Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Н.М. Ядринцев және алтай аймағы түркілерінің орта ғасырлық жекелеген тарихы көне ескерткіштерде

4102
Н.М. Ядринцев және алтай аймағы түркілерінің орта ғасырлық жекелеген тарихы көне ескерткіштерде - e-history.kz
ХІХ ғасырдың соңына дейінгі жан-жақты тарихына аталған ғасырдың екінші жартысынан Н.М.Ядринцев жеткілікті тұрғыда зерттеулерін арнады.

Барша түркілердің, соның ішінде  қазақтардың, олардың арғы бабалары- сақтар,  ғұндардың  ата-мекендері болған Алтай өңірінің көне заманнан ХІХ ғасырдың соңына дейінгі  жан-жақты тарихына  аталған ғасырдың екінші жартысынан  Н.М.Ядринцев жеткілікті тұрғыда зерттеулерін арнады.

   Аталған жерлерді Ресей патшалығының  отарлауының кезеңдері, оның жергілікті тұрғындарға әсері,  барысы, нәтижелері, мақсаты, осы істегі империялық жоспарларын айқындауға  арналған Н.М.Ядринцевтің шығармаларының ішінде  1892 жылы  Санкт-Петербургте басылып шыққан  “Сибирь-как колония” атты кітабы ерекшеленеді. Онда Сібірдің табиғатына,  жер жағдайына, оны мекендейтін көне тұрғындарға барынша сипаттама берілген. Осылардың қатарында Батыс Сібір, Алтай барша өңірлерін толығымен ғасырлар бойы мекендері еткен қазақтардың  Орта жүзі руларының  тарихынан мәліметтер берілген. Осылармен қатар Н.М.Ядринцевтің  одан басқа  туындыларында да  Ресейдің бодандығына өткен  Батыс  Сібір жерінің  табиғатына, оның әскери, өнеркәсіптік игеру, орыс казактары, шаруаларымен қоныстандыру, өлкедегі жер аударылушылардың тарихы баяндалды. Оларға: “Описание  сибирских курганов и древностей. Путешествие  по Западной Сибири  и Алтаю в 1878-1888 гг.-Древности. Труды  Мос. археол. об-ва, 1883г.т-9, вып. 2-3, с.181-205”; “К истории откочевок  киргизов.-Вост. обозрение, 1885, №3, с.5”; “Кустарные промыслы  в Сибири  и значение их.-Рус. Мысль, 1881, №10, с.46-72”; “Поездка по Сибири  и в горный  Алтайский округ.-Записки Зап.-Сиб. Отд.Рус. геогр.о-ва, 1880, кн.2. с.1-147, (3-я паг)”; “Программа исследования  сельской общины  в Сибири .-Записки Зап.-Сиб. Отд. Рус. Геогр.о-ва, 1881, кн.3,с.1-38”; “На обетованных землях. (Из путешествия  по Алтаю).-Сиб. сборник, 1886, кн.2,с.36-43,”“Сперанский  и его  реформы в Сибири., Спб., 1896”; “Сибирские инородцы, их быт и современное положение . Этнографические и статистические исследования  с приложением  статистических таблиц, Спб., 1891”; “Русская народность на Востоке , Спб., 1882,” т.б.  зерттеулер  енеді. [1.13,35,61,71]

  Зерттеушінің: “ Христос туғаннан кейінгі мерзімдегі 569 жылы Зимарх сапар жасаған Каспий теңізінен  Корея,  Ұлы қорған мен Тибетке  дейінгі өңір  Талас пен Қарақорымда  астаналары болған  түріктердің үлкен мемлекеті еді,” [2]-деген талдауы орта ғасырлардағы бүкіл Еуразия аңғарына үстемдік құрған Түркі қағанатының өткенінен нақты мәліметтер береді.

  Н.М.Ядринцев  қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлихановпен шығармашылық, ғылыми жұмыстарда пікірлес болып, байланыс жасап тұрды.  Шоқанның Орталық Азия халықтарының, соның ішінде қазақтардың орта ғасырлық және одан кейінгі кезеңдері  тарихы, салт-дәстүрлеріне арналған еңбектерінің келелігін Ресей ғылымы ортасында насихаттады.  Осы тұрғыдағы ол: “60 –жылдарда Шоқан  орыс қоғамдық  қозғалысына, оны жаңарту ісіне  назар аударды, жаңа журналдармен танысты. Уәлиханов осындай қызығушылықпен  Ресей географиялық қоғамындағы  болып жатқан  істердің  барысын назарда ұстады, қырғыз даласының  географиясына арналған  мәліметтер  жинауға көмектесті, қырғыздар  т.б. туралы  этнографиялық материалдар дайындады.

   ... Ол өз заманының  білімді адамы болатын, ... Шоқан өз халқының  мақтанышына айналған сүйікті ұлы”[3],-деп жазды.

  Н.М.Ядринцев осы айтылғандармен қатар  Батыс Сібір, Алтай халықтарының  көне, орта ғасырлық өткенін зерттеу мақсатындағы еуропалық, ресейлік  археологиялық  экспедицияларға қатысып, ғылыми жазбалар дайындады, олардың маңызын айқындаумен  айналысты.  Атап айтқанда зерттеуші  өзінің қатысуымен болған 1891 жылғы [4] Орхон өңіріне  жасалған экспедицияның қорытындысын жариялады. Осы сапарының нәтижесін  Н.М.Ядринцев: “... Шара-Голь  өзеніне құятын  Хуйтунь өзенінде жерлеу орындарының  барлығын білдік.  Оларды Керексурь-Булышь, Кергесь-Чоло және Булышь-Чоло деп атайды. Монғолдар оларды Кули-Хан халқына тиесілі екендігін айтады. 

  ... Келесі күннің ертесінде біз  топырақтан жасалған қорғандар арқылы өткенде  осындағы ұйғыр, қытай және руникалық түркі  жазулары сақталған  қираған үлкен  гранитті тас тақтайшалар жанындағы  көшірмелері алынып,  сызбалары  жасалып, фотосуретке түсіріліп жатқан қызу жұмыстарды көрдік.

   ... Үйіндіден алыс емес қашықтықта киіз үй көрінеді, ...  Осы күні мен  аудармашы Федорды  керексурларды қарау үшін  төбешіктерге жібердім.  Қайтып оралған ол  керексулар ғана емес екі балбал тас мүсіннің бар екендігін  айтты.  Олар оңтүстікте, бізден 30 шақырым жерде; ...  Мен  ескерткіштер мен молалардың  Г.Н.Потанин жүріп өткен жол дәлелдейтініндей Үлкен Алтайға дейін созылып жатқандығын ұғындым.

   ... Сол күнгі үйінділердегі  жұмыстан кейін  біз кешке өзіміздің керуенді қуып жетуге асығып,  оны  Шарагольджин станциясында таптық. 16 тамызда  станциядан 5 шақырым жерде керексурдың айналасында жатқан  біз киікті  тасқа немесе киік суреті салынған тасқа кездестік. ... Тас балбалдарға келетін болсақ, осындайлар ... Онгин аңғарынан да кездеседі; мұнда  бастары мен иықтары ғана айқын байқалатын қарапайым жасалған екі бейне тұрды.

  ... Манитудың етегіндегі белгілер  аса  маңызды және қажетті  руникалық жазулары бар ескерткіш болып шықты.  Бұл  биіктігі 2 метрлік  басы жұмырланған  гранитті  бағана.  Ол оңтүстікке қарап тұр,  екі жағында  руникалық жазбалары бар  жоғары жағы мен жартылай ортасында түрік жерлеу орындарындағыдай  “Я” әрпіне ұқсас  символикалық белгісі  бар.  Ескерткіштің аяғында қазылған тас плиталар көрінеді, олар  ал ескерткіш гранитті жалпақ тасқа орнатылған.  Ескерткіштен  15 қадам жерде отырған адамдарды бейнелейтін  бұрынғылардағыдай бастары жоқ төрт  граниттен жасалған статуялар  бар.  Бір статуяның  қолы сынған, басқа екеуінде  олар  кеудесіне  қойылған, төртінші статуя  тізесінен еңкейіп тұрып, қолына ... түсіп бара жатқан ыдысты еске алатын белгісіз сүйір  зат ұстап тұр ... 

  ... Кошо-Цайдамдағы  жерлеу орындарында  символикалықбелгілер бар тастар болды. Белгілердің арасында “Я” таңбасы бар.  Барельеф  ұлттық шекпен және бас киім киген  үш ер адамның бейнесін береді. ...  Түрлерінде  ... көне тұрғындардың монғолдық бейнелері байқалады.  Шекпендері өте жақсы берілген.  Бас киімдері дулығаны еске түсіреді, осы арқылы Сібірдің солтүстік көшпенділерінің киімдерін ажырата алу арқылы  аздаған өзгерістермен пайдаланып келе жатқан,  атап айтқанда  жақтарына дейін түсетін қосымшалары бар алтайлықтардың және  қырғыздардың тері бас киімдерін (малахай) еске түсіреді. Одан ары біз олардың үстіндегі  ұзын көйлектерін, тіпті етіктерін көреміз. Көшпенділердің отыру әдістеріне орай  аяқтары іштеріне қарай бүгілген.  Тастың ең шетіндегі бір бейненің иығы жанында құс бейнеленген.  Бұл қаршығаның (сокол,-Н.Я.) бейнесі себебі  қаршығамен аң аулау  түркі және монғол тайпаларының сүйікті істері болған.  Осының барлығы  ескерткішті жасаушылардың  тұрмыстары мен  дәстүрлерін айқындай түседі.

  ...  аталған бейнелердегі  қолдың әрекеті тамаша бейнеленген, олар  қолдарында ыдыс ұстап тұр, ал бұлардың барлығы  басқа ескерткіштер мен бейнелерді, атап айтқанда  тас балбалдардағы ыдыстарды еске түсіріп, олардың өзара ұқсастығын  дәлелдейді.

  ...  (Ескерткіштердің,-Ғ.Қ.) сыртқы жағының шеттерінде және келесі жағында  Кошо-Сайдам және Минусинск жазуларына тән  руникалық белгілер бар”. [4.2,18,38,40,43,48]-деген сипаттама негізінде береді.

  Қорыта айтқанда,  ХІХ ғасырдағы белгілі өлкетанушы, ғалымның  осы сараланған мәліметтерінен Батыс Сібір, Алтай  аймағының халқымыздың, олардың арғы бабаларының қалыптасып, өркендеулерінің  орталығы болғандығы  айқындала түседі.  

   ӘДЕБИЕТТЕР

   1. Библиография  по истории Восточного Казахстана,. Вып. Первый.

  Дореволюционный период., Усть-Каменогорск, 1977, С. 114

  2.Сибирские инородцы, их быть и современное положение. Этнографические и статистические исследования  с приложением  статистических таблиц, Спб., 1891, с.15

  3. Записи Императорского  Русского географического  общества.-Н.М.Ядринцев: Воспоминание о Чокане Валиханове ., Т-29.- Спб., 1904 

  сс. ХХХҮІІ,ХХХІХ

  4. Сборник Орхонской экспедиции. Отчет и дневник  о путешествии  по Орхону  и в Южный Хангай  в 1891 году. Н.Ядринцев., Спб., 1901, С.50

  Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді

Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д., ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?