Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Н.Ә. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақ моделінің негізін салушы

2505
Н.Ә. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақ моделінің негізін салушы - e-history.kz
Қазақстан ұлттық бірліктің өз моделін сақтап, және оны жүйелі түрде жетілдіріп қана, инновациялық өрлеу жасай алады және табысты дамып жатқан елдер қатарына ене алады.

 

Қазіргі әлемдегі мемлекеттер арасында да, және олардың ішінде де қалыптасқан қарым-қатынас орнатылғандай болып, түбегейлі қайта қаралуға ұшыраған ахуалмен қақтығысты, бұл өсіп бара жатқан тұрақсыздыққа және жалпы болашақ әлемнің айтарлықтай айқын көмескі келешегіне әкеп соқтырды. Ешнәрсе, әсіресе жаһандық ауқымда болып жатқан үрдістер маңызды себептерсіз жүзеге аспайды. Және де бүгінгі күні ұлттық даму проблемасы, этносаралық қарым-қатынас мәселелері, дін мәселесі өте өзекті болса, адамзатқа ұдайы өзінің белгілі бір даму сатысында бұрын-соңды шешілген проблемаларды қайта шешуге тура келетінін белгілейді.  

Бір жақтан, таңданатын еш нәрсе жоқ: жаңа халықаралық контекст, жаңа қауіп пен қатерлер немесе діни конфигурация – бұның барлығы жаңа әдіс-тәсілді қажет етеді. Алайда, екінші жақтан, тарихтың ілгері қарыштайтын қадамы кейбір проблемаларды айтарлықтай анықтықпен шешуі тиіс, және де жаңа міндеттер пайда болған кезде тарихи тәжірибеге сүйенуге болар еді. Өткеннің тәжірибесі құнды да өзекті, алайда оны қолдану саласы үлкен емес, себебі қазіргі кездегі реалийлер кешенділігімен, ғаламдығымен және тереңдігімен ерекшеленеді.   

Бұл этносаралық және дінаралық қатынастың саласындағы проблемаларға толық байланысты екенін атап өту керек. Бұл ретте, осы проблемалардың халықаралық, және де ел ішіндегі деңгейі туралы сөз қозғауға болады. Жаһанданудың өлшемдері көп, соның ішінде бұрын-соңды байқалмаған көші-қон көлемі, бір-бірімен өркениетті қабылдамау және де бір уақытта жақындасу, дін алаңының кеңеюі және де оның қоғамдық мәртебесінің төмендеуі және т.б. Заманауи уақыттың феномендерінде этностар мен діндер арасындағы қатынастар бар, ал кейде басым да болады.  

Мемлекеттер діни бірлестіктермен – зайырлыдан теократиялық қатынас түріне қарамастан, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты құруға мәжбүр болады, бұл жерде мемлекеттік органдар діндердің мемлекет үстіндегі сипатына барып тірелетін, әдетте, қиыншылыққа душар болады. Діндер халықаралық өмірдің елеулі факторына айналып, мемлекеттік шекараның сыртынан әрекет етеді. Этностық әр түрлілік пен этносаралық қатынасқа қатысты осындай сәйкес жағдай қалыптасқан. Бір елде басым болған этнос, басқа елде этностық азшылық қатарында болуы ықтимал. Көп этностық мемлекеттер үшін кейде этносаралық келісімді сақтау жіті мәселеге айналуы мүмкін.   

Қазіргі заманның айтарлықтай барша жанжал-шиеленістің негізінде ұлттық немесе дін факторлары жатыр, деп белгілейді зерттеушілер. Дін еркіндігі қазіргі әлемнің құқықтары мен бостандықтары арасында басымдылықты алды және де қазіргі уақытта айқындаушы болмаса да, маңызды деңгейге жетті. Олардың артып келе жатқан рөлімен дамушы мемлекеттер де, экономикасы дамыған және тұрақталған демократиялық саяси жүйелері мен институттары бар мемлекеттер де түйіседі.

Әлем қоғамдастығы, сарапшылар мен талдаушылар конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынас саласындағы проблемалардың нысаны мен оларды шешу тәсілдеріне зер салып қадағалайды, оған түрлі елдердің басшылары мен үкіметі сүйенеді, жалпы алғанда қоғамдық құрылымдар мен азаматтық қоғамдардың тәжірибесін жинақтайды. Сол себептен дінаралық және этносаралық қарым-қатынасты құрудағы оң тәжірибе мен жаңашыл табыстарға жете көңіл бөлінеді.   

Қазақстан Республикасы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты сәтті құра алатынын, этносаралық келісімді қолдап, дамыту және сонымен қатар мемлекеттік құрылыстың проблемаларын шеше алатынын бүкіл әлемге көрсете алды, бұның барлығы жаһандану процестерінің тереңдеген және әлемдегі жалпы тұрақсыздықтың үдей түскен, қауіп және қатердің ескісі қайта көрініп, жаңаның қалыптасқан кезінде көрініс тапты. Әрине, әлемде осы проблемалардың шешілуінің өзге де оң мысалдары бар, алайда Қазақстан халқының көп этностық және көп конфессиялық құрамына, еуразиялық географиялық және геосаяси жағдайына, бірқатар әлемдік және өңірлік державалардың келіспейтін және тіпті қарама-қайшы келетін ұлттық мүдделерінің қатты қысымының зарын тартатын жағдайға, әлемдік қаржы жүйесінің негізін тітіреткен, жаһандық экономикалық дағдарысқа келетін болсақ, Қазақстан Республикасы халық пен басшылықтың табандылығын, күші мен даналығын паш етеді.   

Осы жайтты мемлекет көшбасшылары, халықаралық шенеуніктер, сарапшылар мен түрлі елдердің қарапайым халқы айқын көріп отыр. Сол себептен, Қазақстанмен өткізілетін ірі форумдар бастамашылығына белсенді үн қосады, мысалға Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі (2003, 2006, 2009 жж.) немесе сыртқы істер министрлерінің деңгейінде өтетін «Общий мир: прогресс через разнообразие» атты халықаралық форум (2008 ж.). Қазақстан Республикасының бастамашыл етуімен БҰҮ Бас Ассамблеясының 62-сессиясы барысында 2010 жылды «Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы» деп атау туралы қарар қабылданды. Сонымен қатар, АӨСШК, ШЫҰ, ЕЭҚ, Ислам Конференциясы Ұйымы қызметінде Қазақстанның атқаратын рөлі зор екені мәлім.

Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық келісімді қолдап, дамытуда, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде және халықаралық аренада әрекет етуші бастамаларды ортаға салудағы табыстылығы, 2010 жылы әлемдік қоғамдастықпен  ЕҚЫҰ төрағалық ету ұсынылғанына және 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымында төрағалық етуіне әкелді.

Елдің табыстылығы әрқашанда оның Президентімен байланысты болады, кейде ол толықтай оның еңбегінің арқасында іске асырылады. Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтардың көңілінен түсіп қана қоймай, мемлекет көшбасшыларының және де заманауи әлемнің түрлі елдерінің қарапайым адамдарың құрметіне бөленді. Ел басқарумен байланысты оның күнделікті жұмысы стратегиялық мақсаттарды, тұжырымдамалар мен Қазақстанды дамыту бағдарламаларын әзірлеумен айрықша табыстылықпен үйлеседі.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев этносаралық және конфессияаралық тыныштық пен келісімді қолдамаған жағдайда, келісім сақталмайтына, Қазақстан Республикасында ішкі саясат тұрақтылығын сақтау міндеттеріне әрдайым көңіл аударады. Сол себептен Қазақстанда ұлттық бірлік пен діни бейбітшілікті сақтау міндеттері Қазақстан Президенті үшін басымды міндет болып табылады. Өзінің зерттеулерінде, кітаптарында, Қазақстан халқына Жолдауларында, Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларында, әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезінде сөйлеген сөздерінде, мақалаларда, сұхбаттарында Н.Ә. Назарбаев этносаралық және конфессияаралық келісім тақырыбына, рухани келісімді бекітудің өзекті проблемаларына тұрақты түрде оралып, Қазақстан Республикасының үкіметі, жергілікті мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар, жастар ұйымы үшін түйінді болып табылатын осы мәселелерді қолдау қажеттілігінде зейін аударады.

Қазақстандық және әлем жұртшылығының назарына ұсынып отырған кітапта құрастырушылар түрлі деңгейлер мен маңыздағы материалдарды жинады. Оларды Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынас тақырыбы біріктіреді, және де Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы қазақстандық қоғамда тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі және этносаралық пен конфессияаралық келісімнің қазақ моделінің негізін салушысы екені күмәнсіз.   

 

Толығырақ оқу:

Н.А. Назарбаев – основоположник казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?