год” атты келесі жинақтағы “План работы по поземельному устройству и отводу переселенческих участков в Томской губернии на 1908 год (26 марта 1908г.№11764) деген тараудағы: “Патша Кабинетінің Алтай округінде қоныстандыру орындарын негіздеу қазіргі жылдан Томск, Барнаул, уездерінде іске асырылады. Мұнда 30000 адамға арналған 200 қоныстан­дыру бөліктерін айқындау бастау алады.

... Алтай округіндегі қоныстандыруға арналған жерлердің жылдам азаюына орай округтың Таулы Алтай деп аталатын оң­түстік-шығыс бөлігін зерттеу маңызға ие. 13 миллион деся­ти­на­ны құрайтын аталған өлкеде кең көлемдегі хуторлық шаруа­шы­лықты негіздеуге болатын қолайлы жер мол” [4.28,30], - деген деректер негізінде Алтай аймағын қоныстандырудағы ХХ ғасыр басын­дағы атқарылар істер айқындалған.

ХХ ғасыр басындағы “Сибирь. Оттиск о переселении” [5] атты кітаптың да негізгі мазмұны ХХ ғасырдың басындағы Батыс Сібір, Алтай аймағын орыс шаруаларымен қоныстандыру тақырыбына арналған. Одан белгілі болатынындай: “Таулы Ал­тай: Батыс Сібірдің бүкіл ең жақсы жер қоры сөзсіз 1906 жыл­дың 19 қыркүйегі күні Жоғары мәртебелі заңға сәйкес қоныс­тандыру қорына өткен патша Кабинетінің жерлері (болып табылады,-Ғ.Қ.).

Бұл жерлерде қырғыздардың көш жолдары болды. Енді жоғарыдағы жарлыққа сәйкес оның Томск уезіндегі 400000 де­сятинасы жоғарыдағы жарлыққа сәйкес(қоныстанушылар мүд­десіне алынды,-Ғ.Қ.). 

Бұрынғы келген қоныстанушылар иеліктерінің арасында­ғы жерлер қоныстандырылған,ал Барнаул уезінде қоныстан­дыру қорынан бөлінген жерлерге жаңадан келгендер орналасты­рылып, мықты шаруашылық негізделіп, жаңа өмір басталған” [5.14].

Нақты деректерді қамтыған келесі жазбаша талдауда [6] ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығындағы Алтайды мемлекеттік тұрғыдағы орыс шаруаларымен қоныстандырудың қорытынды­сы қаралып, болашақтағы атқарылар шаралардың келелігі жа­зыл­ған. Яғни: “1906 жылғы еркін қоныстануға рұқсат берілуі­мен Алтай округі бірден қоныс аударушылармен артығымен толтырылды. Бірнеше жылдың ішінде округ тұрғындарының са­ны екі есеге артып, дала қоныстарға, көп жерді қамтыған қоныс­танушылардың өз беттерімен орналасулары нәтижесінде шаруа­лар мекендеріне толып, тығыз қоныстандырылған аймаққа айналды, жартылай мал шаруашылықты байтақ өңір Сібірдің кө­не тұрғындары үйренбеген екпінді ауыл шаруашылығы аймағы болып қалыптасты.

... 1907 жылы патша Кабинетінің жерге орналастырушы шенеуніктері арқылы орта есеппен 250 селоға, 130 мың ер адамға арналған 2500000 десятина жер бөлініп,көптеген қоныс аударушылар жер алды. (Атап айтқанда, 1907-19ІІ жылдары 150000 адам орналастырылды және де50000 адамды қабылдауға арналған жер қалдырылды.) 

... 1907 жылғы алдынала анықталған мәліметтер бойынша қоныстанушыларға жер белгілеуге арналған жұмыстар ауда­нын­да (жерге орнпаластырылмаған,-Ғ.Қ.) 104648адам анықталды. 1908 жылғы 1 қаңтардағы жерге орналастыру кезінде 142688  адам немесе 38000 адам артық болды, аудандағы 1909 жылғы жұмыс кезінде адамдар саны 1909 жылдың 1 қаңтарына 170625 адамнан 228340 адамға, немесе 47715адамға артқан. ... 1909 жылдың шілдесіне дейін жаңадан келгендер 17008 адамға жетті.

... Округтың қаңғыбас қоныс аударушылармен толған­ды­ғы соншама, шаруалар өздерінің жерлерін басып алмауы үшін күзет қоюға мәжбүр болды. Сонымен қатар Алтай қалаларының айналымы миллионға жетті, бұрынғы селолар Змеиногорск, Павловск, Камень және 1908 жылы негізделген қоныстану­шы­лар қонысы Славгород әр қайсысының тұрғындары 10000–ға дейінгі және одан да артық қалаларға айналды.

Міне осылай 1910 жылға Кабинеттің жер қоры толығымен таусылып, қазына мен (орыс,-Ғ.Қ.) тұрғындар округтың негізгі жер иесіне айналды.

Кабинет қарамағында қалған округ жерінің келесі жарты­сы негізінен алғанда ... таулы аймақтар (13 миллион десятина), көпшілік бөлігі адамдар қоныстанбаған және орманды, көшпен­ділердің жайылымдықтары, соңында Кузнецк даласы. 1913-14 жылдары бұл уездерде де  қоныстандырылатын жерді анықтау толығымен аяқталатын болады.

... 1899 жылдан 1906 жылдар аралығында Томск және Бийск уездерінде 220817 адамға, соның ішінде есепке алынбаған 26040 және де қосымша қабылданған 50090 адамға арналған 525 селенияға 4089237 десятина жер дайындалды.

... 1907-1911 жылдары 3 уезд бен Таулы Алтайда 673330 адамға арналған 1219 селенияға және жаңадан келетін 149719 адамға 12541867 десятина, сонымен қатар тағы да келуі мүмкін 50090 адамға қосымша жер дайындалды. Қорытындысында округ бойынша 983247 адамға арналған 1744 селенияға 16631104 десятина жер мен ормандар немесе әр адамға 18,6, со­ның ішінде 16,2 десятина қолайлы жер босатылды, яғни әр отбасына орташа есеппен 65-75 десятинадан  айналды.

... Еркін қоныстандыруға рұқсат берілгеннен кейін Алтай­ға қоныстанушылардың саны 1907 жылы болмаған санға жетті,-Новониколаевскіде поездардан 600000 адам түскен. Патша Каб­и­неті Қоныстандыру басқармасына 1899-1906 жылдардағы Томск пен Бийск уездеріне қоныстандыруға арналған жерлердің барлығын және Барнаул уезінен 90000 десятина жерді бірден бер­ді, осыдан кейін ғана басталуы мүмкін тәртіпсіздіктің алдын алып, келген адамдарды жылдам орналастыру қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар Патша Кабинеті мүмкіндігінше жерге ор­на­ласушылардың жер бөліктерін алуға деген мүмкіндігін мо­лайтып, оларды Кузнецк уезінің оңтүстігі, Барнаулдың шығысы және Змеиногорскінің солтүстігіндегі жері мол аудандарға жіберді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде екі жыл көлемінде 1500000 десятина жер босатылды, сонымен бірге тағы да артық жерлер анықталып, шаруа-қоныстанушылар бірден орналас­тырылды. 1907-ІІ жылдары Кабинет 3100000 десятинадан артық жер берді, нәтижесінде  1910 жылға  артық жер таусылды.

(Алайда осыған қарамастан,-Ғ.Қ.) “... өз беттерімен жеке­ле­ген жер іздеушілер (ходоки) және қоныстанушылар өздері ұнат­қан Алтайға поездардан түсіп, үкіметтің жарлығымен  қо­ныстандыруға тиісті деген желеумен басқалардың жерлеріне орналаса бастады. Жерге орналасуға рұқсаттың берілмеуін қоныстанушылар  заңсыз деп бағалайды..

... Мұндай қоныс аударушылар селолық жерлерге ғана емес, қалалық қоныс атауына ие болған мекендерге, тіпті бұ­рын­ғы қалаларға орналастырылып, ауылшаруашылығын жүр­гізуге арналған, соның ішінде құнарлы жер алуға үміттенеді..

Шаруалардың округтың барлық жерлерін басып алып, егіс­тікке және мал жайылымына айналдыруға ұмтылуының негізі де бар, себебі жердің басым бөлігі бос жатқан. Келесі жа­ғынан алғанда бағалы жерлерді қоныстану мақсатында басып алу­ға жағдай жасау немесе оны қоныстанушылар үшін жалда­малы жерге  айналддыруға  да Кабинеттің негізі жоқ.

... Алтай округінің қалалары әрқашан Кабинеттің тегін жерлерін пайдаланып келді, ал 1897 жылдан кейін 300 шаршы шақырымдық тегін мал жайылымдық жерлерін алды.

... Қалалар өсіп, өз қарамағына қала маңайы жерлерін қо­сып алады, ... сонымен қатар көптеген қалалар Кабинеттің келі­сімімен ойдағыдай орналасып, ... тіпті жақсы шіркеулер мен со­борлар Кабинеттің араласуымен, немесе оның көмегімен салын­ды.

...Тұрғындары 1905 жылы есепке алынған 4214 екі жы­ныс­ты адам, есепке алынбағаны 2430, 1910 жылы  1690 от ба­сына (Камень қаласына,-Ғ.Қ.) Обь өзенінің жағалауынан 20 ша­қырымдық жерден 40000 десятина жер берілді.

... Алтай таулы округінде 1894 жылдан бастап 2 казак әскерлері: Бийск және Ертіс 445708 десятина жермен қамтама­сыз етілді.1896-98 жылдары 182000 адам қоныстанушы Каби­нет қаржысымен орналастырылды, 10 жыл уақыт өткеннен кей­ін 2 уезд бойынша біртіндеп 1906 жылға дейінокругке келген қоныстанушылар 2 миллион десятиналық жерді қамтыған 27 қонысқа орналастырылды.1897 жылы 5 қалаға жер берілді, 16142 тау-кен жұмысшысына 228292 десятина жер бөлінді. ... 1899 жылы жерге орналастыру басталып, 1912 жылға  әр адамға есептегенде  16,2 десятинаны құрайтын 16631104 десятинадан тұратын жер үлесі 1744 селения мен қоныстарға берілді. Көшпелі бұратаналардың жерлері зерттеліп, отарлау қорына 3197310 десятина жер өткізілді.

... Алтайдың лайықты болашағын қамтамасыз етудегі мем­лекеттік міндет құнарлы жер бөліктерін шаруаларға егістік және жайылымдық жерлер ретінде беру емес, онда жаппай өндіріс пен тау-кен ісін дамыту болып табылады. Бұған барлық жағдай бар. Округ көмірге (Томи өзені аңғары), тұзға, кенге: мыс, күміс, қорғасын, мырышқа (Змеиногорск өлкесі) бай, оңтүстікте қым­бат жүнді қой, жылқы шаруашылығының негізі қаланды.

Осы мерзімге дейін бұл салалардың дамуына жол байла­ны­сының болмауы, жұмыс қолының қымбаттылығы кедергі кел­тірді. Алтай темір жолының салынуымен бұл кедергілер жойы­лады: Змеиногорск ауданындағы отынды тасуға мүмкіндік туа­ды, көмір өндіру ісі дами бастайды, Бийск арқылы Қытаймен сауда дамиды, округтың өнеркәсіптік өңірінің дамуы өркен­дей­ді, егіншілікке негізделген шаруалар шаруашылығын дұрыс жолға қойғанда Алтайдың бай табиғаты Сібірдің өңдеуші өнер­кәсі­бінің орталығына айналады” [6.4,5,8,9,12,14,18,22,23,24-25].

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы мазмұндары жарияланған басылымдардан ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасыр­дың басына дейінгі мерзімдегі Батыс Сібірді, соның ішінде Таулы Алтай аймағын Ресей империясы тарапынан орыс шаруа­ларымен қоныстандырудың барысын, оның көлемін, ауқымын саралауға болады. Сонымен қатар аталған деректер арқылы империялық отарлаудың жергілікті халыққа, соның ішінде осы аймақты толығымен ғасырлар бойы ата-қоныстары еткен Орта жүзі рулары қазақтарына әкелген алапаты мен қасіретінің ауқымы да толығымен айқындала түседі.

   ӘДЕБИЕТТЕР

1. Потанин Г.Н.Юго-Западная часть Томской губернии в этнографическом отношении.-Спб., 1863, С.154.

2. Записки Восточно-Сибирского  отдела  Императорского  Русского Географического общества. Том-1, Выпуск-1, под ре­дак­цией Г.Н.Потанина.Переселенческое дело на Алтае. Ста­тис­тико-экономический очерк С.Л.Чудновского.-Иркутск, 1889, С.156

3. Сибирь, ея современное состояние и ея нужды.-Сбор­ник статей под редакцией И.С..Мельника «Земельный вопрос и переселение: А. Кауфмана».- Спб., 1908., С. 79-140.

4. План работы переселенческого управления на 1908 год.-Спб., 1908, С.395.

5. Сибирь. Оттиск о переселении.-Спб.,1910,С.84.

6. К вопросу о землеустройстве на Алтае и земельной политикеКабинета его Величества.-Барнаул., 1912, С.25.

   

Қарасаев Ғани Мұқашұлы

 ҚР БҒМ  ҒК Мемлекет тарихы институты. Қазақстан. Астана

Бас ғылыми қызметкер

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

 Анықтама телефондары:  жұмыс: 8 - 7172 – 74-01-68 

  Ұялы: 8 -777 - 275 - 17 - 41

  8-701-712 - 02-90

  эл.адрес: кarasayev_gm@mail.ru 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?