Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәшһүр Жүсіп М. Қозыбаев публицистикасында

2792
Сыртқы жағдайларға қарамастан абырой мен ішкі бостандықты сақтай алған бірегей тұлғалардың есімдерін Қазақстан тарихы сақтады.

Олар көрнекті қоғам қайраткерлерінің публицистикасында, мерзімді баспасөздерде, халық жадында аталады. Осылай, академик М. Қозыбаев бірнеше рет Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығына жүгінді, бұл отандық тарих ғылымы үшін ойшыл мұрасының маңыздылығын атап өтеді. М.Қ.Қозыбаев – 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың, соның ішінде 30 монографиялардың, 50-ден астам ұжымдық еңбектер, оқулықтар, оқу көрнекті құралдардың авторы. Қазақ ССР (1986 ж.) еңбегі сіңген қайраткері. Сол жыл Қазақ кеңес энциклопедиясының Бас редакциясынан тарих, археология, этнология Институтына тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі жұмысына ауысты, ал 1988 ж. маусымда бірауыздан Институт директоры етіп сайланды, сол жерде өмірдің соңына дейін жұмыс істеді.

М.Қ.Қозыбаевтың 53 еңбек қызметінің 40 жылы ғылымға арналған. ҚР ҒҰА академигі С.З.Зиманов былай айтқан: «Оның феномені сирек және біртума – ол қоғам мен халықтың рухтық өмірдің өзгермелі және тұрақсыз облысында – гуманитарлық салада парасатты». 1980-шы ж. соңы мен 1990-шы ж. басында Қазақстан егеменді мемлекетінің қалыптасуы, халықтың ұлттық өзіндік сананың өсуі, кеңестік мемлекет жүйесі мен коммунистік идеологияның құлдырауы қоғамдағы тарихи ғылымның жағдайын түбімен өзгерткен кезде академик М.Қ.Қозыбаев басқарған институт Қазақстан Республикасы тарихының өзекті мәселелерінің жұмысына үлкен үлесті қосты. Нәтижесінде оқиғалар мен фактілерді баяндау мен түсіндіруде иделогизация мен еуропоцентризмнен бас тартушылық болды, класстық басымдылықтар мен монопартиялылыққа бұрынғы тар бағдарсыз тарихи зерттеулердің әдісетемесі өзгерді. Қазақстан тарихы ғылымы дамуының айқын фактісі ретінде келісі қағидат болды: мемлекеттік бірлік пен ұлттық, рухани келісім тарихи процесстердің терең зерттелу әсерінен қалыптасуы керек.

Тарихшы-ғалым М.Қ.Қозыбаев қазақ мемлекеттіліктің аумақтық тұтастықтың қалыптасуы, қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы күресі, XVIII –ХХ ғғ. басындағы патшалыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс және т.б. сияқты Қазақстан тарихының негізгі мәселелерін жарықтандыруда жаңа әдістерді жасады. Тарих ғылымында ол алғаш рет еуразиялық кеңістікте дала өркениетінің даму концепциясын әзірледі. Қозыбаев белгіленген үлкен мақсаттың аясында өткеннің атақты ойшылдар шығармашылығын реанимациялаумен айналысты. 2000 ж. соңында Манаш Қабашұлы Солтүстік-Қазақстан университетіне келді (қазір ол оның есімімен аталған). Ғалым толық мәжіліске және Халықаралық конференцияның тарихи секциясының жұмысына қатысты, жас ғалымдардың баяндамаларын мұқият тыңдады. Конференцияның ашылуына орай Солтүстік Қазақстан жергілікті адамы, XVIII ғ. қазақ жырауы Қожабергеннің «Елім-ай» кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар академик М.Қозыбаев БАҚ және ғылыми басылымдар беттерінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығын көпшілікке тарату үшін көп күш салды. Ғалымның рухтандырушылық негізін салушыларға, қазақ жыраулар өнерінің зор күшіне үндеуі символды болып келеді.

Отандық тарихнамада 80-шы жылдардың соңы – 90-шы жылдардың басы Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхамедовтың жетекшілігімен ұлт-азаттық қозғалыстың терең анықтап алуымен, «Алаш» қозғалысы мен Алаш-Орда автономиясы объективті тарихының қалыптасуымен белгіленген.

Академик М.Қозыбаев жетекшілігімен қазақ мемлекеттілік тарихын әзірлеу, Абылай ханның қызметі және т.б. бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. М.Қ.Қозыбаев кітаптары ғылыми іздеудің нәтижесі болып табылды: 1991-2001 жж. Жарық көрген «Тарих және қазіргі заман», «Отан тарихының мәселелері: әдіснама, тарихнама және дереккөздер» 2 томда, «Жеңіс үшін еңбек», «Қазақстан ғасырлар шегінде: толғанулар мен іздеулер», «Тарих зердесі» 2 томда, «Жауды шаптым ту байлап», «Ақтандақтар ақиқаты», «Дала өркениеті және ұлт».

Академик М.Қ.Қозыбаевтың отандық тарих ғылымындағы, жемісті және қоғамдық қызметтегі еңбектері заң бойынша жоғары мемлекеттік марапаттармен белгіленген. «Қазақстан – майдан арсеналы» монографиясы үшін 1970 жылы ол Ш.Ш. Уәлиханов ат. сыйлықтың иегері атағын алды. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері жөніндегі жұмыстары үшін 1995 жылы оған бейбітшілік және рухани келісімнің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстан ғылымының еңбегі сіңген қайраткері (1986), Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университеті (1998), Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы  (1999), А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті (2001), Х.Досмұхамедов ат. университеті, қорқыт ата ат. Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Ол өткір шешен, тамаша әңгімеқой, қайырымды адам болған. Жоғары жұмыс қабілеті, пайымдамаларға тәуелсіз, мәселелерді шешудің бірегей жолдарды таба алу қасиеттері оған тән болды. Атақты жазушы, қоғам қайраткері Герольд Бельгер оны еске алады: «Қазақтар айтқанда, ол «сегіз қырлы» адам болған. Ол туралы құдай рақымшылығын берген тарихшы деп айтуға болады. Оның мүддделер мен көрінісінің кеңістігі кең болған. Ол ұлттық өзіндік санасының аралығы арқылы барлығын өлшеп, зерделеген. Осы дембел денелі, көзі үлкен, албырт, мейірімді азамат өзіне амдарды тарта алған». («Жұлдызы жанған ғұлама» атты М.Қозыбаев туралы естелік кітабынан. – А., 2003).

М.Қ.Қозыбаев Мәшһүр Жүсіптің өлеңдерін тарихнамалық және өлкетанулық ретінде қарастырады, себебі Ертіс өңірінің тұрғыны қазақ жыраулардың эпос мәтіндерін, фольклорын, пікірлерін жинап, жазып, талдаған. Халық игілігіне деген нағыз қызығушылық, мәтіндердің фактологиялық жағын салыстырмалы түрде зерттеуі Жүсіп Көпеевке өткеннің білімпазы бен бағалаушысы ретінде атақ әкелді.

Жүсіп Көпеевтің табиғи дарыны, бірегей тұлғасы, әлеуметтік мінездің үйірімпаздығы шынында да Солтүстік-Шығыс Қазақстан тұрғындары арасында тарихи әндер, поэмалар әйгілігінің өсуіне көмектесті. М.Ж.Көпеевті халық шығармашылықтың ағартушысы, дәріптеушісі деп айтуға болады. ХХ ғ. басында даналықтың, жарық және түсінікті ғибратты сөздердің асыл қазынасы Қазақстандағы жарқын қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлердің ерен жүйріктерін көрсетті. Мысалы, Мыржақып Дулатов қазақ халқында сөздің шеберлері болғанына шын жүректен қуанды, оларлың ішіне ол Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шөже, Орынбай, Қыпшақбай, Нұржанды жатқызды. Отандастарға арналған «Оян, қазақ!» атты атақты жинақта Дулатов аталған авторларды ұлт мақтанышы ретінде атады: «Оралдан Әбубәкiр молла шықты, Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты. Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр, Шөже, Орынбай, Мәшһур Жүсiп о да шықты».

«Алаштың» басқа қайраткерлері өздерінің шығармалары мен ауызша сөз сөйлеулерінде қазақ жыраулардың өсиеттеріне дәйексөз келтірді, мысал ретінде батырлар мен билердің өмірбаяндарын алды. Жүсіп Көпеевтің жанкештіліктің арқасында тарихи уақытша байланыстардың тізбегі үзілмеді.

Академик М. Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап» кітабында М. Жүсіптің «Мес» атты төртомдық жазбадан атақты Бұха жырауға арналған үзінділерді келтіреді. Сөздің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты Бұхар жырау халықта «Көмекей әулие» атағына ие болғанын Мәщһүр Жүсіп сол жазбада атап өткен. Мәшһүр Жүсіптің осы қызық байқауы туралы алғаш рет академик Қозыбаев 1993 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің беттерінде жазған.

Бұхар жырау мұрасы біздің уақытқа дейін 1300 тармақ жеткеніне қарамастан, Мәшһүр Жүсіп өз уақытында суырып салма ақынның шығармашылығын жоғары бағалаған. Көбінесе, тарихшы М.Қозыбаев атап өткендей, ол Бұхар жырау шығармаларының маңыздылығын Платонның еңбектерімен салыстырған, ал оның байыпты өмірін – інжіл Нойдың өмірімен салыстырған. Еңбектің негізін қалаушылар ұрпақтарының бағасы  осындай, ол Мәшһүр Жүсіптің жан көлемін айқындайды.

Білім және арнайы әдебиеттің соңғы жылдарында тарих және әдебиет анналынан, Орталық Азия мәдениетінен әділетсіз өшірілген қазақ жыраулар, ақындар, ойшылрлар, прозашылар шығармашылығын дәріптек жоспарында зерттеушілердің белсенділігі байқалады. Бұл сана процесінің шындық процесі, себебі қазіргі рухани процестер дәстүрлі қолайлы басылымдылықтардың қайта құрусыз, азаматтық сана сен әлеуметтік тәртіптің үздік үлгілерінің жаңаруысыз мүмкін емес.

Көрсетілге аспектіде академик М.Қ.Қозыбаев еңбектері қазіргі қазақстандық қоғамда рухани планкасының көтерілуінде өз рөлін ойнады және әлі де ойнайды, себебі олар жоғары зияткерлік және рухани байлықта негізделген. Тұңғыш жол салушы ретінде ол өзінің бастауларымен отандық тарих ғылымының тақырыптық алуан түрлілігінде қызықты сюжеттерді анықтауға үлгерді. Олардлың ішінде Мәшһүр Жүсіп шығаршылығын өз уақытында «Алаш» жетекшілері бағалаған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Жулдызы жанган гулама. – А., 2003.

2.  Козыбаев М.К. Дала оркениети жэне улт. А., 2001.

3.  Дулатов М. Шыгармалары. А., «Жазушы», 1991, 76 б.

Мұқанова Г.К.

(Академик М.Қозыбаев ат. СҚМУ Петропавл қ.)


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?